Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Астероксилондар қатары (Астероксиловые)- Asteroxylales.

Читайте также:
  1. Плаундар қатары (плауновые)Lycopodiales

Плаун тәрізділердің ішіндегі ең қарапайым және ерте пайда болған тобына астероксилондар қатары (Asteroxylales) жатады. Жақын уақытқа дейін бұл қатарды риниофиттерге жатқызып келген. Бирақта сабағы құрылысының сифоностельдік болып келуі, жапырақтарының болуы және басқа да белгілерінде біршама ілгері дамығандық байқалады, сондықтан да оларды плаун тәрізділер бөліміне жатқызады.

Бұл қатарға бір ғана астероксилондар (Asteroxylaceae) тұқымдасы жатады. Осы тұқымдаста астероксилон (Asteroxylon) және схизоподиум (schizopodium) деп аталынатын екі туыс бар. Аталған туыстардың екеуі де осыдан шамамен 400 млн жыл бұрын жойылып кеткен өсімдіктер. Оның біріншісі астероксилон (Asteroxylon) жер шарының көптеген жерлерінен (Шотландияда, ФРГ-ден, БОР-дан, КНР-ден) тек девон дәуірінің ортаңғы кезіндегі қабаттарынан, екінші схизоподиум (schizopidium) осы жоғарыда айтылғандардың дәуірдің ортаңғы кезінде Австралиядан, ал соңына таман АҚШ-тан табылған. Бізге осы өсімдіктердің тастың бетіне түскен таңбалары да тікелей тасқа айналған қалдықтары да белгілі. Астероксилон туысы риния және хорнефитонмен Шотландияның Райни деген елді мекеніне жақын жерден, девон дәуірінің ортаңғы кездеріндегі кремний мол қабаттардан табылған.

Астероксилон биіктігі 1 м-дан аспайтын шөптесін өсімдік болған, оның жер беті және жер асты бөліктері, сонымен бірге сабағы және жапырағы (филлоиды) бір-бірінен айқын ажыратылады. оның бұл ерекшеліктері риниофиттерге тән емес(1,1-сурет).

Астероксилонның жер беті бөлігі тік өскен, сиректеу аша тәрізді немесе дихоподиальды бұтақтанған сабақтан тұрады. Әсіресе сабақтың бүйірлік бұтақтары бірнеше рет дихотомиаланған болып келеді. Жапырақтары ұсақ, ұштары үшкір біз тәрізді және жүйкеленген болып келеді. Оларды сабақтың қыска өскіндері (энаций деп атаған) ретінде қарастырған. Жүйке жапырақтың түп жағына еніп тұрғанымен, оның ұшына дейін жетпеген.Жапырақтары қазіргі кезде өмір сүретін плаундардың жапырақтары секілді сабақтың сыртын қалың жауып тұрған. Лептесіктері тек жапырақтарында ғана емес, сонымен бірге сабақтарында да болған. Сабақтары көлбеу бағытта өсетін, дихотомиялы бұтақтанған, барлык плаун тәрізділердегі секілді тамыр түктері болмайтын, ризомоида деп аталынатын жер асты бөлігінен кетеді.

Сабақтың стелі экзоархты немесе мезоархтыға ауысатын актиностельден тұрады. Ал актиностель сабақтың түб жағында өзегі нашар жетілген сифоностельге ауысады. бұл ерекшелігі астероксилонды бір жағынан риниофиттерден алшақтататын болса, екінші жағынан оларды плаун тәрізділермен жақындастырады. Ксилемасы айқын байқалатын түрі жұлдызша болып келеді. Астерохилон туысының ғылыми аты осыған байланысты қойылған (гректің aster- жұлдыз және xyion-ағаш, бұл жерде сүрек деген ұғым береді). Орталық шоқ сабақтың көлденең кесіндісінде жұлдызша түрлі ксилемадан және оны қоршаған флоэмадан тұрады (1,2 сурет).

1-сурет.Астероксилон:1-жалпыкөрінісі.2-сабақтың көлденең кесіндісі(вк-ішкі қабық,к-ксилема,ф-флоэма,нк –сыртқы қабат,дс-жапырақ дағы);3-спорангийдің тікесінен жасалған кесіндісі.

