|
– Қай базарға барасың?
– «Алтын арба» базарына
– Ал, мен «Арай» базарына барамын
– Жүр, үлкен базарға барайық
– Жоқ, біздің үйге «Арай» базары жақын
– Базардан не аласың?
–.........................
–.........................
–..........................
–........................
2. Рөлдік ойын. «Базардағы сауда» тақырыбына топпен ойын ұйымдастырыңыздар.
Ойынға қатысушылар: саудагер, сатып алушылар
3. Жағдаяттық тапсырма. Базарда ыдыстың түрлері көп. Бірақ сіздің ас бөлмеңізде (немесе ас үйіңізде) кейбір ыдыстар жетіспейді. Ыдыс атауларын анықтап алыңыз және досыңызбен ақылдасыңыз.
4.Сұрақнама:
1) Базарға жиі барасыз ба?
2) Қарағандыда сізге қандай базар ұнайды?
3) Сіз үшін базардағы сауда тиімді ме?
4) Базардағы тауар құны мен дүкендегі тауар құнының айырмашылығы қандай?
5) Базардағы азық-түліктің сапасы қандай?
6) Қалада әлеуметтік сауда орталықтары бар ма?
5.Сөйлемдерді аяқтаңыз.
Мен бүгін «Шығыс» базарына барып,........................................
Базарда өзіңе ұнаған затты таңдайсың және................................
Көк базарда өрік, шие, жүзім,........................................................
Базардағы құрылыс материалдарының бағасы төмен болғандықтан,................................................................................
Тамызда оқушыларға арналған оқу құралдарының жәрмеңкесі....,
.......................................................................................
6.Тыңдалым. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыз.
« Алтын арба» базары Қарағанды қаласының орталығында орналасқан. Базардың жұмыс істеу тәртібін базар әкімшілігі бақылайды. Базарда киім-кешектер, әшекей бұйымдар, балаларға арналған тауарлар, азық-түлік, өндіріс тауарлары, құрылыс материалдары, үй жиһаздары сатылады.
«Алтын арба» базарында көтерме және бөлшек сауда үшін жеке дүңгіршектер бар. Базардағы тауар құны халыққа қолжетімді.
Әдебиеттер: [5.5], [5.6], [5.7], [5.9], [5.2.11]
VIII МОДУЛЬ. ӘЛЕУМЕТТІК – МӘДЕНИ САЛА
Тақырып: ХХІ ғасыр өркениеті
|
1. Берілген сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңыз:
|
(Ғимарат, нысан, мұражай, театр, кино, балет, ғажайып, көркем, әсем, сән, сұлулық, ойын-сауық, саябақ)
2. Сөйлемдерді толықтырыңыз:
3.Сұқбатты толықтырыңыз және жалғастырыңыз
– Астана қош келдің, бауырым!
– ……………………………….
– Мен бүгін уақытымды саған арнаймын
– Рақмет, Астананың соңғы салынған сәулет өнерімен танысқым келеді
– ……………………………….
– Бәйтерек өте әдемі, алыстан көз тартады
– ………………………………
– Есілдің сол жағалауында қандай әкімшілік ғимараттары салынған?
– ……………………………..
– Саған президент саябағын, өнер академиясын көрсеткім келеді
– ………………………………
4. Жазылым:
Бүгін Астанада Күләш Бәйсейітова атындағы опера және балет театрында қандай қойылым көрсетіледі? Хабарландыру (афиша) жазыңыз.
5. Жұптастырыңыз:
Думан монументі
Еуразия ұлттық мұз айдыны
Тәуелсіздік қонақ үйі
Қазақстан мұражайы
Өлкетану ойын-сауық кешені
Медеу университеті
6. Кестені толтырыңыз:
Астана аумағы | Астана халқының саны | Қоғамдық мәдени орындар | Әкімшілік ғимараттар | Спорт кешендері | Ойын-сауық кешендері |
7. Оқылым: Мәтінді өз сөзіңізбен мазмұндаңыз.
ХХІ ғасыр өркениеті
Жаңа Астана – тәуелсіз Қазақстан үшін жарқын келешектің нышаны. Жаңа Астана – ежелгі қазақ жерінің төрі.
Астана келбеті – ұлт келбеті. Тарихымыздың ертеңі бұдан былай жаңа Астанада жалғасын табады.
Жаңа Астананың қаласы да, адамдардың санасы да жаңа болсын! (Н.Ә.Назарбаев)
Әдебиеттер: [5.5], [5.6], [5.7], [5.9], [5.2.11]
Тақырып: Театр
Лексикалық минимум: мәдениет, өнер, құштарлық, әсемдік, әдемілік, бейне, қойылым, сахналық шеберлік, сұлулық салоны, рөлде ойнау, сән үлгісі, бейнелеу өнері, классикалық музыка, театрға шақыру |
1. Жазылым. Мына сөздерге толық анықтама беріңіз: театр, режиссер, қойылым, драма, комедия, трагедия, композиция, сюжет, опера, балет
2. Сұқбаттасыңыз.
– С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театры қай жерде?
–................................
