Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

28 апталық жүктілігі бар 27 жастағы әйел гриппке қарсы вакцинация алмаған.Жүктіліктің 20-22 аптасында ЖРВИ өткерген, жоғарғы 13 страница



B) Глюкокортикоидтар

 

30 жастағы науқас әлсіздікке, ентігуге, жүрек қағуына, соңғы алты айда меноррагиялардың болуына шағымданады. Объективті: терісі және шырышты қабаты бозғылт, тырнақтары көлденең жолақты, койлонихиялар. Жүрек ұшында систолалық шу, тахикардия. Қанда: эр-3,0 млн., Нв-92 г/л, ТК-0,7, лейк-4,2 тмың, тромб-192 мың. ЭТЖ-22 мм/сағ, анизоцитоз, пойкилоцитоз. Сары сулық темір – 11 мкмоль/л. Неғұрлым тиімді тактика:

A) Сорбифер тәулігіне 200 мг 3 ай бойы Нв деңгейі қалыптанғанша

 

Науқас 28 жаста, диабеттік кетоацидоздық кома жағдайында ауруханаға жеткізілді. Ең алдымен тағайындау тиімді:

E) 0,9% натрий хлоридін

 

Бүйрек функциясының жіті жетіспеушілігінің ерте олигуриялық сатысында неғұрлым тиімді тағайындау:

C) Диуретиктер

 

Науқас 46 жаста, екінші қабатқа көтерілгенде пайда болатын төс артындағы қысып ауырсынуға және ентігуге шағымданады. Дәрігер тәулігіне 100 мг аспиринді күн ара ішуді тағайындады. Бір айдан кейін науқаста эпигастрий аймағында ауырсыну пайда болған. ЭФГДС жүргізілген: эрозиялық гастродуоденит. Неғұрлым тиімді тактика:

A) аспириннің орнына тиклопидин

 

Артериялық гипертензиямен ауратын науқаста 2 жыл бұрын миокард инфаркты болған, эналаприл тәулігіне 10 мг қабылдайды. Емдеу барысында аз өнімді ауыр жөтел пайда болған. Неғұрлым тиімді тактика:

D Эналаприлдің орнына карведилол

 

43 жастағы науқасты дене қызуының 38,5°С дейін көтерілуі, қалтырау, тершеңдік, миалгиялар, аз өнімді жөтел мазалайды. Объективті: жартайы орташа ауырлықта. Өкпеде әлсіз тыныс, базальды бөліктерде – крепитация. Рентгенде: екі жақ өкпеде инфильтрация. Қанда: лейкоциттер - 15,5 мың, ЭТЖ - 33 мм/сағ. Сыртқы тыныс қызметін зерттегенде рестрикциялық типті тыныс жетіспеушілігі анықталған. Көлемді антибактериялық терапия нәтижесіз болған. Неғұрлым тиімді тағайындау:

E) Глюкокортикостероидтар

 

40 жастағы науқасты ентігу, тұншығу ұстамалары, ісінулер мазалайды. Объективті: өкпеде дауыссыз ылғалды сырылдар; жүрек шекаралары үлкейген, тондары тұйық, жүрек ұшында – систолалық шу; жыпылық аритмиясы, тахисистолалық форма. ЭхоКГ: сол қарыншаның соңғы-диастолалық өлшемі- 8,2. Айдау фракциясы-21%. Неғұрлым тиімді тактика:



D) Перифериялық вазодилататорлар

 

48 жастағы науқас инфекциялық эндокардитке байланысты ауруханада емделуде. Фебрильді лихорадка мазалағанына бір апта болған, қолқалық жіті жетіспеушілік барысында жүрек қызметінің шамасыздық белгілері үдей түскен, қақпақщадағы вегетациялар өлшемі 10 мм-ден көп жоғарылаған, өкпе артериясының ұсақ тамырларының тромбоэмболиясы дамыған. Неғұрлым тиімді тактика:

E) Операция жасау

 

