Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Плаун тәрізділер бөлімі( Плауновидные)-LYCOPODIOPHYTA

Читайте также:
  1. Lycopodiophyta плауновидные
  2. Отдел Плауновидные
  3. Плаундар қатары (плауновые)Lycopodiales
  4. Представитель – плаун булавовидный.
  5. Ртүрлі споралы плаундардың дамуының тіршілік циклдері
  6. Сем. плауновые - Lycopodiaceae

Спорофиттері басым жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер

Бұл ертедегі өсімдіктерге жататын бөлімдер: Риниофиттер – Rhyniophyta, Псилоттылар – Psilotophyta, Плаунтәрізділер – Lycopоdiophyta, Буындылар немесе Хвощтәрізділер – Eguisetophyta және Папоротник тәрізділер – Polypodiophyta.

Бірінші екі бөлімнің өкілдері толыққа жуық жойылып кеткен. Біздің уақытымызға дейін жеткен сирек өкілдердің бірі псилот (Psilotum triguetrum) болып саналады. Бұл өсімдік тропиктерде кездеседі, оның биіктігі 100 см-ден аспайды, жер астында көлденең тамыр сабақтары (сабақтың түр өзгерісі) дамиды, одан жер бетіне қарай үш бұрышты, қабыршақ тәрізді ұсақ жапырақтары бар өркен шығады. Нағыз тамырлары жоқ, олардың қызметін ризоидтар атқарады. Споралары (бұтақтың ұшында пайда болатын) спорангийлерінде ұсақ төмпешік түрінде түзіледі. Спорадан ұсақ (2 см-ге дейін), қос жынысты өскінше – гаметофиттер жетіледі. Спорофит – псилот өсімдігінің өзі және ол тіршілік циклінде гаметофиттен әлде қайда басымдылық көрсетеді. Псилот ертедегі флораның тірі қосындысы болып саналады, ол арқылы өсімдіктер әлемінің эволюциялық дамуын зерттеуге және қалпына келтіруге болады.

Плаунтәрізділер – Lycopodiophyta

Плаундар – жерге төселген, жанасқан сабағы дихтомиялы бұтақтанған (кейде ұзындығы бірнеше метрге жететін), ұсақ жіңішке жапырақтармен жабылған, сабақтан жіңішке дихотомиялы бұтақтанған тамырлары таралатын өсімдіктер. Таскөмір кезінде олардың алып ағаш тектес формалары (биіктігі 30 м-ге дейін) болған өсімдіктер, үлкен ормандар түзген. Қазіргі кезде тек шөптесін түрлері ғана кездеседі. Плаундардың арасында тең споралы және әртүрлі споралы формалары бар.

 

 

Плаун тәрізділер бөлімі(Плауновидные)-LYCOPODIOPHYTA

Қазіргі кезде біздің ғаламшарымызды мекендейтін жоғары сатыдағы өсімдіктердің ішінде,плаунтәрізділер (Lycopodiophyta) өте ертеден пайда болған өсімдіктерге жатады.Плаун тәрізділер өзінін даму биіктігіне палеозой эрасының соңында көтерілген.Қазіргі кезде плаун тәрізділердің аздаған ғана туысы мен түрлері кездеседі,олардың өсімдіктер дүниесі құрамының қалыптасуына қатсы шамалы.Кездесетін өкілдерінің барлығы мәңгі жасыл,сырт қарағанда кейбір жасыл мүктерге ұқсас болып келетін көп жылдық шөптесін өсімдіктер.Қазіргі кезде жойылып кеткен плаун тәрізділердің ішінде шөптесін өсімдіктермен бірге,үлкен ағаш тәрізді түрлері де болған.

Плаун тәрізділердің көпшілігіне спиральдың бойымен орналасқан жапырақтары бар бұтақтардың болуы тән.Кейде жапырақтары қарама-қарсы немесе топталып орналасады.Кейбір плаун тәрізділердің жапырағының түбіне жақын жерде,оның ішкі оське қараған жағында кішірек шұңқырға батып тұратын өскіні болады.Оны тілше немесе лигула деп атайды. Сабағының жер асты бөлігі,бір плаун тәрізділерде түрі өзгерген жапырақтары және қосалқы тамырлары бар нағыз тамырсабаққа ұқсас болып келеді.Ал екінші біреулерінде ерекше «ризофор»деп аталатын мүше түзіледі,онда спиральдың бойымен орналасқан тамырлары болады.Плаун тәрізділердің тамырлары қосалқы тамырларға жатады.Жер беті немесе жер асты өстері төбелік меристемалары арқылы өседі.Олардың белсенді жасушалары келешегінде бөліну мүмкіндігінен айырылады,сондықтан да плаун тәрізділердің өстері аздап қана өседі.

