Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Татуласу сыйлайды

Жазылым. | Аялдамада | Базарда |


құрметтеу ескі

4. Сұрақнама.

1)Түркістан қаласы қай жерде орналасқан?

2)Түркістанның іргетасы қай ғасырда ұаланған?

3) Көне қалалар мен жаңа қалалардың айырмашылығы қандай?

4) Түркістанның қасында қандай қалалар бар?

5) Қожа Ахмет Иассауи кесенесі қандай ғимарат?

6) Түркістанның табиғаты қандай?

 

5. Түркістан туралы фильм. Фильмнен кейін «Түркістан – тарихи қала» тақырыбына жоба үлгісін дайындаңыз.

Жоба жасаудың кезеңдері:

ü Түркістан қаласының тарихы туралы кітаптармен танысу

ü Түркістан қаласы туралы суреттер, мәліметтер жинау

ü Түркістан қаласы тураы жарнама, ақпарат дайындау

ü Жобаны слайд арқылы көрсетіп, топпен талқылаңыздар.

 

6. «Қазақ жеріндегі тарихи қалалар» тақырыбына шығарма жазыңыз.

Әдебиеттер: [5.5], [5.6], [5.7], [5.9], [5.2.11]

Тақырып: Әлемге әйгілі қала – Астана

 
 

 


1. Фильм көріңіздер. Астанада қандай әсем ғимараттар бар?

 

2. Сұқбат. Толықтырыңыз.

– Сәлеметсің бе Нұржан! Астанаға қош келдің! Қазір біз Астананың көрікті жерлерін аралап, серуен жасаймыз.

–..............................................

– Қазір құрылыс қарқынды жүріп жатыр.

–...............................................

– Бұл – елордамыздың символы. Бәйтерек, біріншіден ең биік ағаш, екіншіден, тірек, таяныш дегенді білдіреді.

–....................................................

– Алтын шар – қазақ елінің ертеңгі бақытын білдіреді.

–.............................................

– Тағы келіңіз. Сау боп тұрыңыз!

 

3. Сөз тіркесін құрып, сөйлем құрыңыздар.

 

келу

 

 

                 
   
     
жағалауы
 
   
 
     
мәжіліс
 
   
 
     
ғимарат
 
   
 
     
нысаны
 
 
 
   
өнері
 

 


4.Аударыңыз.

§ Это комплекс «Астана-Бәйтерек»

§ Байтерек –прекрасное явление

§ Байтерек во-первых самое высокое Тополиное дерево

§ В городе есть одно прекрасное здание которое олицетворяет историческую дату.

5. Оқыңыз. Мазмұндаңыз.

«Абу Даби Плаза» кешені

Астананың тағы бір таңғажайыбы – көп мұнаралы «Абу Даби Плаза» кешені. Ол Орта Азиядағы ең зәулім ғимарат болып есептеледі.құрылыс 2011 жылы басталды. Басты мұнара 89 қабаттан тұрады. Ең биік мұнаралар солтүстік тұстан орналастырылған және даладан соғатын суық желге «сыртын» беріп тұр, ал күн панельдері оңтүстікке бағытталған. Бұл – экодизайн деп аталатан озық технологияларға сай жасалған жоба.

 

6. Топпен жұмыс. Ән айтып үйреніңіз.

 

 

Арман қала - Астана

Сөз: Е. Шаймерденұлы.Әні: М. Омаров

Ағылып Атыраудан, Алатаудан,

Көш конды Қараөткелден таласа ауған.

Жайнайды Астана ару алқасындай

Ғажайып ғимараттар жаңа салған

Қайырмасы:

Сарыарқа сауырындай

Ерке Есіл бауырында

Қаланды бой көтеріп арман қала

Арман қала,

Асыл дала

Жаңа Астана, Астана.

 

Төріне туын тігіп.

Ерекше ел еңсесі бүгін биік.

Астана - ақ ордасы қазағымның,

Астана тәж ақ маңдайға қонған сүйіп.

Әдебиеттер: [5.5], [5.6], [5.7], [5.9], [5.2.11]

 

 

ХІІІ МОДУЛЬ. ҚАЗАҚСТАН ӘЛЕМДІК КЕҢІСТІКТЕ

Тақырып: Болашақ энергиясы

Лексикалық минимум: әлемдік кеңістік, халықаралық көрме, болашақ энергиясы, әлемдік деңгей, әлемдік қауымдастық, өзекті мәселе, энергияны пайдалану, күн энергиясы, әлемге танылу, жоғары жауапкершілік, ынтымақтастықты дамыту, бірлікке шақыру, инфрақұрылымдарды нығайту, әлемдік деңгей, баламалы энергетика, биомасса энергиясы, өзекті тақырып, көрме қалашығы

1. Топпен жұмыс. « EXPO-2017» халықаралық көрмесі туралы фильм көріңіздер

 

Фильммен жұмыс:

§ Фильмдегі халықаралық көрменің мақсаты

§ Фильмдегі ғажайып жобалар

§ Халықаралық көрменің нәтижесі

 

2 .Сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.

