Читайте также: |
|
-Балалармен қарым-қатынас кезінде ересектердің позициясын және жұмыс барысында пайда болатын мәселелерде өзінің жауапкершілік сезімін ұғынуға;
-Өз сезімдерін танып, білуді үйретуге;
-Басқа адамдардың сезімдерін тани білуге үйрету және оларға адекватты түрде жауап беруге;
-Басқа адамдармен конструктивті қарым-қатынасты қамтамасыз ететін бірнеше практикалық дағдыларға жаттықтыруға;
-Отбасынан тыс тәрбиеленетін балалардың психологиялық ерекшеліктерімен таныстыруға бағытталған;
Тренингтік бағдарламамен танысу жұмысына балалар үйінің тәрбиешілері, мұғалімдері, психологтары, әкімшілік қызметкерлері қатысады.Топтағы адам саны 12-15-тен аспауы тиіс.Тапсырмалардың мақсатына қарай тренингке қатысушылар жеке, екеуара, үшеуара және кіші топпен жұмыс істей алады.Әрбір тапсырма бой қыздыру, негізгі және қорытынды бөлімнен тұрады.Әр кездесудің басы мен соңында қатысушылар өздерінің сезімдерімен бөліседі. Бой қыздыру ретінде эмоциялық күйді қуаттандыруға себеп болатын, топтық ынтымақтастыққа, зейіннің шоғырлануына бағытталған түрлі ойындар мен жаттығулар ұсынылады.Негізгі бөлімге теориялық мәліметтерден, практикалық жаттығулардан, еркін пікірталастан, сұхбаттасудан тұратын минм-лекция кіреді. Тақырыптарды қатысушылардың өздері ұсынады.Мысалы:«Балаларды жазалау керек пе? «Интернаттан баланы демалысқа ертіп келуге болады ма?» «Балалар өмірінде жарысу және бәсекелестік» т. б.Пікірталастың басты мақсаты: берілген сұраққа жауап табу ғана емес, әңгімелесушінің тыңдай білу іскерлігін дамыту.Сонымен қатар маңызды жұмыстардың бірі тренингке қатысушылардың жеке тәжірибесінде қиындыққа душар болған жағдайларды талқылау.Ең бастысы тренингке қатысушыларға жұмыс барысында өздеріне не кедергі жасайтыны, не көмектесетіні жөнінде ой туғызуға итермелеу.Тренингке қатысушыларға өзін де тәрбиеленушілерді де басқа қырынан тани білуге болатын практикалық жаттығулар бүкіл тренинг барысында жүргізіледі.Уақыттың келесі бөлігі» эмоциялық күймен жұмысқа» арналады.Бұл баланы қалтқысыз қабылдауға мүмкіндік береді.Баланың дамуы мен ішкі сезімінің күйі топта жұмыс істейтін тәрбиешілерге тікелей байланысты болады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Жабық типті мекемелереге қандай мекеме түрлері жатады?
2. Кәсіби деформация дегенді қалай түсінесің?
3.Жабық типті мекемелерде жүргізілетін психологиялық көмек түрлері
Қолданған әдебиеттер
1. Е.К.Лютова, Г. Б. Монина Тренинг общения с ребенком. СП(б).: «речь», 2002.
2.Мухина В.С.Лишенные родительского попечительства. М:Прос.,1991
3.Лиханов А.А. Дети без родителей: Книга для учителя.М.Прос.,1997
4.Детская практическая психология. Под редакцией проф. Т.Д. Марцинковской. Москва:Гардарики,2003
5.Психическое развитие воспитанников детского дома.Под ред.И.В Дубровиной, А.Г.Рузской.Москва,1990
№15 дәріс
Дәрістің тақырыбы: Өзін-өзі реттеу жаттығулары
Дәрістің мазмұны:
1.Тыныс алу жаттығулары
2. Әр түрлі бұлшықет тобының тонусын өзгертуге араналған жаттығулар
3. Релаксация жаттығулары
4. ағзаның биологиялық белсенді нүктелеріне әсер ету.
Мақсаты: Адамның жүйкелік импульс күштерінің босансуын және тыныштанған кездегі пайда болатын жағымды жағдайларды қалыптастыру дағдыларына үйрету.
