Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

СӨЖ орындау жоспары

Алаш зиялыларының шығармашылық қызметі. | КСРО және посткеңестік Ресейдегі еуразияшылдық идеясы. | П.И. Савицкийдің творчестволық және өмір жолы. | Н. Я. Данилевскийдің өмірі мен ғылыми қызметі. | Л. Н. Гумилевтің өмір жолы. | Л. Н. Гумилев еуразияшылдық идеясының дамуына қосқан үлесі. | Аз и Я» еңбегіндегі еуразияшылдық идеясы. | Елбасы еңбектеріндегі еуразияшылдық идеясы. | ШЫҰ, АӨСШК, ҰҚШҰ. | ЕурАзЭҚ қызметінің маңызы. |


Читайте также:
  1. Адам.Қоғам. Құқық пәнінен күнтізбелік-тақырыптық жоспары
  2. Азіргі заманғы Қазақстан тарихынан күнтізбелік-тақырыптық жоспары.
  3. жұмыс оқу жоспарынан көшірме
  4. Жұмысты орындаудың тәртібі және тәжірибелі деректерді өңдеуді өңдеудің әдістемесі
  5. Жұмысты орындаудың тәртібі және тәжірибелі деректерді өңдеудің әдістемесі
  6. Курстық жұмыстарды орындау бойынша материалдар
  7. Музыканы орындау, педагог сөзі-оқытудың әдістері
№ апта Тақырып аттары СӨЖ сағат тары СӨЖ үшін тапсырмалар
  Еуразияшылдық идеясының жағрапиялық және тарихи мәні.     Картотека жасау.
  Еуразия халықтары.     Кесте жасау.
  Еуразиядағы көне өркениеттер.     Баяндама жазу.
  Түркілердің Еуразия тарихындағы өркениетаралық байланыстарды орнықтыруы.     Аннотация жазу.
  Алаш идеологиясы еуразияшылдық идея контексінде.     Реферат-баяндама жазу.
  Еуразияшылдық идеясының қалыптасу кезеңдері.     Кесте, реферат-конспект жасау.
  Еуразияшылдық идеясының негізін салушы ғалымдар- Н.С.Трубецкой мен П.И. Савицкийдің шығармашылық қызметі.     Эссе, аннотация жазу.
  Классикалық еуразияшыл ғалымдар- Г.В. Вернадский және Н.Я. Данилевскийдің еңбектеріндегі еуразияшылдық идеясы.     Аннотация жазу.
  Л.Н. Гумилевтің өмірі және ғылыми мұрасы.     Ғылыми еңбекке талдау жасау.
  Л.Н. Гумилевтің ғылыми-теориялық тұжырымдамалары.     Түсініктер мен терминдер сөздігін жасау.
  О. Сүлейменов еңбектеріндегі еуразияшылдық идеясы.     БАҚ материалдары на талдау жасау.  
  ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еуразияшылдық тұжырымдамасы.     Эссе, аннотация жазу.
  ТМД елдерінің еуразиялық ықпалдасу үдерісі     Баяндама жазу. Кесте құру.  
  Еуразиялық экономикалық қауымдастық (ЕурАзЭҚ): жетістіктері мен болашағы     Эссе жазу.
  Кеден Одағы және Бірыңғай эко­но­ми­калық кеңістік: мәселелері және болашағы     Реферат-конспект жазу.  
  Барлығы: 60 сағ.    

СӨЖ ОРЫНДАУ НЫСАН ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Баяндама

Баяндама белгілі бір тақырып бойынша көпшлікі алдында, яғни тыңдаушылар алдында жасалынған толықжазылған ауызша хабарлама болып табылады.

Семинар сабақтарында жасалған баяндамалар дәріс материалдарын толықтыра түсуге және студенттердің оқу және ғылыми материалдармен жұмыс істеу қабілеттерін бағалауға мүмкіндік береді.

Баяндама дайындаудың кезеңдері:

1. Берілген тақырыпқа қатысты маңызды ғылыми еңбектерді оқу, оның тізімін оқытушы береді.

