Читайте также:
|
|
Клип үшін сценари құру
1. Жаңа құжат ашыңыз.
2. Жаңа фильм құрыңыз. Фо түсі қара; кадр ауысу жиілігі: 30 fps
3. Келесі қабатта аспан суретін салыңыз.
4. Үшінші қабатта ұшу объектісінің символ-клипын құрыңыз
Осы клип ішінде ош шығатын қосымша символ клип құрыңыз.
Қасиеттер палитрасынан от клипына ат еңгізіңіз (мысалы fires)
5. Жаңа қабатта сурет жиегін салыңыз:
6. Жұлдызды аспан және ұшқыш объектісінің қабаттарын маска-қабатымен маскаланыз.
7. Үшатын объектінің әрекетін өңдейтін код жазыңыз:
onClipEvent (load) {
//Бастапқы ауыспалыларды орнату мен хабарлау
// trust – бастапқы жылдамдық, decay –жылдамдықтың азаюы,
// maxSpeed – максималды жылдамдық.
thrust = 1;
decay =.97;
maxSpeed = 15;
}
onClipEvent (enterFrame) {
// солға және оңға бұрылу
if (Key.isDown(Key.RIGHT)) {_rotation += 10;}
if (Key.isDown(Key.LEFT)) {_rotation -= 10;}
if (Key.isDown(Key.UP)) {
// бұрылу жылдамды,ы мен траекториясын есептеу
xSpeed += thrust*Math.sin(_rotation*(Math.PI/180));
ySpeed += thrust*Math.cos(_rotation*(Math.PI/180));
fires._visible = 1;
} else {
// «басылуы» жылдамдықтың UP батырмасы басылған жағдайда
xSpeed *= decay;
ySpeed *= decay;
fires._visible = 0;
}
// шектеу қойю
speed = Math.sqrt((xSpeed*xSpeed)+(ySpeed*ySpeed));
if (speed>maxSpeed) {
xSpeed *= maxSpeed/speed;
ySpeed *= maxSpeed/speed;
}
//Жоғарыда көрсетілген есептеулер негізінде ауысу
_y -= ySpeed;
_x += xSpeed;
// экраннан шуғу кезінде гі есептеу
if (_y<0) {_y = 500;}
if (_y>500) {_y = 0;}
if (_x<0) {_x = 500;}
if (_x>500) {_x = 0;}
}
8. Дайын фильмды <Ctrl>+<Enter> батырмаларын басу арқылы көріңіз.
9. Дайын фильтмді *.fla форматымен сақтаңыз.
Пайдаланылатын әдебиеттер
1. Мильберн Кен, Крото Джон. Внутренний мир Flash 5 для дизанеров. К: Диасофт. 2006. -496 с.
2. А.Н. Кишик. Flash MX. Эффективный самоучитель / А.Н. Кишик, П.Г. Галушкин. – СПб: ДиаСофтЮП, 2007.
3. П. Лапин. Самоучитель Flash MX / П. Лапин. – СПб: Питер, 2007.
4. Macromedia Flash 8 с нуля. Под ред.И.Панфилова. – М: Лучшие книги, 2007. – 368с.
5. Д.Е.Грибов. Macromedia Flash 5. Интерактивная web-анимация. – М.ДМК. 2006.-672 с.
6. Б. Сандерс. Эффективная работа: Flash 5. СПб: Питер, 2001. -352 с.
7. С.И.Переверзев. Macromedia Flash в школе. Информатика и образование. 2003. № 5,6,11,12. 2004. № 1,3.
8. А.Кишик, П.Галушкин. Flash МХ. Эффективный самоучитель: -СПб.:ООО «ДиаСофтЮп», 2003.-416 с.
