Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

28 апталық жүктілігі бар 27 жастағы әйел гриппке қарсы вакцинация алмаған.Жүктіліктің 20-22 аптасында ЖРВИ өткерген, жоғарғы 1 страница



28 апталық жүктілігі бар 27 жастағы әйел гриппке қарсы вакцинация алмаған.Жүктіліктің 20-22 аптасында ЖРВИ өткерген, жоғарғы температура, ринорея, құрғақ жөтел, әлсіздік, бас және бұлшықеттегі ауру сезімі мазалаған.Кезекті қабылдауда: АҚҚ 120/80 мм с.б, ісік жоқ. ЖҚА ерекшеліксіз, зәр анализінде лейкоцит 5-6 к/а, оксалаттар бар. Жеке картасында ифекция бойынша зерттеулердің нәтижесі - теріс. УДЗ-ді соңғы бақылау: нәрестенің құрсақ ішілік дамудың кідіруі гестация уақытынан 4 аптаға кем екені байқалды. Жүктіліктің патологиялық жағдай алуына ЕҢ басты себеп болып табылады?

E) Жедел респираторлы вирусты инфекция

 

53 жастағы әйел инсулин тәуелді қант диабетімен ауырады, қиын бөлінетін тұтқыр желе тәрізді созылыңқы күйген еттің исіндей қақырықты жөтелге, қалтырауға, кеуде қуысындағы ауыру сезіміне шағымданады. Өкпе аускультациясында аздаған сырылдар. Рентгенограммада оң өкпенің жоғарғы бөлігінде өкпе тінінің деструкциялы ошақтарымен гомогенді массивті инфильтрация. Қан анализінде: лейкоциттер - 4,4 х 10/9/л, ЭТЖ-35 мм/сағ.

Қандай қоздырғыш БАРЫНША болуы мүмкін?

B) Клебсиелла

 

Автокөлік жүргізушісі бас-ми жарақатынан кейін 2 күн интенсивті терапия бөлімшесінде жасанды өкпе вентиляциясында болып шыққан. Төртінші күні науқастың дене қызуы 38,5°С дейін көтерілді, жағымсыз иіспен көкшіл түсті қақырықпен жөтел, кеуде қуысында ауыру сезім пайда болды, интоксикация үдей бастады. ТАЖ 30 рет минутына. Қан анализінде: лейкоциттер 18,0 мың, нейтрофилдердің токсикалық дәнденуі, ЭТЖ-35 мм/сағ. АҚҚ 90/60 мм с.б.б., ЖСЖ 120 рет минутына. Науқасты емдеудегі бірінші қатардағы препараттарға жатады?

E) Цефалоспориндер ІІІ ұрпағы + аминогликозидтер

 

Ер кісі 59 жаста, 4 апта бойы ауырады, соңғы аптада жағдайының тез нашарлауы байқалды, қызба 40°С-қа дейін, 100 мл тәулігіне іріңді қақырықпен жөтел, тыныштықтағы анық ентігу. Рентгенограммада: сол жақ өкпенің ортаңғы бөлігінде үлкен интенсивті инфильтрация және өкпе тінінің ошақты деструкциясы анықталды. Төменде айтылған асқынуларының ішінде қайсысы науқаста дамыған?



D) Сол өкпенің гангренасы

 

Ер кісі 53 жаста, жоғарғы бөліктік пневмониямен ауруханаға жатқызылған. Қақырықта алтын стафилакокк анықталды, 2 аптадан кейін науқасту жоғары қызба устінде қақырық жағымсыз иіспен 100 мл жөтелгенде шығады. Рентгенологияда: оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің барлығын алып жатқан деструктивті өзгеріс анықталды. Оң өкпенің зақымданған бөлігіне резекция жасады. Төменде көрсетілген дәрілік заттардың қайсысын операциядан кейінгі периодта тағайындауға болады?

