Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жазылым.

Базарда | Наубайшы | Татуласу сыйлайды | Знать свое место |


«Қолжетімді тұрғын үй - 2020» мемлекеттік бағдарламасы туралы не білесіз?

7.Мәтінді оқып, сұрақ құрыңыз.

Назерке мен Нияз – жас жұбайлар. Олар жақында Қарағанды қаласында «Мемлекеттік тұрғын үй» бағдарламасы бойынша он екі қабатты үйден жаңа пәтер алды.

Кеше олар қоныстойын тойлады. Қоныстойға жақындары, туыстары және әріптестері келді. Қонақтар шашу шашып, «Қоныс құтты болсын!» «Қоныс жайлы болсын!» деген жақсы тілектер айтты.

Әдебиеттер: [5.5], [5.6], [5.7], [5.9], [5.2.11]

ІV МОДУЛЬ. МІНЕЗ ЖӘНЕ КЕЛБЕТ

Тақырып: Адам келбеті

 
 


1. Суретке қарап, адамның сыртқы келбетіне қатысты сөздерді жазыңыз:

 
 


2. Үлгіге қарап, досыңыздың (немесе танысыңыз) келбетін суреттеңіз

Мен танысымның сыртқы келбетін суреттеймін. Танысымның аты – Бекарыс. Оның жасы жиырмада. Оның бойы ұзын. Бекарыстың дене бітімі келісті, шымыр. Өйткені ол спортпен айналысады. Ол толық та емес, арық та емес. Бекарыс қара торы жігіт. Оның көзі қара және ойлы. Шашы қара, қалың. Кірпіктері өте ұзын емес. Бекарыстың мұрны қыр мұрын, ерні қалың. Танысымның құлағы қалқан емес. Маңдайы кең, ашық. Бекарыстың қолы, аяғы қысқа емес, ұзын, себебі оның бойы биік. Бір сөзбен айтқанда, менің танысым сымбатты, тартымды жігіт.

3. Толықтырыңыз. Керекті барыс септігін таңдап, қарағанда сөзімен бірге орнына қойыңыз

 
 


1. Сымбат... Аиданың шашы қара екен.

2. Сіз... сіңіліңіздің бойы ұзын.

3. Былтыр... биыл жаз ыстық болатын сияқты.

4. Саягүл... Сара шығармашылықпен ерте айналысты.

5. Мұрат.... Арман ұқыпты да жауапты студент.

4. Сөздерді сәйкестендіріңіз.

       
 
қысқа Қыр Қиғаш әдемі Томпақ бұйра Толық Мұрт Көзілдірік жасанды  
 
кірпік тағу пен сақал бойлы мұрын дене шаш бет көз қас  


 
 


5.Қыздардың шаш үлгісі қандай?

6.Оқылым. Мәтінге тақырып қойып, егіз бауырдың ұқсастығы мен айырмашылығын айтыңыз.

Менің егіз ағам бар. Біреуінің аты - Дулан, екіншісінің аты- Думан. Екеуінің де көзі қара, шашы қоңыр. Мінездері екі түрлі. Думан ашық. Дулан көп сөйлемейді.

Думанға қарағанда Дуланның бойы ұзын.

Алғашқы болып дүниеге келген Думан, 10 минуттан кейін дүниеге Дулан келді. Қазір олардың жасы жиырма бесте.

Олар студент. Думан болашақ хирург, ал Дулан инженер болады

Әдебиеттер: [5.5], [5.6], [5.7], [5.9], [5.2.11]

Тақырып: Адамгершілік – асыл қасиет

Лексикалық минимум: қайырымдылық, кішіпейілділік, қамқорлық, жанашырлық, адамгершілік, мейірімділік, жылылық, бауырмалдық, іскер,мінез-құлық, кең иықты, аққұба, сымбатты, жүрегі таза, асықпай, биязы, тура қарай алмау, жас бала, ұялу, өтімді, ақкөңіл, абзал адам, аяулы,

1. Жазылым. Мына сөздермен сөз тіркесін құраңыз.

2. Берілген сөз тіркестерін аударыңыздар.

Высокий человек, рослый парень, бородатый дедушка, девушка в очках, усатый сосед, коренастый знакомый, худая девочка, длинные рыжие волосы, смеющиеся голубые глаза, игривые черные глаза, тонкие черные брови, толстые красные губы, ровные белоснежные зубы, широкий открытый лоб, короткие руки, тонкие пальцы, больной желудок, красивые ногти, теплая ладонь, левая нога, правая рука, доброе сердце, широкое лицо.