Науқас 26 жаста, гриппен ауырғаннан кейін 2 апта өткенде ентігу, жүрек аймағында ауырсыну, дене қызуының көтерілуі мазалайды. Қарағанда: ортопноэ, балтырының ісінуі. Өкпеде іркілісті сырылдар, ТЖ-минутына 32 рет. Кардиомегалия. Жүрек тондары тұйық, III тон естіледі, жүрек ұшында систолалық шу, жыпылық аритмиясы. ЖСЖ – минутына 110 рет. АҚҚ - 100/60 мм с.б.б. Бауыры 3 см-ге үлкейген. Қанда: лейкоцитоз, ЭТЖ жылдамдауы, кардиоспецификалық ферменттердің жоғарылауы. ЭКГ: АВ-блокада I дәрежелі, қарыншалық жиі экстрасистолалар. ЭхоКГ: сол қарыншаның үлкеюі, айдау фракциясы - 40%. Неғұрлым ттиімді тактика:

A) Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар

 

Екі жақты жасырын клиникалық зерттеу:

C) Дәрігер де, науқас та, тағайындалған ем жайында білмейді

 

Әйел, жүктіліктің 18 аптасы, қол басы буындарының бір сағатқа созылатын таңертеңгілік құрысына, әлсіздікке, субфебрильді температураға шағымданады. 6 жыл бойы ревматоидты артритпен ауырады. Қарағанда: II-IV саусақтардың проксимальды фалангааралық буындарының симметриялы дефигурациясы, қозғалысының шектелуі. Неғұрлым тиімді тактика:

D) Преднизолон

 

Бауыр коликасы ұсатамасымен ауруханаға жатқызылған 40 жастағы науқас әйелге, ауырсыну синдромын емдеу мақсатында антисекреторлық препараттар, спазмолитиктер және анальгетиктер тағайындалған. Неғұрлым тиімді ЕМЕС тағайындау:

A) Баралгин

В) Новокаин

C) Пантопон

D) Платифиллин

E) Морфин

Науқас 25 жаста, күніне 6-8 ретке дейінгі сұйық нәжіске, соңғы 2 жылда 8 кг салмақ тастауына, ірі буындардағы ауырсынуға, денен қызуының 37,2оС дейін көтерілуіне шағымданады. Ректороманоскопияда: ректосигмоидальды бөліктің беткей жаралануы, контактты қанағыштық. Неғұрлым тиімді тактика:

A) Преднизолон + сульфасалазин

Науқас 34 жаста, оң қабырға доғасы астындағы ауырсынуға және ауырлық сезіміне, диспепсиялық бұзылыстарға, шөлдеуге, аузындағы құрғауға шағымданады. Объективті: терісі сұрғылт-қошқыл түсті; бауыры үлкейген, пальпацияда тығыз. Қанда: сары сулық темір – 45 мкмоль/л. Неғұрлым тиімді тактика:

C) Десферал

 

Науқас 18 жаста, тізе буындарындағы жедел ауырсынуға, дене қызуының жоғарылуына шағымданады. Бала кезінен ауырады. Объективті: буыны ісінген, үстіндегі терісі гиперемияланған, ұстағанда ыстық, қөозғалысы шектелген. АЧТВ- 90 сек, қан ұю уақыты-25 мин. Неғұрлым тиімді тактика:

B) Криопреципитат

 

Науқас 40 жаста, шап қа берілетін бел аймағындағы ауырсынуға; зәр шығарғандағы кесіп ауырсынуға, жүрек айнуға, құсуға. Қанда: лейк-8,6 мың, ЭТЖ-24 мм/сағ, мочевина-9,2 ммоль/л, креатинин-0,120 ммоль/л. Зәр анализінде: сал. тығ.-1018, лейк. - 5-6 к/а, эр.-20-25 к/а, оксалаттар +++, фосфаттар ++. Неғұрлым тиімді тағайындау:

D) Спазмолитиктер

 