Жүйкелік ипульс мидың тыныс алу орталығынан оның қабығы мен тонуысна дейін жетіп, оны өзгертеді. Осыған байланысты және энергиялы жүреді, ал дем шығару-жай, орталық жүйке жүйесінің тонусын төмендететін, қан қысымының реттелуін тудырады, және эмоционалды қысымның шығуына мүмкіндік береді. Жай тыныс алу және тез дем шығару, керіснше жүйке жүйесін реттейді, оның құрылу белсенідігінің деңгейін көтереді, нақты психикалық қысым тударады. Бұл заңдылықты психикалық жағдайды реттеу мақсатында қолдану үшін осған сәйкес дағдыларды меңгеруге көмектесетін келесі жаттығуларды игеру ұсынылады.
1-жаттығу. Тыныштандыратын тыныс алу.
Қалыпты жағдда, тырып, немесе тұрып толық, терең дем алыңыз. Кейін деміңізді ұстай тұрып, шеңбер елестетіңіз. Деміңізді жаймен соған шығарыңыз. Бұл әдісті 4 рет қайталаңыз. Содан кейін дәл осы үлгіде елестетілген квадратқа 2 қайтара деміңізді шығарыңыз осы жаттығуларды орындағанна кейін міндетті түрде тыныш күй пайда болады.
«Жазғы жаңбыр»
Мақсаты: қажуды түсіру, қиындықты жеңуге жағымды эмоцияны орнату.
Нұсқау: текстті жай, бос оқылуы қажет, бала көзін жұмып тыңдайды.
Қапырық жазды өзіңе елестетші. Бір кезде қайдан келгені белгісіз бұлттар пайда болды, жел соқты, жолда дауыл құйындады. Найзағай жарқылдады, күн күркіреді. Найзағайдың жарқылы мен күннің күркілдеуі жақындай берді. Міне бұл менің алдымда. Жарқылдап, күркіреді. Бірақ мен найзағайдың жарқылынан да, күннің күркіреуінен де қорықпаймын. Жазғы найзағай тез өтіп кетеді, күн қайта шығады, табиғат жаңарды. Күн демалды. Мен оның көгілдір аспанда жалтырағанын сеземін. Бүкіл киімдерім суланып қалды. Денемнен жылы бу шығып жатыр. Бірнеше минуттан кейін барлығы кеуіп қалады. Тамшы, тамшы, тамшы... Әрбір жаңбырдың тамшысында кішкентай күн шоқтайды. Мен жазғы найзағайға ашуланбаймын. Ол маған үлкен қуаныш әкелді. Кімде кім жылы жаңбырдың астында тұрса, саңырауқұлақ секілді өседі. Сенде мықты және денін сау болып өсесін.
Психогимнастика«Жайлау»
Мақсаты: қажуды түсіру, жағымды эмоция алу, қиындықтарды жеңуге арналған ұстанымдар.
Нұсқау: «Жайлау»
Өзіңді ең әдемі жерде тұрғаныңды елестет. Бұл өте үлкен жайлап тұрған жайлау. Онда шөптер көгеріп жатыр. Сен өзіңнің аяғынның таңертеңгі шөптің үстінде жүргенің сезесін. Сенің денеңді салқындық жамылды, нәзік жел үрді. Бүкіл денеңмен сол таза, салқын ауамен тыныс ал. Мүмкін сен теректердің шуын, құстардың әнін естіп тұрған шығарсын, мүмкін тек тыныштықтың дыбысын естіп тұрған шығарсын. Өзіне жаңа күштің құйылуын сезің. Әрбір денеңнің бөлігімен жазғы жайлаудың әдемілігін және кристалды сергітетін ауаға сіңіп кет. Бұл сезімдерді ұмытпа.
«Жанұя сөзі»
Мақсаты: баланың әлеуметтік бейімделуінің дамуына бағытталған.
Нұсқау: оның жанұясы туралы әңгімелес. Мама, папа, әже, ата, аға, апа және т.б.
-«Анаң қалай сөйлейді?» деп сұраңыз.
-бала өз жанұя мүшелерінің қалай нәзік сөйлесетіні жөнінде айтып берсің.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Тыныс алу жаттығуларының мақсаты қандай?
2. Тыныс алу жаттығуларын ата?
3. Жазғы жаңбыр тенингі қалай жүргізіледі?
4. Пихогимнастика дегенді қалай түсінесің?
5. Жанұя сөзі қалай жүргізіледі?