 

3. Мінез-құлықты білдіретін тұрақты сөз тіркестерін жаттап алып, олармен сөйлем құраңыздар.

Далбасамен уақыт өткізу - Бесцельно проводить время

Адамға санамау - Не считать за человека

Өз орнын білу - Знать свое место

Мінез көрсету - Показать характер

Арсыз-ұятсыз - Ни стыда ни совести

Құлағының ұшына дейін қызару - Покраснеть до кончиков ушей

Кеңірдектен алу - Взять за горло

Жегені желкесінен шықты - Ему это боком вышло

Құшақ жайып- С распростертыми объятиями

Сықиып киіну - Одеваться с иголочки

Абыройын төгу - Уронить авторитет

Өзіне өзі қожа - Сам себе хозяин

Бір-біріне сайма-сай - Один под стать другому

4.Бос орынға керекті сөзді қойыңыз:

Досыңа............. бол.

Қарттарға....... көрсет.

Сараң сөзінің антонимі.......

Кәсіпкер мүгедек балаларға.....

жасады.

Сыйлассаң,..... боларсың.

Ақ халатты абзал жандар адамдарға...... көрсетеді.

Менің ағам өз ісіне........

5. Жазылым.Адамның асыл қасиеттеріне антоним жазыңыз.

шыншыл екі жүзді
   
   
   
   

6.Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Рамазан орта бойлы, кең иықты, көзі тостағандай, аққұба, әдемі жігіт болатын. Кісіге жаманшылық ойламайтын, жүрегі таза, досым деген кісіге жанын беретін. Рамазан асықпай, биязы сөйлейтін. Бетіне қарап қаттырақ сөйлеген адамға тура қарай алмай, жас бала сияқты екі беті қып- қызыл болып ұялатын. Қыздардың арасында ол өтімді болды.

Рамазанның жасы бәрімізден үлкен боды. Біз оны қатты сыйладық. Ақкөңіл, абзал азам әрқашан достарына ақылын айтатын. Ол достары үшін аяулы аға сияқты болған.

(К. Кенжетаев)

Әдебиеттер: [5.5], [5.6], [5.7], [5.9], [5.2.11]

Тақырып: Іскер адам

Лексикалық минимум: іскерлік, ұйымдастырушылық қабілет, жоспар құру, шешім қабылдау, адалдық, шыншыл, дербес, дұрыс бағалау, жақсы қарым-қатынас, сенімді, мақсат қою, еңбектену, талап теу, жауаптылық, адамдарға көмектесу, жол табу, ұқыптылық, зерек, адами құндылықтар

1. Тыңдалым.

Іскер әйелдің бейнесі

 

«Компания Фудмастер» ЖШС-нің қаржы директоры, Бауыржан Измаилов:

– Біз әйелдер туралы ескіше ойлаймыз. Қазақ отбасында қыз баланы отбасын құруға дайындайды. Біздің елімізде дербес, іскер, шешімді тез қабылдайтын батыл әйелдер көп. Мен іскер әйел бойында мейірімділік пен даналықты бағалаймын.

«Иртыш Бизнес Банк» басқармасының мүшесі, филиал директоры, Нұржан Серік:

– Әйел, менің ойымша, ақылды және талапты болумен қатар, әдемі де нәзік болу керек. Шығыс әйелдеріне тән нәзіктік киім киюде, сөйлесуде еуропалық классикамен үйлессе, қазіргі уақытта толық жауап береді. Іскер әйелдің жетістігі оның ұйымдастыру қабілетіне, істі жоспарлай білуіне байланысты

2. Мәтіннен мына мағынада жұмсалған сөздерді табыңыз.

Тұрмысқа шығу –

Әзірлеу –

өз бетінше –

өзіне сенімді –

адамдарды жақсы көру –

дұрыс жол табуға көмектесетін қасиет –

мақсатқа жету –

шығыс әйеліне тән қасиет –

істі дұрыс табу –

 

3.Өзара сұқбаттасыңыз.

 
 

 


Мінезі қандай болу керек?

Қандай киім кию қажет?

Ортада өзін қалай ұстау керек?

Нені ойлау қажет?

Іскер адам мақсатты болу керек пе?

 

4. Телефонмен іскерлік сұхбат құрастырыңыз.

 

5. Сұрақнама.

1) Сіз күніне қанша сағат жұмыс істейсіз?

2) Университеттен уақытында қайтасыз ба?

3) Университетте сағат кешкі 18.00-ден кейін жиі қаласыз ба?

4)Үйіңізге қайтуға асығасыз ба?

