Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

28 апталық жүктілігі бар 27 жастағы әйел гриппке қарсы вакцинация алмаған.Жүктіліктің 20-22 аптасында ЖРВИ өткерген, жоғарғы 11 страница



E) Тамыр суретінің деформациясы

 

Науқас 42 жаста, бір жыл бұрын ентігу, оң қабырға доғасы астында ауырлық сезімі мазалай бастаған. Уақыт өте келе түнгі уақытта пайда болатын тұншығу ұстамалары, балтырдың ісінуі қосылған. Соңғы айларда қан түкіру кезеңдері болған. Объективті: өкпенің төменгі бөліктерінде – ұсақ көпіршікті дауыссыз сырылдар. Жүрек шекаралары солға қарай үлкейген, жүрек тондары тұйық. ЖСЖ – 90/мин. Жүрек ұшында систолалық шу. ЭКГ: жыпылық аритмиясы, тахисистолалық формасы. ЭхоКГ: сол жақ жүрекше – 4,4; сол қарыншаның соңғы диастолалық өлшемі - 8,2. Оң қарынша – 3,2. Айдау фракциясы-21%. Диффузды гипокинезия. Неғұрлым мүмкін диагноз:

E) Дилатациялық кардиомиопатия

 

Бронх демікпесінің ұстамасы және демікпелік статустың бірінші сатысы арасында ажыратпа диагноз жүргізгенде неғұрлым маңызды белгі:

E) бета 2-агонистерге рефрактерлік

 

Бронхоэктаз ауруымен ауыратын науқас қатты жөтелгеннен кейін кенеттен кеуде клеткасының оң жағында ауырсыну және ентігу пайда болды. Қарағанда: оң жақ кеуде клеткасы тыныс алуда қалыңқы және қабырға аралықтары томпайған; перкуссияда - тимпанит. Неғұрлым мүмкін асқыну:

B) Пневмоторакс

 

48 жастағы науқасты мөлшері тәулігіне 50 мл дейінгі шырышты іріңді қақырықпен жөтел, дене қызуының 38°С дейін көтерілуі, ентігу мазалайды. Алғаш рет 6-7 жыл бұрын ауырған, аурудың өршуі соңғы 2 жылда жылына 3-4 ретке дейін жиілеген. Өкпесінде әлсіз тыныс, барлық алаңында құрғақ және әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі. Неғұрлым мүмкін диагноз:

E) Созылмалы іріңді бронхит

 

Аурудың жіті ағымы, ылғалды сырылдар, рентгенограммада өкпенің ортаңғы-төменгі бөліктерінде орташа интенсивті инфильтрациялық көлеңкелер, тез оң нәтижелі динамика неғұрлым тән:

A) Саркоидозға

 

Әйел адам, 25 жаста, жүктіліктің 8-10 аптасы, қиын бөлінетін шырышты-іріңді қақырықпен жөтелге, дене қызуының 37° дейін көтерілуіне шағымданады. Суық тигеннен кейін жедел түрде ауырған. Сол жақ жауырын аралығында құрғақ сырылдар естіледі. Жалпы қан анализі өзгеріссіз. Неғұрлым тиімді емдеу тактикасы:



C) Лазолван, теплое питье

 

Науқас 53 жаста, жоғарғы бөліктің пневмониясы диагнозы қойылған. Қақырықта алтынды стафилококк анықталған. 2 апта өткенде науқастың қызуы көтеріліп, мөлшері 100 мл дейінгі жағымсыз иісті қақырық шыға бастаған. Рентгенде оң жақ өкпенің барлық жоғарғы бөлігін қамтыған деструкциялық үдеріс анықталған. Оң жақ өкпенің зақымданған бөлігінің резекциясы жасалынған. Опреациядан кейінгі кезеңде неғұрлым тиімді препарат:

D) Левофлоксацин

 

Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруымен ауыратын 65 жастағы науқас ентігудің, жөтелдің күшейе түсуіне, жасыл-сары түсті қақырық көлемінің көбеюіне, субфебрильді температураға шағымданады. Объективті: ТЖ – минутына 28 рет, ЖСЖ – минутына 92 рет. Аускультацияда: қатаң тыныс, құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Неғұрлым тиімді тағайындау:

B) Кларитромицин per os

 

Өкпе тінінің іріңді-деструкциялық ыдырауы, қабырғасы жұқа ішінде сұйықтығы жоқ қуыстардың пайда болуы тән пневмонияның қоздырғышы:

Е) Стафилококк

 

М. атты науқас, 38 жаста, ентігуге, құрғақ жөтелге, тершеңдікке, әлсіздікке, дене қызуының 38°С дейін көтерілуіне шағымданады. 3 ай бұрын ЖРВИ болған. Қарағанда: мойын, қолтық асты, шап аймағы лимфа түйіндері 1,5 см дейін үлкейген, ауырсынбайды. Кеуде клеткасы терісінде – түйінді эритема. Рентгенде бронхопульмональды және медиастинальды лимфотүйіндердің үлкейгендігі анықталады. Қанда: ЭТЖ-35 мм/сағ, АЛТ– 128 ед/л, АСТ–78 ед/л. Неғұрлым мүмкін диагноз:

A) Саркоидоз

 

Науқас 55 жаста, кезеңді тұншығу ұстамаларына, айқын әлсіздікке, қиын бөлінетін шырышты қақырықпен жөтелге шағымданады. Ұстамалар аптасына 2-3 рет қайталанады. Қарағанда: «барабан таяқшалары» және «сағат шынысы» симптомдары, кеуде клеткасы бөшке тәрізді. Перкуссияда қорапты өкпелік дыбыс, аускультацияда – әлсіз везикулярлы тыныс. Неғұрлым мүмкін диагноз:

D) Өкпе эмфиземасы

 

Ауыр дәрежелі бөлікті пневмония анықталған 72 жастағы науқастың жоғары температурасы тез түскенде кенеттен айқын әлсіздік, бас айналуы, құлағының шуылдауы, жүрек айнуы, құсқысы келу сезімі пайда болды. Объективті: бозғылттық, айқын акроцианоз, суық жабысқақ тер, тахикардия, жіп тәрізді пульс, жүрек тондары тұйық, АҚҚ төмен. Науқас жағдайының күрт нашарлауының неғұрлым мүмкін аебебі:

D) Инфекциялық-токсикалық шок

 

Науқас 72 жаста, өкпенің созылмалы обструкциялық ауруымен көп жылдан бері ауырады, дене қызуының көтерілуіне, шырышты-іріңді қақырықпен жөтелге, ентігуге, әлсіздікке, тершеңдікке, шағымданады. Бұл шағымдары суық тигеннен кейін пайда болған. Рентгенде оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде инфильтрация анықталады. Неғұрлым тиімді тактика:

D) Кларитромицин + амброксол + ипратропиума бромид

 

Науқас 46 жаста, әлсіздік, субфебрилитет, кеуде клеткасының оң жақ бөлігінде сыздап ауырсыну, жағымсыз иісті іріңді көлемді қақырықпен жөтел мазалайды. ТЖ – минутына 26 рет, оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде амфоралық тыныс. Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің рентгенограммасында қуыс анықталады. Неғұрлым тиімді тактика:

C) Ошақты санациялау + қуысқа моксофлоксацин енгізу

 

43 жастағы науқаста 4 ай бұрын субфебрильді лихорадка, аз өнімді жөтел, баяу үдейтін ентігу, әлсіздік пайда болған. Обьективті: жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Өкпеде әлсіз тыныс, базальды бөліктерде – крепитация. Рентгенде: өкпе суретінің күшеюі. Қанда: лейкоциттер-10,5 мың, ЭТЖ-23 мм/сағ. Пенициллинмен емдеу барысында науқастың ентігуі күшейіп, жағдайы нашарлаған. Сыртқы тыныс қызметін зерттеу: рестрикциялық типті тыныс жетіспеушілігінің белгілері. Неғұрлым мүмкін этиологиялық фактор:

B) Саңырауқұлақ

 

М. атты, 48 жастағы науқас тәулігіне 5-6 ретке дейін мазалайтын тұншығу қстамаларына, шырышты көбікті қақырықпен жөтелге шағымданады, тұншығу ұстамасы түн сайын мазалайды. Қарғанда: ТАЖ – минутына 26 рет. Тыныс шығарудың пиктік жылдамдығы - 55%. Неғұрлым мүмкін диагноз:

A) Бронх демікпесі, ауыр дәрежесі, өршуі, ТЖ II

 

К. атты, 45 жастағы науқас, тыныс шығарудың қиындауымен айқын ентігуге, жүрек қағуына, әлсіздікке шағымданады. Объективті: ТАЖ минутына 25 рет, ЖСЖ минутына 95 рет, АҚҚ 100/70 мм с.б.б., өкпе аускультациясында – өкпенің барлық алаңында әлсіз тыныс, жайылған ысқырықты сырылдар, тыныс шығарудың пиктік жылдамдығы – қалыпты деңгейден 50%. Неғұрлым мүмкін диагноз:

B) Бронх демікпесі, орташа ауырлық дәрежесі, өршуі, ТЖ II

 

38 жастағы науқасты тұншығу ұстамасы, экспираторлық ентігу ұзақ уақыт бойы мазалайды. Тұншығу ұстамаларын беротекпен емдейді, 2 жыл бойы тәулігіне 10 мг преднизолон қабылдайды. Тыныс шығарудың пиктік жылдамдығы - 65%. Осы науқас үшін неғұрлым тиімді базисті терапия:

C) Будесонид

 

Науқас 42 жаста, бронх демікспесімен ауырады, аптасына бірнеше рет мазалайтын тұншығу ұстамаларына шағымданады. Дипроспан инъекциясынан кейін бір айға жуық уақыт бойы тұншығу ұстамалары болмаған. Дәрігерге қаралар алдында жөтел және беротекпен басылмаған ентігу пайда болған. Түнде жағдайы нашарлаған. Қарағанда: науқас мәжбүрлік қалыпта, ентігу айқын, дистанциялық сырылдар естіледі. Неғұрлым тиімді емдеу тактикасы:

E) метилпреднизолон 120 мг, фенотерол к\т, оттегі

 

М. атты науқас, 48 жаста, тәулігіне 6-8 ретке дейін болатын тұншығу ұстамаларына, тәулігіне 4 рет қолданған сальбутамол ингаляциясының әсер етпеуіне шағымданады. Қарағанда: ТЖ – минутына 30 рет. Тынысы әлсіреген, кейбір жерлерде естілмейді. Неғұрлым мүмкін диагноз:

E) Бронхты демікпе, ауыр дәрежелі, өршуі, ТЖ III

 

Ауылшаруашылық жұмысшысында шөппен жұмыс істегеннен кейін бірнеше сағат өткенде аралас сипатты ентігу, қалтырау, дене қызуының 390С дейін көтерілуі, аз өнімді кейде қан аралас қақырықпен жөтел пайда болды. Қан сары суында: преципитирлеуші антиденелер. Неғұрлым мүмкін диагноз:

D) Экзогенді аллергиялық альвеолит

Науқас 57 жаста, орташа ауырлық дәрежесіндегі персистирлеуші бронх демікпесімен және ІІ дәрежелі қатер тобы ІІ артериялық гипертензиямен ауырады. АҚҚ төмендету мақсатында үнемі эднит 5мг тәулігіне екі рет және индапамид 2,5 мг күн ара қабылдайды. Тұншығу ұстамаларын емдеуде беротек күніне 1-2 рет 2-3 мөлшерлі дозада қабылдайды. Жалпы тәжірибелік дәрігерге қаралды, шағымдары: тұрақты сипаттағы мазасын алатын құрғақ жөтел. Тұрақты құрғақ жөтелдің неғұрлым мүмкін себебі:

C) Эдниттің қосымша әсері

 

К. атты науқас, дезодорант қолданғаннан кейін ерін аймақтарында ісіну, мұрын-ерін қыртысының тегістелуі пайда болды. Біртіндеп ісіну бүкіл бетіне және мойнына жайылды, тыныс алуы қиындады. Объективті: терісі бозғылт, беті және мойны ісінген, ТЖ минутына 24 рет, АҚҚ 100/70 мм с.б.б., ЖСЖ минутына 90 рет. Тынысы әлсіз везикулярлы, аздаған құрғақ сырылдар. Неғұрлым тиімді тағайындау:

C) Преднизолон

 

Артериялық гипертензия, көлемді протеинурия, шумақты фильтрацияның төмендеуі неғұрлым тән:

C) Гломерулонефритке

 

27 жастағы науқас жүрек қағу ұстамаларына және төс артындағы қысу сезіміне, естен тану кезеңдеріне шағымданумен кардиология бөлімшесіне жатқызылды. Объективті: дене бітімі астениялық, жүрек тондары аздап тұйықталған, ырғақты. ЖСЖ – минутына 88 рет. АҚҚ – 90/60 мм с.б.б. ЭКГ- ST V2-V3 сегментінің элевациясы. Тропонин Т өзгермеген. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі зерттеу әдісі:

E) ЭКГ тәуліктік мониторлау

 

Науқас 45 жаста қалтыраумен фебрильді қызбаға; жөтелге, қан түкіруге; буындардағы және бел аймағындағы ауырсынуға шағымданады. Анамнезінде - фурункулез. Қарағанда: терісі «сүт қосылған кофе» түсті, аяқтарында – петехиялы бөртпелер; «барабан таяқшалары» және «сағат шынысы». Симптомдары анықталады. Тексергенде: эритроциттер - 2,9 мың, Нв – 92 г/л, лейкоциттер – 22 мың, ЭТЖ – 46 мм/сағ, диспротеинемия, протеинурия. Рентгенограммада – оң жақ өкпеде сына тәрізді көлеңке. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі зерттеу әдісі:

C) Эхокардиография

 

Жоспарлы электроимпульсті терапияны нәтижелі жүргізу үшін неғұрлым тиімді:

B) Іс-шара жүргізгенге дейін антикоагулянттар тағайындау

 

68 жастағы науқас тыныштықта және аздаған физикалық күштемеде пайда болатын төс артындағы басып ауырсынуға, ентігуге шағымданады. Анамнезінде –миокард инфаркты болған. ЖСЖ – минутына 62 рет. АҚҚ – 110/60 мм. с.б.б. Тропонин I - 0 нг/мл. ЭКГ – коронарлық созылмалы жетіспеушілік белгілері. Неғұрлым тиімді тағайындау:

B) Кардикет

 

А. атты, 47 жастағы науқас ірі ошақты артқыдиафрагмальды миокард инфарктымен ауруханаға түсті. Науқастың жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия, ЖСЖ-минутына 110 рет. АҚҚ-150/100 мм с.б.б. ЭхоКГ: гипокинезия аймағы анықталады. Тромболитиктерді тағайындау неғұрлым тиімді:

A) Алғашқы 6 сағатта

 

Науқас 34 жаста, бас ауыруына, бас айналуына, талуға шағымданады. Объективті: жүрек табанында, төстің оң жағында систоланың ортасында ең жақсы естілетін дөрекі систолалық шу, мойын тамырларына өткізіледі. Вальсальва сынамасында шу азаяды және және тыныс алғанда өзгермейді ЭКГ: сол қарыншаның гипертрофиясы. Рентгенде: жүректің конфигурациясы «жүзген үйрек» тәрізді. Неғұрлым тиімді тактика:

D) Қолқалық қақпақшаны протездеу

 

