Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Web- технологиялар

Тапсырма. | Тапсырма 3. | Глосарий |


 

Көлемі 3 кредит (135 сағат)

 

ТҮСІНІКТЕМЕ

 

 

Internet және World Wide Web (WWW) біздің өмірімізге мәңгілікке кірді. Енді біз оларды қолданбай жұмыс істей алмаймыз. World Wide Web – бұл гипермәтіндік құжаттардың жиынтығы. Ол Internet-тің арқасында әлемнің кез келген нүктесінде тиімді. Интернеттің бар мәліметтерінің, яғни барлық Web-парақтарының бір ортақ қасиеті – олардың барлығы да НТМL тілінде жазылған. НТМL тілінде Web-парақтарын жасау бағдарламалауға ұқсас болғанымен, ол қарапайым бағдарламалау тілі емес. НТМL - гипермәтінді белгілеу тілі. Ол кәдімгі мәтіндерді Web-парақтар түрінде бейнелеуге арналған ережелер жиынын анықтайды.

Microsoft FrontPage 2003 бағдарламасы – бұл дербес компьютерде Web-сайт жасауға арналған Microsoft ұжымының ең жаңа құралы. FrontPage 2003 Web-технологиясының соңғы жетістіктерін толығымен пайдалана отырып FrontPage 2000 мүмкіндіктерін кеңейтеді. FrontPage Internet және Intranet топтарында Web-сайттарды құруға, қолдануға және жариялауға қажетті құралдармен толық қамтамасыз етеді.

«Web технологиялар» курсының мақсаты қазіргі кезде жылдам, епкінмен дамып келе жатқан Web технологиялардың әртүрлі қызметтерімен таныстыру болып табылады.

Курстың міндеті – Web-сайттарды құрудың тиімді жолдарын оқып үйреніп, оларды практикада дұрыс қолдана білу.

Пәнді оқу барысында студент:

─ Интернет және HTML тілінің негізгі ұғымдарын меңгеруі;

─ Web-сайт құру барысында әртүрлі технологияларды пайдалана білуі;

─ Macromedia Flash бағдарламасында интерактивті анимациялар құрып, оларды Web-сайтқа орналастыра білулері керек.

Студенттер:

· Интернет құрылымының жалпы принциптерін;

· HTML, ActionScript тілдерінің командаларын;

· Microsoft FrontPage, Macromedia Flash бағдарламаларында жұмыс жасай білуді меңгерулері керек.

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Арнайы: қазіргі Web-технологиялардың негізінде web-сайттарды және web-қосымшаларды жасай алады.

Пәндік: Интернет парақтар және қосымшаларды жасауға қажетті теориялық білімдерді, практикалық біліктіліктер мен дағдыларды меңгереді.

 

ПӘН МАЗМҰНЫ

 

1. Интернет ұғымы. Жалпы мағлұмат. Интернет құрылымының жалпы принциптері. Internet-пен қатынас кұру

2. Web жүйесімен қатынас құру тәсілдері. Web технологиялар. Браузерлермен жұмыс. Іздеу серверлерімен жұмыс.

3. HTML тілі және оның негізі. HTML құжатының құрылымы. HTML элементтері.

4. Web –графика. Графикалық форматтар. Текстпен жұмыс. Жылжымалы жол

5. Тізімдермен жұмыс. Нөмірленген тізімдер. Маркерленген тізімдер

  1. Кестемен, фреймдармен жұмыс. Кестелер мен фреймдерді құру тәсілдері.
  2. Microsoft FrontPage негіздері және оның құрамы. Microsoft FrontPage құрамы. FrontPage –де веб-түйіндерді құру
  3. Front Page-дің компонентерін қолдану. Компоненттерді қолдану. Web-сайтта іздестіру

9. Фреймдер құру және Web-ті қарау режимдері. Фреймдермен жұмыс

Web-парақтарын көрсетуді басқару.