Падаланылған әдебиеттер:
1.Лесли Рай» развития навыков эффктивного общения» М-2002ж.167 бет.
2.Р.Бакли, Д.Кейпл. Теория и праактика тренинга. «Питер», 2002.
3.Практикум по социально-психологическому тренингу, Санкт-Петербург, 2000
4.О. Горбушина «Психологический тренинг» М-2007ж
5. А.Г. Каменюкин, Д.В. Ковпак «Антистресс-тренинг» М-2008.
6.Лесли Рай» развития навыков эффктивного общения» М-2002ж.
7.Д.М. Рамендик «Тренинг личностного роста» М-2008ж.
№16 дәріс
Дәрістің тақырыбы: «Қиын топқа жататын жасөспірімдер мен жүргізілетін тренинг жаттығулары Мақсаты: Қиын балалармен жүргізілетін жұмыстарыдың мақсат-міндеттерімен оның ерекшеліктерімен таныстыру.
1. Топтық тренингтер
2. Өзіне-өзі сенімділігін қалыптастыру тренингі
3. Жағымды эмоционалды қалыптастыру тренингтері
1-сабақ.
Мақсаты: Тұлғаның өзіне деген сенімділік сезімін қалыптастыру, өзін-өзі бағалау деңгейін жоғарлату.
1.«Ханшайым» ойыны. Ең ұялшақ қатысушы орындыққа тұрып ханшайым болады.Ал қалған қатысушылар оған қызмет етуші адамдардың рольдерін сомдайды.
2.Бір қатысушы топтан құралған «қатардан» өтіп барып, әрбір қатысушының көзіне қарап «Мен бәрінен де жақсымын» деген сөйлемді айтады.
Аутотренинг.Қатысушы өзін белгілі бір ерлік жасаған батыр ретінде елестетеді.Жеңіскердің сезімі және жеңістің дәмі «Мен барлығына да қабілеттімін,мен батырмын...» деген сөйлемдермен бейнеленеді.
1 сабақ.
Мақсаты: Жеке өзіндік тұлғаның құндылықты сезіну және өзін-өзі бағалау деңгейін дамыту, өзінің құрдастарымен қабылдануына деген сенімділікті қалыптастырады.
1.«Психотерапиялық антонимдер» жаттығуы.Өзінің бойында арылуды қалайтын кез-келген сапаны (жалқаулық, шыдамсыздық және т.б) атайды.Қалған қатысушылар осы сапаның жағымды жақтарын іздеп табуға тырысады.
2.Жаттығу.Әрбір қатысушы бірінен соң бірі артқа қарап орындыққа отырады.Топтың қалған қатысушылары оған жақындап, оның иығына қолын қойып сол оқушыға деген өзінің қатынасы мен пікірін білдіреді: «Мен саған тілегім келеді...»
3.«Денелік мүсіндерді» жасау.Рольдерін ауыстырып отыру арқылы жұптар жұмыс атқарады.Бір қатысушы (мүсінші) үндеместен келесі қатысушының денесінен кез-келген «мүсінді» жасайды. «Мүсіндер» дайын болған кезде алынған әсерлермен алмасу арқылы талдау жасалады.
Сонымен қатар психокоррекциялық жұмыстармен бірге суицидті мінез-құлықты бағдарлы жасөспірімдерге алғашқы психологиялық көмек берудің төрт негізгі әдісі бар:
1.Дер кезінде жүргізілген диагностикалық жұмыстар және оларды емдеу;
2.Депрессия жағдайындағы адамдарға белсенді эмоционалдық көмек көрсету;
3.Ситуацияны жеңілдету үшін оның жағымды сипаттағы талпыныстарын мадақтап отыру;
4.Әлеуметтік дағдыларға және стрестік ситуацияны жеңуге үйрету.
Тұлғаға алғашқы көмек көрсету үшін келесі ережелерді ұстану қажет:
-Көмектесуге қабілетті екендігіңізге сенімді болу;
-Осындай ситуацияларда болған адамдардан тәжірибе жинақтау;
-Шыдамды болу;
-Қолыңыздан келетін нәрсенің барлығын жасау.