Науқас 18 жаста, тәулігіне 4 рет қан және шырыш аралас сұйық нәжіске, іштің төменгі бөлігінде және оң жақ мықын аймағында қатты ауырсынуға, дене қызуының 37,3оС дейін көтерілуіне шағымданады. ауырғанына 2 апта болған, ауруын қатты күйзеліспен байланыстырады. Өздігінен левомицетин 1 г/тәу және линекс қабылдаған – нәтижесіз. Неғұрлым тиімді тактика:

C) Сульфасалазин

 

Науқас 45 жаста асқазан жарасына байланысты ауруханада эрадикациялық терапия курсын өттті. ЭФГДС бақылауда: жара дефектісі толық жазылған. Ауруханадан шыққаннан кейін тағайындалатын неғұрлым тиімді сүйемелдеуші терапия:

B) омепразол 20 мг/тәу 8 апта

 

Науқас 47 жаста, кешке тамақ ішкеннен кейін пайда болатын төс артындағы ауырсынуға шағымданады. Ауырсыну жатқан кезде күшейеді. Нитроглицерин әсер етпейді. Неғұрлым тиімді тағайындау:

B) Прокинетиктер

 

Науқаста артериялық гипертензия және күштемелі стенокардия ІІ ФК, тәуліктік дозасы 100 мг атенолол қабылдайды. Соңғы кезде науқасты жүрген кезде пайда болатын және тыныштықта басылатын аяқтарының ауырсынуы мазалайды. Неғұрлым тиімді тактика:

B) Атенололдың орнына карведилол

 

Вирусты С гепатитпен ауыратын науқас күн сайын интерферон 10 млн ЕД б/е қабылдайды. Емді бастағаннан кейін 2 апта өткенде екі жақ өкпенің төменгі бөлігінің пневмониясы дамыды, қақырықта саңырауқұлақтар анықталды. ЖҚА: эритроциттер – 3,0 х 1012/л, лейкоциттер – 2,5 х109/л. Неғұрлым тиімді тактика:

E) Интерферонның орнына флуконазол

 

Қан тоқтаудың негізгі түрі:

А) қарышалар фибрилляциясы

 

Кардиогенді өкпе ісінуін емдегенде нитратар қандай мақсатпен қолданылады:

D) жүректің оң бөлігіне қан келуді азайту

 

Толық атриовентрикулярлы бөгеуде дамуы мүмкін ең ауыр асқыну:

С) Морганьи-Адамса-Стокссиндромы

 

Аталған жағдайлардың қайсысында перфузионды тыныс жеткіліксіздігі дамиды:

С) ӨАТЭ

 

60 жастағы науқаста клинико-инструменталды деректер бойынша S-T сегменті көтерілуімен жіті коронарлы синдром. Тромболитиктер тағайындалған. Препараттың дұрыс мөлшерін және атын көрстіңіз:

С) альтеплаза 100 мг

 

44 жастағы науқас жүрек қағуына, қол треморы, ентігуге шағымданады. Объективті: есі анық, қалқанша безі ұлғайған. Өкпесінде тынысы барлық бөлііктерінде естіледі, сырыл жоқ. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия 140 рет минутына, АҚ 100/70 мм. сын.бағ. Қабылдау бөлімі дәрігері тиреотоксикалық криз диагнозын қойды. Кризді тоқтату үшін таңдау препаратын көрсетіңіз:

B)пропроналол

 

Наркотикалық анальгетиктердің антагонисті болып табылады:

C)налорфин, налоксон

 

Электроболжамға көрсеткіш болып табылады:

C)қарыншалытахикардия

 

Қарыншалы фибрилляциясы өзгерісіндегі өмірге қауіпі өте жоғары аритмия:

A)қарыншалықэкстрасистолалар 20дан көп минутына

 

Клиникалық өлімнің негізгі белгісі:

E) АҚҚ болмауы, ұйқы артериясында тамыр соғысының болмауы

 

Жүрек дефибрилляциясына негізгі көрсеткіш?