  1. Macromedia Flash бағдарламасы туралы жалпы түсінік. Бағдарлама интерфейсі. Macromedia Flash бағдарламасы туралы жалпы түсінік. Бағдарлама интерфейсі.
  2. Macromedia Flash –тың саймандар тақтасы. Саймандар тақтасының құралдары. Панельдермен жұмыс.
  3. Анимациялар құру. Кадр бойынша анимация. Кадрларды толтыру арқылы анимация
  4. Web құжаттарды бағдарламалау. ActionScript тілі.

 

 

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР ТІЗІМІ

 

 

1. Интернет ұғымы. Жалпы мағлұмат

2. Web жүйесімен қатынас құру тәсілдері.

3. Қарапайым HTML файлын жасау

4. Экрандағы мәтіннің орналасу түрін өзгерту

5. Форматтау командалары

6. Мәтін фрагменттерін ерекшелеу

7. Стильдерді қолдану

8. Қолданылып отырған қаріптің көлемін өзгерту

9. Қаріп гарнитурасы (типі) мен түсін өзгерту

10. Мәтінді көлденең бағытта туралау

11. Кестемен жұмыс

 

 

СОӨЖ -ге арналған тақырыптар тізімі

1. Адам қызметінің түрлі саласындағы Web-технологияларының қазіргі күйі.

2. Web-технологияларының қолдану орталары.

3. IP- бағдарының үрдісі.

4. Прокси- серверлер.

5. Web-технологияларының негіздері.

6. Web-технологияларының негіздері.

7. Web- қосымшаларын құру технологиялары.

8. CCS-ті қолдану технологиялары. Web- сервер жұмысының механизмі. CCI технологиясы.

9. Java- Script тілі туралы жалпы мағлұмат.

10. Web- қосымшалар интерфейсі. PHP тілі негіздері.

СӨЖ -ге арналған тақырыптар тізімі

1. World Wide Web –тің негізгі ұғымдары.

2. Интернетте ақпаратты қорғау.

3. Сайтты көркемдеуде әр түрлі стильдерді, эффектілерді қолдану.

4. Сайтқа Flash –анимация, баннер қосу тәсілдері


ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі әдебиеттер:

1. Бөрібаев Б,.Мадьярова Г.А. Web-технологиялар:Оқулық.-Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011.-360 бет.

2. Аяжанов С.С., Сатымбекова С.Б. Компьютерлік желілер: Оқулық.- Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011.-240 бет.

3. Дубовиченко С.Б. Компьютерные сети и интернет: Учебное пособие по информатике / С.Б. Дубовиченко.- Алматы: Данекер, 2001.- 194с.

4. Матросов А. HTML 4.0 / А. Матросов, А. Сергеев, М. Чаунин.- СПб.: БХВ-Петербург, 2005.- 672с.

5. Н.Комолова HTML. Самоучитель. – СПб.: Питер, 2009. –268с.:ил.

 

Қосымша әдебиеттер:

1. Ермеков Н.Т. Информационные технологии: Учебник / Н.Т. Ермеков.- Астана: Фолиант, 2006.- 132 с.- (Профессиональное образование).

2. Капустин М.А. FLASH MX для профессиональных программистов: Учебное пособие / М.А. Капустин, П.А. Капустин, А.Г. Копылова.- М.: Интернет-Ун-т Информ. Технологий; БИНОМ. Лаборатория Знаний, 2006.- 511с.: ил., табл.- (Серия "Основы информационных технологий).

3. Назаренко Е.Ф. Информационные технологии: Учебник / Е.Ф. Назаренко.- Астана: Фолиант, 2007.- 312с.- (Профессиональное образование).

4. Попов В.Б. Основы информационных и телекоммуникационных технологий.

5. Программные средства информационных технологий: Учебное пособие / В.Б. Попов.- М.: Финансы и статистика, 2005.- 216с.

6. Олифер В.Г. Компьютерные сети. Принципы, технологии, протоколы: Учебник / В.Г. Олифер, Н.А. Олифер.- СПб.: Питер, 1999.- 672с.

7. Симонович С.В. Интернет у вас дома: Полное руководство начинающего пользователя / С. Симонович, В. Мураховский.- М.: АСТ-ПРЕСС, 2004.- 432с.

8. Симонович С.В. Информатика: Базовый курс 2-е издание- СПб.: Питер, 2004.- 432с.