Суицидті мінез-құлықты жасөспірімдермен профилактикалық әңгіме жүргізудің әдістемесі келесідей:
-Кез-келген адаммен әңгімелесу кезінде,әсіресе суицидті мінез-құлыққа бейім тұлғалармен әңгімелесу барысында белсенді тыңдаушы болу қажет;
-Белсенді тыңдаушы бұл-әңгіме барысында серігіне қарсы шықпай,оған бар назарын салып тыңдаушы адам.Бұндай жағдай оның серігіне еш үрейленусіз,қорқыныш сезімісіз әңгімені толық баяндауына мүмкіндік береді;
-Белсенді тыңдаушы оның серігі басынан өткізген сезімдерді толық түсінуге қабілетті адам.
Әңгімелесу үрдісін жүргізуге қажетті кеңестер:
-Әңгімелесу үрдісін үзбеу үшін тыныш, ешкім кедергі келтірмейтін жағдайда әңгімелесу;
-Серігіне толық назар аударып, оған қарама-қарсы отырып, көзіне тура қарап отырып әңгімелесу қажет.Сонымен қатар екі арада стол тұрмауы қажет;
-Серігіңіз сіздің оны шынымен тыңдағаныңызға көз жеткізу үшін оның баяндаған нәрсенің барлығын қайталап айтып беруіңіз қажет;
-Серігіңіздің сөзін бөлмей, ол сөйлеп болған кезде ғана сөйлеу қажет;
-Тек позитивті-конструктивті сөйлемдерді ғана қолдану.
Суициті мінез-құлық белгілері байқалатын тұлғаларға алғашқы психологиялық көмек көрсету кезінде ұстанылатын ережелер:
Осындай ережелерді сақтай отырып, зерттеу жұмысының III кезеңінде суицидті мінез-құлық белгілері айқын көрінген жасөспірім эксперименталды топ мүшесі Кенжегулова Нұржауғанмен профилактикалық әңгіме жүргізілді.Бұл төрт кезеңнен тұрды:
Бастапқы кезең - жасөспірімдермен эмоционалды қарым-қатынас орнату.Оны үлкен шыдамдылықпен, сын айтпастан тыңдау (яғни оған толық ашылу мүмкіндігін беру).Нәтижесінде оның сеніміне ие болу.
II кезең - тұлғаішілік дағдарысқа себеп болған құбылыстардың бірізділігін анықтау.Бұл жерде келесідей тәсілдер қолданылды:
-Сәттілікке бағыттау арқылы қолдау көрсету;
-Ситуациядан шығудың жол бар екендігіне сендіру.
Зерттелушінің тұлғалық дағдарысының басты себептері отбасында ұзақ уақыт бойы жалғасқан ата-ана арасындағы дау-жанжалдар, анасының қайтыс болуы, нәтижесінде жасөспірімнің топтан оқшаулануы, өзіне өзі сенімділік, өзін-өзі бағалау деңгейлерінің төмен болуы.
III кезең-дағдарысты ситуацияны жеңуге бағытталған біріккен іс-әрекет.Бұл жерде келесідей әрекеттер қолданылды:
-Жасөспірімнің болашақтағы іс-әрекеттерін жоспарлауға көмектесу, болашаққа оптимистік қарым-қатынас орнатуға көмек беру, оның жоспарларын сөз арқылы бейнелеп безендендіруге көмек беру;
-Жасөспірім алғашқы болып өзінің болашақ мақсаттары мен жоспарларын баяндауы үшін үнсізідік сақтап отыру.