E) Левофлоксацин

 

Қант диабетімен ауыратын 49 жастағы ер адам реанимацияда екі жақты пневмониямен жатыр. Қақырғынан алтын стафилококк анықталды. Екі антибиотикпен антибактериалды терапия бастылды. Дәлелді медицина бойынша бұл жағдайда иммунотерапияның қай тәсілі БАРЫНША эффективті?

E) Рекомбинантты интерлейкин-2

52 жастағы ер адам аздаған күштемеде пайда болатын экспираторлы ентігуге, қиын бөлінетін қақырықты жөтелге шағымданып қаралды. 25 жыл темекі тартқан. Об-ті:терісі құрғақ көкшіл-сұр түсті, тырнақтары «сағат әйнегі» тәрізді,кеуде қуысы «бөшкетәрізді». Өкпеде перкуссияда «қорап дыбысы», аускультацияда – әлсіреген тыныс,тыныс шығаруы қысқарған. Қандай диагноз БАРЫНША мүмкін?

D) ӨСОА, эмфизематозды типі

 

65 жастағы шылымқұмар науқастың шағымдары: аралас түрдегі ентігу, қиын бөлінетін қақырықпен жөтел ұстамалары, жүрек тұсындағы басып тұрғандай ауру сезім, ол ешқайда берілмейді, оттегі ингаляциясынан кейін ауру сезім басылады. Объективті: оң жақ жүрек шекарасы кеңейген, өкпе артериясы үстінде II тонның акценті.АҚҚ 150/90 мм сын. бағ. Жүрек соғу жиілігі 84 мин, ырғақты. Көрсетілген препараттардың қай тобы артериалды гипертензияны емдеу үшін БАРЫНША тиімді?

E) Кальций каналдардың антагонистері

53 жастағы үй шаруасындағы әйел 5-6 жыл ішінде біртіндеп үдейтін ентігуге, жүректің қағуына, құрғақ жөтелге, дене қызуының көтеріліуне, салмақтың жоғалтуына шағымданады Сонымен қатар, тынысты терең алғанда кеудесінде ауыру сезім пайда болады.Пневмония және созылмалы бронхит диагноздармен бір неше рет ем қабылдаған, бірақ нәтижесі болмаған. Рентгенограммасында өкпе сүреті күшейген, деформацияланған, интерстициальды фиброз анықталады. Төмендегі сүретте өкпенің субплевральды аймақтардың гистологиялық өзгерістер көрсетілген.

Бұл гистологиялық сурет қандай ауруға БАРЫНША сәйкес келеді?:

E) Идиопатиялық фиброздаушы альвеолитке

 

Науқас ылғалды жөтелге, соңғы 3 айда үдеген ентігу мен бірге субфебрилді температураға шағымданып келген 52 жастағы ер адамда өкпенің төменгі бөлігінде «целлофан сықыры» тәрізді крепитация анықталды. Спирография: ӨТС–55%, ФТШК1-60%, Тиффно индексі (ФТШК1/ӨТС) –110%, ӨМВ (МВЛ) -35%. Өкпе рентгенограммасында – фиброзды компонентіне байланысты өкпелік суреттің күшеюі. Төменде көрсетілген белгілердің қайсысын компьютерлік томографияда анықтау БАРЫНША мүмкін?

D) «Шыны тәрізді дене» және ара ұясы тәрізді өкпе симптомдары

 

Қантты диабетпен ауыратын 50 жасар науқаста пневмонияны емдеу кезінде шырышты-іріңді қақырықты жөтелге, қалтырау мен дене қызуының жоғарылауына шағымдар қайта пайда болды. Аускультативті: аз мөлшерде тұрақты емес құрғақ және ылғалды сырылдар. R – грамма: өкпе түбірі аймақтарында өкпе суреті күшейген және миграцияланатын ошақты инфильтрация. Қақырықты зерттеуде Сandida анықталды. Науқасқа аталғандардың қайсысын тағайындаған дұрыс?

