Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

28 апталық жүктілігі бар 27 жастағы әйел гриппке қарсы вакцинация алмаған.Жүктіліктің 20-22 аптасында ЖРВИ өткерген, жоғарғы 4 страница



Қантты диабетпен науқас коматозды жағдайда қабылдау бөліміне жеткізілді. Бұл жағдай көп рет құсу және сұйық нәжіспен көрініс берген тағамнан уланудан кейін дамыған. Айқын гипотония және олигоуриямен сипатталған дегидратацияның клиникалық көріністері бар. Гликемия 27 ммоль/л, плазма осмолярлығы 380 ммоль/л, зәрдегі ацетонға сынама теріс. Шұғыл көмек көрсетудегі бірінші қадам қандай?

D) Гипотониялық ерітіндіні сағатына 1 литр есебінен

 

Әйел 45 жаста тәбетінің төмендеуіне қарамастан дене салмағының ұлғаюына, ұйқышылдық, кардиалгияға шағымданады. Обьективті: терісі құрғақ, мойыны жуандаған, беті ісіңкіреген, АҚ – 80/50 мм с. б., ЖСЖ – 45минутына. Тексеру кезінде: ТТГ – 45,7 мкМЕ/мл (қалыптыда 0,4 – 4,0 мкМЕ/мл). Аталған препараттардың қайсысын қабылдаған дұрыс?

E) Левотироксин

 

56 жастағы әйел адамда ашушаңдық,жалпы әлсіздік,ыстық құйылу тәулігіне 20 рет байқалады.Объективті: гипергидроз, ақшыл-қызғылт түсті дермографизм анықталды. АҚҚ - 150/90мм с.б.б. ЖЖЖ -86 рет 1 мин. Қынаптық жағындыда атрофия анықталды. Қай топ препараттарын ем жоспарына қосқан дұрыс?

B) Эстрогендер

 

Семіздіктің 3 дәрежесімен зардап шегетін әйел адамды зерттеу кезінде гликемия – 12,5 ммоль/л деңгейінде анықталды. Қайталап тексеру кезінде гликемия деңгейі таңғы астан кейін 2 сағаттан соң 15,5 ммоль/л болды.

Осы жағдайдағы емнің бірінші линия препараты болып табылады?

C) Метформин

 

25 жастағы қыз дене салмағының жоғарлауына, бас ауыруына, етеккір бұзылыстарына, бұлшық ет әлсіздігіне шағымданады. Анамнезінде: нейроинфекциямен ауырған. Қарап тексергенде: толық, іш және иық аймағында майдың жиналуы. Беті ай тәрізді, кеудесінде қою-қызыл стриялар, кеудесі ер адамдар типтес жүнді. АҚ 220/130 мм.с.б. Омыртқа тірегінің рентгенографиясы: «балық» омыртқалары. Гликемия-8,2 ммоль/л.

Көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?

A) Парлоделді

 

Науқаста шөлдеу сезімі, полиурия, сусыздану белгілері. Гликемия деңгейі барлық уақытта қалыптан аспайды, гиперазотемия жоқ. Ацетонға және глюкозаға зәр реакциясы теріс. Тәулік бойы зәрдің салыстырмалы тығыздығы 1000,0-1004,0-1007,0 шамасында. Келтірілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?



A) Қантсыз диабет

 

Ер кісі 32 жаста, 1 жылдан бері бұлшықеттердің ауру сезіміне, полиурияға, бас ауруына шағымданады. Объективті: бойы 180 см, салмағы 76 кг. ЖСЖ 76 мин. АҚ 170/105 мм.с.б. Терісі қалыпты түстес. Ісіну жоқ. Гипокалиемия, гипернатриемия, гипохлоремия. Несептің тығыздығы 1007, реакциясы сілтілі, протеинурия 0,033 г/л. Берілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

А) Конн синдромы

 

Иценко-Кушинг ауруына байланысты адреналэктомияны өткерген жас әйелді жалпы әлсіздік, айқын шаршағыштық, тәбетінің жоғалуы, жүрек айну және естен тану мазалайды. Объективті: бойы 165 см, салмағы 42 кг. Тері мен шырышты қабатының гиперпигментациясы. АҚҚ - 70/40 мм сб.б. Қанда: эритр-3,5 млн., НВ-75 г/л, ЭТЖ-13 мм/с, аш қарынға гликемия – 2,0 ммоль/л.

