Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

ЖШС Медеу – 01.01.2014 жылы екі қатысушының (Акчаганова А.Е.,Ажикеева Ш) негізінде құрылған.

Нім сипаттамасы | Маркетингтік жоспар | Ндірістік жоспар |


Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) — белгілі бір шаруашылық қызмет жүргізу мақсатында бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде құрылтайшылардың үлесіне (салымдарына) бөлінген заңды тұлға. Қызмет мақсаты пайда алуды көздейді. Қатысушыларының саны жүзден аспауға тиіс. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді, ал серіктестіктің қызметіне байланысты залалдарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде ғана жауап береді. Жарғылық капиталдың мөлшерін Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтайшылары белгілейді. Қазақстан Республикасының “Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы” Заңына сәйкес жарғылық капиталдың бастапқы мөлшері 100 айлық есептік көрсеткіш шамасына бара-бар сомадан кем болмауы керек. Егер Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысында өзгеше жағдай қарастырылмаса, қатысушылардың жалпы жиналысы серіктестік мүлкіне қатысушылардың қосымша жарналар енгізу туралы шешім қабылдай алады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жоғарғы органы оған қатысушыларының жалпы жиналысы болып табылады. Серіктестіктің алқалы ұйымы ретінде басқарма және байқаушы кеңес сайланады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік заң құжаттарында белгіленген реттер мен тәртіп бойынша қатысушылардың жалпы жиналысының шешімімен шаруашылық серіктестіктің бір түрінен екінші түріне, мысалы, акционерлік қоғамдар немесе өндірістік кооперативтер болып қайта құрылуы мүмкін. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік тарату туралы шешім шығару қатысушылардың жалпы жиналысының құзыретіне жатады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегі басқару мәселелері Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, заң актілеріне және оның жарғысына сәйкес іске асырылады.

Медеу ЖШС құру заңды тұлғаңыз орналасқан орын бойынша әділет органы – Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚО) бару арқылы құрылды,яғни Әділет органы статистика басқармасына ЖШС тіркеу туралы хабарлама жібереді. Статистика басқармасы заңды тұлғаға сәйкестендіру және басқа да жүйелік-есептік кодтарды береді және олар туралы Мемлекеттік статистикалық тізілімге енгізеді, статистикалық карточка дайындайды. Статистика басқармасы салық төлеушіні салық органдарына мемлекеттік тіркеу үшін хабарлама береді. Содан кейін салық төлеу куәлігі әділет органына жіберіледі. Сол жерде сіз кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін қажетті құжаттардың барлығын аласыз.

Тіркеу тәртібі мынадай әрекеттердің ретінен тұрады:

1. ХҚО-ға белгіленген үлгідегі өтінішті беріңіз.

2. Жарғыны, құрылтайшылық шартты қазақ және орыс тілдерінде үш данада қоса беріңіз. Егер Сіздің ЖШС-ның құрылтайшысы басқа заңды тұлға болса, онда салық органынан қарыздың жоқ екендігі туралы анықтама беру керек.

4. Мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке төленетін алымның төленгендігін растайтын түбіртек немесе құжатты қоса беріңіз (2 АЕК, егер сіз шағын кәсіпкерлік субъектісі болсаңыз; басқа жағдайларда алым сомасы 6,5 АЕК-ті құрайды);

5. Құрылтайшылық және басқа құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкестігін тексерген, соң тіркеуші орган сізге заңды тұлғаның тіркелгендігі туралы куәлік береді және тіркелген деген мөрі бар Жарғыны қайтарады.

Сонымен қатар, сіз заңды тұлғаның статистикалық картасын және салық төлеуші куәлігін аласыз.

Сонда кейін сіз салық режимін таңдау үшін салық органына баруыңыз қажет. Режимді таңдау қызметті жоспарлау үшін маңызды, жеңілдетілген декларация негізінде қызметі жүзеге асыру кезінде заңды тұлға ретінде филиалдар мен өкілдіктер ашуға құқығыңыз жоқ.

Егер Сіздің жұмысшыларыңыздың шекті орташа тізімді саны тоқсанына елу адамнан, ал шекті кірісіңіз 25 000 000 теңгеден аспайтын болса, сіз жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимін таңдай аласыз. Бұл үшін сіз заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша салық басқармасына салықтық өтініш беруіңіз қажет.

Жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимі мынадай қызмет түрлеріне қолданылмайды: акцизді өнімдер өндіру; акцизді өнімдерді сақтау және көтерме сату; мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін – бензин, дизель отыны және мазут сату; лотореялар (мемлекеттік (ұлттықтан) басқа ұйымдастыру және өткізу; жер қойнауын пайдалану; шыны ыдыстарды жинау және қабылдау; түсті және қара металдардың сынығы мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату; кеңес беру қызметтері; бухгалтерлік есеп және аудит салымындағы қызмет; қаржылық және сақтандыру қызметі және сақтандыру брокері және сақтандыру агентінің делдалдық қызметі.

Арнайы салық режимін мыналар қолдана алмайды:
1) филиалдары мен өкілдіктері бар заңды тұлғалар;
2) заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері;
3) басқа оқшауланған құрылымдық бөлімшелер және (немесе) түрлі елді-мекендердегі салық төлеу объектілері бар салық төлеушілер. Бұл нысан мүлікті жалға беру қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.
4) заңды тұлғаның қатысу үлесі 25 пайыздан асатын заңды тұлға;
5) құрылтайшысы арнайы салық режимін қолданатын басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы болып табылатын заңды тұлға.

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 107 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Біздің негізгі жабдықтаушыларымыз – Цесна,Агропродукты,Кәусар фирмалары| Йымдастыру бөлімі, персонал және оны басқару

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)