D) ЭКГде жүрек фибрилляциясының тіркелуі

 

Жүректің тоқтауында мына дәрілер қосындысы қолданылады:

B) адреналин, атропин, гидрокарбонат натрия, кальция хлорид

 

В. атты 32жастағы науқас, гемофилия А, екі жақ тізе буыны жүрген кезде ауырады, 30 минутқа созылатын таңертеңгілік құрысу, буындардағы қозғалыстың айқын шектелуі. Қарағанда буындары үлшкейген, деформацияланған. Тізе буындары патологиясын визуализациялауда неғұрлым бірінші жүргізілетін әдіс:

A) УДЗ

 

Науқас 46 жаста, жұтынудың қиындауына, құсуға, төс артындағы кезеңді ауырсынуға шағымданады, өңешті рентгендік зерттеу жүргізілген. Өңеште барий қоспасының іркілуі, өңештің айқын кеңуі, кардия бөлігінде тарылуы, перистальтикасының болмауы анықталады. Неғұрлым мүмкін диагноз:

B) Кардия ахалазиясы

 

Науқас 52 жаста бел аймағында, қабырғаларында және төсінде ауырсынуға; әлсіздікке, тәбетінің болмауына, арықтауға шағымданады. Гемограммада: Нв – 85 г/л, ЭТЖ 78 мм/сағ. Миелограммада: миелоидты өсіндінің гиперплазиясы, плазмалық жасушалар - 17%. Омыртқалар рентгенографиясында неғұрлым мүмкін ЕМЕС өзгеріс:

E) Остеофитоз

 

Науқас 50 жаста, әлсіздкке, аздаған физикалық жүктемеде пайда болатын ентігуге және жүрек қағуына, бір ай ішінде 5 кг салмақ тастауына шағымданады. Гемограммада: Нв – 85 г/л, эритроциттер 4,5х10х12/л, ЭТЖ 32 мм/сағ. Нәжісті жасырын қанға зерттеу реакциясы – оң. Неғұрлым деректі ЕМЕС зерттеу:

E) ЭРПХГ

 

Науқас 32 жаста, кешкі уақытта мазалайтын қалтырауға, әлсіздікке, тәбеттің болмауына, шөлдеуге шағымданады. Объективті: белден ұрғылау симптомы оң жақта «+». Қанда: лейк. – 8,5х109/л, ЭТЖ 28 мм/сағ. Зәр анализінде: сал. тығ. 1008, лейк. – 8,12 к/а, бактериялар ++. Бүйректі удбтрадыбыстық зерттегенде неғұрлым болуы мүмкін өзгеріс:

E) Тамыр суретінің деформациясы

 

Науқас 42 жаста, бір жыл бұрын ентігу, оң қабырға доғасы астында ауырлық сезімі мазалай бастаған. Уақыт өте келе түнгі уақытта пайда болатын тұншығу ұстамалары, балтырдың ісінуі қосылған. Соңғы айларда қан түкіру кезеңдері болған. Объективті: өкпенің төменгі бөліктерінде – ұсақ көпіршікті дауыссыз сырылдар. Жүрек шекаралары солға қарай үлкейген, жүрек тондары тұйық. ЖСЖ – 90/мин. Жүрек ұшында систолалық шу. ЭКГ: жыпылық аритмиясы, тахисистолалық формасы. ЭхоКГ: сол жақ жүрекше – 4,4; сол қарыншаның соңғы диастолалық өлшемі - 8,2. Оң қарынша – 3,2. Айдау фракциясы-21%. Диффузды гипокинезия. Неғұрлым мүмкін диагноз:

E) Дилатациялық кардиомиопатия

 

Гемофилия кезінде буындарды МРТ-зерттеу нәтижесінде бағаланады://

E) Буындардың анатомиялық құрылымы

 

Науқасқа іш қуысына шолу рентгенографиясын жүргізгенде омыртқалардың көлденең өсіндісінің бойында конкременттер көлеңкесі анықталады. Неғұрлым мүмкін диагноз:

C) Нефролитиаз

Науқаста ангинозды ауырсынулар, талуға бейімділік, түнгі уақытта болатын ұстамалы ауырсынулар, сол жақ 3-4 қабырға аралығында естілетін ұйқы артерияларына берілмейтін қатаң систолалық шу. Неғұрлым тиімді зерттеу:

E) ЭхоКГ

 

В. атты, 32 жастағы науқас, гемофилияның А түрімен ауырады, жүрген кезде тізе буындарында ауырсыну, 30 минутқа созылатын таңертеңгілік құрысу, буындардағы қозғалыстың айқын шектелуі мазалайды. Қарағанда: буындары үлкейген, деформацияланған. Тізе буындарының патологиясын визуализациялаудың неғұрлым бірінші жүргізілетін әдіс:

E) УДЗ

 

Созылмалы панкреатиттің ауырсыну формасымен ауыратын науқасқа ұйқы безінің компьютерлі томографиясы жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде неғұрлым анықталуы мүмкін ЕМЕС өзгеріс:

E) Фиброз

 

Туберкулеманың морфологиялық құрылымы?

С) қалталанған казеозды фокус

 

Туберкулез ошағындағы инфекцияланған жасөспірімдерді химиопрофилактикалау курсының ұзақтығы?

В) 3 ай

 

Туберкулиндиагностиканың негізінде иммунитеттің қандай феномені жатыр?

В) ГЧЗТ

 

Инфильтративті туберкулез диагностикасында қолдану тиімді емес...

Е) бронхография

 

Терiс анергия бұл…

А) туберкулез өршiген ауруларда реакцияның болмауы

 

Өкпенiң фиброзды-ошақты туберкулезiн емдеу әдiсi?

Е) ем қажет емес

 

Қандай бактериоскопиялы әдiспен ошақты туберкулезде жиi ТМБ-сын табуға болады?

D) люминесценттi микроскопия

Туберкулин сезімталдығының «Виражы» деген не?

D) жыл сайынғы теріс мәнді сынаманың оңға айналуы

 

Өкпенің циррозды туберкулезі пайда болуына әсер ететін факторлар?

D) бронх өткізгіштігінің бұзылуы

 

Халық арасында тыныс алу органдары туберкулезін ерте табу әдістері?

В) флюорография, туберкулиндиагностика, қақырықты БК-ға тексеру

 

Милиарлы туберкулез емінде қолданбайды...

С) хирургиялық ем

 

Фиброзды-кавернозды туберкулездiң профилактикасы:

Е) профилактикалы флюорографиялы тексеру

 

Науқас дене қызуының 38оС дейін көтерілуіне, аздаған физикалық күштемеде пайда болатын ентігуге, жөтелге, кезеңді қан түкіруге шағымданады. Қақырықта туберкулез микобактериялары анықталды. Болжам диагноз: өкпенің инфильтрациялық туберкулезі. Диагнозды нақтылауда неғұрлым тиімді әдіс:

D) Бронхография

 

Мына жүйке зақымданғанда амавроз дамиды:

D)Көру нервісі

 

Қарашықтардың әр түрлі болуы аталады:

B)Анизокория

 

68 жастағы әйел адамда ми инсульты дамыды. Неврологиялық статуста: оң жақты гемиплегия, гемианестезия және гемианопсия. Патологиялық ошақ қайда орналасқан:

C)Ішкі капсула сол жақтан

 

Науқаста дерттің нәтижесінде жүрген кезде атаксия, саусақ-мұрын және тізе-өкше сынамасын жасағанда интенционды тремор, оңға қарағанда нистагм пайда болды. Бұл клиника оң жақтан айқын көрінеді. Ромберг позасында науқас оңға құлайды. Патологиялық ошақ орнын көрсет:

C) Мишықтың оң жақ шар жартысы

 

Науқаста кенеттен басының ауру сезімі, құсу, жүрек айну симптомдары пайда болды. Объективті тексергенде: горизонтальді нистагм, солға қарағанда айқын, сол жақтан адиадохокинез, скандирленген сөйлеу, атаксия, Ромберг позасында солға құлайды. Зақымданған ошақ аймағын тап:

A)Мишықтың сол жақ жарты шары

 