Келтірілген препараттардың қайсысы БАРЫНША тиімді?

D) Преднизолон

 

38 жастағы науқас, ІІІ дәрежелі аралас типтегі уытты зоб бойынша ота жасалынған. Отадан кейінгі 3 күні қысқа уақытқа созылатын тырысулар, 3-4 күндері парестезиялар пайда болған. Қарап тексергенде: терісі сәл ылғалды. Тілі таза, ылғалды. Жүрек тондары ырғақты, пульс 76 р/мин, АҚҚ - 130/70 мм с. б. Хвостек, Труссо, Шлезингер симптомдары - оң. Ең тән диагнозды атаңыз?

A) Гипопаратиреоз

 

Науқас 22 жаста, ісінулерге шағымданумен қаралды, зәрде – протеинурия 3 г/тәу, гематурия. Морфологиясы: жарықтық микроскопияда ошақты мезангиалды депозиттер және ГБМ-ң қабаттасқан контуры (күмістендіруде). Иммунофлюоресценцияда: IgG және С3 мезангийде және шумақ капиллярларының субэндотелийінде гранулярлы жиналуы. Электронды микроскопия: иммунды депозиттермен мезангиалды пролиферация, ГБМ мен эндотелий аралығында мезангий интерпозициясы, жаңа базальды мембранамен қоршалған субэндотелиалды электронды-тығыз депозиттер. Ең мүмкін болатын диагнозыңыз?

D) 1 типті мембрано-пролиферативті ГН

 

Ер адам 32 жаста. Тексеру кезінде: протеинурия, қайталамалы макрогематурия. Морфологиялық түрде қойылған: мезангиалды жасушалардың диффузды пролиферациясы және мезангийдегі IgAдепозиттері. Бұл ауруға қандай ағым тән?

E) Біртіндеп бүйректің созылмалы склероздануымен жүреді

 

27 жастағы жүкті әйел, жүктілік мерзімі 20-22 апта, созылмалы гломерулонефритпен ауырады, протеинурияның біртіндеп жоғарылауы байқалады 0,33 г-нан 5 г/л дейін, эритроциттер – 0-1 к/а; қанында – креатинин 55 мкмоль/л. Қарап тексергенде: АҚҚ 110/80 мм сбб. УДЗ-де ұрықтың өлшемдері гестация мерзіміне сай. Әрі қарай жүргізу тактикасының қайсысы ЕҢ мақсаттық болып табылады?

B) Преднизолон тағайындау

 

Қыз 18 жаста. бірінші жүктілік, 16 апта. Клиникаға жоғары температурамен, интоксикациямен түсті. Тексеру кезінде зәр анализдерінде өзгерістер анықталды: лайлы, белок 0,066%, лейкоциттер – жаппай, бактериурия. Қанда: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғары.Аталған препараттардың қайсысы ЕҢ қолайлы болып табылады?

B) Амоксиклав

 

Айқын асциті бар науқаста лапароцентез кезінде бірден 6 литр асциттік сұйықтық алынды. Лапароцентезден кейін алынып тасталған әрбір литріне есеппен 3 г – нан енгізді. Тәуліктік диурезі 300 мл дейін азайған, бұл лапароцентездің эффективтілігін көрсетеді. ЖЗА: салыстырмалы тығыздығы 1006, белок – жоқ, эпителий 1-2 к/а; биохимиялық анализінде – натрий – 112 ммоль\л, креатинин – 405мкмоль/л. Науқаста қандай асқыну дамыды?