Халықаралық көрме, болашақ энергиясы, әлемдік деңгей, іс-шара өткізу, халықаралық қауымдастық, өзекті мәселе, сайысқа қатысу, ғажайып жобалар, энергияны пайдалану, күн энергиясы, әлемге танылу

 

3. Сурет бойынша сұқбаттасыңыз.

 

4. Көрме тақырыбына сөзжұмбақ құрастырыңыз

5.Аударыңыз.

Экспо-2012 является международной выставкой, признанной Бюро международных выставок (МБВ), которая состоялась в Есу, Южная Корея с 12 мая по 12 августа 2012 года. Тема ЭКСПО: «Живой океан и побережье» и подтемы: «Сохранение и устойчивое развитие океана и побережья», «Новые ресурсные технологии» и «Творческая морская деятельность». Более 100 стран, международных организаций и 8 миллионов посетителей приехали на Экспо-2012.

 

6 .Мәтінді оқып, жаңа ақпараттармен толықтырыңыз.

EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізу үшін Қазақстан әлемдік қауымдастыққа «Болашақ энергиясы» тақырыбын ұсынды. Бұл шараны жоғары жауапкершілікпен өткізу – өте зор құрмет.

Өйткені елдер арасындағы ынтымақтастықты дамыту, бірлікке шақыру, инфрақұрылымдарды нығайту – әлемдік деңгейде өтетін кез келген іс-шараның мақтанышы. «Болашақ энергиясы» дегеніміз – жел, күн, су, ғарыш баламалы энергетика, биомасса энергиясы, атмосфераға СО2 қалдықтарын төмендету мәселелерін терең қозғайтын өте өзекті тақырып. ЭКСПО-2017 көрме қалашығы толықтай баламалы энергия көздері арқылы жұмыс істеуге көшеді.

Әдебиеттер: [5.5], [5.6], [5.7], [5.9], [5.2.11]

 

Тақырып: Байқоңыр ғарыш айлағы

 

Лексикалық минимум:ғарыш айлағы, адамзат, зымыран, пайда, зиян, зымырантасығыштың құлауы, зардап, ауаны ластау, адам жүйкесі, ағза, ғарыш апаттары, нақты дерек, ғарышкер, аумақ, ғарыш кемесі,

1.Тақырып бойынша сұқбаттасыңыз.

2.Топпен жұмыс. Сұрақтар дайындаңыз.

3.Сөйлемдерді өз ойыңызбен жалғастырыңыз.

«Протон» құлауының зардабы зор. Төгілген гептилдің зияны басқа жа­нармайдікінен кемінде 10 есе көп. Оның адам жүйкесіне, ағзасына зияны мол. Ол төгілген жерде ұзақ тұрады, ауаны ластайды................................................................................................................................................

4.Ғаламтор материалдарын қараңыз.

 
 


5.Тұңғыш ғарышкер, жерлесіміз Тоқтар Әубәкіровтің қысқаша өмірбаянын жазыңыз.

6. Толықтырыңыз.

«Байқоңыр»........ Ресей Федерациясы жалға алды. 1990 жылы «Байқоңыр»......... «Байқоңыр» ғарыш алаңы болып өзгертілді. Байқоңыр.... инфрақұрылымына 300 астам тұрғын үй, 6 қалалық қонақ үй, госпиталь, қалалық.... және т.б. жатады.

Керекті сөздер: аурухана, қаласының, ғарыш аймағы, полигон алаңы

7.Оқылым. Мәтіндегі деректермен танысыңыз. Мазмұндаңыз.

Байқоңыр ғарыш айлағы Қызыл­орда облысы, Қармақшы ауданының аумағында орналасқан. Іргесі 1955 жы­лы қаланған.

Байқоңыр әлемдегі ең ірі ғылыми ғарыш полигоны болып та­бы­лады, жалпы ауданы 6717 шаршы шақырым.

Байқоңырдан 1961 жылы 12 сәуірде адам­зат тарихында тұңғыш рет Юрий Алексеевич Гагарин «Восток» ғарыш ке­ме­сімен ғарышқа аттанды.

1991 жылы 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т.Әубәкіров «Союз Т-13» ғарыш кеме­сімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді.

Ресеймен бірлескен бағдарлама бо­йынша қазақ ғарышкері Т.Мұсабаев ға­рышта 2 рет (1994, 1998 жылдары) болды.

Әдебиеттер: [5.5], [5.6], [5.7], [5.9], [5.2.11]

Тақырып: Қазақстан – бәсекеге қабілетті ел

1. Қазақстанның пайдалы қазбалары туралы кесте дайындаңыз.

 

2. «Қазақстан экономикасының дамуы» тақырыбына жаңалықтар оқыңыз.

3. Фильммен жұмыс. Фильм бойынша тақырыпқа мәтін жазыңыз.

 

 

 

4 .Топпен жұмыс.Берілген ақпарат бойынша проблемалық сұрақтар дайындаңыз

ЕО кеңесі Орталық Азия бойынша қорытынды құжат қабылдаған. ЕО Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанмен тұрақты қатынастар орнатуға міндетеме алды. Кеңес Орталық Азия елдері арасындағы сауда және энергетикалық байланыстарды нығайту, қауіпсіздік пен тұрақтылық бойынша ынтымақтастықты күшейтуді қолдап отыр.

