Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Глосарий

WEB- ТЕХНОЛОГИЯЛАР | Тапсырма. | Тапсырма. |


Аймақтық, интранет (региональный – Metropolitan Area Network MAN) - бір қала, аудан, мемлекет ішіндегі біртектес мекемелер компьютерлерін біріктіреді. Бұлар бір мекемеге, ұйымға немесе министрлікке кіретін жабық желілер, мысалы, қорғаныс министрлігінің, мұнай компанияларының ішкі желісі.

Ауқымды, ғаламдық (глобальные – Wide Area Network, WAN) - бірнеше мемлекетті, континенттерді немесе бүкіл әлемді қамтитын ашық желі түрі.

Бір деңгейлі компьютерлер желісі (біррангылы) - мұнда желіні басқаруда барлық компьютерлер тең құқықты болып саналады. Басқаша айтсақ, кез келген компьютер мәлімет алмасу үшін бір-бірімен сәйкес келетін программалармен жабдықталған. Олардың барлығы да желіні кезектесіп басқару ісіне араласа алады.

Бір орталықтан басқарылатын желі, мұнда бір компьютер-сервер желі жұмысын басқарады. Жергілікті желілер көбінесе бір сервер арқылы басқарылады.

Гипермәтін - қосымша элементтерді басқару мақсатында ішіне арнаулы код, яғни екпінді элемент (аnchor) орналасқан мәтін.

Десте (Пакет-Раскet) дегеніміз - желі арқылы тасымалданатын хабарламалардың базалық бірлігі. Пакеттер көлемі шағын болады, олардың әрқайсысы жеке жөнелтіліп, адреспен және де басқа қажетті ақпаратпен қамтамасыз етіледі (қателерді тексеру кодтары, т.с.с).

Желі сервері - бұл желіге қосылған және желіні қолданушыларға белгілі бір қызмет жасайтын, мысалы ортақ қолданылатын мәліметтерді сақтау, баспаға беру, мәліметтер базасын басқару жүйесіне (МББЖ) деген сұранысты өңдеу, т.б. жүмыстарды атқаратын компьютер.

Жергілікті (локальный – Local Area Network, LAN) - бір мекеменің ғимараты көлеміндегі немесе жақын тұрған ғимараттарда орналасқан компьютерлер жабық желісі. Мұндай желіге 10-20 шамасында компьютерлер біріктіріледі (ара қашықтықтары 10 км-ға дейін).

Жол - соңғысында қажетті файл сақталған бумалар мен ішкі бумалардың тізбегі. Бумалардың атаулары бір-бірінен қиғаш сызық арқылы бөлініп жазылады.

Жұлдыз топологиясы бойынша орталық түйінді кейде мультиплексор, көп портты қайталауыш немесе шоғырлауыш деп атайды. Оған жүмыс станцияларының арасында байланыс жасау міндеті жүктелген. Бұзылған түйінді желінің кұрамынан шығарып тастау мүмкіндігі осы қүрылымның ыңғайлы жағы болып табылады. Бірақ, егер орталық түйін бұзылса, онда барлық желі жүмыс істей алмайды.

Интернет - бүкіл әлемдегі миллиондаған шағын компьютерлік желілерді бір-бірімен байланыстырып тұрған орасан зор компьютерлік желі, ол хаттама деп аталатын бірыңғай стандартпен жұмыс істейді.

Интерфейс - төменгі деңгейдің жоғарғы деңгейге бере алатын функциялар жиыны.

Клиент - сервер қызметін пайдалана алатын кез келген компьютер.

Сервер - сыртқы жады көлемі өте үлкен, жұмыс өнімділігі жоғары компьютер. Ол бірігіп пайдаланылатын бағасы қымбат ресурстарды басқару арқылы басқа компьютерлерге қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

Сервер адресі - мәліметтер сақталған компьютердің домендік атауы.

СSS – Cascading Style Sheets (Стильдердің сатылы кестелері) – гипермәтіндік мәліметтер мазмұнын олардың экрандағы бейнелену формасынан бөліп орындауға мүмкіндік беретін кұрал болып табылады.

Теlnet - компьютердің желідегі басқа компьютердің терминалы ретінде тіркелетін қызмет түрі болып табылады. Қашықтағы компьютерден программаларды іске қосып, оқу орындарының кітапханаларын көріп, олармен өз компьютеріміздегідей жұмыс істеуге мүмкіндік береді (өңдеу және түзету әрекеттерімен қоса).

Файл атауы - өзіміз іздеп отырған файлдың аты. Оның кеңейтілуі, мысалы web-парақтар үшін - html, ғылыми мақалалар сақталған файлдар үшін - pdf, т.с.с. болады.

Файлдық сервер - желіні қолданушылардың мәліметтерін сақтайтын және осы мәліметтермен олардың жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін компьютер. Осыған орай бұл компьютерде үлкен дискілік кеңістік болады. Файлдық сервер пайдаланушылардың мәліметтерді бір уақытта қолдануын қамтамасыз етеді.

Факс-сервер - жергілікті желіні пайдаланушыларды қарапайым және факсимильді мәліметтермен қамтамасыз етуді іске асыратын құрылғы немесе компьютер.

Физикалык стиль деп каріптің түрленуі жайлы броузерге берілетін нақты нұсқауларды айтады. Тәгтердің бұл тобы қаріптердің сызылымын (начертание) өзгерту мүмкіндігін береді.

Хаттама - адрестің алғашқы бөлігі, ол адрестің басқа бөліктерінен қос нүкте және екі қиғаш сызықпен (://) ажыраты-лып жазылады. Қатынас құру әдісі http, ftp түрінде берілуі мүмкін.

Хаттама дегеніміз - желідегі компьютерлер арасында байланысты қамтамасыз ететін ережелер мен стандарттар жиыны.

Хаттамалар стегі (тізімі) - бұл жүйелерді байланыстыруды ұйымдастыруға қажетті әр түрлі деңгейдегі хаттамалар жиыны.

Хост (host - ағылшын тілінен аударғанда «қонақтарды қабылдайтын қожайын» деген мағынаны білдіреді) - «клиент-сервер» ортасының сервер режимінде кез келген бір қызметтер түрін көрсететін құрылғы. Көп жағдайда хост ретінде жергілікті немесе ауқымды желіге қосылған сервер-компьютер қарастырылады

Шиналық топология - ең арзан түрі, бірақ бір байланыс арнасы істен шықса, желі жұмысы бұзылады. Оның үстіне, бір мезетте бір ғана арна арқылы бірнеше компьютердің мәлімет алмасуы үшін арнайы программалық жабдықтама жасалуы керек.

Шлюз - мәлімет алмасудың әр түрлі хаттамаларын қолданатын, әр түрлі желі обьектілері арасындағы мәлімет алмасуды ұйымдастыратын құрылғы.

ІRС (Интернет Relay Chat - ) Интернет арқылы тікелей хабарласу немесе чат) - мұнда мәлімет алмасу нақты уақытта тікелей жүргізіледі.

ІР-телефония - бұл Интернетті немесе кез келген ІР-желісі арқылы телефонмен сөйлесу технологиясы.