B) Гепаторенальді синдром

 

20 жастағы жүкті әйел, жүктілік мерзімі 15-16 апта, таңертеңгі уақытта бетінің ісіңкі болуына, бел аймағындағы ауру сезіміне, бас ауруына, 3 күн бойына дене қызуының 37,5 0С дейін болуына, АҚҚ 180/110 мм сбб. дейін жоғарылауына, қызыл түсті зәрдің пайда болуына шағымданады. Анамнезінен: 2 апта бұрын баспамен ауырған, соған байланысты амоксициллин қабылдаған. Зәр анализінде: эритроциттер жаппай к/а, белок – 1,6 г/л. Қанында: АСЛ-О – оң. Жүктілікке қатысты ЕҢ қай болжам сәйкес келуі мүмкін?

C) Құрсақішілік ұрық өлімінің жоғары қаупі

 

Емделуші әйел 21 жаста. 7 жастан бастап ҚД 1 типімен ауырады. Инсулин дәрілік заттарымен емделуі қандағы қант деңгейін бақылаумен. Соңғы жылдары зәрде микроальбуминурия анықталды(МАУ 100-150мг/тәу). Бұл жағдайда қандай мақсатпен қандай дәрілік зат тағайындауы қажет?

A) МАУ төмендету немесе/және жою үшін ААФ ингибиторын

 

Науқас 35 жаста. Балалық шақта туа болған бүйрек аномалиясы фонында қайталамалы ЗШЖИ-мен зардап шеккен. 6 жасында ота жасалынған. Қазіргі уақытта АҚ 160/100мм.с.б. Зәрде: ақуыз-0,3г/л, лейкоциттер-3-4в к/а, эритроциттер -2-3 к/а. ШФЖ-45мл/мин. БСА үдеуін баяулату үшін науқастың АҚ қандай деңгейде болуы керек?

B) 120/80 мм с.б аспайтын АҚ

 

29 жастағы науқаста нефротикалық синдром, анамнезінде преднизолонмен терапия сәтсіз. Бүйрек биопсиясының нәтижесі: жарықтық микроскопия – күмістендіру кезінде капиллярлар қабырғасын бойлай субэпителиалды «тікенектер»; иммунофлюоресцентті – IgG + С3 гранулярлық жарқырауы; электроды микроскопия – ретті субэпителиалды иммунокешенді депозиттер. Нефротикалық синдромның екіншілік сипаты жоққа шығарылды. Сіздің диагнозыңыз бен ең ыңғайлы емдеу вариантыңыз?

D) Мембранозды нефропатия циклоспоринА-мен емдеу

 

62 жастағы науқас, ревматоидты артритпен 23 жыл бойы ауырады, соған байланысты преднизолон мен ҚҚСЕП қабылдаған, аяқтарында ісінулер пайда болған. Қараған кезде: ЭТЖ – 50 мм/сағ., гипоальбуминемия, протеинурия 6 г/тәул., креатинин – 0,14 ммоль/л. ЕҢ мүмкін болатын диагнозды көрсетіңіз?

D) Екіншілік амилоидоз

22 жастағы жүкті әйел, жүктілік мерзімі 34-36 апта, созылмалы гломерулонефритпен ауырады, АҚҚ жоғарылауы 180/115 мм сбб дейін байқалады. Анамнезінен: жүктілікке дейін АҚҚ деңгейі 140-150/80-100 мм сбб аралығында болған. Қанында креатинин – 200 мкмоль/л, зәрінде белок – 3,6 г/тәул. УДЗ-де – ұрықтың өлшемдері гестация мерзімінен 2-3 апта қалыс қалады. Әрі қарай жүргізу тактикасының қайсысы ЕҢ мақсаттық болып табылады?