 

5.Толықтырыңыз.

2015жылы маусым.... 22-сі күні Қазақстан президенті Н.Ә. Назарбаев елдің Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіру жөніндегі келіссөз... аяқталғанын хабарлады.

Н.Ә.Назарбаев үндеу... мұны «тарихи оқиға» ретінде бағалады. Қазақстан.... ЕЭО-дағы серіктері арасында ДСҰ-ға ең алғаш рет 1998 жылы Қырғызстан мүше болған. ЕЭО-ға 2014 жыл.... соңында қосылған Армения да – 2003 жылдан бері ДСҰ мүшесі. Ал Ресей ДСҰ-ға 2012 жылы қабылдан.....

 

6. «Қазақстан: кеше, бүгін, ертең» тақырыбына шығарма жазыңыз.

Әдебиеттер: [5.5], [5.6], [5.7], [5.9], [5.2.11]

 

ХІV. МОДУЛЬ. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ

Тақырып: Ел болам десең, бесігіңді түзе

 
 
Лексикалық минимум: салт-дәстүр, рәсім, дастархан, шілдехана, бесік тойы, тұсау кесу, сүндет тойы, тілашар, құда түсу, сырға салу, беташар, үйлену тойы, бата беру

 


1. Сұқбатты толықтырыңыз:

– Қазақ халқының үйлену тойында болдыңыз ба?

...............................

– Сізге қандай салт-дәстүрлер ұнайды?

.................................

– Баланың тұсауын кесерде неге ала жіп дайындайды?

.......................................................

– Үлкендердің батасында қандай мағына бар?

–...............................

– Отбасыңыз қандай салт-дәстүрлерді ұстанады?

–...................................

 

2. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін ретімен жазыңыз және өз сөзіңізбен түсіндіріңіз.

Сүндет тойы, бесік тойы, шілдехана,

үйлену тойы, құда түсу, сырға салу, беташар, қыз ұзату

3.Сөйлемдерді қажетті сөздермен толықтырыңыз:

· Қазақ халқының салты бойынша дастарханға ең алдымен..... отырады

· Астан кейін ақсақалдар.. береді.

· Келін оң аяғымен.. аттайды.

· Шілдеханада нәрестенің ата-анасына «баланың........», - тілек айтылады

· Тәй-тәй... баланың тұсауы кесіледі.

Қажетті сөздер: басқан, бата, босағаны, үлкендер, бауы

берік болсын

 
 


4.Сұқбат құрастырыңыз.

 

 

 

5. Сұрақнама:

1) Шілдеханада қандай тілектер айтылады?

2) Көрімдік пен байғазының айырмашылығы қандай?

3) Қыз ұзату тойында қандай бас киім киеді?

4) Баланы қырқынан шығарғанда қандай рәсімдер жасалады?

5) Сырға салу қандай дәстүр?

 

6.Ойталқы.

Пікір алмастырыңыздар.

 


7. Тыңдалым. Мәтіндегі ойды жалғастырыңыз.

Қазақ халқының салт-дәстүрлері атадан балаға жалғасып келеді. Нәресте дүниеге келгеннен бастап, оның өмірінде салт-дәстүрлер ерекше орын алады. Салт-дәстүрлердің тәрбиелік мәні зор. Қазіргі уақытта салт-дәстүрлер жаңғыртылып, қолданысқа енген.

Әдебиеттер: [5.5], [5.6], [5.7], [5.9], [5.2.11]

 

Тақырып: Қазақ дастарқаны

 
 
Лексикалық минимум: қазақ дастарқаны, ұлттық тағамдар, қонақжай, ет тағамдары, ұн тағамдары, сүт тағамдары, дастарқан жаю, табақ тарту, сыйлы қонақ, қонақкәде, қонақасы, төрге шығару, сарқыт, бата беру,


1. Оқылым.

 
 

 


2. Сұқбат. Толықтырыңыз.

Қонақта

– Қош келдіңіз, төрге шығыңыз!

–......................................

– Дәм алыңыз. Сізге арнайы қуырдақ қуырдым.

– Тамаша!....................................

– Мына ірімшік, бауырсақ, қаймақтың дәмін көріңіз.

–.....................................................

– Қуырдақты жақсы әзірлеймін

–......................................................

– Қымыз ішісіз бе, әлде шұбат па?

–.................. Шіркін, қазақтың сусындарына не жетсін!

– Мен сізге сарқыт дайындап қойдым.

– Рахмет. Өте қонақжай екенсіз.

–...................................

– Келіп тұрыңыз. Сау болыңыз!

 

3.Жазылым. Қазақ халқының ұлттық тағамдарын білесіз бе?

Сүт тағамдары Ұн тағамдары Ет тағамдары

 

4. Жағдаяттық тапсырма. Қытайдан келген досыңызды дәмханаға шақырдыңыз. Ұлттық тағамдарға тапсырыс беріңіз және досыңызға тағамдар жайында айтыңыз.

5. Топпен жүмыс.

       
   

 


6. Мәтінге тақырып беріңіз және қосымша ақпаратпен толықтырыңыз.

Қазақ халқының дастарханы – сыйдың, құрметтің, тәрбиенің нышаны. Әжелер, аналар дастарханға дәмді тағамдар дайындау арқылы келіндерге, қыздарға үлгі-өнеге көрсете білген.