D) Флюконазол

 

Науқас 47 жаста, шифр заводта ұзақ уақыт жұмыс жасаған, жөтел аз мөлшерде қақырықпен, дем алғанда күшейетін, кеудеде ауру сезім. Қарап тексергенде қолында тығыздығы қалың сүйелдер бар. Өкпеде тыныс алуы қатаң, сырыл жоқ ТАЖ-24 минутына. Қақырықта ашық сары «денешектер» түзіліс анықталды, формасы ұзарған (15-20 мкм), соңғы жақтары гантель тәрізді ұлғайған.

Бұл «денешектер» қандай ауруны нақтылайды?

A) Асбестозды

62 ж ер кісі кілегейлі-іріңді қақырықты жөтелге, аз мөлшердегі ентікпеге шағымданады.Об-ті: терісі бозғылт,мұрын-ауыз үшбұрышының акрацианозы, тырнақтары «сағат әйнегі»тәрізді,тыныс алғанда кеуде клеткасы аз қозғалмалы; әлсіреген везикулярлы тыныс, тыныс шығаруы қысқарған, шашыранды құрғақ сырылдар. Жүрек түрткісі пальпацияланады,семсер тәрізді өсіндіде систолалық шум,тобықтың ісінуі. Эхокардиографиялық зерттеу кезінде төменде берілген өзгеріс ішінде ең дұрысы?

D) Оң қарыншаның гипертрофиясы мен дилатациясы

 

Антимикробты терапия қабылдағанына қарамастан науқаста 2 апта бойы қалтырау, дене қызуының жоғарылауы, кеуде қуысындағы ауыру сезімі сақталған. Көп мөлшерлі іріңді қақырық түскеннен кейін жағдайы біршама жақсарды. Қарап тексергенде: оң жақ жауырын астында перкуторлы дыбыстың қысқаруы анықталады, амфорикалық тыныс және ірі көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Науқаста қандай рентгенологиялық көрініс болуы мүмкін?

E) Сұйықтық деңгейімен сақина тәрізді көлеңке

 

25 жастағы әйел 2 апта бұрын мезгіліне жеткен нәрестені дүниеге әкелді. Күйеуінің жұмыс орнында гриппке қарсы вакцинация жүріп жатыр. Жұбайына вакцинацияны алған дұрыс па?

B) Я, ол қауіп тобында, вакцинация нәрестені жанама түрде грипптен қорғайды, өйткені әзірше нәрестеге вакцина салуға болмайды

 

54 жастағы ер адам инсулин тәуелді қант диабетімен ауырады, қиын бөлінетін тұтқыр желе тәрізді қақырықпен жөтелге шағымданады. Объективті: айқын интоксикация, ентігу, өкпесінде аздаған сырылдар. Рентгенограммада: сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде өкпе тінінің деструкциялы ошақтарымен гомогенді массивті инфильтрация. Қан анализінде: лейкоциттер 5,4 мың, ЭТЖ-35 мм/сағ. Осы науқастың емдеу жоспарында қандай перарат БАРЫНША тиімді?

A) Имипенем

 

33 жастағы ер адамды қалтырау, қатты тершеңдік, оң кеуде қуысында ауыру сезім, қоңыр түсті желе тәрізді сасық иісті қақырықпен жөтел, тыныштықтағы ентігу, айқын әлсіздік мазалайды. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр, арықтаған, қол-аяқтарында веналар бойында көптеген инъекциялар орны. Оң жақ бұғана астында өкпе дыбысының тұйықталуы, орташа және ірі көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. АҚҚ 80/60 мм с.б.б. ЖСЖ- 122 рет минутына.

Емдеу бағдарламасына қосымша қай препаратты қосқан БАРЫНША тиімді?

A) Цефепим

 

Ер кісі 29 жаста, суықтанғаннан кейін 4-ші күні қалтырау, қызбаның 39,4°С-қа дейін көтерілуі, кеуденің оң жақ жартысында ауырлық сезім мен ентігу дамыды. Қарау кезінде: оң жақ өкпе дем алғанда сол жақтан қалынқы. Перкуссияда оң жақ өкпенің III-ші қабырғадан төмен перкуторлы дыбыстың тұйықталуы тынық дыбысқа ауысады. Тыңдағанда бұл аймақта тыныс естілмейді. Бактериалогиялық зерттеудің нәтижесі дайын болғанға дейін бұл науқасқа қандай комбинирленген дәрілік затты тағайындауға болады?