E) Босандыру

 

Перзентхананың санбақылау бөліміне 30 жастағы жүкті әйел түсті. Шағымдары: әлсіздік, бас ауыруы, оң жақ бел аймағындағы ауру сезімі, дене қызуының жоғарылауы, қалтырау. Жақында ауырған. Үшінші жүктілік. Терісі таза, бозғылт, ыстық. Температурасы 38°С, пульсы 88 минутына, АҚҚ 120/80 мм рт. ст. Іші жұмсақ, жатыр тонусы қалыпты, 27 апта жүктілік мерзіміне сай келеді. Зәр шығаруы ауру сезімінсіз. Зәр анализі: лайлы, салыстырмалы тығыздығы 1017, белок 0,066 г/л, лейкоциттер мен бактериялар көру алаңын толық жауып тұр, оксалаттар. Қай антибактериальді препаратты ЕҢ мақсатты түрде тағайындаған дұрыс?

C) Цефтриаксон 1г/сут, к/т

 

30 жастағы науқас, дене қыуының жоғарлауына байланысты ибуфен қабылдаған. Нәтижесінде бел аймағында ауру-сезімі, жүрек айну, құсу пайда болды. Объективті: температура 37,6С, әлсіздік. ЖҚА: Нв 100 г/л.. ЭТЖ 22 мм/сағ. Тәуліктік диурез 300 мл. Зәрі күңгірт түсті, салыст. Тығ- 1007, белок 0,6 г/л, глюкоза +++, микроскопия: эпителий жаппай, Ле 0-1 к/а, Эр 0-1 к/а, цилиндрлер гиалинді бірен-саран. Қан креатинині – 170 ммоль/л.Сіздің болжама диагнозыңыз?

C) Жедел тубуло-интерстициальды нефрит, БЖЗ

 

22 жастағы жүкті әйел, жүктілік мерзімі 8-10 апта. Таңертеңгі уақытта жүрек айнуына, құсуына шағымданады. Анамнезінен: Бір жылдай бұрын постстрептококкты гломерулонефритпен ауырған. Зәр анализінде: эритроциттер -1-2 к/а, лейкоциттер – 2-3 к/а. Қанында: АСЛ-О – әлсіз оң. Жүктілікке қатысты ЕҢ қай болжам сәйкес келуі мүмкін?

A) Физиологиялық жүктілікке қатысты қолайлы

 

Емделуші әйел 21 жаста. 7 жастан бастап ҚД 1 типімен ауырады. Инсулин дәрілік заттарымен емделуі қандағы қант деңгейін бақылаумен. Соңғы жылдары зәрде микроальбуминурия анықталды(МАУ 100-150мг/тәу). МАУ-мен ҚД 1 типі бар науқасқа ААФи тағайындаудың ұзақтығы қанша?

E) Әрқашан МАУ бақылауымен, кейін зәрдегі ақуызға байланысты

 

Науқас 35 жаста. Балалық шағында бүйректің туа біткен ақауына байланысты рецидивтеуші ЗШЖИ ауырған. 6 жасында ота жасалған. Қазіргі таңда АҚҚ 160/100мм сбб. ЖЗА: белок-0,3г/л, лейкоциттер-3-4 к/а, эритроциттер -2-3 к/а. ШФЖ -45мл/мин. Төменде аталған препарат топтарының қайсы науқасқа ЕҢ таңдамалы түрде көрсеткіш болып табылады?

B) ААФ ингибиторлары

Мед.университетінің студенті (қыз) гепатит В-дан жоспарлы түрде вакцинация алды, бірақ 3-інші вакцинациядан кейін HВsAg антиденелер анықталмады. Ол өздігінен тексеруден өтіп өзінде қызылша, қызамық, сіреспе анатоксиніне, дифтерия анатоксиніне (барлық егулер мерзіміне сай жасалған) сонымен қатар ҚҰВ, ЦМВ және ЭБ вирусына деген антиденелердің жоқ екені анықталды. Балалық шағында – респираторлы және ішек инфекциялары жиі болған. Институтта оқуы басталған соң тағы да жиі ауыра бастады. Иммунограммада: IgG–дің төмендеуі – норманың төменгі шекарасы, лимфоциттер популяциясы – қалыпты. Науқастан қандай патологияны болжауға болады?