5) Отбасыңызбен жиі уақыт өткізесіз бе?

6) Сабақтан үйге көлікпен қайтасыз ба?

6.Мақал-мәтелді жаттап алыңыз

v Бақыт кілті еңбекте

v Не ексең, соны орарсың

v Еңбек түбі береке

v Еңбексіз өмір сөнген көмір

v Еңбектің көзін тапқан, Байлықтың өзін табады.

v Еріншектің ертеңі бітпес

Әдебиеттер: [5.5], [5.6], [5.7], [5.9], [5.2.11]

V МОДУЛЬ. УАҚЫТ ЖӘНЕ АДАМ

Тақырып:Уақыт өлшемдері

 
 
Лексикалық минимум: уақыт, мерзім, шақ, сағат, тәулік, күндіз, таңертең, кешкілік, түнде, тәулік бойы, күндіз, үзіліссіз, күнде, түстен кейін, кесте бойынша, таңертеңнен кешке дейін, күні бойы, кешке, ара қашықтық, жолақысы, уақытылы  


1. Сұраққа жауап беріңіз: Уақыт қанша?

               
     
   
 


2. Үлгіге қарап, автобустардың жүру кестесін құрастырыңыз:

Үлгі:Қарағандыдан Теміртауға дейін 36 шақырым. Автобус автобекеттен таңертең сегізден алты минут кеткенде шығады, сағат тоғызда Теміртауға жетеді. Жолақысы -200 теңге.

р/с Қайдан? Қайда? Ара қашық-тығы, шақы-рым Шығу уақы-ты Келу уақыты Жол-ақысы
  Қарағанды Теміртау   08:06 09:00 200 теңге
  Астана Қарағанды        
  Астана Алматы        
  Қарағанды Балқаш        
  Қарағанды Бішкек        
  Қарағанды Новосибирск        

3. Бір күндік жоспарыңызды жазыңыз.

4. Бос орынға керекті сөздерді орналастырыңыз: тәулік бойы, күндіз, үзіліссіз, күнде, түстен кейін, кесте бойынша, таңертеңнен кешке дейін, күні бойы, кешке.

 

Дүкен

Емхана

Банк жұмыс істейді.

Дәмхана

Мейрамхана

Мамандар

Оқытушылар

Күзетшілер жұмыс істейді.

Кеншілер

Шекарашылар

 

5. Мәтінді басқаша құрастырыңыз:

Бүгін сәрсенбі. Сәрсенбі – сәтті күн. Таңертең ерте тұрып жұмысқа барамын. Кабинетімде компьютермен жұмыс істеймін. Ғаламторда жаңалықтармен танысамын. Түстен кейін қазақ тілі курсында боламын. Кешке конференцияға дайындаламын. Жоспарланған жұмысты уақытылы істеу пайдалы.

 

6. Уақытқа байланысты тұрақты сөз тіркестерін жалғастырып, жатқа айтыңыз:

v Қас қағымда

v Көзді ашып жұмғанша

v...........................

v...........................

v...........................

v...........................

 

Әдебиеттер: [5.5], [5.6], [5.7], [5.9], [5.2.11]

 

Тақырып: Қазақ халқының жыл санауы


1. Кестемен жұмыс. Қазақша өз жыл санауыңызды біліңіз:

Атаулар жылы жылы жылы
тышқан      
сиыр      
барыс      
қоян      
ұлу      
жылан      
жылқы      
қой      
мешін      
тауық      
ит      
доңыз      

 

2. Қазақстандағы мерекелік күндерді ретімен жазыңыз:

 
 

 


3. Ғаламтор, газет-журнал материалдарын пайдаланып, өз жұлдызнамаңыз туралы мәлімет дайындаңыз.

4. Сұхбат. Кәсіби мерекелерді білесіз бе?

5. Берілген үлгіні қолданып, бірнеше сөйлем құраңыз:

       
   


Орынбор қаласы 1920 жыл дан 1925 жыл ға дейін Қазақстанның астанасы болды.

Қазақстан астаналары

1920 ж.-1925ж. Орынбор қаласы

1925ж.-1927ж. Қызылорда қаласы

1927ж.-1997ж. Алматы қаласы

1997ж. Астана қаласы

6. Туған күнге шақыру қағазын дайындаңыз

 
 


7. Мәтінді қызықты деректермен жалғастырыңыз.

Ежелден қазақ халқы күнделікті өмірде жұлдыздарды

пайдаланған. Жұлдыздардың әрқайсысына ат қойған. Жұлдыздарды Шолпан, Жетіқарақшы, Темірқазық деп атаған. Жұлдызшылар жұлдыздар арқылы адамның болашағын болжаған.