C) Цефтриаксон және клиндамицин

 

Ер кісі 46 жаста, әлсіздік, субфебрилитет, оң жақ өкпенің жартысында сырқырап ауырытын ауру сезім, жөтел және көп мөлшерде сасық іріңді қақырыққа шағымданады. ТАЖ- 26 мин. Аускультацияда: оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде амфорикалық тыныс естіледі. Рентгенограммада: оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде қуыс анықталды. Осы жағдайға байланысты сіздің тактикаңыз?

E) Қуыс ішіне моксифлоксацинді енгізу

 

Автомобильді авариядан зардап шеккен 32 жастағы ер адамға өмірдің көрсеткіштер бойынша спленэктомия жасалған. Шеберханада автослесарь болып жұмыс жасайды, соңғы жыл ішінде екі рет пневмониямен ауырған. Инфекциялық асқынулардың даму қаупін төмендету үшін бұл науқасқа қандай ем шаралары жүргізілуі тиіс?

B) Поливалентті пневмококкты вакцинамен вакцинация

 

Ер адам 64 жаста шағымдары шырышты-іріңді қақырықпен жөтел,дене қызуының жоғарылауы.Анамнезінде- жиі ЖРА.ОБ-ті:гиперстеникалық,терісі бозғылт,мұрын-ерін үшбұрышының цианозы, тырнақтары «сағат әйнегі» тәрізді өзгерген,аяқтарында ісіну. Аускультативті –қатаң тыныс,тыныс шығаруы қысқарған,жайылған құрғақ сырыл.ӨТС аздап төмендеген. Кандай диагноз БАРЫНША мүмкін?

D) ӨСОА, бронхиттік түрі типі

 

Ұзақ уақыт ӨСОА-мен ауыратын 57 жасар ер адамда ауруханаға жатқаннан кейін үшінші күні тахикардия, қарыншалық және қарынша үстілік экстрасистолия дамыды, бас ауруы жиіледі, ұйқысыздық, жүрек айну,қыжыл қосылды. Бұл жағымсыз әсерлерді көрсетілген қай препарат тудыруы мүмкін?:

A) Эуфиллин

 

52 жастағы ер адам тыныштықтағы ентігуге, ұстамалы құрғақ жөтелге, жүрек қағуға, әлсіздікке, тәбеттің төмендеуіне шағымданады. 4 ай бұрын рентгенологиялық зерттеуде пневмония ретінде қарастырылған екі жақты өзгерістер анықталған. Антибактериалды терапия жүргізу барысында науқастың жағдайы нашарлады – дене температурасы жоғарылады, ентігу көбейді, 6кг дене салмағын жоғалтты. Объективті: жағдайы ауыр, ентігу, акроцианоз. ТАЖ-28рет/мин, әлсізденген тыныс және дөрекі крепитация («целлофан сықыры») анықталды. Қанында: лейкоциттер – 12 мың., ЭТЖ - 42 мм/сағ. Төменде аталған препараттың қайсысын тағайындаған ЕҢ тиімді?

D) Преднизолонды

 

38 жастығы әйел қызбаға, айқын әлсіздікке, басы және буындарының ауырғанына, миалгияға, төс артындағы ауыруы сезіміне, сандар терісінде диаметрі 2-3 см қызғылт ауру сезімді түйіндердің пайда болғанына шағымданады. Рентгенограммасында паратрахеальды лимфа түйінднрдің екіжақтық симметриялы массивті ұлғаюі. Қан анализінде эозинофилия, моноцитоз, ЭТЖ, альфа және гамма-глобулиндердің жоғарлауы. Науқаста қандай ауру дамыды?