A) IgG-дің селективті жеткіліксіздігі

 

1,5 жастағы бала лимфопения фонында пневмоцистті пневмониямен (бак.зерттеу) ауруханаға жатқызылды. Анамнезінде – жиі және ұзақ респираторлы және ішек инфекциялары, ұзақ антибактериалды ем. Физикалық дамуында артта қалуда. Иммунограммада: CD4+ және CD8+ күрт төмендеген, иммуноглобулиндердің барлық класстары төмендеген, В-лимфоциттер қалыпты. Анасын және баласын АИВ–на зерттеу – теріс. Науқаста қандай патология болуы мүмкін?

A) Ауыр комбинирленген иммундытапшылық

 

14 жасар ұл бала айқын себепсіз кезеңді түрде (аптасына 1-2 рет) пайда болатын, 30-40мин ішінде ұлғаятын, сосын 1-2 күн ішінде қайтатын бетіндегі (ерні, көздері, тілі) ісінулерге шағымданады. Дәл осындай симптомдар қарындасында да бар. Тексеру кезінде С4 айқын төмендеген, С3 қалыпты. Қандай диагноз барынша тән?

B) Ангионевротикалық ісіну

 

Он екі елі ішек ойық жарасының жиі қайта асқынуларымен 36 жастағы әйел адам эрадикационды ем курсын алған. 1-1,5 айдан кейін емнің әсерлілігін растау үшін қандай зерттеу әдісін жүргізген БАРЫНША дұрыс?

E) Уреазды тыныстық сынама

 

Әйел 48 жас, эпигастрии аймағындағы және сол қабырға астындағы, беліне берілетін ауру сезіміне, метеоризм, тұрақсыз үлкен дәрет, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, шөлдеуге шағымданады. Жақында қынап кандидозын емдеген. Объективті: арық (пониженного питания), терісі құрғақ, «рубин тамшылары», пальмарлы эритема, эпигастрии аймағындағы және сол қабырға астындағы ауру сезімі.УДЗ: Ұйқы безінің ұлғаюы, эхотығыздығының біртекті емес күшейюі. Науқасқа төменде келтірілген қандай лабораторлық тестерді жүргізу керек?

C) Гликемия профилін анықтау

 

44 жасар әйел адам, дәрігер акушер-гинеколог 20 жылдық жұмыс өтілімен, тексерілуде гепатит маркерлеріне ИФА-да анықталды: HBsAg – әлсіз оң, anti HBs – теріс, anti HBc IgM – теріс, antiHBc IgG – оң, HBeAg – теріс, anti HBe – оң. Anti HCV – оң. Соңғы уақытта әлсіздікке, кезеңді түрде пайда болатын буындардағы ауыру сезіміне, кейде балтырында пайда болатын бөртпеге (эритематозды, кеткеннен кейін орнында қалатын гиперпигментация ошақтарымен) шағымданады. Биохимия: билирубин – 8,6 мкмоль/л, АЛТ –0,49 ммоль/л, АСТ – 0,24 ммоль/л. Төмендегі нәтижелердің қайсысы ең дұрыс?

A) Созылмалы гепатит В C

 

Ер адам 48 жаста, ИМТ – 35. Тексеру кезінде бауыр ұлғаюы, майлы гепатоз белгілері (УДЗ), өт шығару жолдарының дискенизиясы анықталды. HBsAg теріс, анти-HCV суммарлы – теріс. Биохимия: глюкоза – 8.1 ммоль/л, АЛТ – 1,74 ммоль/л. АСТ – 1,25 ммоль/л. Билирубин – 35,25 мкмоль/л, тура – 5,95 мкмоль/л, тура емес – 29,3 мкмоль/л, ГГТП – 112 ед/л, ЩФ – 185,5 ед/л, амилаза – 120 ед/л. Жалпы белок – 58 г/л. HbA1c – 7,5%. Цитолиз синдромы себебі көбіне болуы мүмкін?