Қонақжай қазақ халқы еттен, сүттен, ұннан құнарлы тағамдар дайындаудың әдістерін меңгерген.

 

 

7. Кестемен жұмыс

Менің сүйікті асым Маған ұнайтын тағамдар Қандай тағамдар әзірлей аламын
       

8. Жатқа айтыңыз.

Бата

Дастарқаның мол болсын,

Денсаулығың зор болсын!

Достарың көп болсын

Дұшпаның жоқ болсын!

Дастарқаннан ас кетпесін,

Басыңнан бақ кетпесін!

Үйіңе жамандық жетпесін,

Төріңнен қонақ кетпесін!

Бала-шаға аман болсын,

Бақытты, бейбіт заман болсын!

Әдебиеттер: [5.5], [5.6], [5.7], [5.9], [5.2.11]

 

Тақырып: Зергерлік өнер

Лексикалық минимум: қолөнер, зергер, зергерлік бұйымдар, сырға сақина, алқа, білезік, меруерт, маржан, жаһұт, лағыл, әшекей бұйымдар, күміс, алтын,қыздардың талғамы, ою-өрнек, ұлттық киімдер,  

1.Фильммен жұмыс.

«Қыз Жібек» фильмінен үзінді көріңіздер. Фильмдегі әшекей бұйымдардың, үй жабдықтарының, жиһаздардың атауын жазыңыздар.

2. Фильмдегі батырлардың киімдері, қару-жарақ атауларын айтыңыз және заманауи киім үлгілерімен салыстырыңыз.

3. Жұптастырыңыз:

Сырға түсіру

Көрімдік аттау

Ұлттық бұйымдар

Әшекей беру

Босаға түсу

Келін ою-өрнек

Күміс салу

ұлттық киімдер кию

шолпы білезік

құда дүкені

кимешек тағу

 

4.Сергіту сәті. «Сақина тастау» ойыны.

Ойын ережесі. Ойынға жүргізуші тағайындалады. Ойынға қатысушылар тізіліп жүргізушіге қарсы отырады. Жүргізуші екі алақанының арасына сақина жасырып, ойыншылардың біреуінің қолына салады. Оны ешкім байқамауы тиіс. Соңында жүргізуші «Сакина кімде?» деп сұрайды. Ойынға қатысушылар дәл тапса, сақинаны алған ойыншы өнер көрсетеді. Ойын осы тәртіппен жалғасады.

 

5.Жазылым. Берілген сөз тіркестерімен сұраулы сөйлемдер құраңыз:

 
 

 

 


6. Мәтінді жалғастырып жазыңыз:

Ата-баларымыз ертеден қолөнермен айналысқан. Зергерлік өнер – атадан балаға, ұстаздан шәкіртке ауысып отыратын киелі өнер. Зергерлер жасаған әшекейлері қыз-келіншектердің, аналардың сәндік бұйымдарына айналды. Зергер алтыннан, күмістен құйып сырға, сақина, алқа, білезік, өңіржиек, шолпы және т.б. жасайды. Зергерлік бұйымдарға асыл тастарды да қолданады.

 

7. Өздік жұмысы. Ғаламтордан қазақ халқының ою-өрнектерінің атауларын тауып, әрқайсысына сипаттама беріңіз.

Әдебиеттер: [5.5], [5.6], [5.7], [5.9], [5.2.11]

 

ХV. Бақылау жұмысы (оқытушының таңдауы бойынша).

1. Сөздік диктант. Тест.

2. Мазмұндама, эссе

3. Сөйлесім. Жағдаяттық тапсырмалар.

4. Тыңдалым

5.Жатқа айту.

Әдебиеттер: [5.5], [5.6], [5.7], [5.9], [5.2.11]

 

8. Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар

Пәннің оқытылуы оқу әдістемелік кешенде берілген тапсырмалар А2 деңгейіне негізделіп, сөйлеу дағдысын қалыптастыру, өздерінің ой-пікірлерін білдіре алу.

Жоғарыда ұсынылған тақырыптар бойынша мазмұндама, эссе, шығарма, конспект, реферат жазу. Алған білім нәтижесінде сұраққа жауап беру, ауызекі тілде сөйлеу, өз ойын жеткізе алу,

9. Курстық жобалардың (жұмыстардың), зертханалық жұмыстар, есептік - графикалық, әдістемелік ұсыныстар және типтік есебі бойынша нұсқаулар (қарастырылмаған).

10.1 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары

СӨОЖ өткізу түрі:

1. Рөлдік ойын.

2. Топпен жұмыс.

3. Дөңгелек үстел

СӨОЖ-дің әдістемелік нұсқауы:

Төмендегі ұсынылып отырған тақырыптарды түсініп, өздерінің ой-пікірлерін сұрақ-жауап арқылы жеткізу.

Практикалық сабақтарда ұсынылған тапсырмаларды орындаңыз және топпен талқылаңыз.

Берілген тақырып бойынша тірек сөздерді аударып, сипаттама беріңіз және солардың негізінде сұхбат құрастырыңыз.