ІСQ (I seek you- мен сені іздеймін) - желі тұтынушыларына нақты уақыт кезеңінде (масштабында) хат-хабарлармен алмасып, бірден чат (сһаt - әңгіме) құрып, файл жіберіп, әңгімелесуге мүмкіндік беретін қызмет түрі.

SМТР (Simple Mail Transfer Protocol) - электрондық поштаның арнайы (Е-таі1) хаттамасы. Электрондық пошта SМТР, РОРЗ сияқты екі хаттама арқылы жұмыс атқарады. Алғашқысы мәлімет ішінде гиперсілтеме қолдануға мүмкіндік береді, ол хаттарды жақын жердегі серверге жөнелтеді, ал РОРЗ - мәлімет алушы маңындағы серверге келіп түскен ақпаратты керекті компьютерге жіберуді қамтамасыз етеді.

Usenet - желі бойынша таралып орналасқан пікір таластыру клубы, телеконференциялар, жаңалықтар тобы (News).

Wеb технологиялар дегеніміз - ақпаратпен жұмыс жасау концепциясы. Компьютерлік желілер Wеb технологиялардың техникалық негізі болып табылады.

Wеb-парақ - бұл Бүкіләлемдік өрмектің ең кіші логикалық бірлігі, қайталанбас URL арқылы идентификацияланған құжат, экрандағы құжаттың бір беті.

Wеb-сайт - бір серверде орналасқан, ұқсас тақырыптар бойынша топтастырылған, жеке тұлғаның немесе мекеменің web -парақтары жиыны.

Web-құжат дегеніміз- тэгтермен толықтырылған мәтіндік файл.

WWW (World Wide Web - дүниежүзілік өрмек) - Интернеттегі гипермәтіндік ақпарат іздеу жүйесі, оны Web деп те айта береді.


Дәрістік кешен

 

1-дәріс

Тақырып. Интернет ұғымы. Жалпы мағлұмат.

Жоспар:

1. Интернет құрылымының жалпы принциптері.

2. Internet-пен қатынас кұру

Кілттік сөздер: Телекоммуникация, Интернет, дүниежүзілік өрмек, хаттама.

Иллюстрациялық материал: слайд,СИН каз – электрондық оқулығы, Интернет желісі

20-ғасырдың соңында ақпаратты өңдеу, сақтау, беру ерекше орын ала бастайды. Ақпараттарды алыс жерлерге әр түрлі күйде беру үшін (мәтін, сурет, дыбыс) радио, телетайп, телеарна сондай ақ әлдеқашан пайда болған телекс, телефакс, компьютерлік коммуникациялар сияқты әртүрлі техникалық әдістер жасап шығарылған. Қазіргі уақытта ақпаратты дистанционды берудің бұл түрлерін “телекоммуникация” деп атайды. Гректің tele - алыс, қашық және латынның communicatio - қатынас деген сөздерінен шыққан.

60-жылдардың соңында мемлекеттік ұйымдардың компьютерлерді қолдану масштабының өсуіне байланысты барлық мәліметтерді ортақ пайдалану мүмкіндігін кеңейту қажеттігі туды. Осы мәселені шешу мақсатында ARPA (Advanced Research Projects Agency) ұйымы APRANET деп аталатын компьютерлер торабын құрды. Содан кейін ARPA және басқа үкіметтік ұйымдардың бірлесуі арқылы осы торапқа басқа да бір-бірінен үлкен қашықтықта орналасқан ұйымдар да қосылды. Бұл торап та APRANET деп аталды. Кейіннен осы торап Internet-тің бастамасы болды. APRANET торабындағы компьютерлер саны күннен күнге жоғары қарқынмен өсіп отырды.

Internet-ке жақындатқан тағы бір қадам 80-жылдарда жасалды. Бұл кезде National Science Foundation (NSF) ұйымы әскери мекемелер мен басқа да ұйымдарға өздерінің суперкомпьютерлерінің ресурстарына кіруге мүмкіндік берген еді. Сөйтіп NSFNET торабы пайда болды.

World Wide Web (немесе жай ғана Web) 60-жылдарда жасалған әлемдік компьютерлік торапта Internet-тің қолданылуын ыңғайлатады. Алғашқы кезде Internet-пен жұмыс істеу (сонымен қоса, осы торапқа қосылған компьютерлерден мәлімет алу) қолданушының көптеген командаларды білуін қажет етті.

Іnternet (бас әріппен жазылса) – кез-келген компьютерді жер шарында орналасқан басқа жұмыс станциясымен, яғни телефон арнасына қосылған басқа компьютермен жылдам байланыстыратын Дүниежүзілік Торап. Оны дүниедегі ең үлкен ауқымды торап деп атайды. Осылай телефон арнасы арқылы байланыса алатын компьютерлер бір-бірімен TCP/ІP хаттама ережелерімен мәлімет алмасады, оларды бір тілде “сөйлейді” деп айтса да болады. Дүниежүзілік Халықаралық телефон желісі сияқты оны ешкім басқармайды, ол ешкімнің жеке меншігі емес. Міне, осы Интернет торабы көмегімен электрондық почта арқылы хабар алып, басқа компьютерлердегі ақпаратты көріп, қашықтан телеконференцияларға қатынасу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар.

TCP/ІP – Интернет торабына қосылған компьютерлер арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін мәліметтердібір жүйеге келтіру ережелері немесе оларды құрастыру хаттамасы.

ІP (Іnternet Protocol) – мәліметтерді оны алушының адресі көрсетілген шағын тақырыптары бар бірнеше бөліктерге немесе дестелерге бөлетін торапаралық хаттама.

TCP(Transmіsson Control Protocol) – мәліметті жөнелту ісін басқаратын хаттама, ол тораптағы ақпарат дестелерін дұрыс жеткізу үшін жауапты болып саналады.

Интернет торабын пайдалана отырып, үйден шықпай-ақ, көптеген елдерді, қалаларды аралап, музейлерді, кітапханаларды көріп, дүниежүзілік мәдени және ғылыми жетістіктермен танысып, оларға өркениетті елдің азаматы ретінде өз үлесіңізді қосып, өзіңізді дүниенің бір кішкене бөлігі ретінде сезіну мүмкіндігіне ие боласыз.

Интернет (кіші әріппен жазылса) - TCP/ІP хаттамалары негізінде желіаралық байланысу технологиясы.

Тұрақты қосылып тұратын байланыс - мұнда жеке компьютер тікелей TCP/IPжелісіне қосылған (Transmission Control Protocol/ Internet Protocol - жеткізуді баскару протоколы/интержелі протоколы) түрінде болады, бұл INTERNET -тің бір шеткі бөлігі, яғни жеке компьютер мекемедегі желімен тұрақты байланыстағы негізгі компьютермен жалғасып тұр. Мұндай байланыс ерекшеленген немесе тұрақты тікелей байланысдеп аталады.

Ерекшеленген немесе тұрақты тура байланыс тек ірі компаниялар мен корпорацияларда болады. Провайдер-компания осындай мекемеде бағдарлауыш орнатып, бағдарлауыш INTERNET кызмет ететін компьютермен (хост-компьютері) косатың телефон каналын жалдап алады. Телефон каналы мен Internet арасындағы байланыс тұракты сакталады, сондықтан провайдер-компаниясының компьютерімен байланысуға телефон шалу кажет емес, ауқымды желіге әрбір адам өз компьютерімен кіреді де, қалаған жеріне Internet арқылы мәлімет жібере (алады) береді.