A) Стеатогепатит

 

62 жасар науқас 4 апта бойы созылмалы вирусты гепатит С, В бойынша пег-интерферон және рибавиринмен стандартты вирусқа қарсы терапия қабылдайды. Ем барысында гемоглабиннің келесі өзгерісі байқалады (г/л): 132-124-108-102. Вирусты жүктеме деңгейі: емге дейін – 3,8х105 көшірме/мл, 4 аптада – 7,2х102 көшірме/мл. Ары қарай қандай тактика дұрыс?

D) Гемоглобин деңгейі төмендеуде – рибавиринді тоқтату

 

33 жасар ер адамда тексерілуде анықталды: HCV IgM – оң; anti HCV total – ш/оң, HBsAg – теріс, anti HBs – оң, antiHBc IgM – теріс, antiHBc IgG – теріс, HBeAg – теріс, anti HBe – теріс. Биохимия: АЛТ – 1,44 ммоль/л. АСТ – 3,25 ммоль/л. Билирубин – 25,25 мкмоль/л, тура – 10,95 мкмоль/л, тура емес – 14,35 мкмоль/л. ПТР HCV РНК 3 генотип, 4 800 000 көшірме/мл. Бауыр эластографиясы – F1 Metavir бойынша. Берілген жағдайда вирусқа қарсы терапияның ұзақтығы?

A) 24 апта

 

Айқын асциті және гепатоспленомегалиясы бар науқасқа бауыр биопсиясын жасауға бола ма, АЛТ – 56 МЕ\мл, АСТ – 46 МЕ\мл, Билирубин – 59 мкмоль/л, ПТИ – 85%, альбумин – 34 г/л. ЖҚА: Л- 8,8 х109/л, т\я – 8%, с\я – 56%, Лф-30%, ЭТЖ – 22 мм/сағ?

D) Жоқ, бактериальды перитонит дамуы мүмкін

 

Науқас И., 26ж. дәрігерге мына шағымдармен келді: құрғақ жөтелге, қалтырауға, оң жақ кеуде тұсының тыныс алғанда күшейе түсетін ауыру сезімі. Анамнезінде: 1 ай алдын гриппен ауырып, ем қабылдамаған. ЖСС 110 рет /мин. АҚ 90/60. Кеуде торының рентгенографиясы: оң жақ өкпенің 4 қабырға аралығыны дейін гомегенді қараю. Науқасқа плевралды пункция жасалғанда көп мөлшерде лейкоциттер (15*109 ), нейтрофилдер 90%, глюкоза мөлшері азайған. Сіздің болжам диагнозыңыз?

D) Плевра эмпиемасы

 

30 жасар әйел адам қол басы буындарындағы құрысу мен ауру сезіміне, тез шаршағыштыққа, дене қызуының 37,8°С дейн көтерілуіне, дене салмағының 2кг төмендеуіне, кеудесінің оң жақ аймағының ауруына шағымданады. Бетінде макулезді бөртпе, алопеция мен аузында афта анықталды. Қолбасы рентгенінде: буынмаңы остеопороз, жұмсақ тіндердің ісінуі. Кеуду Р-графиясында: оң жағында аздаған сұйықтық бар. ЖҚА: нормохромды анемия, лимфопения, ЭТЖ – 28 мм/сағ. ЖЗА: белок – 0,88 г/л, эритроциттер – 4-5 көру аймағында. СРБ +, РФ –теріс, АНА – оң. Комплемент жүйесінің қайсысы оң болуф мүмкін осы жағдайда?