2. Оқыған материалға талдау жасау, тақырыпты барынша айқындайтын зерттеушілердің әр түрлі көзқарастарын, фактілерді және ғылыми жағдайларды бөліп көрсету.

3. Баяндама материалдарын логикалық жағынан дұрыс құру және талдап қорыту, мысалы, кеңінен ашып көрсетілген жоспар ретінде.

4.Баяндама мәтінін ғылыми еңбекке қойылатын талаптарды сақтай отырып жазу.

Баяндаманың құрылымы басқа ғылыми еңбектердегі сияқты үш бөлімнен тұрады:

- кіріспе;

- негізгі бөлім;

- қорытынды.

Кіріспеде - баяндаманың тақырыбы көрсетіледі, оның басқа мәселелермен байланысы, орны және тақырыпты ашып көрсетуде қолданылатын дерек көздеріне қысқаша шолу жасалады.

Қорытындыда - әдетте қарастырылған мәселе бойынша жалпы қорытынды және негізгі тұжырымдамалар жасалады.

Негізгі бөлім - логикалық жүйемен құрылған болуы тиіс. Бұл бөлімде тақырып бойынша келтірілетін материалдар дәйекті де дәлеледі болу керек. Осылайша, баяндамамен жұмыс студентте тек қана жаңа білімді қалыптастырмайды, сондай-ақ, маңызды ғылыми-зерттеу шеберлігін, ғылыми таным әдістерін, көпшілік алдында сөйлеу дағдысын игеруге мүмкіндік береді.

Баяндама түйіні – баяндама бойынша негізгі жағдайлар қысқаша түрде берілетін көлемі шағын мәтін. Алайда, түйін мәтіні көлемі шағын болғанымен, оны жазу баяндаманы жазудан қиынырақ келеді. Өйткені түйінде баяндаманың негізгі мазмұны сақтала отырып, соған сәйкес тұжырымдар жасалуы керек.

Реферат

Реферат – (лат. refere - «хабарлау») – нақты ғылыми материалдың: кітап, білім, ғылыми мәселе және т.б. мазмұнын жазбаша түрде қысқаша түрде баяндау. Студенттердің ғылыми жұмысының бұл түрі негізгі теориялық курстарды оқытқанда және арнайы қолданбалы пәндерді оқыған кезде де пайдаланылады.

Реферат студенттің өздігінен бір (монографиялық реферат) немесе бірнеше (шолу рефераты) ғылыми еңбектермен жұмыс істегенінің нәтижесі және онда олардың негізгі мазмұны көрініс табуы керек. Рефератты жазған кезде студент ғылыми мәтіндегі негізгі жақтарын, еңбекте арнайы қарастырылатын мәселені анықтай білуге және оны шешудің әдістерін автор (авторлар) қолданған жолдарды көре білу тиіс.

Рефераттың құрылымы нақты болуы қажет:

Монографиялық реферата әдетте шағын кіріспе бөлімі, онда қойылған ғылыми тақырыптың маңыздылығы көрсетіледі; негізгі бөлімінде еңбектің мазмұны ашып көрсетіледі, ал, қорытындысында автордың тұжырымдарын қысқаша түрде береді, егер ол болмаса, оны өзі жасайды. Осы арада, қорытынды рефераттың міндетті бөлімі болып табылмайды, көпшілік жағдайда ол жұмыстың мазмұнын баяндаумен аяқталады.

Негізгі бөлімнің құрылысы төмендегідей болуы мүмкін:

· конспектілі, мұнда жұмыстың құрылымы еңбектің негізгі бөлімдерімен (тарау, бөлім, параграф және т.б.) толық сәйкес болып келеді;

· фрагментті, еңбектің тек жеке бөлімдері қарастырылады (әдетте мұндай түрде көлемі үлкен және көп мәселе қарастырылатын еңбектер орындалады);

· аналитикалық, мұнда қарастырылып отырған тақырып еңбек мазмұнының құрылымымен байланысты жасалмайды, бұл жағдайда реферат жоспары құрылып, сол бойынша мазмұны жасалады.

