Читайте также: |
|
Осы жұмыс жоспары 0516000 – «Қаржы (салалар бойынша)» мамандығы бойынша 051605 3 «Қаржы саласы бойынша экономист» біліктілігі бойынша деңгейлеріне қойылатын талаптарды жүзеге асыру мақсатында, ҚР 4.05.067-2009 мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына, ҚР білім және ғылым министрлігінің 30.12.2010 күнінен №587 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасына негізделіп әзірленген.
Оқу жоспары бойынша сағат көлемі – 72 сағат, оның ішінде 36 сағат теориялық, 36 сағат тәжірибелік.
Курсты аяқтау барысында бақылау жұмысы, сынақ және пән бойынша емтихан жүргізу міндеттелген.
Пәннің негізгі мақсаты білім алушыларда қолданбалы информатика, ақпараттандыру, экономикадағы заманауи ақпараттық технологиялар, басқару және бизнес туралы білім, білік дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Пәннің міндеттері болып табылады:
- заманауи ақпараттық технологиялардың теориялық негізін қалыптастыру және оны қолдану;
- мамандықтар бойынша мақсаттарды шешуге арналған қолданбалы бағдарламалар пакетімен (ҚБП) және мекемені басқаруды автоматтау тенденциялары мен жағдайымен таныстыру;
- барлық сатыларға арналған автоматтандыру құралдары мен әдістерінің көп таралған түрлерін оқыту және жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
Предреквизиттер: «Информатика».
Пәнаралық байланыс: «Бухгалтерлік есеп», «Кәсіпорын экономикасы».
Бағдарлама барлық үлгілік орта кәсіптік оқу орындарына арналған ақпараттық технологиялар мен экономикалық информатика пәніне қойылатын бірдей талаптарды ескере отырып құрастырылған.
Оқу пәнін оқу барысында білім мен дағдыға қойылатын талаптар.
Әлемдік және ұлттық экономиканың глобализациялану үрдістері, заманауи компаниялардың бизнес-орталарының өзгеруі, ақпараттық технология саласындағы тенденциялар және халықаралық компаниялардың сауаттылық сатысының көтерілуі бұл курсқа арнайы реңк береді. Бұл курсты оқу экономиканың және менеджменттің әртүрлі саласында сан алуан есептерді шешуге көмектеседі.
Пән негізгі міндеті білім алушылардың пән мақсатын қанағаттандыратын толық білім беру болып табылады. Курсты аяқтау барысынды білім алушы саналуан ақпараттық технологиялар арасында бейімделе алуы, экономикалық ақпаратты өңдей алуы тиіс, сонымен қатар қолданбалы бағдарламалар мен тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру.
Пәнді оқу барысынды білім алушыларға қойылатын талаптар:
Білім: ақпараттық технологиялар мен жүйелер негізгі түсініктері мен терминдері туралы
Білік: экономикада, басқаруда және бизнесте пайда болатын есептерді ақпараттық технология көмегімен шеше алу.
Дағды: жеке мекеме секілді басқа да мемлекеттік жүйеде, ұйым, холдинг жүйесінде де заманауи ақпараттық технологияларды экономикада және басқаруда пайдалану
Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 104 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Емтихан/ Сынақ сұрақтары | | | Ч а с т ь П е р в а я |