E) Жедел саркоидоз (Лефгрен синдромы)

 

26 жасар ер кісіні түйіршік тәрізді қақырықпен ұстамалы жөтел, тұншығу, қан қақыру мазалауды. Спелеологиялық экспедициядан кейін ауырды. Қан анализінде:лейк - 12 мың., эозинофилов -15%, ЭТЖ - 70 мм/сағ. Қақырықта: дөңгелек, дөңгешікті және пигменттелген плесневые саңырауқұлақ денешіктері (Asp. Fumigatus) анықталды. Рентгенограммада: көптеген ұсақ ошақты инфильтраттар, жекелеген ірі айқын шекарасыз тығыз инфильтративті қараюлар. Ем жоспарына аталған препараттардың қайсысын қосқан барынша дұрыс?

D) Вориканозол

 

Профилактикалық тексеру кезінде кремний зауытының жұмысшысының кеуде рентгенограммасында өзгерістер анықталды. Шағымдары: аздаған жөтел, ентігу.

Табылған өзгерістердің БАРЫНША ықтимал морфологиялық субстратын атаңыз?

D) Ішінде шаң бөлінділері бар түйін және айналасында фиброзды шеңбер

 

54 ж ер кісі ентікпеге, аз мөлшердегі ұстама тәрізді қақырықты жөтелге шағымданады. Объективті: терісі құрғақ, бозғылт көкшіл,қолдары жылы, тырнақтары «сағат әйнегі»тәрізді,кеуде клеткасы бочка тәрізді. Визуальды эпигастральды пульсация анықталады, жүрек түрткісі пальпацияланады. Аускультативті: Боткина-Эрба және семсер тәрізді өсіндіде I тонның әлсіреуі. ЭКГ-де төменде берілген өзгерістердің қайсысы ең дұрысы?

C) Оң жақ қарыншаның гипертрофиясы

 

Тотальды пневмониямен 63 жастағы ер кісі өте ауыр жағдайда түсті. Сұрақтарға жауапты қиын аласын, тежелген. Бетінің диффузды цианозы. Тыныс алу актісіне мұрын қанаты, қабырға аралық бұлшықеттің қатысуы. ТЖ- 45 в мин. Өкпеде екі жақтан барлық аймағында ылғалды сырылдар естіледі. АҚҚ- 80/40 мм рт.ст. РаО2 - 45 мм рт.ст. рН – 7,5. Бұл жағдайда төменде берілгендердің ішінде ең дұрысы?

B) Жасанды тыныс желдендіруге ауыстыру

 

2 жасар бала жедел ауырып калды, вирусты инфекция болуы мүмкін: ринорея, құрғақ жөтел, дене температурасының 38,5°С дейін жоғарылауы, әлсіздік. Ауыруының 3- күні тыныс алуының қиындауы, құрғақ ысқырықты сырылдар, ұстама тәрізді жөтел пайда болды. Тұншығу ұстамасы сальбутамолмен басылды. Жазылғаннан кейін тұншығу ұстамасы қайталанған жоқ. Балада обструктивті синдром дамуының негізгі себебі не?

D) ЖРВИ асқынуы ретінде бронхиолит дамуы

 

Қыз бала 16 жаста, қиын бөлінетін қақырықты жөтел мен ысқырықты тынысты тұншығу ұстамаларынан зардап шегеді. Өршу кезеңдерін менструациямен байланыстыралы, циклдың басқа күндері бұл белгілер азырақ және жеңіл. Арнайы аллергодиагностикда үй кенелеріне, зең саңырауқұлақтарына, тауық мамығына сенсибилизация анықталды. Флюнисолид пен сальметерол тағайындалды. Менструация кезінде ұстамаларды алдын алудың қандай тактикасы ең дұрысы?

B) Менструация алдында флюнисолид дозасын жоғарылату

 

Науқас 28 жаста беклометазон дипропионат 400 мкг/тәул мөлшерінде теотардпен бірге 1 капсуладан күніне 2 рет қабылдайды. Соңғы 4 аптада жануар жүнімен қатынастан кейін сальбутамолда қажеттілік 3 рет, түнгі ұстамалар болған жоқ. ПФМ – қалыптыдан 85-95% мөлшерінде. Ары қарай қандай емдеу тактикасы дұрыс?