42 жасар ер адам, 3 жыл бұрын бас-ми жарақатын алды. Жүрісінің бұзылуына, оң жақ қол мен аяғының қозғалыстарының бұзылысына шағымданады. Қарағанда – орталық тип бойынша оң жақты пирамидалы жетіспеушілік, координаторлы сынамаларды сол жақтан интенциямен жүргізеді, адиадохокинез сол жақтан, сол жақтан бұлщықет гипотониясы. Зақымданған құрылымдарды көрсет:

E) Алдыңғы ортаңғы иірім сол жақтан, мишықтың сол жақ жарты шары

 

Науқаста атаксия, оң жақтан интенционный тремор, адиадохокинез, горизонтальды нистагм. Зақымдану ошақ қайда орналасқан:

D)Мишықтың оң жақ жарты шары

 

Гипертониялық аурумен ауыратын 54 жасар ер адамда кенеттен сөйлеу қабілетінің бұзылуы байқалды. Оған айтқан сөзді түсінеді, қарапайым инструкцияларды орындайды, экспрессивті сөйлеу қабілеті тежелген. Қандай аймақ зақымданған:

A)Брок аймағы

 

48 жасар ер адам, оң жақ шайнау бұлшықеттерінің әлсіздігіне шағымданады. 1 жыл көлемінде ауырады. Объективті: ауызын ашқанда төменгі жақ оң жаққа ығысады. Оң жақ шайнау бұлшықеттерінің гипотрофиясы және гипотониясы. Төменгі жақ рефлекстері оң жақтан төмендеген. Сезімталдық бетте сақталған. Патологиялық процесстің орналасқан жері:

B) Үшкіл нервтің оң жақ қозғалыс ядролары

 

Әйел адам, 43 жасар, невропатологқа бетінің асимметриясына шағымданады. Жуынып жатқанда байқады: ауыз қуысында суды ұстай алмайды, ұртын үрлей алмайды. Өзінің ауруын суықпен байланыстырады. Объективті: көз саңылауы сол жақтан ұлғайған, көзі жабылмайды. Қасын түйгенде қыртыс пайда болмайды. Сол жақ мұрын-ерін бұрышы тегістелген. Белл симптомы сол жақтан оң. Көзінен жас ағады. Қасүсті рефлексі сол жақтан шақырылмайды. Мишықтық симптомдар және сезімталдық бұзылыстар анықталмайды. Науқаста қандай диагноз:

D)Бет нервтің невропатиясы

 

8 жасар қыздың анасы дәрігерге мынадай шағымдармен келді: соңғы 3 ай көлемінде қызы нашар оқи бастады. Сабақ үстінде қызда периодты түрде қатып қалған көзқарас, сол уақытта сұраққа жауап бермейді, өзінің атына тіл қатпайды. Талмалар еш уақытта болмаған. Неврологиялық қарауда ешқандай бұзылыс байқалмады. Науқаста қандай диагноз болуы мүмкін:

A)Абсанстар

 

26 жасар ер кісі емханаға айына 1-2 рет болатын талмаға шағымданып келді. Талмалар 6 ай көлемінде. Талмалар өздігінен пайда болады. Туыстары науқас талма болған кезде құлайтынын, денесі тырысып қалатынын айтады, кейін талма пайда болатынын, тілін тістейтінін, еріксіз зәр шығаратынын айтады. Клиникалық зерттеулерден кейін диагноз қойылып, ем тағайындалды. Қандай дәрілік заттар қолданған дұрыс:

A)Диакарб

B)Преднизолон

C)Депакин

D)Энцефабол

E)Прозерин

Науқас М – 42 жаста. Аурулы жағдайы 18 жыл бұрын басталған. Галлюцинаторлы – сандырақ синдромы клиникасымен бірнеше рет психиатриялық ауруханада емдеуде жатқан. Ауруханадан шыққан кездерінде жұмыс істемеген, ата-анасының қамқорлығында болған. Соңғы рет психиатриялық ауруханада 2 жыл бұрын жатқан. Бастапқы кезде тұйық, қабырғаға қарап күбірлеп сөйлейді. Ал соңғы кездері мінезі біркелкі, басын төмен түсіріп, халатпен бүркеліп палатаның бұрышында отырады. Сұрақтарға сыбырлап жауап береді, жауабы жиі сұрақтың аясында ғана, кейде дәрігердің соңғы сөздерін қайталайды. Мәжбүрлеп тамақтандырғанда ғана ас ішеді. Диагноз қойыңыз.

