Читайте также: |
|
Пәннің мақсаты - студенттердің ақпаратты алу, түрлендіру, беру, сақтау процестері туралы негізгі білімді сапалы және нақты меңгеруін қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету қазіргі заманғы қоғамның дамуында ақпараттық технологияның ролі және бүкіл әлемдік ғылыми көріністі қалыптастырудағы ақпараттық процестердің мәнін студенттерге жеткізумен анықталады.
Пәнді оқудың негізгі міндеті – ЭЕМ-дегі жергілікті және аймақты-таратылған желілер, ақпараттық процестер және жаңа технологиялар жайында теориялық білім алу болып табылады. Бұл пәнді оқу негізінде студенттер өмірге керекті мәселелерді шешу үшін компьютерлік техниканың мүмкіншіліктерін сапалы және ұтымды пайдалануы; мәтіндік редактормен, кестелік процессормен жұмыс істеу мүмкіндіктерін; игеруі, мәліметтер қорын құруды және кез-келген қолданбалы программалармен жұмыс істеуді игеруі тиіс.
«Қаржы қызметіндегі компьютерліқ технологиялары» студент:
Кестелік редакторында бума мен файлды компьютерлік бағдарламаларды жасай білуі, бағдарламаларға сценарий құру, компьютерлік құралдардың дидактикалық мүмкіншіліктерін бағалау. Программалық құралдардың негізгі әдістерімен жұмыс жасай білу; Web-қосымшаларын жасау технологияларын, ақпараттық қауіпсіздік және оны құрушыларды, антивирустық бағдарламаларды білуі; ақпараттық-коммуникациялық технологияларды падалануды; «Электронды үкімет» инфрақұрылымын, бизнес-үрдістерді талдау және құру технологияларын білуі; техникалық тапсырмаларды жасау принциптерін, «E-Learning» электронды оқыту негізін, электронды оқыту әдістерін, «E-Learning» ортасының негізгі компоненттерін, білімді бағалау әдістемесін, «E-Learning» ортасын құрудың заманауи технологияларын меңгеруі керек.
ПРЕРЕКВИЗИТТЕР ТІЗІМІ:
-Информатика;
-Экономикалық информатика.
ПОСТРЕКВИЗИТТЕР ТІЗІМІ:
-Бухгалтерлік есеп;
-Қаржылық есепті талдау.
Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 112 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
РАБОЧАЯ УЧЕБНАЯ ПРОГРАММА | | | Пәннің тақырыптық жоспары |