9. Брэгг Роберта. Безопасность сети на основе Microsoft Windows Server 2003: Учебный курс / Р. Брэгг; Пер. с англ.- СПб.: Питер, 2006.- 672с.

10. Лэмонт Вуд. Web- графика. Справочник.- СПб: «Питер», 1998.

11. С. Бейн, Д.Грей. Как сделать красиво в Интернете. Перевод с англ.- СПб: «Символ- Плюс», 1998

12. А.О.Коцюбинский, С.В.Грошев. Современный самоучитель работы в сети Интернет. М.: «Триумф», 1997.

13. Интернет. Шаг за шагом. (на CD- ROM).- СПб: «Питер Мультимедиа», 1997.

14. Энциклопедия пользователей Интернет. (на CD- ROM).- М.: «Демос»,2000.

15. Шапошников И.В. Самоучитель HTML 4. –СПб.: БХВ- Петербург,2001.-288б.

16. Пайк М. Интернет в подлиннике. СПб.: BHV- Санкт- Петербург, 1996.

17. Савельева Н.В. Основы программирования на РНР.: к урс лекции для ст- тов.- М.: Интернет- университет информационных технологий, 2005.-264б.

18. Дуванов А.А. Web- констуирование DHTML.-СПб.: БХВ- петербург, 2003.-512б.

19. Джамса Крис. Эффективный самоучитель по креативному Web- дизайну. HTML, XHTML, CSS, Javascript, PHP, ASP, ActiveX. Пер. С англ./Крис Джамса, Конрад Кинг, Энди Андерсен.- М.: ООО «ДиаСофтЮП», 2005.-672 б.

20. Бройдо В.Л. Вычислительные системы, сети и телекоммуникации: Учебник для вузов / В.Л. Бройдо.- 2-е изд.- СПб.: Питер, 2005.- 703с.

21. http://gifcollection.by/ru/index.html

22. http://www.php.net/manual/ru/

23. http://www.phpclub.ru

24. http://www.phpworld.ru

 


 
 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті   СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2015 3 басылым
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ
Силлабус Ф.4.09-28
28.05.2015 ж.

Физика-математика факультеті

Ақпараттық технологиялар кафедрасы

С И Л Л А Б У С

 

Web- технологиялар пәні бойынша

5В070300 –Ақпараттық жүйелер мамандығы үшін

 

Оқыту түрі: күндізгі

Курс: ____ 4 ___

Семестр: 7

Кредит саны: _ 3 __

Барлық сағат саны: 135

соның ішінде аудиториялық: 45

Дәрістер: ___ 15 ____

Зертханалық сабақтар: ____ 30 ___

СӨЖ (СОӨЖ): 90

Емтихан: _____ 7 семестр ______

 

 

 
 
Талдықорған 2015 ж.


Оқытушы туралы мәлімет

Алдабергенова Айгүл Оңалбекқызы – ақпараттық технологиялар кафедрасының доценті, п.ғ.к. (№2 корпус, 316 аудитория, тел: 87023869593, e-mail: Aigul_AO @)mail.ru)

Пререквизиттері: Алгоритмдер, деректер құрылымы және программалау

Постреквизиттері: Дипломдық жұмысты жазу барысында

Пәннің қысқаша сипаттамасы.

Internet және World Wide Web (WWW) біздің өмірімізге мәңгілікке кірді. Енді біз оларды қолданбай жұмыс істей алмаймыз. World Wide Web – бұл гипермәтіндік құжаттардың жиынтығы. Ол Internet-тің арқасында әлемнің кез келген нүктесінде тиімді. Интернеттің бар мәліметтерінің, яғни барлық Web-парақтарының бір ортақ қасиеті – олардың барлығы да НТМL тілінде жазылған. НТМL тілінде Web-парақтарын жасау бағдарламалауға ұқсас болғанымен, ол қарапайым бағдарламалау тілі емес. НТМL - гипермәтінді белгілеу тілі. Ол кәдімгі мәтіндерді Web-парақтар түрінде бейнелеуге арналған ережелер жиынын анықтайды.