Қорытынды кезең. Белгіленген іс-әрекет жоспарларын бекіту.Бұл жерде алдағы кезектегі жоспарлар: Болашақта оқуға көбірек көңіл бөліп, құрдастарымен қарым-қатынас орнатуға уақыт бөлу, жеке қызығушылықтарына сәйкес мектептегі,мектептен тыс үйірмелерге қатынасу және т.б.Бұл жерде менің басты мақсатым өзіне өзі сенімділік сезімін ұялату болды.Зерттелушімен профилактикалық әңгіме келесідей бағытта жүргізілді:
Зерттелушінің сөзі: | Қайтарылған жауаптар: | Келесідей сөйлемдерді мүлдем қолданбау қажет: |
«Оқуды, сыныбымды жек көремін» «Маған барлығы үмітсіз болып көрінеді» | «Бізде не болып жатыр? Неге сен өзіңді осылай сезінесің?» «Кейде біз өзімізді жабыраңқы сезінеміз.Бізде қандай проблемалар барекен және олардың қайсысы бірінші болып шешуді қажет етеді?Сол туралы біріге ойланайық» | «Мен сенің жасыңда болған кезде...» «Сеннен де қиын жағдайдағы адамдар туралы ойласаңшы» |
Мен болмасам барлық адамдар үшін де жақсы болар еді» | «Сен мен үшін маңызды адамсың және сенің көңіл-күйің мені алаңдатады,не болып жүргенін маған баяндап берші» | «Одан да басқа тақырыпта әңгімелесейік» |
«Сіз мені түсінбейсіз» | «Сен өзіңді қалай сезінесің? Осы туралы маған баяндап берші, мен шынымен де білгім келеді». | «Жастарды бүгінгі күні кім түсісін?» |
«Мен жаман нәрсе жасадым» | «Кел,отыра ғой әңгімелесейік» | «Нені ексең соны орасың» |
Егер менің қолымнан келмесе...» | «Егер бұл іс сенің қолыңнан келмесе де мен сенің қолыңнан келгеннің барлығын жасағаның туралы білемін» | «Егер қолыңнан келмесе,онда дұрыс тырыспағанасың» |
Психологиялық коррекциялық программаны жүргізу нәтижесінде оның тиімділігі анықталады.Әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру тренингтерінің жүргізілу барысын бақылау мен талдау және профилактикалық әңгіме жүргізу нәтижесінде келесідей қорытынды жасалды: тренингтердің коррекциялық бағыттылығы оқушыларға, әсіресе невротизация, депрессивтілік, қарым-қатынасқа түсуге қабілетсіздік деңгейлері жоғары жасөспірімдерге әсер етті.
Девиантты мінез-құлықтың қарастырылған себептері мінез-құлық ауытқушылығы бар тұлғаларға берілетін психологиялық көмектің стратегиялық мақсаттарын қалыптастыруға мүмкіндік береді:
- конструктивті түрткінің қалыптасуы (позитивті құндылықтар, әлеуметтік талаптары орындауға бағытталу мен өзін сақтау);
- жеке тәжірибе интеграциясы;
- өзін-өзі ретеуді жетілдіру;
- стресске қарсы тұруды күшейту және жеке қорларын көбейту;
- өмірлік маңызды біліктерді қалыптастыру;
- бейімделмейтін мінез-құлықтың көрінуін ығыстыру немесе азайту;
- әлеуметтік байланыстар мен тұлғаның жағымды жаңа тәжірибесін кеңейту;
- әлеуметтік бейімделу деңгейін күшейту;
Мінез-құлқында ауытқушылығы бар тұлғаларға әсер ететін жеке және нақты тапсырмалар төмендегідей:
- мінез-құлық кемшіліктерін жою;
- бейімделгіш мінез-құлықты күшейту;
- адекватты емес мінез-құлықты ығыстыру немесе әлсірету.
- мазасыздану реакцияларын жою.
- демалу қабілетін дамыту;
- өзіне сенімділік қабілетін дамыту.
- күшті әлеуметтік дағдыларды дамыту.
- жыныстық жұмыс істеудің адекватты деңгейіне жету.
- өзін реттеу қабілетін дамыту.
Психологиялық интервенция кеңес беру, педагогикалық түзету, тренинг, психотерапия арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар оның жекелей, жанұялық және топтық жұмыс түрлері бар. Қазіргі таңда мінез-құлық психологиясындағы әдістерді мынадай негізгі топтара жіктеуге болады:
1. мінез-құлықты өзгерту түрткісін стимулдау;
2. эмоционалды құбылыстарды түзету;
3. өзін реттеу әдістері;
4. когнитивті қайта қалыптастыру әдістері;
5. мінез-құлық ауытқушылықтарын ұсыну әдістері;
6. жағымды мінез-құлық қалыптастыру әдістері;
Мінез-құлық ауытқушылығы саналы және санасыз түрткілер механизмдері жұмыс істегендіктен өзіндік орны бар. Мінез-құлқында ауытқушылығы бар адамда девиацияны сақтауға деген тұрақты түрткі бар. өкінішке орай, қандай қиындық болса да, тұлға мінезін жақсы жағынан өзгертуге қарсылық білдіреді. Мінез-құлық өзгерту түрткісін стимулдау тұлғаға психо-әлеуметтік әсер етудің ең басты және ең қиын жұмысы деп атауға болады.