D) С3 пен С4 төмендеуі

 

Ревматоидты артритпен ауыратын науқастың тізе буындарына операция жасалған. Аталған науқасқа операция жасалғаннан кейін 6 ай мерзімі болғанда төменде көрсетілген тексерулердің қайсысы жүргізілуі керек?

B) В және С гепатиттерінің маркерлеріне ИФА

 

Әйел 35 жаста,бір сағат көлеміндегі құрысуға, білезік буындарында, білезік-фалангалық және проксималды фалангаралық майда буындарында қысқан кездегі ауру сезіміне, дене қызуының 37,5° дейін кешке қарай жоғарылауына шағымданып келді. Барлық шағымдары баяу, белгісіз себептен алты апта бұрын басталды. ЖҚА: Эр – 3,4, Нб – 115 г/л, Л- 9,9 *109/л, Нф – 82%, Лф – 15%, ЭТЖ 25 мм/ сағ. Осы ауру кезінде қандай иммунологиялық көрсеткіш 95% арнайылылық танытады?

B)Антицитруллинді антиденелер

 

Созылыңқы ағымдағы отиті бар, субфибрилитетпен 35 жастағы науқаста протеинурия 0,33 г/л, микрогематурия анықталды. ЖҚА өзгеріссіз. Диагнозды анықтау үшін қандай қосымша зерттеу әдісін жүргізу қажет?

A) АНЦА титрі

 

40 жастағы ер адам. Анасаркаға дейін массивті ісінулер анықталады, АҚҚ 100/60 мм.с.б. Анализдерінде: қан сарысуындағы креатинин 70 мкмоль/л, жалпы белок 35 г/л, холестерин 11,3 ммоль/л. ЖЗА: протеинурия 4 г/тәу, эр. 2 к/а. Аталған болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ мүмкін болып табылады?

C) Нефротикалық синдром

 

Науқас К., 36 жас, денесінде петехиальды-дақты бөртпе пайда болды қызыл иекті, мұрыннан қан кету мазалайды. Көкбауыр шеті пальпацияланады. Қанда - Эр. 4,0 х 1012/л; лейкоциттер 4,5 х 109/л, лейкоформула – өзгермеген, тромбоциттер 12 х 109/л, қан кету уақыты ұзарған. Науқасттың сүйек кемігінде қандай өзгерістер болуы барынша тән?

E) Мегакариоцитарлы өсінділерінің тітіркенуі

 

Ер адам 37 жаста стационарға мұрыннан қан кетуге, әлсіздікке шағымданып келді. Қарап тексергенде тері жабындылары және көрінетін шырышты қабаттары әлсіз бозарған, аяқтарында және денесінде әртүрлі көлемде көгерулер бар. Қан анализінде: Эритроцит – 3,8*10/12/л; Нв-123 г/л; тромбоцит 63*10/л, Лейкоцит – 5,2*10/9/л, Нейтрофил: с/я –44 %, т/я – 3%, Моноцит – 4%, Лимфоцит – 49%, ЭТЖ –12 мм/сағ. Науқасқа тағы қандай зерттеу жүргізу керек?

A) Жұлынға пункция жасау

 

Әйел 34 жаста жалпы әлсіздікпен, тамағының ауруына, қызыл иектің қанауымен қаралған. Тері қабаты бозарған, көптеген бөртпелер мен экхимоздар бар. Бадамшаларында - некроздық жабындылар бар.Жақ асты лимфа бездері мен көк бауыры пальпацияланады. Қанда: Эритроциттер – 2,3 млн. Hb- 73 г/л, лейкоциттер – 24 мың, бластты жасушалар – 98 %; сегмент таяқшалар – 2 %, тромбоциттер – 35 мың, ЭТЖ – 53 мм/сағ. Цитохимияда: миелопероксидаза реакциясы – оң. Иммунофенотиптеу: CD 11.CD 13.CD 14.CD15. Аталған диагноздардың кайсысы нақтырақ?