Қосылып тұратын тура байланыскөбінесе SLIP, Point-to-Point Protocol немесе РРР деп аталады (Serial Line Internet Pro­tocol — тізбекті желі үшін Internet хаттамасы, Compessed Slip — тығыздалған Slip, Point-to-Point Proprotocol — "нүкте-нүкте" хаттамасы). Ал XRemote деп аталатын байланыс түрі сирек кездеседі, бұл да TCP/IP секілді, бірақ телефон каналын тұрақты пайдалануға негізделген, ыңғайлылығы жағынан бүл түр түрақты қосылып тұрмайтын байланыстан кейінгі орында тұр.

Тұрақты қосылып тұрмайтын байланыс қымбаттылығына қарай әр компьютнрге қойылмайды да, оның орнына Slip (арзан болғандықтан) қолданылып келеді. Ол желіге телефон арқылы қосылатындықтан, модем мең бір телефон номірі қажет болады. Солар аркылы хост-компьютермен байланыс орнатылған соң, Slip-пен қосылып тұрмайтын байланыс аралығында (жылдамдығынан басқа) ешбір езгеріс жоқ.

Почталық байланыс.Internet-пен қосыла алатын бірнеше почталық байланыс түрлері бар. Провайдері CompuServe болып келген компьютерлер бірден Internet-пен почталык байланысқа кіре алады. Олар өз почтасың Internet-ке беріп, одан да бірден хат-хабар ала береді. CompuServe жүйссінде почта адресі аддына Internet деп жазып қойылады. Бұл ортада әр түрлі тақырыптардағы дискуссияларға қатысу үшін LISTERV жүйесін пайдаланған абзал. Осы секілді почталық байланыстар желілік көмек (network gateways) деп аталады, олар Internet желісімен шектеулі тәсілдер арқылы байланысады.

Почталық катынастың колмен терілетін терминалдық байланыс түріндегі тағы бір түрі бар, бірақ ол тек почта жүйесімен ғана қосыла алады. Тағы да UUCP деген почталық байлаыыс түрі бар, онда байланыс тек осы мақсат үшін жұмыс істейтін программа арқылы орнатылады (Бүл туралы келесі сабақта айтылған).

 

2-дәріс

Тақырып. Web жүйесімен қатынас құру тәсілдері. Web технологиялар.

Жоспар:

1. Браузерлермен жұмыс.

2. Іздеу серверлерімен жұмыс.

 

Кілттік сөздер: браузер, хатттама, адрес.

Иллюстрациялық материал: слайд, СИН каз – электрондық оқулығы, Интернет желісі

Web жүйесімен жұмыс істеудің бірнеше тәсілі бар. UNIX операциялық ортасында сервистік қызмет көрсететін, компания жасап қойған, арнайы команда арқылы WWW браузерімен оңай байланысу жолы бар. Оны іске қосу үшін www немесе Ііпх сөздерін енгізу керек.

Егер тұрақты қызмет атқару қажет болса немесе тікелей теру арқылы байланыс орнату керек болып жатса, өз WWW браузеріңізді пайдалану мүмкіндігі де бар.

Қолданылып отырған тәсілге карамастан сіз гипермәтіндік файлдарда мәліметтерді іздеп таба алатын браузермен жұмыс істей аласыз. Енді біз желіні пайдалану кезінде жұмыс істеуге тиіс Internet Explorer графиктік браузерімен сіздерді таныстыралық. Әрине бұдан басқа да браузерлер бар, мысалы, Netscape Navigator, бірақ Windows 98 жүйесі өз Internet Explorer программасының ішкі браузерімен жабдықталады. Windows жүйесінің басқа түрлерінде де арнаулы бірден бекітіліп берілетін ішкі браузерлер болады, олармен жұмыс істеу де ыңғайлы. Ал егер кейбір себептермен сіз Internet Explorer-мен жұмыс істетіңіз келмесе, онда Netscape Navigator браузеріне немесе басқасына оңай ауыса аласыз және олардағы жалпы жұмыс істеу ережелері бір-біріне ұқсас болады.

Сонымен FTP-серверімен жұмыс істеуді меңгерсеңіз және Web жүйесінің бірнеше адресін білсеңіз, онда желіге кіріп жұмыс істеу қиын болмайды. Адресті білмесеңіз де, өзіңізге керекті информацияларды тақырыбы арқылы іздеу ісіне кірісіп кете бересіз.

Internet Explorer немесе Navigator іске қосылса, браузер автоматгы түрде, сіз араласпай-ақ, "өз" серверімен байланыс орната береді. Ал, егер де Internet Explorer жүйесімен жұмыс істейтін болсаңыз, онда бірден Microsoft компаниясының WWW сервері парағымен байланысатыныңыз есіңізде болсын, оған мынадай мәлімет енгізілсе,

http://www.home.microsoft.com/int/ru

Internet Explorer терезесі көрсетілгендей болады. Мұнан кейін "лифт" көмегімен парақтың төменгі жағына өтіп, өзіңізге керекті акпаратты таңдайсыз. Курсорды ерскшеленген мәтін бөлігіне алып барып тышқанды бір рет шертіңіз, браузер осы тандап алынған жаңа мәтін бетін сіздің өз машинаңызға жеткізеді.

Біздің жағдайда курсорды "Internet-те парақты іздеу үшін осы сілтемені таңдаңыз" (выберите данную ссылку) деген сөзге, яғни оның ерекшеленіп тұрған үзіндісіне алып барып, тышқанның сол жақ батырмасын шертеміз. Сол сәтте браузер сіздің компьютеріңізге Internet-тегі информация Іздеу жүйелерінің жиі қолданатын бірнеше адресі көрсетілген кезде парақты шығарады да, сіздің іздеу шарты көрсетілген (критерий) информация енгізуіңізді және "іздеу" батырмасын басуыңызды өтінеді.

Web каталогтары кітапхананың жүйелік каталогтары тәрізді жасалып, олар "Спорт", "Компьютерлер", "Ойындар" сияқты рубрикаларға жіктелген. Каталогтан өзіңізге керекті тақырыпты тауып алып, оның ішінен Wеb-тегі түйінді сөздер тізімінен іздеуді бастауға болады.

Көптеген серверлердегі тізімдерде әрбір түйінді тақырып кысқаша сипатталып отырады да, одан негізгі тақырыпка өту жолы (парақтагы емес) көрсетіліп тұрады.

Бірақ Web каталогтары мәтін парактарының тек аз бөлігін көрсетеді, ал "дүние жүзілік өрмекте" одан басқа толып жатқан мәліметтер жиыны бар екені түсінікті болар. Мұнда да AltaVista, HotBot немесс Lycos сияқты іздеу серверлері іске қосылады, оларда серверге өзіңізге керекті тақырыпты көрсетсеңіз, Web парақтарынан осы салаға байланысты бар мәліметтерді қарап шығу мүмкіндігін аласыз.