Microsoft FrontPage 2003 бағдарламасы – бұл дербес компьютерде Web-сайт жасауға арналған Microsoft ұжымының ең жаңа құралы. FrontPage 2003 Web-технологиясының соңғы жетістіктерін толығымен пайдалана отырып FrontPage 2000 мүмкіндіктерін кеңейтеді. FrontPage Internet және Intranet топтарында Web-сайттарды құруға, қолдануға және жариялауға қажетті құралдармен толық қамтамасыз етеді.

«Web технологиялар» курсының мақсаты қазіргі кезде жылдам, епкінмен дамып келе жатқан Web технологиялардың әртүрлі қызметтерімен таныстыру болып табылады.

Курстың міндеті – Web-сайттарды құрудың тиімді жолдарын оқып үйреніп, оларды практикада дұрыс қолдана білу.

Пәнді оқу барысында студент:

─ Интернет және HTML тілінің негізгі ұғымдарын меңгеруі;

─ Web-сайт құру барысында әртүрлі технологияларды пайдалана білуі;

─ Macromedia Flash бағдарламасында интерактивті анимациялар құрып, оларды Web-сайтқа орналастыра білулері керек.

Студенттер:

· Интернет құрылымының жалпы принциптерін;

· HTML, ActionScript тілдерінің командаларын;

· Microsoft FrontPage, Macromedia Flash бағдарламаларында жұмыс жасай білуді меңгерулері керек.

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

арнайы: қазіргі Web-технологиялардың негізінде web-сайттарды және web-қосымшаларды жасай алады.

пәндік: Интернет парақтар және қосымшаларды жасауға қажетті теориялық білімдерді, практикалық біліктіліктер мен дағдыларды меңгереді.

Бағалау саясаты

Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі

 

Әріппен белгіленген баға Бағаның цифрлік эквиваленті Пайыздық мөлшері Дәстүрлі түрде бағалау
A 4,0 95-100 Өте жақсы
A- 3,67 90-94
B+ 3,33 85-89 Жақсы
B 3,0 80-84
B- 2,67 75-79
C+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық
C 2,0 65-69
C- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D   50-54
F   0-49 Қанағатанарлықсыз

 

Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші

 

Бағаланатын бағдар (позиция) 1-8 аптадағы бағалау мөлшері 9-15 аптадағы бағалау мөлшері Баллдың максималдық (жоғары) мөлшері Электронды журналға балл қоюдың кезеңі
Ағымдық бақылау     Әрбір бағалауға 100 баллдан Апта сайын (бірінші аптадан басқа)
СӨЖ     Әрбір СӨЖ-ге 100 баллдан 4,7,11, 14 апталарда
Аралық бақылау     Әр аралық бақылауға 100 баллдан 8 және 15 аптада
1 кіру рұқсатының рейтингісі R1   8 апта
2 кіру рұқсатының рейтингісі R2   15 апта
Академиялық кезеңдегі кіру рұқсатының R= (R1 + R2)/2   15 апта

 

рейтингісі      
Емтихан Е   16-19 апта
Қорытынды баға І = R*0.6+E*0.4    

 

Баға қоюдың критерилері

Бақылау түрі Максималдық баға Оқытушының журналына балл қойылатын мерзімі
Ағымдық бақылау: қатысу: 1 сағ.-5 балл практикалық сабақтың орындалуы СОӨЖ белсеңділігі (лекция барысындағы жауаптары....)   Әр аптада
СӨЖ 1 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3   4 апта
СӨЖ 2 Тапсырма 1 Тапсырма 2     7 апта
СӨЖ 3 Тапсырма 1 Тапсырма 2     11 апта
СӨЖ 4 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3   14 апта
Аралық бақылау 1: Жоба қорғау Жоба идеясы Жоба сипаттамасы Жобаның тұсаукесері     8 апта
Аралық бақылау 2:коллоквиум Сұрақ 1- баға 1 Сұрақ 2- баға 2 Қорытынды баға: (баға1+баға2)/2   15 апта