B) Теотард мөлшерін түнде 1 капсулаға дейін азайту

 

46 жасар ер адамда лидокаин инъекциясынан кейін сол қолға берілетін жүрек аймағында ауыру сезімі, кенет әлсіздік, бас айналу дамыды. Тері жабындылары боз, ылғалды, науқас бетінде қорқыныш. Пульсі жіп тәрізді (нитевидный), түзу емес, жүрек үндері тұйықталған, ырғағы дұрыс емес, өкпесінде – бәсеңдеген тыныс фонында көптеген құрғақ сырылдар. Науқаста қандай патологияға күдіктенуге болады?

D) Анафилактикалық шоктың кардиалды түрі

 

Терапия бөліміне «Ауруханадан тыс пневмония» диагнозымен науқас госпитализацияланды, цефуроксим және бромгексин тағайындалды. Екінші күні науқаста әлсіздік және қалтырау күшейді, кешкісін кеудесінде және арқасында күңгірт-қызыл дақ түрінде қышитын көпіршік және папула түрінде бөртпелер пайда болды, тері бетінен көтеріліп тұрады. Өкпесінде – ілсіреген тыныс, майда көпіршікті ылғалды сырылдар естілетін фокус ұлғайған. Температура – 38,4 С. Қанда: Эр-2,9х1012/л, Гем – 110 г/л, Л- 3,2х109/л, нейтрофил – 45%, ЭТЖ – 27 мм/сағ.

Қандай тактика ең дұрыс болады?

C) Цефуроксимді тоқтату,метилпреднизолон 500 мг к/т енгізу

 

22 жастағы ер адам тері қышуы, бөртпелер, 2 жастан бастап тері құрғауы мазалайды. Ауру жыл бойы сипатқа ие, асқыну қыс мезгілінде. Маусымдық ринит және тұншығу ұстамасы мазалайды (шаңға). Терінің өзгеруі (фото) тері беткейінің 50% қамтиды. Базисті терапия ретінде қандай препаратты тағайындаған дұрыс?

B) Мометазон фуроат

 

Үрдіс бастың шаш бөлігінде, мойынның артқы беткейінде орналасқан атопиялық дерматиті бар науқаста теріні бактериалды зерттеу кезінде Malassezia саңырауқұлағы табылды. Тридерм (бетаметазон, гентамицин, клотримазол) тағайындалды, бірақ тиімділігі аз болды.

Қай препаратты пероральды тағайындау қажет?

D) Тербинафин

 

38 жастағы науқас, 4-ші жүктілік 22 аптасында. Вирусты инфекциядан кейін миокардитпен асқынған ауруханадан тыс пневмония дамыды, температура 37,2 С. Қанда: Л - 4,2х109/л, СОЭ – 42 мм/сағ. Массивті антибактериальды терапия басталды. Өмірлік көрсеткіштерге байланысты иммунотерапия қолдану қажет. Аталған жағдайда иммунотерапияның қай әдісі көрсетілген?

A) Рекомбинантты гранулоцитарлы-макрофагальды фактор

 

56 жасар ер адам ДМИ 32, тыныс алудың қиындауына, түнгі уақытта ысқырықты тыныстың болуына (түнгі 2-3 сағатта), кеуде артындағы қыжылға, ащы және қышқылмен кекіруге шағымданады. Бұл белгілер әр кезде кешкі астан кейін пайда болады. Спирография Тиффно индексінің төмендеуі мен бронхолитикпен оң сынаманы анықтады. Бронх тарылуын жою үшін науқасқа қандай препарат тағайындаған ең дұрыс?

A) Ипратропия бромиді

 

Ер адам 42 жаста, шаң, өткір иістер, температура өзгерістері, физикалық жүктемемен шақырылатын ауыр тұншығу ұстамаларынан зардап шегеді. Сальбутамолда қажеттілік – 5-6 рет тәулігіне. Бірнеше жылдар бойына мұрын бітуі мазалайды, ЛОР қарауда полиптер анықталған. 2 ай бұрын арқа ауруынан тағайындалған қандай да бір дәріге ауыр реакция (бронх тарылуы мен бөрту) болды. Науқасқа міндетті түрде қандай қандай кеңес берілуі қажет?