A) Созылмалы миелолейкоз

 

52-жасар ер адам эндокринологқа кезекті диспансерлік тексерілуге келді. Шағымдары жоқ. 5 жыл бұрын қант диабеті анықталған. Көмірсу алмасуын коррекциялау мақсатында диетотерапия и фитотерапия қабылдайды. Объективті статусы: дене температурасы 36,70С, АҚ 140/85 мм рт.ст., ЖСЖ 72 рет\мин, ТЖ 18 рет\мин. Гликемия ашқарынға 5,9 ммоль/л аспайды; зәрде - аглюкозурия.

Төменде берілген әдістердің қайсысы қант диабетінің компенсация дәрежесін анықтайды?

A) Гликозилирленген гемоглобин анықтау

 

35 жастағы әйел адамда стресстен кейін жүрек аймағында ауыру сезімі, ашуланшақтық, әлсіздік, денедегі діріл пайда болды. Қарап тексергенде: тәбетінің төмендеуі, гипергидроз, пальпациялағанда қалқанша безінің бірінші дәрежеге дейін ұлғаюы анықталады. Жүрек тондары айқын, ЖСЖ -120 рет/мин. АҚ - 150/70 мм с.б.

Диагнозды нақтылуға қандай зерттеу әдісі БАРЫНША ақпаратты?

E) Т3 және Т4, ТТГ бос фракцияларын анықтау

 

Әйел 22 жаста ауруханаға вирусты гепатит күмәнданып түсті, ол маркерлік диагностика нәтижелері арқылы жоққа шығарылды. Адекватсыз әс-әрекеттер, тремор анықталады. Биохимия: АЛТ – 2,2 ммоль/л. УДЗ: бауыр паренхимасының тығыздалуы. Анамнезінде 6 ай бойы оральды контрацептивтер қабылдаған. Көзін қарау кезінде анықталды (фото). Сарысу церулоплазмин деңгейі анықталды – 0,17 г/л (норма 0,16–0,45 г/л). Диагностиканың келесі кезеңінде қандай зерртеу жүргізу керек?

D) Мыстың зәрмен тәуліктіік бөлінуін анықтау

 

65 жастағы ер адам бас айналуға, әлсіздікке шағымданады; кейде қысқа уақытты синкопемен пульстің 35 рет мин дейін баяулауын анықтаған. ЭКГ: AV-блокада II дәрежесі Мобитц II. Тұрақты электрокардиостимулятор имплантацияланған, варфарин тағайындалды. Жүргізіліп жатқан терапияны қадағалау үшін көрсетілген көрсеткіштердің қайсысы БАРЫНША ақпартты болып табылады?

D) β-нафтолды тест

 

Аяқтарының варикозды ауруы бар 56 жастағы әйелде ентігу, төс артындағы ауру сезімі, қан қосындылары бар жөтел пайда болды. ЭКГ-да: ЖЭО оңға ығысуы, QIII S1.. Қарағанда: аяқтарының варикозды тамырларының кеңеюі. Өкпеде: оң жақта ылғалды сырылдар, перкуторлы дыбыстың қысқаруы. Бірінші кезекте қандай көрсеткішті анықтау барынша тиімді:

E) Д- димер

 

32 жастағы ер адамда тізе және жамбас буынының артриті, табан-фалангалық буындардың артриті, оң қолдың 2-4 саусақтарының және сол қолдың 3-4 саусақтарының проксималды және дистальды фаланга аралық буындарының артриті; жамбас бұлшықеттерінде ауыспалы ауру сезімі. Қарап тексеру кезінде баланопостит, жайылған лимфаденопатия, алақанында бірнеше пустулалар, табандарының гиперкератозы, ахил сіңірінің ауру сезімі. Анамнезінде: соңғы бір жылда 15кг дене массасын жоғалтқан, 6 ай бұрын бір ай бойы түсініксіз диарея болған. Науқасқа қандай тексеру жүргізу керек?


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 194 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.025 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>