Жағдаятты дамыту кезінде лексикалық минимумды міндетті түрде қолданып, сөйлесімді дамытыңыз.

Берілген жағдаят негізінде тірек сөздерді пайдалана отырып, айтылымда өз ойыңызды жеткізіңіз.

Берілген тақырыптар бойынша мазмұндама, эссе, презентация және реферат дайындап, қорғау.

.

СОӨЖ 1

Тақырып: Әдептің басы-амандық. Үлкенге құрмет.

Тапсырмалар:

1.Сәлемдесу (амандасу) түрлерін жатқа айту.

2.Лексикалық минимумдарды есте сақтап, сөйлесімде қолданыңыз.

4. Ата-анаға байланысты мақал-мәтелдерді жатқа айту.

5. Бата-тілек түрлерін жаттау

Әдебиеттер: [5.5], [5.6], [5.7], [5.9, [5.2.11]

 

СОӨЖ 2

Тақырып: Отан туралы ұғым. Отбасы шағын мемлекет. Отбасының татулығы.

Тапсырмалар:

1.Отан, туған жер, атамекен ұғымдарын салыстырып, анықтама жазыңыз.

2. «Отбасындағы сыйластық» тақырыбына шығарма жазыңыз.

Әдебиеттер: [5.5], [5.6], [5.7], [5.9, [5.2.11]

 

СОӨЖ 3

Тақырып: Заманауи тұрмыс. Біздің үй. Қоныс той.

Тапсырмалар:

1.Лексикалық минимумдарды айтылымда қолданыңыз.

2. Қарағанды қаласындағы жаңа ғимараттарға кесте жасаңыз.

3.Ерулік дәстүрі туралы айтып, берілген жағдаят негізінде тірек сөздерді пайдалана отырып, айтылымда өз ойыңызды жеткізіңіз.

Әдебиеттер: [5.5], [5.6], [5.7], [5.9], [5.2.11]

 

СОӨЖ 4

Тақырып: Адам келбеті. Адамгершілік – асыл қасиет. Іскер адам.

Тапсырмалар:

1.Тірек сөздерді сөйлесімде қолданыңыз.

2. Ата-анаңыз немесе жақыныңыздың портретін жазыңыз.

3.Ғаламторды пайдаланып, адамгершілік туралы нақыл сөздер жаттаңыз.

Әдебиеттер: [5.5], [5.6], [5.7], [5.9, [5.2.11]

 

СОӨЖ 5

Тақырып:Уақыт өлшемдері. Қазақ халқының жыл санауы. Ұлт көшбасшысы.

Тапсырма:

1.Тірек сөздерді сөйлесімде қолданыңыз.

2. «Менің демалыс күндерім» тақырыбына мәтін құрыңыз.

3.Елбасының өмір жолын қысқаша баяндаңыз.

Әдебиеттер: [5.5], [5.6], [5.7], [5.9, [5.2.11]

 

СОӨЖ 6

Тақырып: Дені сау ұрпақ – ұлт келешегі. Менің сүйікті ісім. Ұлттық ойындар.

Тапсырма:

1.Лексикалық минимумдарды айтылымда қолданыңыз.

2. «Жаттығу залында» тақырыбына сұқбат құрастырыңыз.

3. «Менің сүйікті ісім» тақырыбына эссе жазыңыз.

Әдебиеттер: [5.5], [5.6], [5.7], [5.9, [5.2.11]

СОӨЖ 7

Тақырып: Қала өмірі. Қонақ үй қызметі. «Алтын арба» базары.

Тапсырма:

1.Тақырыпқа сәйкес сұхбаттар құрыңыз.

2.Лексикалық минимумдарды айтылымда қолданыңыз.

3. «Емханада», «Қітапханада», «Магнум сауда орталығында» тақыптарында сұхбаттасыңыздар.

Әдебиеттер: [5.5], [5.6], [5.7], [5.9, [5.2.11]

СОӨЖ 8

Тақырып: ХХІ ғасыр өркениеті. Театр. Мәдениет.

Тапсырма:

1.Лексикалық минимумдарды айтылымда қолданыңыз.

2. С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық драма театры туралы ақпарат дайындаңыз.

3. «Кинотеатрда» тақырыбына сұқбаттасыңыз.

Әдебиеттер: [5.5], [5.6], [5.7], [5.9, [5.2.11]

СОӨЖ 9

Тақырып: Академик Е.А.Бөкетов. ҚарМУ–білім ошағы. Кәсіби маман – заман талабы.

Тапсырма:

1.Лексикалық минимумдарды айтылымда қолданыңыз.

2. «Университетте», «Электрондық ресурстар залында» тақырыбында сұқбаттасыңыз.

3. «Ғалым – ұстаздар» тақырыбына реферат жазыңыз.

Әдебиеттер: [5.5], [5.6], [5.7], [5.9], [5.2.11]

 

СОӨЖ 10

Тақырып: Мамандық таңдау. Мамандығым- болашағым. Кәсіпкерлік.

Тапсырма:

1.Лексикалық минимумдарды айтылымда қолданыңыз.

2. «Мен таңдаған мамандық» тақырыбына эссе жазыңыз.

3. Қазақстандағы кәсіпкерлік жайында презентация жасаңыз.