Ксилемасы сақиналы және спиральды трахеидтерден, ал флоэмасы ұзынша қабырғалары қиялау болып келген, сүзгілері жоқ жасушалардан тұрады. Қабығы сыртқы және ішкі болып бөлінеді (1,2- сурет). Ішкі қабықта ауа қуыстары болған. Сыртқы қабыққа жапыраққа өтетін шоқтардың ізі көрініп тұрады. Сабақтың негізгі бөлігін қабық қабаты алып жатады. Қабық қабаты стельдің диаметрмен салыстырғанда қалың болады. Қабақтың ортаңғы бөлігі борпылдақ болып келеді; ол ауа жүретін кең қуыстардан тұрады. Қуыстар бір-бірінен паренхималық жасушалардан тұратын перделері арқылы бөлініп тұрады. Ауа жүретін қуыстардың көп болуы, ғалымдардың тұжырымдауы бойынша астероксилонның суда да, құрғақта да (қосмекенді) немесе жартылай суға батып тұрып та тіршілік ете беретін өсімдік екенін дәлелдейді. Ризомоидтың анотомиялық құрылысы қарапайым және ринияның ризомоиды құрылысына ұқсас болған. Бір қызығы сабақтың да, ризомоидтың да қабығына саңырауқұлақтардың гифалары мен споралары табылған. Шамасы олармен астероксилон симбиоз түзіп өмір сүрген. Астероксилонның спора түзуі туралы, бүгінгі күнге дейн толық дерек жоқ. Астероксилонның спорангилері жапырақсыз, дихотомиялы бұтақтанған өстердің жоғарғы ұшында дамыған. Спорангийлер (Ұзындығы 1мм) қабырғалары көп қабатты және үстіңгі жағынан ашылатын болған. Ал спораларына келсек, олардың барлығының мөлшері бірдей, яғни тең споралы (1,3- сурет).

Протолепидодендрондар қатары (протолепидодендровые)- Protolepidodendrales

Бұл қатарға план тәрізділердің ішіндегі, тек қазба түрінде ғана белгілі, ең қарапайым шөптесін өсімдіктер жатады. Олардың қалдықтары силур дәуірінің бастапқы, девон дәуірінің ортаңғы және соңғы кезеңдеріндегі қабаттарда табылған. Силур дауірінен Австралиада барагванатия (Baragwanathia) өсімдігі зерттеліп жазылды. Барагванатия биіктігі 1 м-ге дейін баратын, сабактары дихотомиялы бұтақтанған және құрылысы актиностельді болып келетін шөптесін өсімдік. Қарағайдың қалқан жапырақтарына ұксас жапырақтардың ұзындығы 4 см – ге жетеді, олар сабақтың бойында жүйесіз орналасқан. Спорангийлері жапырақтың қолтығында да, сабақтың бойында да орналасқан. Осы спорангийлерінің ішінде тең споралар жетілген. Өскіншелері белгісіз (2,1- сурет).

Евразия мен Солтүстік Америкада девон дәуірінен белгілі дрепанофикус деген туысының спорангийлері жапырақтың үстінгі бетінде, Оның ұшына жақын орналасқан. Жапырақтардың биіктігі 60-70 см-ге дейін жетеді және дихотомиялы бұтақтанған болып келеді. Енді қылқан тәрізді жапырақтары астероксилонның жапырақтарына өте ұқсас бірақ олар сабаққа белгілі бір байқала қоятындай жүйеде орналаспаған (2,2- сурет).

Құрылысы біршама күрделі болып келетін туысына протолепидодендрон тағы басқа түрлері жатады (2,3- сурет). Оның қалдықтары Евразияда девон дәуірінің ортаңғы және төменгі қабаттарынан белгілі. Протолепидодендронның Көлбеу бағытта өсетін тамыр сабағы болады, одан биіктігі 25-40 см-ге жететін дихотомиялы бұтақтанған сабақтары кетеді. Жапырақтары сабаққа спиральдің бойымен орналасқан және олардың ұштары дихотомиялық бұтақтанған болып келеді. Жапырақтары түскен кезде сабақта олардың іздері «жастықшалары қалып отырған», Бұл жағынан протолепидодендрондар лепидодендрондарға ұксас. Спорангилері спорофиллдерінің жоғарғы жағында, олардың түбіне жақындау жерде орналасқан. Спорофиллдерінің вегетативтік жапырақтарынан айырмасы болмаған және олармен алмасып келіп отырған. Бұл тек протолепидодендрондарда кездесетін жағдай емес, сонымен бірге олосы қатардың барлық өкілдеріне де тән нәрсе. масақтары болмаған.

 


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 436 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Плаун тәрізділер бөлімі( Плауновидные)-LYCOPODIOPHYTA| Ртүрлі споралы плаундардың дамуының тіршілік циклдері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)