Іздеу процесі адамның қатысуынсыз орындалатын болғандықтан, іздеу серверлері каталогтарға карағанда көптеген мәліметтерді қамти алады. Бірақ сіз оларды сұрыптай отырып, мыңдаған парақтан тұратын информация ішінен керектісін тандауыңыз қажет.

3-дәріс

Тақырып. HTML тілі және оның негізі

Жоспар:

1. HTML құжатының құрылымы

2. HTML элементтері

Кілттік сөздер: гиперсілтеме, тэг

Иллюстрациялық материал: слайд, СИН каз – электрондық оқулығы

 

HTML (Hyper Text Markup Language-гипертексті белгілеу тілі.) HTML тілі автономиялық Web құжаттарында қолданылады. Гипертекст, яғни көлемді текстке (мәтін) қосымша элементтер кіреді: суреттеу, сілтемелер қондырғы обьектілері. Гипертексті ашу үшін қолданылатын,және мағыналық мазмұны жағынан оңай бөліп қарайтын белгілерді түсінуге арналған кодтар қолданылады. Бұл кодтарды қолдану үшін HTML тіліндегі ерекшелік,қатаң ережелер сақталады.Құжат интернетке кең көлемде шығатындықтан, шығу құжатының апсолюттік дәлдігі сақталады. Құжат графикалық экранда шығады. Бұл жағдайда HTML-ді белгілеу назарға алыну керек.Сондықтан HTML тілі құжатты фарматтау үшін емес, ал оны функцыаналдық белгілеуге арналған. Мысалы: құжаттар негізінен тақырыптардан басталады. Құжаттың «тақырыптан тұру» бөлімінің ерекшелігі – құжатты фарматтау ерекшелігі емес, ал оның мазмұнының сипаты.

HTML-дың қазіргі кездегі 4,0 болжауы, құжатты фунцианалдық белгілеуге қажетті, бүгінгі күнде HTML тілінің «соңғы» редакциясы деп қарасрылады. Көптеген Web- жүйелері автоматты генерацыйяны орындайды. Бұл элементер бүгінгі күнгі Web- беттеріне тиісті.

HTML-тлінің басқару құрылымдары тега деп аталады және құжаттың тақырыбына қойылады. Барлық тегалар бұрыштама <...> жақшаларға алынады. Жақша ашылғаннан кейін бірден кілтті сөз қосылады, ол теганы анықтайды, мысалы <.DIV>. HTML тегаларды жұп және тақ болады. Тақ тегелар барлық құжаттарға әсер етеді, немесе оның пайда болу әсерін анықтайды.Жұп тегалар қолдануда құжаттың кейбір бөлігіне әсер ететін, өзара сәйкес ашылатын және жабылатын тегалар қосылады.Жабылатын теганың ашылатын теганың айырмашылығы (</.DIV>) кілті сөздің алдынан қойылатын шарт белгісінде, <<./> > (қисық сызық). Жұп тегаларды жабуда орналасу ережежесі қатаң сақталады.

<.В> <.1> Бұл текста екі тега әсер етеді <.1> <В.>.

Тегалар атрубуттардың қосылуынан өзгереді. Жұп тегаларда атрибуттар ашылатын тега ғана қосылады. Атрибуттардың кілті сөзден бөлек тегасын анықтайтын, басқа мәселелер мен аяқталатын тега символына жататын «>» өзкілтті сөзі болады. Кейбір атриуттарды қолдану әдісінде атрибуттың

мәнін көрсетуді талап етеді. Атрибут мәні <<.=> > (дәлдік белгісі) атрибут белгісі бойнша кілтті сөзден ерекшеленеді, және тырнақшағаға алынады[10].

<H1 ALIGN=”LEFT”>

Құжаттардан барлық тегаларды алып тасағанда мәтіндіқ құжат қалыптасқандықтан эквивалентті мағынасы жағынан гипертексті құжаттқа жататындықтан, HTML-ді белгілеу тіліне негізделеді. Осылайша HTML құжатына тегалар әсер етпейді бірақ олар құжаттардың басқа бөліктерін тигізеді.

HTML құжатының құрылуын сөз еткенде, олардың қалыптасуының екі әдісін қарастыруға болады.Біріншісі құжатты қолмен белгілеуден тұрады.Бұл әтісте автор немесе редактор құжатқа белгілеу тегаларын қосады. Бұл жұмысты тексті редактор немесе HTML редакоры әдісімен жүзеге асыруға болады.Екі жағдайда да жұмыс HTML тілімен жүзеге асады, сонымен бірге бұл жұмысты атқарған адам HTML тілін жатқа білуі және қолдана білуі керек.

Ондаған немесе жүздеген Web-беттері бар, ірі Web –түйіндерін дайындағанда сол немесе басқа жұмыс автоматизация керек. Әдетте мынандай жағдайларда комбинерленген әдіс қолданылады: ретті беттерді автомоттандырылған құралдар көмегімен дайындалады, ал күрделі немесе маңызды кездерде өңдеуді қолмен белгілейді[12].

Web- құжатты құру процесі програмалаумен пара- пар және сонымен қатар қателікке жақын болады. Құжатты қандай әдіспен дайындасақта әртүрлі браузерлерде оларды құрастыра отырып оның ойлаған түрге сәйкестігін тексеру керек. Пайда болған беттің көркемдік бағасын беру үшін тәуелсіз ойға жүгіну керек.

Барлық HTML құжаттар тега құрылысына негізделген құрылымнан тұрады. HTML құжаты үнемі < HTML> құжатынан басталып, жабатын (/< HTML>) тегасымен яқталуы қажет. Құжаттың ішінде негізгі екі бөлімі ерекше қарастырылады: тақырыптық бөлім және құжаттың денесі. Тақырыптық бөлім құжатта толығымен қарастырған ақпараттан тұрады және < HEAD> және< HEAD> шектелген тегаларынан тұрады.Негізінен тақырыптық бөлім шекеулі <TITLE> қос тегадан тұратын жалпы тақырыптық құжаттардан құралған.

Құжат денесінде <BODY> жұп тегалармен шекелген негіздентұрады. Құжатты құрылымдық тегалардың орналасуын анықтау қиын емес. Сондықтан HTML-тілі тек <TITLE> тегасының санын талап етеді HTML құжатын құруда құрылымдық тегалар міндетті түрде болуы керек.

Барлық тегалар көрсетілген, құрылысын анықтайтын HTML құжатының жай түрі былай көрсетіледі.

< HTML.>

< HEAD><TITLE> Құжаттың тақырыбы</TITLE>< /HEAD>

<BODY>

Құжаттың мәтіні

</BODY>

< /HEAD>

 

HTML элементтері

Жұп тэгтер ішінде ашылатын және жабылатын тэгтердің бір-біріне әсер етуін анықтайтын құжат. Құжаттың бұндай түрін HTML тілінің элементі ретінде қарауға болады. Барлық HTML құжатын HTML элементі есебінде қарауға болады.

Тақ тэгтерде элемент оны анықтайтын элементтер мен сәйкес келеді. HTML тілінің көптеген элементтері құжаттың мазмұнын анықтайды және тэгтер аралығына араласады. <BODY> және <BODY>, яғни BODY элементінің ішкі құрылысы. Мұндай элементерді блокты және мәтінді деп екіге бөлінеді. Блокты элементер мәтіннің абзацты деңгейіне жатады. Мәтінді элемент жекеше фразалардың және текстін аз бөлігін қасиетін ашады.