Әдебиеттер: [5.5], [5.6], [5.7], [5.9], [5.2.11]

СОӨЖ 11

Тақырып: Жазғы демалыс. Қазақ елінің мақтаныштары. Шетелде білім алу.

Тапсырма:

1.Лексикалық минимумдарды айтылымда қолданыңыз.

2. Бурабай, Қарқаралы, Баянауыл демалыс орындары туралы жарнама дайындаңыз.

3. Назарбаев университеті туралы мәлімет беріңіз.

Әдебиеттер: [5.5], [5.6], [5.7], [5.9], [5.2.11]

СОӨЖ 12

Тақырып: Қазақстанның жер байлығы. Тарихи қалалар. Әлемге әйгілі Астана.

Тапсырма:

1.Лексикалық минимумдарды айтылымда қолданыңыз.

2. Қазақстанда өндірілетін металдарға кесте жасаңыз.

3.Тарихи ескерткіштер туралы көрсетілім дайындаңыз.

Әдебиеттер: [5.5], [5.6], [5.7], [5.9], [5.2.11]

СОӨЖ 13

Тақырып: Болашақ энергиясы. Байқоңыр – ғарыш айлағы. Қазақстан – бәсекеге қабілетті ел.

Тапсырма:

1. «Қазақстанның дамуы» тақырыбында сұқбаттасыңыз.

2. Лексикалық минимумдарды сөз қолданысында пайдаланыңыз.

3. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі тақырыбына хабарлама дайындаңыз.

Әдебиеттер: [5.5], [5.6], [5.7], [5.9], [5.2.11]

СОӨЖ 14-15

Тақырып: Ел болам десең, бесігіңді түзе. Қазақ дастарқаны. Зергерлік өнер.

Тапсырма:

1.Лексикалық минимумдарды айтылымда қолданыңыз.

2. Тәрбие туралы мақал-мәтелдерді жатқа айтыңыз..

3. Қазақ ұлттық тағамдарынан ас мәзірін жазыңыз.

4. Сөздік жұмысы. Мазмұндама (оқытушының таңдауымен).

Әдебиеттер: [5.5], [5.6], [5.7], [5.9], [5.2.11]

10.2 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары

СӨЖ 1-5

Тақырып: Әдептің басы-амандық. Үлкенге құрмет. Отан туралы ұғым. Отбасы шағын мемлекет. Отбасының татулығы. Заманауи тұрмыс. Біздің үй. Қоныстой. Адам келбеті. Адамгершілік – асыл қасиет. Іскер адам. Уақыт өлшемдері. Қазақ халқының жыл санауы. Ұлт көшбасшысы.

Тапсырма:

1.Қазақ халқының сәлемдесу мәдениеті (реферат).

2. Отбасы туралы нақыл сөздер жаттау

3. Заманауи тұрмыс (көрсетілім)

4. Елбасының өмір жолы (эссе).

Әдебиеттер: [5.5], [5.6], [5.7], [5.9], [5.2.11]

 

СӨЖ 6-10

Тақырып: Дені сау ұрпақ – ұлт келешегі. Менің сүйікті ісім. Ұлттық ойындар. Қала өмірі. Қонақ үй қызметі. «Алтын арба» базары. ХХІ ғасыр өркениеті. Театр. Мәдениет. Академик Е.А.Бөкетов. ҚарМУ–білім ошағы. Кәсіби маман – заман талабы. Мамандығым - болашағым.

Тапсырма:

1.Қазақстанның болашағы – дені сау ұрпақ (шығарма).

2. Қарағанды қаласына саяхат (көрсетілім).

3. Қазақ өнері (реферат)

4.Е.А.Бөкетов шығармашылығы (конспект).

5. Мен таңдаған мамандық (шығарма).

Әдебиеттер: [5.5], [5.6], [5.7], [5.9], [5.2.11]

СӨЖ 11-15

Тақырып: Қоршаған орта. Қазақ елінің мақтаныштары. Шетелде білім алу. Қазақстанның жер байлығы. Тарихи қалалар. Әлемге әйгілі Астана. Болашақ энергиясы. Байқоңыр ғарыш айлағы. Қазақстан – бәсекеге қабілетті ел. Ел болам десең, бесігіңді түзе. Қазақ дастарқаны. Зергерлік өнер.

Тапсырма:

1. Қазақстан туризмінің дамуы (реферат).

2. Тарихи ескерткіштер (көрсетілім).

3. ЭКСПО - 2017 көрмесі (конспект).

4.Ұлттық тағамдар ерекшелігі (баяндама).

Әдебиеттер: [5.5], [5.6], [5.7], [5.9], [5.2.11]

10.3 Жазбаша жұмыстар тақырыптары

Реферат тақырыптары:

1. Ғалым – ұстаздар

2. Қазақ халқының сәлемдесу мәдениеті

3. Қазақ өнері

4. Қазақстан туризмінің дамуы

Бақылау жұмыстарының тақырыптары:

1. «Отбасындағы сыйластық» тақырыбына шығарма жазу

2. «Менің сүйікті ісім» тақырыбына эссе жазу..