Қазақстар Үркер жұлдызына қарап уақытты белгілеген және ай мен жұлдызға қарап, ауа райын болжаған.

Әдебиеттер: [5.5], [5.6], [5.7], [5.9], [5.2.11]

Тақырып: Ұлт көшбасшысы

Лексикалық минимум: ұлт көшбасшысы, қоғам қайраткері елбасы, тұлға, балалық шақ, еңбек жолы, кейіпкер, оқиға, жасөспірім, мәлімет, ежелгі, аңыз, өлке

1. Сөйлесім: Қоғам қайраткері Н.Ә.Назарбаевтың отбасы және балалық шағы туралы сұхбат құраңыз.

2.Қазақстанның тұңғын президенті Н.Ә.Назарбаевтың еңбек жолына байланысты кесте құрыңыз:

Қай жылдары? Қайда еңбек етті?
1960—1969 жылдары Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
   
   

3. Елбасының оқыған оқу орындарын атаңыз.

Үлгі:1) 1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін бітірген

4. Фильммен жұмыс. „ Балалық шағымның аспаны„ фильмін көріп, қысқаша сюжетін жазыңыз.

А)Фильмнің режиссері

Ә)Фильмдегі басты кейіпкерлер

Б)Фильмдегі басты оқиға

5. Елбасының бастамасымен Қазақстанда ашылған оқу орындары туралы мәлімет дайындаңыз:

6.Жазылым. Мәтіндегі ойды жалғастырыңыз және „Менің сүйікті кейіпкерім„ тақырыбында эссе жазыңыз.

Жасөспірім шағында Нұрсұлтан тек өз сыныбында ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды. Сабақты өте жақсы оқыды. Ол кітап оқуға құмар еді. Бала кезінде әке-шешесі осы өлкеде өмір сүрген бабалары туралы әңгімелер айтып, әндер шырқайтын. Кез келген қазақ баласы білуге міндетті жеті ата туралы айтатын. Ол, әсіресе, ежелгі аңыздарды ықыласпен тыңдайтын.

Әдебиеттер: [5.5], [5.6], [5.7], [5.9], [5.2.11]

VI МОДУЛЬ. САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ

Тақырып: Дені сау ұрпақ – ұлт келешегі

Лексикалық минимум: салауатты өмір салты, мәдениет, рухани, сүйікті іс, бос уақыт, жаттығу, тамақтану, демалу, спортпен айналысу, зиянды әдеттер, аулақ болу, дұрыс тамақтану, тиімді пайдалану, таза ауа, араласу

1.Кестені толтырыңыз:

Келісемін Келіспеймін
Спортпен айналысамын. Бос уақытымды достарыммен өткіземін. Майлы тағамдарды ұнатамын. Күніне 3-4 сағат ғаламторда отырамын. Майлы тағамдарды ұнатамын. Жиі таза ауада серуендеймін. Уақытылы тамақтанамын. Күндіз ұйықтаймын. Жеміс-жидектерді көп пайдаланамын. Саябақта қыдырамын. Таңертең жүгіремін Тәтті тағамдарды, газдалған сусындарды ұнатамын. Телефонмен көп ­­­­­­­­­­­­­­сөйлесемін.

2.Сұқбаттасыңыз:

– Сіз бапкерсіз бе?

–..................

– Жасөспірімдердің спортқа қызығушылығы қалай?

–.........................

– Олимпиада чемпиондары еліміздің патриоттары емес пе?

– Әрине,.................

– Ауылдың жастары өте талапты. Қалаға келгелі менің де спортпен айналысқым келеді.

–......................

– «Еңбек»спорт кешені қайда орналасқан?

3.Топпен жұмыс. Пікір алмастырыңыз.

§ Жасөспірімдер мәселесі

§ Дәрумендердің пайдасы

§ Зиянды әдеттер

4.Сөздерді орын тәртібімен орналастырыңыз:

a) саласы, келеді, Қазақстанда, дамып, туризм,

b) қаласында, «Шахтер», командаларының, және, арасында, Қарағанды, жарыс, «Ақтөбе», өтеді, футболдан.

c) Шегу, адамның, зиян, шылым, денсаулығына, өте,

d) Шомыламын, суық, ерте, және, жүгіремін, таза, таңертең, суға, ауада.

5. Денсаулыққа, тазалыққа, мәдениеттілікке байланысты мақал-мәтелдер жазыңыз. Мағынасын түсіндіріңіз.