Көбінесе төстің сол жақ қырында, науқас алдыға қарай сәл еңкейіреп отырғанда жақсы естілетін Жоғары жиілікті, үрлемелі диастолалық шу неғұрлым тән:

B) Қолқа қақпақшасының жетіспеушілігіне

 

З. атты науқас, 43 жаста сол жақ қолға және жауырын астына берілетін төс артындағы ауырсынуға шағымданады. Қарағанда: жүрек тондары тұйықталған, аздаған тахикардия. АҚҚ – 110/70 мм с.б.б. ЭКГ: STV2-V4. сегментінің элевациясы. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі зерттеу әдісі:

B) Коронарография

 

Науқас 48 жаста, ірі ошақты миокард инфарктына байланысты емделуде. 2-тәулікте кеуде клеткасында қатты ауырсыну, ентігу, аз өнімді қақырықпен жөтел, қан түкіру пайда болып, жағдайы күрт нашарлады. ЭКГ: миокардтың алдыңғы қабырғасының жіті инфаркты. Рентгенограммада: оң жақ өкпенің ортаңғы бөлігінде үшбұрышты қараю анықталады. Науқаста неғұрлым мүмкін дамыған асқыну:

E) Өкпе артериясы тамырларының тромбоэмболиясы

 

Науқас 19 жаста ентігуге, бас ауыруына, көз алдының "қарауытуына", аяқтарының жансыздануына, тез шаршағыштыққа шағымданады. Объективті: кәрі жілік артерияларындағы пульс кернеулі, жылдам, сан арерияларында әлсіз, аз кернеулі. АҚҚ қолдарында 170/90 мм с.б.б., аяқтарында 100/70 мм с.б.б. Жүрек аускультациясында: Боткин-Эрба нүктесінде және жүрек ұшында естілетін паравертебральды аймаққа берілетін әлсіз систолалық шу. Рентгенологиялық: қабырғалар узурациясы. Неғұрлым мүмкін диагноз:

E) Қолқаның коарктациясы

 

Жүректің ревматизмдік созылмалы ауруымен ауыратын 30 жастағы науқаста: ортопноэ, акроцианоз; өкпенің төменгі-бүйір бөліктерінде дауыссыз ылғалды сырылдар; жүрек ұшында қолтық астына берілетін дөрекі пансистолалық шу; тахиаритмия, бауырдың үлкеюі, аяқтарының ісінуі. Неғұрлым тиімді тактика:

A) Диуретиктер

 

Науқас 67 жаста, жатқан кезде пайда болатын ауыр ентігуге, кейде түнгі уақыттағы тұншығуға, аз өнімді құрғақ жөтелге шағымданады. Анамнезінде бірнеше рет миокард инфаркты болған. Тексергенде: өкпе артериясында ІІ тонның акценті, өкпеде дауыссыз ылғалды сырылдар, гепатомегалия, аяқтарында айқын ісіну, асцит. ЭКГ: сол қарыншаның алдыңғы-бүйір қабырғасында тыртықты өзгерістер. ЭхоКГ: айдау фракциясы - 36%. Алдыңғы қабырғада, пердеде, жүрек ұшында және сол жақ қарыншаның бүйір қабырғасында гипокинезия аймақтары. Неғұрлым тиімді тактика:

B) Лазикс

 

Науқас 73 жаста реанимация бөлімшесіне ауыр жағдайда түсті. Төс артындағы қатты басып ауырсыну ауруханаға жатқызғанға дейінгі кезеңде жүргізілген емнің нәтижесінде басылған. Объективті: терісі сұр түсті, суық жабысқақ тер басқан. Өкпеде – іркілісті сырылдар. Жүрек тондары тұйық, айқын тахикардия, АҚҚ 30/0 мм с.б.б. ЭКГ: STV2-V6 сегментінің депрессиясы. Жіті жүрек жетіспеушілігін емдеу мақсатында неғұрлым тиімді тағайындау:

C) Допамин

 