Енді элементердің орналасу ережесін қалыптастыруымыз керек.

· Элементер бір-біріне тимеу керек. Атап айтқанда ашылатын тега элементтің ішкі жағына орналасады,яғни жабылатын тега осы элементтің ішінде орналасу керек.

· Блоктық элемент өзінде орналасқан блокты және текстік элемент тұруы мүмкін.

· Текстік элементтер өзінде орналасқан текстік элементтерден тұруы мүмкүн.

· Тексті эленттер блокты элементтерден тұрмайды.

 

 

4-дәріс

Тақырып. Web –графика.

Жоспар:

1. Графикалық форматтар.

2. Текстпен жұмыс.

3. Жылжымалы жол

Кілттік сөздер: тэг, атрибут

Иллюстрациялық материал: слайд

Көптеген жағдайларда графикалық бейнелеу Wed- құжаттардың ажырамас бөлігі болып табылады. Бүгінгі күні Web-бет элементтері негізгі екі форматты қолданады-GIF және JPEC. Барлық графикалық сілтемелер компьютер экранына Web- беттердің шығуына арналған, осы форматтардың файлдарын танып, шығаруға арналған.

Бейнелеуді дайындау үшін кез-келген графикалық редакторды қолдануға болады, мысалы стандартты бейнелеу Paint, осы форматтар да файылдарды сақтаға мүмкіндік береді[18].

CIF форматтың файлдары (Graphic Interchange Format).GIF кеңейтеді. Бұл форматта бейнелеу 256 түсті құрайды. Оралған файыл оролмаған файылдан қарағанда әлдеқайдан аз орын алад (мысалы,BMP форматында).

CIF98a форматының ерекшелігі белгілі бір мүмкіндігі мол. GIF, файлын мүмкіндігі бар.

· Бейнеленген түстердің біреуі ашық жылтыр түсті болып шығуы мүмкін.Бұл тік үш бұрышты формалы сурет шығарып көне қоймай, оны сол қалпында көрсететін Web- беті белгілі жерлерден шығады..

· Сызық аралық бейнелеу Интернеттен қабылдаған жағдайда біртіндеп шыға бастайды, алдымен ұсқынсыз, кейін біртіндеп анық бола бастайды. Баяу келетін арналар бойынша ақпарат алғанда, Интернет қосылуына қажеттілікті уақыт бойынша ұтады.

· CIF- анимация жай ғана суретті кішкене видеоайналдырымға айналдырады. Сандартты файылда CIF үлкейтілуіімен кадрлар жинағы сонымен бірге олардың сценариялары сқталады.

Ұлғайтып қолдану мүмкіндігі үшін, CIF файлын құруға арналған Paint бағдарламасынан сапалы графикалық редактор қажет. CIF графикасын құру үшін арнайы заттар қолданылады.

JPEG форматының файлы ұлғайтып көрсетуі мүмкін JPEG немесе JPG. Формат суретті бейнелеуді сақтауға арналған 24 түсте қолданылады.

Форматты таңдауда бірінші кезекте алынған файылдың көлемі, екіншіден бейнелеу сапасы ескерілуі керек.

Суреттер Web- жүйеде бөлек файылда сақталады, бірақ Web- бет элементіне ұқсас бейнеленеді. Суретті шығару үшін тексті элемант қолданылады, тоқ тегасы <IMG> қосылады. <IMG> тегасында міндетті түрде SRC= атрибуы сақталу карек.

<IMG SRC=”picture 1.gif” >

Суреттің дыбыссыз браузер бойыкша бейнеленуінде олардың анық разерлері қолданылады. Егерде суреттің көлемді қылу керек болған жағдайда WIDTH= және HEIGHT арибуттары қолданылады, олар суреттін енімен ұзындығын көрсетеді. Егер бұл параметрлерге тапсырма берілсе сурет шыққанға дейін браузер осы суреетте бейнелеу үшін орынды анықтайды.Бұл тапсырма берген беттегі бейненін шығуын жылдамдатады, сондықтан бұл атрибутты үнемі қолдануға болады.

<IMG SRC=”hikture2.ihg=”100”HEIGHT=”40”>

Web беттегі ішкі түрі суреттің орналасуына байланысты болады. Бейне автоматты түрде көріну үшін оны бөлек абзцқа қосады. Жолға қосылған бейнені шығару үшін ALIGN= атрибутының көмегімен тақырыппен әрекет етіп режимге тапсырыс беруге болады.

<IMG SRC=”hikture3.gif= ALIGN=”BOTTOM”>

Бұл атрибутты үш жағдада қолдануға болады:

· Егер тапсырыс ALIGN=”BOTTOM” берілсе онда бейненің төменгі шегі негізгі тақырыпты жолдармен қосылады.

· Егер ALIGN=”MIDDLE” онда бейненің ортасы тақырыптарға ортаңғы жолдары мен қосылады.

· Егер ALIGN=”TOP” тапсырма берілсе онда тақырыптың жоғарғы жолағы мен бейненің жоғарғы шекарасы теңдеседі.Сондайақ ALIGN= атрибутын қолдануда мынаған қол жеткізімді.

· Егер ALIGN=”RIGHT” тапсырма берілсе онда бейне беттің сол жағында орналасады.Ал келесі тақырып (текст) оның оң жағында орналасады.

· Егер ALIGN=”RIGHT” ттапсырма берілсе онда бейне беттің оң жағына орнакласады. Ал келесі текат оның сол жағында орналасады.

Бұл жағдайда <IMG> тағасын қажетті абзацтың ең басы орналастыру керек.

Текс пен бейне шамасында бір шама ара қашықтық қалу керек. Бұл ара қашықтықтың көлемін HSPACE=(көлденеңнен) және VSPACE= (ұзыннан) атрибутының көмегімен анықтауға болады.

Суретті бетті құрған кезде, суретті бәрі көре бермейтіндігін ескеру керек. Кейбір көруге арналған құралдары жоқ оқырмандарды суреттің мазмұны мен альтернативті мәттіннің көмегімен түсіндіруге болады. Альтернативті мәтін ALT атрибутының мәні есебінде қолданылады және суреттің орнына бейнеленеді.

Бейнеге тексті элемент сияқты тапсырма берілгендіктен, ол басқа тексті элементтің ішіне орналасуы.Мысалы гиперсілтеме сияқты (<A> -тегасы). Бұндай жағдайда бейне бейнелік сілтемеге жатады. Компьютер экранына құжат шыққан жағдайда көк түсті қоршау мен бейнеленді және көрсекіш формасы өзгереді. Web беттегі бейненің қолдануының тағы бір әдісі,оларды фонды сурет есебінде қолдану.

Фонды суртте құралған құжатты бейнелеуде кампьютердің жұмыс терезесіне осы суйрет қоойылады, құжаттың жоғарғы сол жақ бұшынан немесе терезеден өлшей отырып құру керек.Фонды сурет BACKGROUND= <BODY> тегасында атрибуты көмегімен орындалады. Бейнелеу файылы үшін VRL абсолютті немесе қатысты адресі бұл атрибуттың мәні болып саналады.