СӨЖ-ге арналған материалдар
World Wide Web құрылымы
WWW дүние жүзілік тармақталған желісі – бұл internet-тің ең таралған, күннен-күнге тоқтаусыз өсіп келе жатқан қызмет түрі. World Wide Web internet-тегі барлық құжаттар және мультимедиялық ресурстарды сипаттайтын термин. Бұл мәліметтерді пайдалану жолында оларды оқып көру үшін Microsoft internet Explorer, Netscape Naviqator сияқты программалық жабдықтар қолданылады. Олар internet-тен керектіқұжаттарды іздер табуға, қарауға, жазып алуға мүмкіндік береді. «Гипермәтіні» (байланысқан мәтіндер) мүмкіндігі WEB мәліметтерінің бірінен-біріне көшуді жеңілдетеді. Файлдардың «HTML» (hypertext markup language) форматын іске қосатын гипермәтін мүмкіндігі WEB бір бетінен екінші бетіне «сілтеу» бойынша көшуді жүзеге асырады. Бұл беттерде суреттер, бейне жазбалар, дыьбыстар, үш өлшемді (кеңістіктегі) нақты бейнелер т.с.с орналасады. Осындай сілтемелер арқылы байланысқан парақтар World Wide Web-тің негізгі құрылымын құрайды. Web жүйесіне қосылғаннан кейін әрбір адам WWW желісіндегі кез-келгенмәліметті басқалармен бірдей пайдалану құқығына ие болады, бұдан соң басқа компьютерлермен байланыс үшін немесе қосымша артықшылық, шектеулер үшін ақы төлеудің қажеті жоқ.
World Wide Web (WWW немесе Web) Интернет мәліметтерін жеңіл көруге болатын графикалық интерфейс мүмкіндігі береді. Ондағы мәліметтермен олардың бір-бірімен байланысын ақпараттық «өрмек» деп айтса да болады.
Web-тің әр бетінің басқа парақтармен байланысын көрсететін сілтеме белгілері бар, оны бір-бірімен кітапхана деуге болады. Бір тораптық компьютерлерде орналасқан мәліметтер Web кітабы секлді, ал оның беттері кітап парақтарын көзге елестетеді. Бұл беттердегі мәліметтер дүниенің кез-келген бұрышында орналаса береді. Солар арқылы жер шарындағы барлық серверлік комьютерлердегі ақпараттар көз алдыңызда орналасады, мұнда қашықтағы-қымбат, жақындағы-арзан ұғымы жоқ, олардың бағасы тек мәліметтің көлеміне немесе сіздің байланысып отырған уақытыңыздың ұзақтығына байланысты. Web мәліметтерін қарау адресә көрсетілген барлық бір тораптық (түйінді) компьютерлерден басталады.
Түйін компьютерлердегі мәліметтің бірінші беті кітаптың сырты немесе мазмұны тәрізді, әрбір беттің URL (Universal Resource Locator) форматында берілген қайталанбайтын өзіндік адресі болады.
Internet ішінен керекті мәліметті іздеп табуға мүмкіндік беретін тағы бір мүмкіндікті қарастырамыз. World Wide Web (WWW не Web) яғни «дүниежүзлік өрмек» информация іздеп бүкіл дүние жүзіне электрондық саяхат жасайтын гипертекстік жүйе болып табылады. Қазіргі кездегі әртүрлі мәлімет алуға болатын ең кең тараған жүйе ретінде WWW есептеледі. Internet-тің қалаған бөліктерінен гөрі WWW жүйесін пайдалану жеңіл, әрі ыңғайлы.
Мұнда бір-бірімен байланысқан сөздер арқылы іздеу жүргізіледі. Өзіңізге керекті тақырыпты таңдап алып, соған байланысты информацияны қарап шығасыз, сол информация ішінен тағы бір тақырыпты таңдап алсаңыз, соған байланысты ғана мәліметтерді оқи бастайсыз. Осылай бір тақырыптан екіншісіне ауысып көре бересіз, бірақ қажет болса, кейін оралуыңыз да қиын емес.