*СӨЖ мазмұны силлабустағы СӨЖ-ге арналған кестеде көрсетілген

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

Мазмұны Сағат саны Апта
Модуль 1 «Интернет. HTML тілінің негізі»
  Дәріс 1. Интернет ұғымы. Жалпы мағлұмат.   1 апта
Практикалық сабақ 1. Интернет ұғымы. Жалпы мағлұмат. Web жүйесімен қатынас құру тәсілдері.  
СОӨЖ 1. Адам қызметінің түрлі саласындағы Web-технологияларының қазіргі күйі. «ISP, POP, NAP, соңғы милия».  
  Дәріс 2.Web жүйесімен қатынас құру тәсілдері. Web технологиялар.   2 апта
Практикалық сабақ 2.Web-серверде жұмыс жасау.  
СОӨЖ 2. Web-технологияларының қолдану орталары.  
  Дәріс 3.HTML тілі және оның негізі.   3 апта
Практикалық сабақ 3.Қарапайым HTML файлын жасау. Мәтінмен жұмыс. Форматтау командалары..  
СОӨЖ 3.Әртүрлі деңгейлі тораптарға арналған интернетке ену түрлері. TCP/IP протоколының стэгі. Презентация жасау.  
  Дәріс 4.Web –графика.   4 апта
Практикалық сабақ 4.Web-графикамен жұмыс.  
СОӨЖ 4.DNS- сервер, Браузерлер мен серверлерге анықтама жазу. Конспект жасау..  
СӨЖ 1. 1. Интернет желісіне қосылу тәсілдері 2.Интернетте ақпаратты қорғау. 3. Белгілі бір мекеменің web-жарнамасын жасау  
Модуль 2. «HTML тілі. Кесте, тізім, фрейм. Microsoft FrontPage негізі»
  Дәріс 5.Тізімдермен жұмыс.   5 апта  
Практикалық сабақ 5.Тізімдермен, кестемен жұмыс(5- зертханалық жұмыс)..  
СОӨЖ 5.URL- мекеменің форматы. Презентация жасау.  
  Дәріс 6.Кестемен, фреймдармен жұмыс.   6 апта    
Практикалық сабақ 6. Фреймдермен жұмыс(5- зертханалық жұмыс)..  
  СОӨЖ 6.OSI моделінің қолданбалы деңгейінің протоколдары.  
  Дәріс 7.Microsoft FrontPage негіздері және оның құрамы.     7 апта
Практикалық сабақ 7.Microsoft FrontPage интерфейсі (6- зертханалық жұмыс)  
СОӨЖ 7.Гипермәтін және Web- парқтар. Конспект жазу.  
СӨЖ 2 1. Эскиз арқылы фотоколлекция жасау. 2. Электрондық оқулық құру  
Модуль 3. «Microsoft FrontPage-де күрделі объектілермен жұмыс. Flash технология негіздері»
  Дәріс 8.FrontPage –де веб-түйіндерді құру.   8 апта    
Практикалық сабақ 8. Microsoft FrontPage-де жұмыс (6- зертханалық жұмыс).  
СОӨЖ 8. HTTP сервер және клиент. HTTP- протоколы бойынша сұраулар мен жауаптардың атаулары туралы конспект жасау.  
Аралық бақылау 1 (Жоба қорғау)    
  Дәріс 9.Фреймдер құру және Web-ті қарау режимдері.   9 апта
Практикалық сабақ 9.Microsoft FrontPage-де фреймдер құру және Web-ті қарау режимдері (7- зертханалық жұмыс).  
СОӨЖ 9. Электрондық пошта, SMTP және POP3 протоколдары. Реферат жазу.  
  Дәріс 10.Macromedia Flash бағдарламасы туралы жалпы түсінік.       10 апта
Практикалық сабақ 10.Macromedia Flash бағдарламасымен таныс).  
СОӨЖ 10.Пошталы сервер және клиент. FTP протоколдары..  
  Дәріс 11.Бағдарлама интерфейсі.     11 апта
Практикалық сабақ 11.Macromedia Flash бағдарламасында жұмыс  
СОӨЖ 11. Telnet және NNTP протоколдарының белгіленуі. Презентация жасау.  
СӨЖ 3 1. Front Page бағдарламасында фирманың жарнамалауға арналған сайт жасау. 2. Жасалған сайтқа фотоколлекция қосу  
Модуль 4 «Web-сайт жасауда әртүрлі технологияларды қолдану»
  Дәріс 12.Macromedia Flash –тың саймандар тақтасы       12 апта
Практикалық сабақ 12.Macromedia Flash бағдарламасында жұмыс (8- зертханалық жұмыс).  
СОӨЖ 12.CCS-ті қолдану технологиялары. Web- сервер жұмысының механизмі..  
  Дәріс 13.Анимациялар құру       13 апта
Практикалық сабақ 13. Анимациялар құру (9- зертханалық жұмыс).  
СОӨЖ 13.CCI технологиясы. Конспект жазу.  
  Дәріс 14.Web құжаттарды бағдарламалау.       14 апта
Практикалық сабақ 14.ActionScript тілі глоссарий құру.  
СОӨЖ 14.Java- Script тілі туралы жалпы мағлұмат. Реферат жазу.  
СӨЖ 4 1. Әр студент өзінің жеке сайтын жасасын. 2. Сайтты көркемдеуде әр-түрлі стильдерді, эффектілерді қолдану. 3. Flash –анимация, баннер қосылсын  
  Дәріс 15.ActionScript тілі.     15апта  
Практикалық сабақ 15.ActionScript тілі (10- зертханалық жұмыс).  
СОӨЖ 15.Perl тіліне кіріспе. PHP тілі негіздері туралы презентация жасау.  
Аралық бақылау 2 (Коллоквиум)    
  Емтихан    
  Барлығы: дәріс- прак.саб. СӨЖ (СОӨЖ бірге)    