<BODY BACKGROUND= “waves.git” TEXT=” YELLOW” >

5-дәріс

Тақырып. Тізімдермен жұмыс.

Жоспар:

1. Нөмірленген тізімдер

2. Маркерленген тізімдер

Кілттік сөздер: тэг, атрибут

Иллюстрациялық материал: слайд

HTML тілі тізімдердің бес түрін қамтиды оның ішіндегі (меню тізімі және каталог тізімі) ескірген болып саналып қолдануға ұсынылмайды. Қалған үш типі –бұлар реттелген, өзінше, блокты элемент болып келеді.

Реттелген (нөмірленген) және реттелмеген (маркерленген) тізімдер біріңғай хатталады. Олар реттелген тізімдер үшін <VL>көмегі арқылы жасалынады. Бұл тек <LI> жұп тегімен анықталатын тізімдер этементін ұстай алады. Жабылатын <LI> тегін орналасқан жерін қалпына келтіруі оңай болғандықтан жібере салуға болады.Ашылатын тегалар маркерлардің (реттелмеген тізімдерге) түрін анықтайтын,нумерацияның алмалы мен кезектілігінің (реттелігендерге)атрибуттарын ұстай алады. Тізімдерді бірі біріне салуға рұқсатетіледі[11].

Анықтаушы тізім <DT> жұп тегімен тапсырылады. Онда екі типті элемент: анықтаушы терминдер (жұп <DT >)тега және анықтама жұп <DD> болады. Жабылатын </DT> және </DT> тегтерді түсіруге болады. Анықтамалар экранның сол жақ шетінен шегінгіреп бейнелейді. Бұл тізім мынандай түрде қалыптаса алады:

<DL>

<DT> Поршень

< DD> Біріңғай цилиндер немесе қуыс цилиндр ішіне нығыз кіретін диск

</DL>

 

6-дәріс

Тақырып. Кестелермен және фреймдермен жұмыс

Жоспар:

1. Кестелермен жұмыс

2. Фреймдермен жұмыс

Кілттік сөздер: тэг, атрибут, фреймсет, фрейм

Иллюстрациялық материал: слайд

Кестелер – үлкен көп көлемді мәліметрді таыбыс табуға ыңғайлы, ал көптеген Web дизайнерлер оларды Web беттерінің элементін дәл қондыруға пайдаланады. HTML тілінде таблица <TABLE> жұп тега мен тапсырылады. Мұнда кестенің тақырыбы бар, ол <CAPTION> жұп тега мен анықталады және де таблица жолы, ол </TR> жұп тега арқылы тапсырылады.

Кестенің әрбір жолында, екі типке жататын, кесте ұяшықтары болады. Бағандар мен жолдардың тақырыбында ұяшықтар <TH> жұп тегасымен тапсырылады, ол кадімгі ұялар <TD> жұп тегімен. Жабылатын </TH> және </TD> тегаларды түсіруге болады. Мысалы, бос екі жолды және екі бағанды кестені мынандай түрде тапсыруға болады:

<TABLE>

<CAPTION></CAPTION>

<TR> <TD><TD>

<TR><TD><TD>

</TABLE>

 

Әрбір ұяшық еркін текст және де HTML -дің кез келген тегін ұстай алады. Компьютерде таблицалар бейнеленгенде орналастыратын ақпараттың көлемі қарай және де берілген атрибуттар сәйкес тікпен ұялардың размеріне қарай іріктеумен қатар афоматты форматталу болып жатады. Элементердің атрибуты таблицаны аз қалауың бойынша алуан түрлі қызықты хаттаулауға мүмкіншілік береді.

Фреймдермен жұмыс.

HTML тілі бірғана Web –беттің көлемінде бірнеше құжаттың көрсетуін қамти алады. Ол үшін бет бірнеше облыс- фреймге бөліну керек. Беттің бөлінуі, ерекше түрде, құрылымы өзге HTML құжатымен сипатталады. Құжаттың денесі, <FRAMASET> жұп тега тапсырысы мен фреймді хаттауға ауысылады. BODY элементі мұндай құжатта қатыспайды, болған жағдайда – есепке алынбайды. Ашылатын <FROMESET> тегасы өзінді міндетті түрде COLS=немесеROWS атрибутын ұстауы керек, ол терезені бөлу амалы анықтайды. Бірінші жағдайда терезе тік сызқтармен, екіншіден көлденең сызықтармен бөлінеді. Егер қос атрибут тапсырылса фреймдердің торы құралады.Үтір арқылы аты аталған жеке фрейдердің көлемі, әр атрибуттық мәні болып келеді.

<FRAMESET COLS= “60%,40%”>

Мәндер терезенің еніне қарай пиксел немесе пайыз түрінде тапсырылады Соңғы облыс мына <<*>> арқылы анықталады олқалған кеністіктің соған бөлінуін көрсетеді.

<FROMESET ROWS=”40%, 40%*”>

<FROMESET> және </FROMESET> тегалар арасында COLS= және ROWS= атрибуттарының көмегінен құралған облыстар санына сәйкес элементер орналасуы тиіс. Бұл жағдайда қосымша FROMESET элементін қолданады, атап өткепіміз терезелерінің кіші облыстармен размерлерге бөлінуі анықтайды.

<FRAE> тегін міндетті түрде SRC атрибутын ұстау керек, ол арқылы сәйкес областьқа қай құжаттың бірінші еңгізуін анықтайды. Бұл қажетті құжаттың апсалютті және салыстырмалы URL адресін атрибутының мәні.

NAME= атрибуты, құрылған облыстарға “есім ” тапсырыс теретін атрибут (латын әріптер және цивр түрінде)

<FROMESET=”texm. htm “NAME=”left”>

Бұл есімді алдыңғы құраған облысқа жана құжаттар мен толықтыру үшін пайдаланады. Ол үшін гиперсілтемені анықтайтын <A> тегасына ішіне TARGET= атрибутын қосу қажет оның мәні алдында анықталған олыс есімінен пара пор болып келеді. Жаңа құжат, ауысарда берілген гиперсілтеме бойынша аты аталған фреймге барып енеді.

 

7-дәріс

Тақырып. Microsoft FrontPage негіздері және оның құрамы.

Жоспар:

1. Microsoft FrontPage құрамы.

2. FrontPage –де веб-түйіндерді құру

Кілттік сөздер: Web-түйін, Web-сервер, шаблон

Иллюстрациялық материал: слайд

 

Microsoft пакеті Web-түйіндерді өңдеу және ұйымдастыру үшін және олардың мазмұнын Internet немесе Intrаnet тораптарында жариялау үшін қажетті жабдықтар жиынымен қамтамасыз етеді.

FrontPage үш негізгі модульдерден тұрады: FrontPage (бұл негізгі модуль болып табылатындақтан, оны біз бүкіл пакеттің атымен атаймыз), Microsoft Personal Web Server (MSPWS, дербес Web-сервер), FrontPage Server Extensional (серверлік кеңейтілулер).