С) Шизофрения. Кататониялық түрі.

 

Науқас Б, 44 жаста, 4 жыл бойы стационарлық емдеуде жатыр. Стационарға түскен кезде науқаста актуалды сандырақтың галлюцинаторлық аурулы жағдай басым болды. Дәрігердің бөлмесіне жиі келіп, «Бұл қорлауыңызды тоқтатыңыз, менің ойымды ауыстырып, бөтен адамның ойын менің басыма салып отырған аппараттан ажыратыңыз»,- деп айқайлайды. Жаңағы аппараттың қожайыны өзін аңдуға жіберді деп ойлап, қасындағы палаталас көршісін соққыга жыққан. Галоперидолмен емдегеннен кейін жағдайы жақсарған, тәртібі түзелген, дәрігермен сыпайы амандасатын болған. әңгіме кезінде әлі де оның ойын түсініп, диктофонға жазып жатқаны туралы білетінін айтады. Кейде экспериментаторлардың өзі туралы айтып жатқан дауыстарын естиді. Бірақ барлығына бей-жай қарайды, енді ол жағдайларға назар аудармайтын болғанын айтады. Диагноз қойыңыз.

В) Параноидтық шизофрения. Үздіксіз прогредиенттік ағым. Галлюцинаторлы-сандырақтық синдром. Толық емес медикаментоздық ремиссия «С» типі

 

Науқас П.-22 жаста, ЖОО студенті

Психиатриялық клиникада үш мәрте емделген. Ұстамалар кезінде қудалау туралы сандырақ ойлар айтқан, көңіл күйі төмен, ауыр күналар жасағаны туралы дауыстар естіген. Емдеуден шыққаннан кейін институттағы оқуын жалғастырған, алайда, курстастары оның бойынан оғаш қылықтар байқайды: ешкіммен қатынаспайтын болған, тез ренжігіш, өте жоғары ойларға бейім. Мысалы: топ старостасы оны аңдып жүр деп ойлайды, деканатқа ол туралы жаман ақпарат беріп жүр деп санайды. Кей пәндерден үлгерімі жақсы, ал кейбір пәндерден нашар. Өзінің құлақтарын ұсқынсыз деп санағандықтан үнемі дәрігердің бас киімін киіп жүреді, түнде басына қалпақ киіп жатады. Ойлау қабілеті сіреспелі, өз ойларын қорғау кезінде дес бермейді. Диагноз қойыңыз. Клиникалық типін анықтаңыз.

D) Параноидтық шизофрения. Тұрақты дефектімен толықтай ремиссия.

 

Науқас Я-25 жаста, автобус жүргізушісі шұғыл көмек көрсету мақсатында психиатриянық ауруханаға жеткізілген. Ауруханаға түскен кезде: аты жөнін, жасын дұрыс айта алады. Уақыт пен орындары бағдары жоқ, өзін гаражда жүрмін деп – санайды, айналасыңдағыларды өзінің жолдастарының атымен атайды. Шеткелі шығып бір түрлі стереотиптік қимылдар жасайды. Дәрігердің одан істеп жатқан қимылы туралы сұрағанда, ол аузынан шаш алып шығып жатқанын айтады. Қасындағы адамдардың айтуынша, науқас ауырар алдында 4 сағат бойы автобус жөндеген, автобустың детальдарын бензинге салып жуған 3 күннен кейін психоздан шыққан, болған жағдай есінде жоқ. Басы ауыратын,ұйқысыздық жайында шағымдар айтады. Диагноз қойыңыз, оңалту тактикасын аңықтаңыз.

С) Бензин буына жіті улану. Делириоздық синдром. Дезинттоксикациялық терапия. Транквилизаторлар.


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 93 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.034 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>