 

 

Студенттердің өздік жұмыстарына әдістемелік нұсқаулар:

Мақсаты: Студенттерді өз бетінше жұмыс жасай білуге дағдыландыру, теориялық білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін дамыту, программа құра білуге машықтандыру.

Әдістемелік нұсқау: ә р тақырып бойынша өздік жұмысты орындап отыру. Тапсырмалардың программасын құрып, компьютерде орындағаннан кейін, оны тестілеп нәтижесін оқытушыға көрсетіңіз.

СӨЖ-дің күнтізбелік - тақырыптық жоспары

 

Тапсырмалардың мазмұны Сағат саны Тапсыру мезгілі Бақылау түрі
  СӨЖ 1 1. Интернет желісіне қосылу тәсілдері 2.Интернетте ақпаратты қорғау. 3. Белгілі бір мекеменің web-жарнамасын жасау       1-2   3-4   Конспект. Жасалған web-бет.
  СӨЖ 2 1. Эскиз арқылы фотоколлекция жасау. 2. Электрондық оқулық құру   5-6     Web-бет   Электрондық оқулық
  СӨЖ 3 1. Front Page бағдарламасында фирманың жарнамалауға арналған сайт жасау. 2. Жасалған сайтқа фотоколлекция қосу     9-10   Программа коды, жасалған Веб-бет
  СӨЖ 4 1. Әр студент өзінің жеке сайтын жасасын. 2. Сайтты көркемдеуде әр-түрлі стильдерді, эффектілерді қолдану. 3. Flash –анимация, баннер қосылсын.       13-14     Программа коды, жасалған сайт
  Барлығы      

Зертханалық (практикалық) жұмыстарды орындауға әдістемелік нұсқаулар

 

Берілген зертханалық жұмыстарды орындап, бақылау сұрақтарына жауап беріңіздер.

Зертханалық жұмыс №3. Қарапайым HTML файлын жасау. Экрандағы мәтіннің түрін өзгерту.

Тапсырма. Өзіңіздің Web бетіңізді құрыңыз.