WWW жүйесі байланыс орнатылған құжаттардан тұрады. Егер сіз Windows жүйесінің көмек беретін мәліметтер құрылымын қарап шықсаңыз немесе Macintosh компьютерінің Hyper Card файлын көрсеңіз, сол гипертекст мысалы бола алады. Гипертекстік құжат бір ұғымнан екінші ұғымға текстік байланыс арқылы (мазмұны арқылы) тез көшуді қамтамасыз етеді. Бір тексті бастан аяқ оқығаннан гөрі сол текстің белгілі бір бөлігін ғана оқып, сонан кейін сол бөлікпен байланысты ұғымдарға жылдам көше аласыз. Бұлай жылжыту белгіленген текст фрагментіне курсорды алып барып тышқанмен белгілеу арқылы орындалып отырады.
Web жүйесімен жұмыс істеудің бірнеше тәсілі бар. UNIX операциялық ортасында севистік қызмет көрсететін компания жасап қойған арнайы команда арқылы WWW браузерімен оңай байланысу жолы бар. Оны іске қосу үшін www немесе lynx сөздерін енгізу керек.
Егер тұрақты қызмет атқару қажет болса немесе тікелей теру арқылы байланыс орнату керек болып жатса, өз WWW браузеріңізді пайдалану мүмкіндігі де бар. Қолданылып отырған тәсілге қарамастан сіз гипертекстік файлдарда мәлімет іздеп таба алатын браузермен жұмыс істей аласыз. Енді біз желіні пайдалану кезінде жұмыс істеуге тиіс Internet Explorer графиктік браузерімен танысайық. Әрине бұдан басқа да браузерлер бар, мысалы, Netscape Navigator бірақ Windows 95 жүйесі өз Internet Explorer программасының ішкі браузерімен жабдықталады немесе Windows жүйесінің басқа түрлерінде де арнаулы бірден бекітіліп берілетін ішкі браузерлер болады, олармен жұмыс істеу де ыңғайлы. Ал, егер кейбір себептермен сіз Internet Explorer –мен істегіңіз келмесе, онда Netscape Navigator браузеріне немесе басқасына оңай ауыса аласыз және олардағы жалпы жұмыс істеу ережелері бір-біріне ұқсас болады.
Сонымен FTP-серверімен жұмыс істеуді меңгерсеңіз және Web жүйесінің бірнеше адресін білсеңіз желіге кіріп жұмыс істеу қиын болмайды. Адресті білмесеңіз де, өзіңізге керекті мәліметтер тақырыбы арқылы іздеу ісіне кірісіп кете бересіз.
Web каталогтары кітапхананың жүйелік каталогтары тәрізді жасалып, олар «Спорт», «Компьютерлер», «Ойындар» сияқты рубрикаларға жіктелген. Каталогтан өзіңізге керекті тақырыпты тауып алып, оның ішінен Web-тегі түйінді сөздер тізімінен іздеуді бастауға болады.
Көптеген серверлердегі тізімдерде әрбір түйінді тақырып қысқаша сипатталып отырады да, одан негізгі тақырыпқа көшу жолы (парақтағы емес) көрсетіліп тұрады. Бірақ Web каталогтары текст парақтарының тек аз бөлігін көрсетеді, ал «дүниежүзлік өрмекте» (всемирная паутина) одан басқа толып жатқан мәліметтер жиыны бар екені түсінікті. Мұнда да Alta Vista, HotBot немесе Lycos сияқты іздеу серверлері іске қосылады, оларда да серверге өзіңізге керекті тақырыпты көрсетсеңіз, Web парақтарынан осы салаға байланысты бар мәліметтерді көріп шығу мүмкіндігін аласыз.
Іздеу процесі адамның қатынасуынсыз орындалатын болғандықтан, іздеу северлері каталогтарға қарағанда көптеген мәліметтерді қамти алады, бірақ сіз оларды сұрыптай отырып, мыңдаған парақтан тұратын мәліметтер ішінен керектісін таңдауыңыз қажет.