3. «Мен таңдаған мамандық» тақырыбына эссе жазу

 

5 бөлімдегі әдебиеттерден басқа әдебиеттер тізімі:

1.Маманов И.Қазіргі қазақ тілі. – Павлодар, 2010.-182бет.

2.ҚаримовА.Н. Педагогикалық қызмет және педагогикалық шеберлік негіздері: оқу құралы.– Алматы, 2010.

3. Құрманова Н.қазақ тілін дамыта оқу технологиясы.– Астана 2010

4.Дүйсембекова Л. Қазақ тілі. – Алматы, 2011

5. Сұлтанова Ғ., Сатқаева З. Жаңаша оқыту – заман талабы. – Алматы, 2011

Ескерту: Сыртқы бөлім студенттері курс бойынша жазба жұмыстарын «Факел» автоматтандырылғын алыстан оқыту ілеспе программасы бойынша жіберу қажет.

 

10.4 Курстық жұмыстар тақырыптары (қарастырылмаған)

 

11. Құжаттардың есеп түрі, оқу, өндірістік және диплом алды пратикаларының әдістемелік нұсқаулары (қосымша 2) (қарастырылмаған)

12.1 Студенттердің білімін бағалау критерийі

Бақылау түрі 50 - 100
Ағымдық 50 - 100
Аралық 50 - 100
Қорытынды 50 - 100
Барлығы: 50 - 100
Балдар Бағалау өлшемдері
90-100 5 үздік Студенттер төмендегі әрекеттерді іске асыра алады Сөйлеу 1. Сұхбат сөзінің сипаттамаларының сақталуы. 2. Сөйлеудің мазмұндылығы (коммуникативтік ниеттің іске асырылуы, қақпа сөздердің өзара байланыстылығы, олардың көлемі) 3. Сөз ілтипатының ынталығы мен жылдамдылығы. 4. Тыңдалған тілдік тәсілдердің функционалдық және коммуникативтік (ауызекі формуланың барлығы және орындылығы жағдаятқа, қарым-қатынас ауқымына сәйкестілігі). 5. Тілдің (дауыс ырғағы, лексика-грамматикалық) жағынан дұрыстығы. 6. Тақырыпты ашу, ойын айтудың мағыналық-мазмұндық сатылығы және сөйлеудің ырғағы. Жазба сөз 1. Шетел тілінде жазылатын мәтіннің құрылым ережелерін сақтау (ресми хат, эссе, мақала, пікір). 2. Жазбаша мәтіннің мазмұндылығы және көлемі (сөйлеу ниеттілігінің болуы берілетін ақпараттың нақтылығы, нормативтік талаптарға сәйкестілігі). 3. Лексикалық толықтылық грамматикалық дұрыстылық (орфография және тыныс белгілері ережелерін сақтау). Тындап түсіну 1. Жалпы мазмұнын түсіну (бейнефильмдердің, радиохабарлардың, сұхбаттың, жалпы сұрақтарға жауап, көптің ішінен таңдау арқылы тест тапсырмаларын орындау). 2. Тындау арқылы мәтіннің типін және тақырыбын анықтау. 3. Басты ақиқат фактілерді, түйінді сөздерді қайталай тыңдау барысында ерекше айқындау. 4.Тыңдалатын мәтіннің негізгі фактілерін берілген логикалық жүйеде айтып шығу. Оқу 1. Жалпы мазмұнын түсіну (кітапша, конспект, каталог т.б. жалпы сұрақтарға жауап беру, тест тапсырмаларын орындау). 2. Мәтінді толық түсіну (газеттер мен журналдардағы мақалаларды және т.б.); (кейбір нақтылықтарға, фактілерге байланысты сұрақтарға жауап беру, ең бастыны болмашыдан және т.б. айыра білу). 3. Қойылған мақсатқа сәйкес қажетті ақпаратты жылдам табу.
75-89 4 жақсы Сөйлеу 1. Диалог сөздің сипаттамаларының сақталуы. 2. Сөйлеудің мазмұндылығы (коммуникативтік ниеттің іске асырылуы, қақпа сөздердің өзара байланыстылығы, олардың көлемі). 3. Сөз ілтипатының ынталығы мен жылдамдылығы. 4.Тілдің (дауыс ырғағы, лексика-грамматикалық) жағынан дұрыстылығы және сөйлеудің ырғағы. Жазба сөз 1.Шетел тілінде жазылатын мәтіннің құрылым ережелерін сақтау (ресми хат, эссе, мақала, пікір). 2.Жазбаша мәтіннің мазмұндылығы және көлемі (сөйлеу ниеттілігінің болуы берілетін ақпараттың нақтылығы, нормативтік талаптарға сәйкестілігі). Тындап түсіну 1. Жалпы мазмұнын түсіну (бейнефильмдердің, радиохабарлардың, сұқбаттың, жалпы сұрақтарға жауап, көптің ішінен таңдау арқылы тест тапсырмаларын орындау). 2.Тындау арқылы мәтіннің типін және тақырыбын анықтау. 3. Басты ақиқат фактілерді, түйінді сөздерді қайталай тыңдау барысында ерекше айқындау. Оқу 1. Жалпы мазмұнын түсіну (кітапша, конспект, каталог т.б. жалпы сұрақтарға жауап беру, тест тапсырмаларын орындау). 2. Мәтінді толық түсіну (газеттер мен журналдардағы мақалаларды және т.б.); (кейбір нақтылықтарға, фактілерге байланысты сұрақтарға жауап беру, ең бастыны болмашыдан және т.б. айыра білу).
50-74 3 қанағаттанарлық Сөйлеу 1.Сұхбат сөзі сипаттамаларының сақталуы. 2.Сөйлеудің мазмұндылығы (коммуникативтік ниеттің іске асырылуы, қақпа сөздердің өзара байланыстылығы, олардың көлемі). 3. Сөз ілтипатының ынталығы мен жылдамдылығы. Жазба сөз 1. Шетел тілінде жазылатын мәтіннің құрылым ережелерін сақтау (ресми хат, эссе, мақала, пікір). 2. Жазбаша мәтіннің мазмұндылығы және көлемі (сөйлеу ниеттілігінің болуы берілетін ақпараттың нақтылығы, нормативтік талаптарға сәйкестілігі). Тындап түсіну 1. Жалпы мазмұнын түсіну (бейнефильмдердің, радиохабарлардың, сұхбаттың, жалпы сұрақтарға жауап, көптің ішінен таңдау арқылы тест тапсырмаларын орындау). 2.Тыңдау арқылы мәтіннің түрін және тақырыбын анықтау. Оқу Жалпы мазмұнын түсіну (кітапша, конспект, каталог т.б. жалпы сұрақтарға жауап беру, тест тапсырмаларын орындау).
0-49 қанағаттанарлық cыз Сөйлеу 1.Диалог сөзінің сипаттамаларының сақталуы. 2.Сөйлеудің мазмұндылығы (коммуникативтік ниеттің іске асырылуы, қақпа сөздердің өзара байланыстылығы, олардың көлемі). Жазба сөз 1.Шетел тілінде жазылатын мәтіннің құрылым ережелерін сақтау (ресми хат, эссе, мақала, пікір). Тындап түсіну 1. Жалпы мазмұнын түсіну (бейнефильмдердің, радиохабарлардың, сұхбаттың, жалпы сұрақтарға жауап, көптің ішіен тандау арқылы тест тапсырмаларын орындау). Оқу Жалпы мазмұнын түсіну (кітапша, конспект, каталог т.б. жалпы сұрақтарға жауап беру, тест тапсырмаларын орындау).