Мінез- құлық ауытқушылығы көптеген жағымсыз эмоциялармен, әсіресе, мазасыздану, қорқыныш, агрессиямен байланысты. Эмоциональды жағдайды түзетудің екі әдісі бар. Олардың күшін азайту және альтернативті реакцияларды өңдеу. Мысалы, тренинг – релаксация.
Адамның бейімделе алмаушылық мінезі көбіне мазасыздануға байланысты. Егер зерттеу барысында арнайы мазасыздану екені анықталса арнайы әдістемелерді қолдануға болады.
Эмоциональды жағдайды түзету әдістерін ойын терапиясымен, шығармашылықпен (сурет салу, сахналық қойылымдар), денелік терапиямен, гештальтерапиямен, психоаналитикалық терапиямен қатар пайдалануға болады.
Олар: «Таныстыру» тренингі. Мақсаты жеке тұлғаның өзіндік танымына, өзін-өзі айқындауына, қарым-қатынас іскерлігін арттыруға бағыт беру.Қатысушылар дөңгелене отырады. Кезекпен кезек әр қатысушыға өзін-өзі таныстыруға уақыт беріледі. Таныстыру барысында әр қатысушы аты-жөнін, жасын, қызығып айналысатын әрекетін, өмірлік мақсатын, арман тілегін, өмірде нені жоғары қоятындығын айтуы тиіс. Өз еркіне қарай мақсаты мен арманының орындалуы үшін қандай әрекеттер орындау үстінде және орындайтынын айтады. Осылайша барлық тренингке қатысушылар өздерін таныстырады.
«Айту жақсы...» тренингі. Мақсаты өзіндік ашылуын, өзіндік танымын дамыту. «Менін» анықтап, беркіту, жағдайды талдау білігін қалыптастыру. Жүру барысы: келіңіздер барлығымыз бір-бірімізге жақын тұрып шеңбер жасайық. Қолымызды шеңбердің ортасына созайық. Менің нұсқауым бойынша барлығымыз бір-біріміздің қолымыздан ұстаймыз, бірақ та жанымызға тұлғаның қолын ұстауға болмайды. Ал бастайық: бір...., екі....., үш. Енді бір-бірімізге жағымды сөз айтамыз.
«Маяк медитациясы». Мақсаты өздерінің күшті жақтарын ашуға, жеке қасиеттерін көрсетуге медитация арқылы психологиялық көмек беру, «Мен- қожайын тренингі». Мақсаты өзіне деген сеніміділігін арттыру, сенімді мінез-құлық белгілерін көрсетуге бағдарлау, «Антоним» тренингі. Мақсаты өзіне деген сенімділігін арттыру, ренішті жеңу қабілетін дамыту. Топ ішіндегі жағымды эмоциональды байланыс орнату, «сенің болашағың тренингі» мақсаты жасөспірімнің өзіндік танымын, өз болашағына деген сенімін қалыптастыру. «Арманыма саяхат» (рөлдік ойын) мақсаты жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқын түзету және олардың болашаққа деген көзқарасын қалыптастыру.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Қиын топқа жататын балалар деп кімді айтамыз?
2. Қиын топтағы балалармен жүргізілетін жұмыс түрлерін ата?
3. Суицидті балаларға қандай көмек көрсетуге болады?
4. Маяк медитациясы дегенді қалай түсінесің
5.Девиантты балаларға көмек көрсеттені стратегиялық жұмыстар түрлерін ата?
Падаланылған әдебиеттер:
1.Лесли Рай» развития навыков эффктивного общения» М-2002ж.167 бет.
2.Р.Бакли, Д.Кейпл. Теория и праактика тренинга. «Питер», 2002.
3.Практикум по социально-психологическому тренингу, Санкт-Петербург, 2000
4.О. Горбушина «Психологический тренинг» М-2007ж
5. А.Г. Каменюкин, Д.В. Ковпак «Антистресс-тренинг» М-2008.
6.Лесли Рай» развития навыков эффктивного общения» М-2002ж.
7.Д.М. Рамендик «Тренинг личностного роста» М-2008ж.
№17 дәріс. Тақырыбы: Топтық тренингті ұйымдастыру және өткізудің теориялық негіздері
Мазмұны:
Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 332 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Семинар 5 страница | | | Семинар 7 страница |