FrontPage – негізгі клиент/сервер қосымшасы, онда Web-сайттарды жасауға керекті барлық компаненттер бар. FrontPage-дің өзі – ол қосымшаның клиенттік бөлігі, ал MSPWS және FrontPage серверлік кеңейтілулері – серверлік бөлік. Енді әр модульді жеке суреттейміз.

 

FrontPage-дің негізгі көрінісі

FrontPage Web-парақтарды жасау мен өңдеудің стандартты мүмкіндіктерімен қамтамасыз етеді, сонымен қоса арнайы функциялар тізбегін орындайды. Тағы ол Web-сайттарды әр түрлі режимдерде көруге және оның құрылымын өзгертуге, шеберлер мен шаблондардың көмегімен жаңа Web- сайттарды жасауға, Web-сайттарды Web-серверде жариялауға, белгілі бір қолданушылар немесе қолданушылар тобы үшін кіру құқығын орнатуға және т.б. мүмкіндік береді.

FrontPage 98-бен таныс қолданушылар FrontPage 2003 версиясында Web-парақтар редакторында (FrontPage 98 версиясында ол FrontPage Edlitor деп аталған) жеке тәуелсіз модуль бөлінбегеніне бірден көңіл аударар. FrontPage 2003 пактеінде Web-парақтарды жасау және түзету бойынша функцияларына FrontPage модулінің Page көру режимінде қол жеткізуге болады, яғни FrontPage модулі өзінде парақтарды түзету және Web-сайтты басқару функцияларын сақтайды.

Microsoft Personal Web Server сұраған кезде сұраушыларға Web-сайттың парақтарын бағыттауға және Web-серверде файлдарды басқаруға мүмкіндік береді. Бұл сервер WІNDOWS 2000 және WІNDOWS NT 4.0 Server-дің құрамына кіретін, Microsoft фирмасының Internet Information Server (IIS)-нің үлгісі бойынша жасалған. MSPWS WІNDOWS 98 версиясымен өте жақсы интегралданған. WІNDOWS 98 версиясының құрамына оның 3.0 версиясы қосылған. Әрине, ол IIS-ке тиісті барлық мүмкіндіктерімен қамтамасыз ете алмайды, бірақ Intrаnet торабы мен орта өлшемді ұйымдардың масштабында қолдануға ыңғайлы болып табылады. Сіз оны өз компьютеріңізге оңай орната аласыз. MSPWS FrontPage 2003 құрамына кірмейді, бірақ оның 4.0 версиясын Microsoft фирмасының Web-түйінінен http://www.microsoft.com/ie/pws/ мекені бойынша өз компьютеріңізге жұмсай аласыз.

Microsoft Personal Web Server WІNDOWS-ті қосқан кезде автоматты түрде жұмысқа кіріседі. Сіз оның жұмысын тоқтата аласыз, ол үшін тапсырмалар панелінің (TaskBar) оң жағында пайда болатын контекстік мәзірде Stop Service командасын таңдау керек (қайтадан серверді жүктеу үшін Start Service командасын) Propeties командасын таңдаған уақытта Web-серверді басқару функциялары орналасқан Personal Web Managerдиалогтық терезесі ашылады.

FrontPage Extension (серверлік кеңейтілулер). Олар FrontPage-де жасалған Web-түйінгі қосатын компоненттердің кең жийнтығын қолдауды қамтамасыз етеді. Мына жерде кей компоненттер берілген:

· түрлер (формы);

· ыстық нүктелер (горячие точки);

· нақтылау өрісінің компоненті;

· тіркеуші компонент;

· нәтижелерді сақтау компоненті;

· іздестіру компоненті.

Егер Web-серверде FrontPage-дің серверлік кеңейтулері орнатылмаса, онда жоғарыда көрсетілген компоненттер жұмыс жасамайды.

Web парақтарды жасау. New батырмасын басу арқылы сіз фон және тағы басқа Web-парақтарға ортақ элементтерді пайдаланатын жай парақ жасай аласыз. Егер мұндай парақ сізге ұнамаса, сіз парақтардың шеберлері мен шаблондарын қолдана аласыз, олардың тізімін сіз File|New|Рage... командасын шақыру арқылы New диалогтық терезесінде ала аласыз. Page салымында сізге шаблондар және бір ғана Web-парақ шебері ұсынылады, оларда әр түрлі тақырыптар, сәйкес ішкі сілтемелер түрлер (формы) бар. Frames Pages салымына ауысу арқылы сіз парақтарды жасау үшін фреймдерді қолданатын шаблондарды пайдалана аласыз.

8-дәріс

Тақырып. Front Page-дің компонентерін қолдану

Жоспар:

1. Компоненттерді қолдану.

2. Web-сайтта іздестіру

Кілттік сөздер: компонент, баннер, анимация

Иллюстрациялық материал: слайд

Front Page-дің компонентерін қолдану. FrontPage-де объектілерді генерациялайтын, параққа және бүкіл Web-ке динамикалық көрініс беретін компоненттер бар. компоненттердің барлық түрлері Insert/Component мәзірінде орналасады. Бұл компоненттерге WebBots компоненттерінің тобы кіреді. WebBots – бұл FrontPage үшін CGI (Common Gateway Interface) сценарийлерінің нұсқаулары-сервердегі процестер үшін ортақ есім, ол бағдарламалардың мүмкіндіктерін кеңейтеді. Insert/Component мәзірінің командалар тізімін берейік.

Banner Ad Manager суреттердің анимациялық эффекті болып келетін баннер жасайды. Баннердің реттемесі тышқанды екі рет сырт еткізу арқылы шақырылатын Banner Ad Manager Propeties диалогтық терезесінде орындалады. Мұнда тағы анимациялық эффектілерде де беруге болады.

Hit Counter парақтың қонақтарының санын көрсететін объектіні жасайды. Бұл компонент серверде жүктелген FrontPage Server Extensions кезінде жұмыс істейді. Осы және келесі басқа компоненттердің реттемелері Propeties сөзі қосылған диалогтық терезелерде анықталады және тышқанды екі рет сырт еткізу арқылы немесе жергілікті мәзір арқылы шақырылады. Санағыштың көрсеткіштерін оның ркттемесі арқылы нөлге теңестіруге болады.

Hover Button басқа құжатқа көшу батырмасы сияқты объект жасайды. Батырма әр түрлі түстерде және оған тышқанды апарғанда өзгеретін әр түрлі эффектерді қолдана алады.

Marquee жүгіру қатарын генерациялайды. Жүгірудің бағытын, түсін, әріпін және басқа атрибуттарын реттемеде беруге болады.

Include Page сіз URL-дің көмегімен сілтене алатын кез келген парақтың мазмұнын FrontPage-де және браузерде шығара алатын объектіні жасайды. Бірақ сіз htm кеңейтілуі жоқ файлдарды немесе активтендірілген сайтқа кірмейтін файлдарды қарай алмайсыз.

Scheduled Image-Include Page сияқты, бірақ бұл бейнелер үшін және бастапқы және соңғы мерзімімен. Ол сіздің сайтыңызда кез келген, сіз URL-ын енгізген бейнені браузерде шығара алады. Бейне көрсетілген уақыт ағымында шығарылады, сонымен қатар сізге белгілі бір уақыт аралығынан кейін және оған дейін қай бейне шығатынын беруге мүмкіндік береді.