– Бүгін «Әпке»қойылымы болады. Билет бар ма екен?
–...............................
– Мен сізді театрға шақырамын. Барғыңыз келе ме?
–................................
– Театр тамаша, әдемі ғой
–..................................
– Қойылым ұнады ма?
–...................................
– Актерлердің шеберлігі керемет!
–...................................
– Келесі жолы мен сені театрға шақырамын.
–...................................
3. Жағдаят.
Кешке досыңызбен мейрамханаға барасыз. Жаңа сәнмен шашыңызды қидырып, бояғыңыз келеді. Кәсіби шаштаразбен кеңесіңіз.
Сұқбат. Сұлулық салонында
4. Жазылым.
Сөз тіркестерімен шағын мәтін құраңыз: мемлекеттік университет, М. Әуезов атындағы кітапхана, адамгершілік қасиеттер, көркем фильм, әсемдік әлемі, бейнелеу өнері, сән үлгісі, шаштараздың тәжірибесі, рөлде ойнау, атақты актер, белгілі режиссер, классикалық музыка.
5. Қандай киім үлгісін таңдайсыз? Өз талғамыңызды көрсетіңіз.
Қалай киініп бару керек?
Туған күн кешіне | Театрға | Мәжіліске | Мейрамханаға |
6.Топтық жұмыс. Әсемдік, сұлулық, сымбаттылық жайында нақыл сөздер, мақал-мәтелдер жаттаңыз.
7. Мәтінді өз ойыңызбен жалғастырыңыз:
Театр – мәдениет негізі. Театрда болған адам өнерге құштар болады. Өмірдегі жақсы мен жаманды түсінеді. Әсемдік, әдемілік өнерде. Театрға жиі барыңыз..........................................................
Әдебиеттер: [5.5], [5.6], [5.7], [5.9], [5.2.11]
Тақырып: Мәдениет
Лексикалық минимум: ұлт, мәдениет, еуропалық құрметтеу, мағына, адамгершілік, зиялы, өркениет, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті, сөйлеу мәдениеті, талғам, адамды тану, надандық, тарихи ескерткіштер |
1. Ұлы Абайдың қандай шығармаларын білесіз? Бір шығармасын жатқа айтыңыз.
2.Тыңдалым. Есте сақтаңыз! Қысқаша айтыңыз.
Адам ата-анасынын туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп адам білімді болады. (Абай)
3.Жаттап алыңыз және осы сөздермен сөйлем құраңыз.
Абайдың қара сөзінен:
Надандық – білім-ғылымның жоқтығы
Еріншектік – өнердің дұшпаны
Залымдық - адам баласының дұшпаны
3.Сұрақнама. Қарағанды қаласына саяхат.
4. Қарағанды қаласындағы мұражайларды атаңыз
5. Қалада қандай театрлар бар?
6. Спорт кешендерін білесіз бе?
7. Қарағандыда қандай тарихи ескерткіштер бар?
8. Қаладағы белгілі қонақүйлер, мейрамханаларды атаңыз.
9. Қаладағы белгілі кәсіпорындарды айтыңыз.
10. Қарағанды өңірінде туған атақты өнер адамдары туралы не білесіз?
4. Сөйлесім.
Сұқбат: Мейрамханада.
5. Ой қозғау. Берілген сөз тіркестерімен күрделі сөйлемдер жазыңыз:
Саябақтағы көріністер
6. Жазылым. Мәтінді өз ойыңызбен аяқтаңыз.
Саябақта
Қарағандыда мәдени және демалыс саябағы бар. Мереке күндері отбасымызбен «Ертегілер қалашығына» барамыз. Кешкі уақытта саябақта адам көп болады. Саябақта серуендеу маған ұнайды.
Әдебиеттер: [5.5], [5.6], [5.7], [5.9], [5.2.11]
ІХ МОДУЛЬ. ОҚУ-КӘСІБИ САЛА
Тақырып:Академик Е.А.Бөкетов
Лексикалық минимум: бастама, ғылыми сала, кәсіби сала, аударма, әдебиетші, шығармашылық, ғылыми еңбектер, халық өнері, ірі тұлға, тұңғыш ректор, іс-шара, |
1.Сұқбат.
– Біздің университет академик Е.А.Бөкетов есімімен аталады
– Иә, мені академиктің шығармашылығы қызықтырады
– Бөкетов химик ғана емес, тамаша аудармашы, әдебиетші.
– Бөкетов кімнің шығармаларын қазақ тіліне аударған?
В.Маяковскийдің, И.Василенконың, Э.Золяның туындыларын аударған.
– Қандай ғажап! Өзі химик, металлург болса да жан-жақты ғалым.
– Университетте академиктің үлкен мұражайы бар. Барасың ба?
– Әрине, барғым келеді.
– Мұражайда ғалымның отбасымен, жеке қолданған заттарымен, шығармашылығымен, ғылыми еңбектерімен танысуға болады.
– Ертең мұражайда кездесейікші.
– Кездесейік!
2. Бірнеше сөз тіркесін жасаңыз.