6. Мәтінмен жұмыс. Мәтін бойынша сұқбат құрастырыңыз:

Жастық шағында адамның күші, денсаулығы мықты болады. Жастар бос уақытында сүйікті ісімен айналысуға тырысады. Салауатты өмір салтын ұстану – бос уақытты тиімді пайдалану, мәдени және рухани демалыс. Қазіргі заманғы жастар спортпен айналысуды, күнделікті жаттығуды әдетке айналдырған. Дұрыс тамақтану, уақытылы демалу адам денсаулығына пайдасын тигізеді. Зиянды әдеттерден аулақ болу – салауатты өмір сүрудің бір шарты.

Әдебиеттер: [5.5], [5.6], [5.7], [5.9], [5.2.11]

 

Тақырып; Менің сүйікті ісім.

 
 
Лексикалық минимум: сүйікті іс, би өнері, табыс, өсу, қалыптасу, дене бітімі, дене қимылы, өзін ұстауы, әдемілік, әсемдік, табыс, жауапкершілік, танымал, қызығушылық,күн тәртібі, мамандық иесі, әдеп сақтау

 


1. Белгілі бір мамандық иесінің күн тәртібі жоспарын құрыңыз.

2. Жазылым. Дұрыс тамақтанудың ережесін білесіз бе?

3. Ережені жалғастырыңыз1

1)

– Театрда әдеп сақтау керек.

– Театрда телефонмен сөйлесуге болмайды

–.........................................................

–...........................................................

–..........................................................

 

2)

– Қоғамдық көліктерде дауыс көтеріп сөйлеуге болмайды

– Қоқыс тастауға болмайды

–.......................................................

–...........................................................

–............................................................

4. Ән тыңдаңыз. Қай жанрдағы (классикалық, дәстүрлі, рок, поп,) музыканы сүйіп тыңдайсыз? Мысалдар келтіріңіз.

5. «Менің сүйікті ісім» тақырыбына эссе жазыңыз.

6. Мәтінге ұқсас мәтін құрастырыңыз.

Менің атым – Әмина. Мен хореограф болып мектепте жұмыс істеймін. Бала кезімде аулада балалармен билейтінмін. Би өнері мені қызықтырады. Әжем менің кәсіби биші болғанымды қалайды. Әр адам сүйікті ісімен айналысса, табысты болады.Би өнері балалардың әдемі өсіп қалыптасуына әсерін тигзеді. Тек жауапкершілік қажет. Бишінің ден қимылы, өзін ұстауы әсемдікке, әдемілікке тәрбиелейді. Болашақта әлемге танымал биші болғым келеді.

Әдебиеттер: [5.5], [5.6], [5.7], [5.9], [5.2.11]

Тақырып: Ұлттық ойындар

 
 
Лексикалық минимум: ұлттық ойындар, ойын ережесі, ежелгі ұлттық ойын, қарама-қарсы тұру, әткеншек, көпшілік, жастар, өнер, тәрбиелеу, асық, тоғызқұмалақ, көкпар, қыз қуу, тәрбиелік мағына  


1. «Қазақтың ұлттық ойындары» тақырыбына сұқбаттасыңыз.

2.Бір ұлттық ойынның ережесін жазыңыз.

3.Есте сақтаңыз! Басқа ойын түрлерін табыңыз.


4.Ұлттық ойындар тақырыбына бейнефильм көріңіз және көрсетілім дайындаңыз.

5.Мәтінді оқып, оқытушымен сұқбаттасыңыз.

Алтыбақан – қазақтың ежелгі ұлттық ойыны. Қыз бен жігіт алтыбақанға қарама-қарсы тұрады, үшінші адам тербетеді. Олар қосылып ән айтады. Халық оны әткеншек деп те атайды. Ойын көпшілікке арналған. Жастарды өнерге тәрбиелейді.

6.Топпен жұмыс.

Сабақ барысында бір ойын түрін көрсетіңіздер.

Әдебиеттер: [5.5], [5.6], [5.7], [5.9], [5.2.11]

VII МОДУЛЬ. ӘЛЕУМЕТТІК-ТҰРМЫСТЫҚ САЛА

Тақырып: Қала өмірі


1. Сіз қай қалада тұрасыз? Мекенжайыңызды толық жазыңыз.

 
 

 


2.Сұқбатты толықтырыңыз.


Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 425 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Инструкция по входному контролю и хранению химического поглотителя известкового ( ХП-И ) и снаряжению регенеративных патронов| Аялдамада

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.058 сек.)