Төмендегідей нәтиже шығатындай етіп, келесі әрекетті орындаңыз:

<HTML>

<HEAD>

<TITLE> Сейдахметова Зарина </TITLE>

</HEAD>

Нәтижесі:

 

Тапсырма. Блокнот редакторы терезесінде төменде көрсетілген қарапайым HTML файлының мәтінін теру керек:

 

< HTML>

<HEAD>

<TITLE> Алғашқы HTML файлы </TITLE>

</HEAD>

<BODY>

Сәрсенбі күнгі сабақ кестесі

</BODY>

</HTML>

3. Файлды RASP.HTM атымен сақтап қойыңыз да, Блокнот терезесін жауып тастаңыз

4. Жасалған Web-құжаты көру үшін сол RASP.HTM файлы белгішесін екі рет шертіңіз, сонда Microsoft Internet Explorer броузері іске қосылып, жазылған мәліметті көруіңізге болады.

Тапсырма. Экрандағы мәтіннің орналасу түрін өзгерту

1. Қажет болса, алдыңғы тапсырманың 5 пунктін орындаңыздар

2. Енді Вид – В виде HTMl (источник) командасын орындау арқылы құжатың алғашқы терілген HTML файлын Блокнот терезесінде көруге болады. Осы мәтінді өзгеріске келтіру:

< HTML>

<HEAD><H2> Менің алғашқы парағым </H2>

<TITLE> Алғашқы HTML файлы </TITLE>

</HEAD>

<BODY>

Сәрсенбі күнгі сабақ кестесі

</BODY>

</HTML>

3. Осылай түзетілген мәтінді Файл-Сохранить командасы арқылы сақтап қояйық та, Блокнот терезесін төменге жасырып, қайтадан Тапсырмалар тақтасында белгішесі көрініп тұрған Алғашқы HTML файлы атын шертіп, Microsoft Internet Explorer броузері терезесін ашайық

4. Броузердің Вид – Обновить командасын орындап (немесе батырмасын басып) терезедегі мәліметтің өзгергенінен көз жеткізіңдер Алғашқы HTML файлы және RASP.HTM файлдарын жабыңыздар.

Мәтінмен жұмыс. Форматтау командалары

Тапсырма. RASP.HTM файлын ашып, оның алғашқы мәтіннін Вид – В виде HTML (Просмотр HTML – кода) командасы арқылы Блокнот терезесінде көрсету қажет

1. HTML файлы мәтінніндегі «Сәрсенбі күнгі», «сабақ», «кестесі» сөздерін жеке-жеке жолдарға жазайық:

< HTML>

<HEAD><H2> Менің алғашқы парағым </H2>

<TITLE> Алғашқы HTML файлы </TITLE>

</HEAD>

<BODY>Сәрсенбі күнгі

сабақ

кестесі

</BODY>

</HTML>

2. Өзгертілген осы мәтінді RASP.HTM файлына Файл – Сохранить командасы арқылы қайта сақтап. Блокнот программасын жасырып, Microsoft Internet Explorer терезесін ашыңыздар.

3. Microsoft Internet Explorer –де мәтін өзгерістерін бейнелеу үшін Ғ5 пернесін басу керек немесе Вид – Обновить командасын орындау қажет. Экрандағы бейне өзгерді ме? Жоқ.

4. Енді HTML файлы мәтінінің керекті орындарына төмендегідей түрде <BR> тегін жазамыз.

< HTML>

<HEAD><H2> Менің алғашқы парағым </H2>

<TITLE> Алғашқы HTML файлы </TITLE>

</HEAD>

<BODY>Сәрсенбі күнгі <BR>сабақ <BR>кестесі

</BODY>

</HTML>

5. Мәтінді қайта сақтап Web-құжатты жаңартыңыздар. (Вид – Обновить) терезедегі мәліметтің орналасуы төмендегі суреттегідей болып өзгереді. HTML құжаты мен RASP.HTM файлын жауып тастаңыздар

 

Келесі жолға көшуді ұйымдастырып, жаңа абзац ашатын арнайы команда бар. <P> абзац тәгі келесі жолға көшу ісін орындаумен қатар жаңа бос жол енгізіп, жаңа абзацты алдыңғы мәтін жолдарынан бөліп тұрады.

Келесі жолға көшіру және абзац ашу тәгтерін пайдалану


Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 1696 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Порядок складання звернень про запрошення осіб.| Тапсырма.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.039 сек.)