12.2 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары

1.Амандасуға байланысты мақалды табыңыз.

A) Cәлем – сөздің анасы

B) Балалы үй базар

C) Тәрбие отбасынан басталады

D) Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

E) Бала тілі – бал

*****

2.Бәйтеректей саялы,

Алақаның аялы

.....................

Бұл ән қалай аталады?

A) Әпкешім

B) Ағалар

C) Әкетай

D) Ағажан

E) Анажан

*****

3.Аяқтаңыз. Ата-ананың қадірін......

A) ауырғанда білерсің

B) кеш түсінесің

C) өзіңе қарап білесің

D) бала кезіңде түсінбейсің

E) балалы болғанда білерсің.

*****

4.Қыздың баласы кім болады?

A) немере

B) бауыр

C) іні

D) нағашы

E) жиен

*****

5.Отан ұғымына сәйкес сөздерді табыңыз.

A) аула, көше, даңғыл

B) аялдама, көлік, тұрғын

C) атамекен, аймақ, ел

D) қоштасу, сәлемдесу, танысу

E) бағдарлама, дәрісхана, білім

*****

6. Қазақ халқының айналу-толғану сөздерін атаңыз.

A) кел, отыр, жоғары шық

B) сөйлесейік, тілдесейік

C) хабарла, тыңда, жаз

D) рақмет, ризамын, жолың болсын

E) айналайын, құлыным, ботам

*****

7. Отбасының тірегі кім?

A) бала-шаға

B) туған-туыс

C) жора-жолдас

D) ата-ана

E) көршілер

*****

8.Қоныс тойын қандай тілек айтылады?

A) Бақытты болыңдар!

B) Бауы берік болсын!

C) Жасы ұзақ болсын!

D) Жолдарың болсын!

E) Қоныс құтты болсын!

*****

9. Тұйық етістікті тіркесті табыңыз

A) Заманауи үлгі

B) Әдемі түсқағаз

C) Сәнді үй

D) Жаңа бағдарлама

E) Күрделі жөндеу

*****

10. Киіз үйдің құрал-жабдықтарын атаңыз

A) қабат, пәтер, дәліз

B) шаңырақ, уық, сықырлауық

C) бөлме, үстел, орындық

D) сандық, қолшатыр, әшекей

E) құм, саз, қыш

*****

11. Адамның сыртқы келбетін сипаттаңыз

A) Ол халықаралық олимпиадаға қатысады, ойы ұшқыр.

B) Оның салған суреттері көрмеге қойылды

C) Оның бойы ұзын, денесі шымыр, көзі қара, шашы бұйра

D) Ол спортпен шұғылданады, ән айтады, поэзиядан да хабары бар

E) Оның шығармашылығы республикаға танымал

*****

12. Дұрыс аударманы көрсетіңіз.


Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 498 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Наубайшы| Знать свое место

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.132 сек.)