Scheduled Include Page-Include Page-ге тура ұқсайды, бірақ ол да Scheduled Image сияқты бастапқы және соңғы мерзімді сақтайды.

ізделінді сөздері бар парақтардың тізімін жаса берілген конфиграциялық айналымның мәнін FrontPage-де және браузерде бейнелейтін объект. Егер айналымның әлі мәні болмаса, онда FrontPage-де сіз тік жақшалардың ішінде оның атын көресіз, ал браузерде ештеңе болмайды.

Search From Search for мәтінінің енгізу, Start Search және Clear батырмаларының түрін шығаратын объектіні жасайды.

Table of Contents браузерде берілген Web-тің барлық парақтарының (жасырын бумалардан басқа) автоматты түрде жасалған тізімін шығаратын, бірақ FrontPage-де тек қана ортақ тақырыпшаны шығаратын объектіні жасайды.

Include Page және тағы басқа соңғы компоненттер WebBots-тің компоненттері болып табылады.

Web-сайтта іздестіру. Іздеу механизмі керек ақпаратты алудың жеңіл әдісін береді және әр гиперсілтемелер бойынша саяхат жасаудан арылтады. Іздеу парағына қолданушы таңдау критерийлерін анықтап береді және Web-парақ түрінде нәтиже алады, соның негізінде өзіне қажет құжатты таңдап алады.

Іздеу механизмін таңдау интратораптың өлшеміне және өсу потенциялына байланысты. Егер ол тек қана бір серверден құралса, онда WebBot Search-ты қолданған ыңғайлы. Search From реттемелерін қолданаотырып сіздің істей алатын және істей алмайтын мүмкіндіктеріңіз мыналар:

· сіз батырмалар мен енгізу өрістерінің жазуларын өзгерте аласыз, бірақ батырмалар мен өрістерді қоса алмайсыз;

· сіз барлық директориялардын дерек іздей аласыз, бірақ іздеуді бір-екі бумамен шектей алмайсыз;

· сіз іздеудің нәтижелеріне файл өлшемін, файлдың жасалған мерзімін қоса аласыз, бірақ басқа мәліметерді қоса алмайсыз немесе нәтижелерді форматтай алмайсыз.

9-дәріс

Тақырып. Фреймдер құру және Web-ті қарау режимдері

Жоспар:

1. Фреймдермен жұмыс

2. Web-парақтарын көрсетуді басқару.

Кілттік сөздер: фрейм, фреймсет

Иллюстрациялық материал: слайд.

 

Фреймдер (Frames/Рамки) – бұл Web-парақтарда басқа парақтар немесе бейнелер рәсімделетін тік бұрышты аймақ. Фреймдерді әртүрлі тәсілдермен қолдануға болады, оларды қолдану аймағы сіздің қалауыңыз бойынша ғана шектеледі. Фреймдер парақтың құрылымының бір бөлігі тұрақты, ал екінші бөлігі өзгерісте болуы қажет болған жағдайда қолданылады. Фреймдерді қолданудың кең тараған түрі – жоғарғы бөлігінде компанияның логотипі, ал қалған бөлігінде жаңалықтар панелі және сайттың ағымдағы аймағының ақпараттық бөлігі орналасқан парақтар.

Фреймдерді қолданудың келесі түріне өнімдер тізімі жатады: тізімнің өзі парақтың сол жақ фреймінде жазылады да, әрбір өнімге түсініктеме оң жақ фреймде орналасады. Өнімдер тізімі әр уақытта экранда көрініп тұруы қажет болғандықтан сол жақ фреймнің мазмұны өзгеріссіз қалады, ал оң жақ фреймнің мазмұны таңдалынған өнімге сәйкес өзгеріп отырады. Сіз сол жақтағы сілтеменің кез келгенін негізгі фрейммен (target frame) байланыстыра аласыз. Берілген жағдайда ол бірінші фрейм болып табылады. Қолданушы сол жақ фреймдегі сілтемені шерткен уақытта оң жақтағы негізгі фреймде өнімге сәйкес web-парақ ашылады. Мысалы, төменде үш фреймнен тұратын парақ «конструктор» режимінде көрсетілген:

 

Үш фреймнен тұратын Web-парақ

 

Фреймсеттер (Frameset) – парақтың құрамындағы фреймдері жайлы ақпаратты қамтитын жеке парақ. Бұл ақпарат сәйкес файлдардың браузерге жүктелуі үшін серверге жіберіледі. Алдыңғы мысалдан, экраннан бір мезетте үш парақты тамашалауға болады. Енді тағы да бір парақ – фреймсетті қосатын болсаңыз, онда мұндай көрсетілім үшін төрт парақ қажет болады. Яғни, мұндай парақты экранға шығару үшін браузердің серверге төрт рет қатынауы қажет болады. Сондықтан да, парақтағы фреймдер санын шектеп отыру қажет.

Web-парақтарын көрсетуді басқару. Көрсеткі мүмкіндіктерін қарапайым түрде басқару Түр (Вид) мәзірі арқылы орындалады. Бұл мәзір командаларының алғашқы тобы Internet Explorer терезесінің сыртқы түрін өзгерте алады, олар аспаптар тақтасының, қалып қатарының және қосымша тақталардың бейнеленуін басқарып отырады.

Қаріптер (Шрифты) командасы Web–парақтарының қаріп түрлерін, олардың мөлшерін және қолданылатын символдардың кодталуын өзгерте алады.Соңғы мүмкіндік әр түрлі тілдерде жазылған құжаттардың дұрыс бейнеленуін қамтамасыз етеді.

Тоқтату (Остановить) және Жаңарту (Обновить) командалары экранда ашық тұрған Web-парағына қатысты орындалады, бұл екеуінің алғашқысы – парақтың жүктелуін доғарса, соңғысы – оны қайталап жүктеу ісін орындайды, өйткені бұл құжатты оқығаннан бері ол өзгертілуі мүмкін, сондықтан оның өзгертілген нұсқасын қайталап жүктеу ісін орындаған абзал.

HTML түрінде (В виде HTML) командасы HTML кодын көру ісін атқарады. Кез келген Web-парағының ішкі мазмұны HTML атты арнаулы тілде жазылған. Браузерлер Web-парағын экранда осы тілдің кодтары арқылы жазылған бастапқы мәтінге сәйкес бейнелейді. Internet Explorer көрсеткісі тек Web-парағын бейнелеуді ғана емес, оның кодтарын да қарауға мүмкіндік береді. Ол біліміңді ары қарай жетілдіру мақсатында бағдарламалау мен дизайн жасау кезеңінде кәдеге жарап, өз қолыңызбен жасалған парақтардың неге әр түрлі күйде бейнеленуін түсіну үшін қажет болады.

Толық экранға (Во весь экран) қатары көрсеткі бағдарламасын толық экранды режимге көшіріп, оның парағын экранға толық бейнелейтін күйге жеткізеді (мәзір жолы, аспаптар тақтасы көрсетілмейді). Бұл мүмкіндік қазіргі кездегі әр түрлі бейнелерді жасайтын мамандар үшін керек.


Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 241 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тапсырма 3.| ГЛАВА ТРЕТЬЯ Как начать разговор

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.083 сек.)