Шолу рефераты жалпы алғанда құрылымы жағынан ұқсас келеді; оның өзгешелігі: кіріспе алдында міндетті түрде реферат жоспары, соңында рефератта қолданылған әдебиеттер тізімі көрсетеледі. Алайда, мұндай реферат түрімен жұмыс істеу қиын, өйткені, мұнда жеке ғылыми мәселе немесе теория бойынша бір немесе бірнеше авторлардың еңбектері арқылы негізгі әдебиеттерге шолу жасалады. Бұл жағдайда тек қарастырылған әдебиеттердің негізгі мазмұнын ғана бөліп көрсетуге талап қойылмайды, сонымен қатар олардың әрқайсында мәселенің (теорияның) қай қырлары ашылып көрсетілетіндігін және кейбір жақтарына салыстыру, жалпылау жасау, олардың өзара байланысын, өзгешіліктерін ажырату керек. Мұндай рефераттар құрылымы жағынан әртүрлі болып келеді. Деректер белгілі бір кезең бойынша (пайда болу уақыты жағынан, жұмыстың маңызы бойынша және т.б.) жеке түрде немесе аналитикалық, яғни әртүрлі деректерде мәселенің әр қырынан көрініс табуы қарастырылады.

Дайын рефератты студент оқытушыға тексеруге береді, оны тексерудің басты формасы – рецензиялау болып табылады. Сол сияқты басқа да түрлері, мәселен, студенттермен жұмысты өзара рецензиялау немесе рефератты семинарда немесе студенттер конференциясында ауызша баяндама ретінде тапсыру.

Рефераттар студенттердің семинар сабақтарындағы жұмысында да қолданылады. Мұндай жағдайда олар тілек бойынша орындалады және сабақта одан әрі қарай топтағы басқа студенттермен талқылау мақсатында оқылады.

Жалпы рефератпен жұмыс істеу студенттерге, зерттеушіге аса маңызды шеберліктерді игеруге, атап айтқанда: ғылыми мәтінмен жұмыс істеуге, ондағы негізгісін, маңыздысын бөліп көрсетуге, оларды өз сөзімен жеткізе білуге, зерттелген материалдарды жүйелеуге және бірізді құруға мүмкіндік жасайды.

Конспект

Жүйелі және логикалық байланысы бар жазба конспект деп аталынады. Конспектте біруақытта жоспар мен тезистер және көшірмелер немесе тезистер мен көшірмелер, басқаша алғанда, жоспар мен көшірмелер беріледі.

Конспект жазған кезде оның ішкі логикалық мазмұнына ерекше ден қойылады. Алдайда консект жазғанда оның логикалық байланысы мен тілдік байланысын шатастырмау қажет.

Жоспарлы конспект түрлерінің ішіндегі ең қарапайымы, ол- сұрақ-жауапты конспекті. Бұл жағдайда сұрақ нысаны ретінде берілген жоспар бөлімшелеріне конспект нақты жауап береді. Сондай-ақ, жоспарлы конспект, кебір жағдайда кестелі – жоспарлы конспект түріндежасалады. Мұндай конспектте логикалық құрылым мен жеке жағдайлардың өзарабайланысы көрініс табады.

Мәтінді конспект - қолжазбадан алынған үзінді- дәйексөз негізінде жасалады. Мәтіндік көшіру логикалық байланыс арқылы беріледі.

Мәтінді конспект- автордың сөзбе-сөз айтқандары мен келтірген дәйектерін айқындайтын ерекше дерек көзі. Мұндай конспект ғылыми мақала (кітап) авторының шынтуайтсыз пайымдаулары немесе талас туғызатын жақтарын анықтауда үлкен мүмкіндік береді. Ал мұны мазмұнын айту кезінде аңғару қиын. Өйткені,

Мәтінді конспектіні материалдарды оқу кезінде бірқатар авторлардың айтқандарын салыстыра талдау үшін аса қажет. Алайда мәтінді конспект жасаған уақытта басты дәйексөздерді (көшірме жасау шеберлігін) нақтылы және дұрыс, тез таңдай алу шеберлігін талап етеді.