Бөкетов бастамасы Алғашқы ректор
a)..... бастамасы а)..... ректор
b)..... бастамасы в)...... ректор
Ғылыми орталық Шебер аудармашы
a).... орталық а).... аудармашы
b).... орталық в).... аудармашы
Химия саласы Докторлық диссертация
a)... саласы а)..... диссертация
b)... саласы в)..... диссертация
Сирек металдар Мыс комбинаты
a).... металдар а).... комбинаты
b).... металдар в).... комбинаты
3.Сөйлемдерге сұрақ құрыңыз.
· 2015 жылдың 29 сәуірінде академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Бірлік – тәуелсіздік тірегі» атты халықтық өнер фестивалі өтті.
· Ебіней Арыстанұлы Бөкетов 1925 жылы 23 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Шал ақын ауданы, Бағанаты ауылында дүниеге келген.
· Ебінейдің әкесі Арыстан етікші, анасы Бәлтай үй шаруасында болған.
· Ғалым С.Есениннің «Анна Снегина» поэмасын, А.С.Пушкиннің «Қолбасшы» өлеңін қазақ тіліне аударды.
· Е.А. Бөкетов – адамгершілігі мол, ақкөңіл, жан-жақты, мәдениетті тұлға.
4.Топпен жұмыс. Е.А.Бөкетов туралы фильм көріңіз.
5.Мұражайдағы материалдар негізінде сұқбат құрастырыңыз.
6. Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.
Тұңғыш ректор
Қазақстан Ғылым академиясының академигі, КСРО Жазушылар одағының мүшесі, химия және металлургия саласындағы ірі ғалым, талантты жазушы және аудармашы Е.Б. Бөкетов 1972 жылы Орталық Қазақстанда ашылған Қарағанды мемлекеттік университетінің тұңғыш ректоры болып тағайындалды. Е.А.Бөкетов басқарған сегіз жыл ішінде университете білім, тәрбие, ғылым саласында классикалық университет дәрежесіне көтерілді.
2015 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде академик Евней Арыстанұлы Бөкетовтің 90 жылдық мерейтойына арналған ғылыми іс-шара өтті.
Әдебиеттер: [5.5], [5.6], [5.7], [5.9], [5.2.11]
Тақырып: ҚарМу- білім ошағы
Лексикалық минимум: Е.А.Бөкетов есімі, мамандық, қызмет түрлері, мұражай, басылым, мәдени өмір, халықаралық ұйым, ұлы хартия, мәдениет сарайы, жастар ісі жөніндегі комитет, жастар әлемі, жоғары білім, шетелдік студент, түлектер, университет тарихы |
1. Топпен жұмыс. www.ksu.kz сайты бойынша «Жастар әлемі» газетінен университет жаңалықтарымен танысыңыз. Қысқаша ақпарат беріңіз.
2.Сұрақнама.
1) Университет қай жылы құрылды?
2) Университетке Е.А.Бөкетов есімі қай жылы берілді?
3) Университетте неше мамандық бар?
4) Қанша факультет бар?
5) Университетте студенттер үшін қандай қызмет түрлері көрсетіледі?
6) Университетте қандай мұражайлар жұмыс істейді?
7) Студенттерге арналған қандай басылым бар?
3.Өз мамандығыңыздан басқа қандай мамандықтарды білесіз? Үлгі бойынша анықтама беріңіз.
4.Толықтырыңыз.
· Студенттер мәдениет сарайы университет.... мәдени өмірінің орталығ... болып табылады.
· Университеттегі «Жарқын» халық би ансамблі — республика.... және халықара...., бүкіләлемдік жастар мен студенттер фестивалі.... лауреаты.
· Қарағанды мемлекеттік университеті физика-техникалық факультеті.... радиофизика және электроника кафедрасы мектеп оқушылары арасында электроника бойынша олимпиада өткізе.....
· 2005 жылдың мамыры.... ҚарМУ халықаралық ұйымдарының бірі – Университеттердің Ұлы Хартиясы... мүше болды
5.Мәтінмен танысып, өз факультетіңіз жайлы мәлімет жазыңыз.
Тарих факультеті
Тарих факультетінің негізі 1938 жылы қаланған. Қарағанды педагогикалық институтында тарих-филология факультеті жұмыс жасады. 1966 жылы жеке тарих факультеті құрылды. 1940 жылы Қарағандыда алғашқы тарихшы түлектер шықты. Сол уақыттан бастап 5 мыңнан аса маман даярланған.
Әдебиеттер: [5.5], [5.6], [5.7], [5.9], [5.2.11]
Тақырып: Кәсіби маман – заман талабы
Лексикалық минимум: кәсіби маман, заман талабы, бәсекеге қабілетті, кәсіп иелері, бос орын, хабарландыру, кәсіпорын, кәсіпті меңгеру, өз ісінің маманы, кәсіби байланыс, әріптес, ынтымақтастык, ұжым, мекеме, басқарма, әкімшілік, ұйым |
1. Сөйлесім. Берілген кәсіп иелері немен айналысады?
Диқан
Бағбан
Бақташы
Балықшы
Саятшы
Етікші
Ұста
Зергер
Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 491 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Аялдамада | | | Наубайшы |