B) Аспирин және басқа СҚҚЗ қолдануын болдырмау

 

Науқас 46 жаста ауыр дәрежелі бронх демікпесімен ауырады, флутиказон 400 мкг/тәул мөлшерінде сальметеролмен қабылдайды. ЖРВИ-мен ауыратын адаммен қатынастан кейін әлсіздік, дене қызуы 38,5°С, құрғақ жөтел, жөтел кезінде кеуде артындағы ауыру сезімі пайда болды. Ары қарай қандай емдеу тактикасы ең дұрыс?

D) Флутиказон мөлшерін көбейту

 

55 жастағы ер адамда актовегин ерітіндісін көк тамырға енгізуден кейін (бұл препараттың 6 инъекциясы болған) ысу сезімі, тері беткейінің гиперемиясы, қозу пайда болды. Дененің сол бөлігінің тырысуы басталды. Тері беткейі бозарған, пульс жіп тәрізді, жиі, ырғақсыз. Науқас есін жоғалтты. Өкпесінде таралған құрғақ сырылдар естіледі, жүрек үні тұйықталған. Науқаста қандай патологияны болжауға болады?

E) Анафилактикалық шоктың церебральды түрі

 

26 жастағы ер адам қалтыраудың алдын алу үшін анальгин мен димедролды алған. Келесі күні таңертеңгісін тері беткейінің 30% аймағында папулезды-дақты қосылған бөртпе, афтозды стоматит, хейлит, тамағында ауру сезімі, эпигастрийде ауру сезімі пайда болды. 6 сағат ішінде қанда лейкоцит саны 6,8-ден 2,2х109/л дейін төмендеген.

Лейкоциттердің төмендеуін тоқтату үшін қандай шұғыл шаралар жүргізу керек?

D) Метилпреднизолонмен пульс-терапия бастау

 

27 жастағы әйел орташа ауырлық дәрежелі атопиялық дерматиті бар, көп жылдар бойы мометазон фумоат қоданады. Төменде аталғандардың ішінде қандай препаратты ұзақ уақытты базисті терапияға қосуға болады?

D) Пимекролимус (Элидел)

 

Ер адам 44 жаста бетінің қызаруына және ісінуіне шағымданады. Бір апта бұрын жаңа қырынудан кейін жағатын лосьон қолдана бастаған. Қандай диагноз болуы мүмкін?

 

B) Аллергиялық дерматит

 

36 жастағы әйел асқынуы жылына 6-7 рет болатын қайталамалы герпеспен ауырады, ол кезде ацикловир қолданады. 1 курс циклоферон алған, әсері болмаған – герпестің келесі рецидиві ем курсынан 2 аптадан кейін қайталанады. Дәлелді медицина көзқарасы бойынша қандай емдеу тактикасын жүргізу керек?

E) Иммунограмма және нәтижесі бойынша иммунотерапия әдісін таңдау

Инфекциялық эндокардиттің үлкен Duke-критерийіне қайсысы жатады:

B) Регургитацияның жаңа шуылының пайда болуы

 

52 жастағы ер адам сол қолға берілетін, 150-200 м жүргенде және баспалдақпен 1 этажға көтерілгенде пайда болатын, изокет-спреймен басылатын, төс артындағы күйдіріп ауратын сезімге шағымданады. Об-ті: жүрек тондары тұйықталған, бірен-сараң экстрасистолалар. ЭКГ-да: сол қарыншаның гипертрофиясының белгілері. Стандартты терапия тағайындалған. Бір айдан кейін стенокардияның толық басылуын байқаған. Көрсетілген зерттеу әдістердің қайсысы физикалық күшке толеранттылықтың өсуін анықтауда БАРЫНША ақпаратты:


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 518 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.031 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>