Еркін конспект- көшірме, дәйексөздерді кейде тезистерді үйлестіретін конспект түрі. Бұл конспект түрі басты мәселелерді өздігінен, нақты және қысқаша тұжырымдау шеберлігін қажет етеді. Ол үшін материалды тереңнен түсіну, бай және белсенді сөздік қор болуы тиіс.

Тақырыптық конспект- қойылған сұрақ-тақырыпқа қажетті барынша немесе азды-көпті жауап береді. Әрине, бұл негізінен конспекті жасаған кезде қолданған әдебиеттер саны мен басқа материалдарды пайдалану деңгейіне байланысты болады. Тақырыптық конспектіні жасау тақырыппен жұмыс жасауға, оны жан-жақты қарастыруға және сол бір тақырыпқа қатысты әртүрлі көзқарастарды талдауға үйретеді.

Тезис (түйін)

Тезис – бұл дәлелдейтін немесе жоққа шығаратын тұжырымдама-пайымдаулар. Тезистің көшірмелерден өзгешелігі, ұсынылатын дәйектерге дәлелдер келтірілуі тиіс.

Негізгі тезистер- дерек көзінің мазмұнын жалпылайтын басты тұжырымдамалар. Мұндай тезистерден кейбір жағдайда материалдардың мазмұнын тұтастай айқындайтын жеке жазбалар жасалады. Ал қорытынды басты тезистер алдыңғы материалдардың мазмұнын жалпылауы тиіс.

Қарапайым тезистер – бұл басты ой-пайымдаулар, кейде конспект, реферат құрамдас бөлігі ретінде енгізіледі.

Кез келген еңбекте, оның әрбір бөлімшелерінде қарапайым тезистер көбірек кездеседі.

Қарапайым тезистерді еңбектің тұтастай мазмұнының жалпы бағыттылығына қарамастан оның барлық бөлімшелерінен бөліп алуға болады.

Тезистердің келесі түрі, алдыңғы екеуімен салыстырғанда өзінің құрылысы жағынан күрделі болып келеді. Өйткені мұнда негізгі және қарапайым тезистер қатар қолданылады. Сондықтан оны күрделі тезистер деп атайды.

Күрделі тезисте негізгі тезистерден кейін қарапайым тезистер келтіріледі. Бұл оқығанды бекітудің пайдалы және жетілген түрі болып келеді.

Тезистерді тұжырымдамалау нақты және қысқа болуы керек. Тезистердің өзінде негіз болатын фактілер мен мысалдар келтірілмейді.

Егер, дайын тезистерді пайдаланған кезде олардың негіздемелері мен дәлелді жақтарын білмесеңіз, онда жалаң қорытындылар шынайы білім алу үшін жеткіліксіз. Дәлелдер тезис жасалып отырған кітапта немесе мақалада беріледі, ал негіздеме мен дәйектерге жазбада сілтеме жасау қажет. Сондықтан әдебиеттермен жұмыс істеген кезде оларда берілетін тақырыпқа қатысты дәлелдік- дәйектеу тұстарына аса мән беру қажет.

Дәйексөз тезистері. Тезистердің бір бөлігі дәйексөз ретінде келтірілуі мүмкін. Мұндай әдісті әртүрлі көзқарастарды салыстыру үшін пікірлеме, аннотация жазғанда қолданады. Сондай-ақ, жасалатын орытындыларға қатысты аса сақтық қажет болған жағдайда пайдаланылады. Алайда дәйексөз тезистері кейбір жағдайда өте ұзақ болуы мүмкін. Сондықтан оларға жоспар бөлімшелерін жасау керек.

Тезистерді жасаған уақытта тұжырымдамаларды кітапта берілетін ретпен емес, оларды логикалық байланыс жағынан біріктіріп беру қажет.

 

№1 аралық бақылауға арналған коллоквиум тақырыптары:

 

ХХ ғ. басындағы еуразияшылдық идеясы: қайнар көздері,


Дата добавления: 2015-11-03; просмотров: 1123 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
БЭК: еуразиялық ықпалдастық жобасы.| алыптасуы және даму кезеңдері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)