32 жастағы науқас әйел рецидивті түйінді эритемаға, еріндерінің және беттерінің шырышты қабаттарындағы афтозды жараларға шағымданады. Тексергенде: қынаптың шырышты қабатында увеиттің белгілері және жаралар анықталған. Неғұрлым мүмкін диагноз:

C) Бехчет синдромы

 

52 жастағы науқас әйел қолдың фалангааралық буындарындағы ауырсынуға және қозғалыстың шектелуіне шағымданады. Қарағанда: дистальды фалангааралық буындарда өлшемдері 0,5 см дейін, пальпацияда аздап ауырсынатын тығыз түйіндер. Буындары аздап деформацияланған, қозғалысы шектелген. Қол басы буындарының рентгенографиясында: буын қуыстары тарылған, остеопороз. Неғұрлым тиімді тактика:

C) СеҚҚП + хондропротекторы

Науқас 16 жаста, білезік, тізе, тобық буындарындағы ауырсынуға, дене қызуының 39° С дейін көтерілуіне, жүрек қағуына шағымданады. Екі апта бұрын ангинамен ауырған. Қарағанда: сақина тәрізді эритема анықталады. Буындары дефигурацияланған, ұстағанда ыстық, қозғалғанда қатты ауырсынады. Жүрек шекаралары үлкейген, тондары тұйық. ЖСЖ-52/мин. Қанда: эритроциттер - 4,2 млн., Нв-140 г/л, лейкоциттер - 15 мың, ЭТЖ-40 мм/сағ. Неғұрлым тиімді емдеу:

A) Амоксициллин + диклофенак + преднизолон

 

Науқастың беті амимикалы, ауыз қуысы тарылған, аузының айналасында кисет тәрізді қыртыстар, саусақтардың дистальды фалангалары қысқарған, жұтынуы қиындаған. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі зерттеу:

C) Тропоизомеразаға (SCL-70) антиденелерді анықтау

 

Жүйелі қызыл жегімен ауыратын 34 жастағы науқас, тәулігіне 20 мг преднизолон қабылдайды, қызбаға, бетіндегі эритемалық бөртпелерге, ісінулерге, бас ауыруына, есте сақтау қабілетінің нашарлауына, парестезияларға шағымданады. Тексергенде нефротикалық синдром, лейкопения, нативті ДНК-ға антиденелердің жоғары деңгейі анықталды. Аурудың өршуін эндометритпен асқынған медициналық түсік тастаумен байланыстырады. Неғұрлым тиімді тактика:

B) Метил-преднизолонмен пульс-терапия

 

23 жастағы бойжеткен көз өткірлігінің нашарлауына, әлсіздікке, дене қызуының 37,2оС дейін көтерілуіне, талуға шағымданады. Тексергенде сол жақ ұйқы және бұғана үсті артерияларында систолалық шу анықталды. Сол жақ кәрі жілік артериясында пульс анықталмайды. ЭТЖ 22 мм/сағ. Неғұрлым тиімді тактика:

A) индометацин + стугерон

 

Гипербилирубинемия неғұрлым тән:

E) Созылмалы панкреатиттің псевдотуморозды формасына

 

Науқас 40 жаста тамақтан кейін пайда болатын, жатқан кезде күшейетін төс артындағы ауырсынуға, қыжылдауға, қышқылмен және ішкен тамақпен құсуға шағымданады. рН-метрияда гиперсекреция анықталады. Рентгенде: өңеш өтімді, кардиальды бөліктің кеуде қуысына шығуы және контрастты заттың асқазаннан өңешке қарай керу өтуі байқалады. Неғұрлым мүмкін диагноз:

E) Диафрагманың өңештік тесігінің жарығы

 

45 жастағы науқас асқазанэзофагеальды-рефлюксті ауруымен ұзақ уақыт ауырады, по поводу которой постоянно принимает протон помпасының ингибиторын үнемі қабылдайды. Соңғы 2 апта бойы тәулігіне 2-3 ретке дейін сұйық, көбікті нәжістің болуы және іштің құрылдауы мазалайды. Емдік ашығу және левомицетин көмектеспеген. Диагнозды нақтылаудың неғұрлым деректі әдісі:

E) Нәжісті бактериялогиялық зерттеу

 

45 жастағы науқасты 10 жыл бойы жұтынудың кезеңді бұзылуы, әсіресе қатты тамақты жұтудың қиындауы, мазалайды. Жұтынуды жеңілдету мақсатында тамақтану кезінде денесін артқа қарай шалқайтуға мәжбүр болады. Сонымен қатар, құсуға, физикалық күштемеге байланыссыз пайда болатын төс артындағы ауырсынуға шағымданады. Науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Неғұрлым тиімді емдеу тактикасы:

E) Нифедипин

 

Науқас 28 жаста, екі жақты аднекситке байланысты антибактериялық массивті терапия курсын 24 күн бойы қабылдағаннан кейін, кенеттен ішінің төменгі жағында және бүйір бөліктерінде толғақ тәрізді ауырсыну, тәулігіне 6 ретке дейін су тәрізді сұйық нәжіс, дене қызуының 38одейін көтерілуі пайда болды. Тексергенде: іші жұмсақ, пальпацияда тоқ ішек бойында ауырсыну анықталады. Анализдерінде: Нв 124 г/л, лейкоциттер 1 мкл-де 12 мың, лейкоциттік формуланың солға ығысуы т/я 12%, ЭТЖ 35 мм/сағ. Неғұрлым тиімді тактика:

C) Ванкомицин + метронидазол + бацитрацин

 

72 жастағы науқасты эпигастрий аймағында тұйық керіп ауырсыну, тамақ ішкеннен кейін асқазанының аса толу сезімінің пайда болуы; шіріген иіспен кекіру; метеоризм; іш өтумен кезектесетін іш қату мазалайды. Объективті: төмен нәрлі; терісі бозғылт және құрғақ, тырнақтары сынғыш, ангулярлы стоматит белгілері. Неғұрлым тиімді емдеу тактикасы:

E) Табиғи асқазан сөлі + панзинорм + мильгамма

 

Асқазан диспепсиясының жара тәрізді вариантына неғұрлым тән симптом:

D) Аш қарынға және түнгі ауырсыну

 

Науқас 54 жаста, тамақтан кейін 40-60 минут өткенде эпигастрий аймағында басып ауырсынуға және ауырлық сезіміне, қышқылмен, ауамен кекіруге, әлсіздікк, ашушаңдыққа шағымданады. Объективті: эпигастрийде ауырсыну анықталады. Қан анализінде: Нв – 90 г/л, эритроциттер – 3,8 х 1012/л, жалпы белок – 56 г/л. Рентгенологиялық: асқазанның үлкен иінінде және синусы аймағында привратникке шығып тұрған алып қыртыстар. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі әдіс:

C) ЭФГДС нысаналы биопсиямен

 

Науқас 39 жаста, дефекациядан кейін басылатын іштің төменгі бөліктеріндегі толғақ тәрізді ауырсынуға; тәулігіне 3-4 ретке дейін үлкен дәреттің жиілеуіне, әлсіздікке, ашушаңдыққа шағымданады. Тексергенде: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, іші жұмсақ, төменгі бөлігінде, әсіресе сол жағына таман, аздап ауырсынады. Анализінде өзгерістер жоқ. Колоноскопияда тоқ ішекте органикалық өзгерістер анықталмады. Неғұрлым мүмкін диагноз:

C) Тітіркенген ішек синдромы

 

Науқас 47 жаста, ішімдікті, цитрустыларды және кофені қабылдаумен байланысты қыжыл және төс артында ауырсыну мазалағанына бір жыл болған. Ауырсыну еңкейіп жұмыс істегенде күшейеді. Кейде құсу болады. Спазмолитиктер және аналгетиктер нәтижесіз. Неғұрлым тиімді тағайындау:

D) Домперидон + рабепразол


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 93 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.029 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>