Плаун тәрізділердің жер беті және жер асты өстеріне дихотомиялық немесе аша тәрізді бұтақтану тән.Дихотомиясы тең және тең емес болып келеді.Дихотомиясы тең болып келген жағдайда жас бұтақтардың өсуі бірдей болады және олар бірдей уақытта өледі,ал тең болмаған жағдайда бұтақтардың біреуі өзінің өсіп дамуын екіншісінен бұрын аяқтайды.Плаун тәрізділердің сабағының өткізгіш системасы стельдердің әр түрлі түрлерінде байланысты болып келеді.Өсімдіктің онтогенезінде стельдің бір түрінің екіншісіне ауысып отыруы заңды түрде жүретін процесс,оны төбелік меристеманың көлемінің өзгеруінен айқын байқауға болады.Осы бөлімнің қазіргі кезде жойылып кеткен ағаш тәрізді және кейбір шөптесін өкілдеріне,сабақтарының және ризофораларының екінші рет жуандауы тән,ол қалыпты жағдайдағы немесе қалыпты жағдайдан ауытқыған камбийдің қызметіне байланысты.

Плаун тәрізділердің ішінде тең споралы және әр түрлі споралы өсімдіктер бар.Әр түрлді споралы өсімдіктерңдің жапырақтарының тілшесі болады. Плаун тәрізділердің спораларының үш жақтаулы,тетрадалы тігісі болады.Плаун тәрізділердің тең споралы және әр түрлі споралы түрлерінің гаметофиттері(өскіншелері)бір-бірінен айқын ажыратылады.Қазіргі кезде өмір сүретін тең споралы плаун тәрізділердің гаметофиттері жердің астында немесе жердің жартылай астында жатады және етжеңді келеді,ұзындығы 2-20 мм-дейболады.Олар қос жынысты сапрофит немесе жартылай сапрофит ретінде өмір сүреді және 1-15 жылдың арасында пісіп жетіледі.

Әр түрлі споралы плаун тәрізділердің гаметофиттері даражынысты болып келеді және жердің бетінде өседі.Олар спорада болатын қоректік заттарды пайдалана отырып бірнеше аптаның ішінде дамиды,пісіп жетілгеннен кейін де спораның қабығынан сыртқа шықпайды немесе аздап қана шығады.Жыныс мүшелері антеридийлер мен архегонийлерден тұрады.Антеридийлерінде екі немесе көп талшықты сперматозоидтары,ал архегонийлерінде жұмыртқа жасушалары жетіледі.Ұрықтануы су тамшысы болған жағдайда ғана жүреді.Зигота тыныштық кезеңін басынан өткізбей-ақ бірден жаңа өсімдікке,яғни спорофитке айналады.

Плаун тәрізділер бөлімі екі класстан тұрады:1)плаундар немесе ликоподиопсидтер(Lycopodiopsida) және 2)полушниктер немесе шильниктер немесе изоэтопсидтер(Isoetopsida)кластары.

2. Плаундар класы (Плауновые)-LYCOPODIOPSIDA

Плаундар класына мынадай үш қатар жатады:1)астероксилондар қатары (Asteroxylales);2)плаундар қатары(Lycopodiales);

3) протолепидодендрондар қатары (Protolepidodendrales). Бұлардың біріншісі мен үшіншісі түгелдей жойылып кеткен өсімдіктер. Ал плаундар қатарына ертеде жойылып кеткен дреланофикустар тұкымдасы (Prepanophycaceae) кластың осы кластың ішіндегі қазіргі кезге дейін жеткен плаундар тұкымдасы (Lycopodiaceae) жатады.


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 1331 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Менять жизнь к лучшему- легко!| Астероксилондар қатары (Астероксиловые)- Asteroxylales.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)