Егер сіз жалпы сипаттағы мәлімет іздейтін болсаңыз, іздеуді Web каталогтарынан бастағаныңыз жөн. Ал егер сіз нақты бір сөз тіркесін іздейтін болсаңыз, мысалы, «Little girl» немесе классификатордан жалпы атауын табу қиын түсінік туралы мәлімет іздегенде, каталогтар да онша көмек бере қоймайды. Мұндайда іздейтін серверді пайдалану қажет, мүмкін біреуін емес бірнешеуін көру керек болар, өйткені әртүрлі серверлер қойылған бір сұраққа әртүрлі жауып береді. Сіздің сұрағыңыз нақты болса, іздеу нәтижесі де табысты болады. Бір емес сұрағыңызға сәйкес келетін бірнеше сөз тіркесін іздеген қолайлырақ болады. Көп сөзден қашпау керек, синоним сөздер іздеп табу ісін оңайлатады.
Егер іздейтін сервер сізге толық жауап таппаса (немесе тіпті ешқандай жауып таппаса), онда сұрағыңыздың нақты болмағаны немесе керекті сөз тіркестерін дәл таппағаныңыз. Мұндайда басқа да және қысқа сөздерді пайдалана отырып, тағы да іздеу жұмысын жүргізу керек.
Ал, егер табылған мәлімет жүздеген немесе мыңдаған беттерге жалғасып кетсе, онда мәселенің өте кең ұғымды, ауқымды болып кеткені. Қайта сұрақ қойып, нақты терминдерді пайдалануға тырысып, іздеу варианттарын шектеуге талпынған жөн.
Өрмек ішінде қызықты, орыс тілінде жазылған текстер көп, сондықтан орысша әртүрлі мәлімет іздеу қажеттілігі жиі кездеседі. Бірақ тиімді жолмен керектісін жылдам іздеп табу орыс алфавитінің ерекшеліктері мен сөз таптарының өзгешеліктеріне қарай қиынға соғады.
Орыс алфавитін пайдалануға оның кодтарының да әртүрлілігі кедергі болады: бір текст КОИ-8 кодында жазылса, екіншісі Windows кодтарын қолдануы (1251) мүмкін. Бұған орыс сөздерін латын әріптерімен жазу әдісінің қосылатынын айтсақ, қиындықтың арта түсетіні өз-өзінен белгілі.
Осындай себептермен желі бойынан, мысалы Алматы туралы мәлімет іздесек, серверге Алматы сөзін 1251 түріндегі код арқылы енгізсек – бір түрлі жауап, ал КОИ-8 коды арқылы енгізі алсақ (ол жайлы «Совинформбюродан» білуге болады, http://www.siber.cjm/sib/russify/) – екінші түрлі жауап аласыз; латын әріпімен Almaty сөзін енгізсеңіз – үшінші түрлі жауап, ал төртінші түрді Almati сөзі арқылы алуымызға болады. Ол жауаптардың кейбірі қайталанатын да шығар, бірақ айырмашылығы да жетіп артылады.
Кейбір келеңсіздіктерден қашық болу үшін және орысша текстер табу мақсатында CompTek фирмасының серверіне шығуға болады. Ол фирма орыс тіліндегі текст ерекшеліктерін есепке алатын іздеу жүйесін (Яndex –тіл индексі) жасап шығарады және жарнама ретінде өздері арқылы сұрақтарды Alta Vista-ға жіберетін текст беттерін ашты. CompTek серверіне енгізілген сұрақтардағы сөздер автоматты түрде көбейтіліп, тек керекті информация түріне келтіріп Alta Vista-ға жөнелтіледі.
Бұл сервердің тағы бір ерекшелігі – кодтарды сәйкестендіре отырып өзгерту (переключение кодировок): бір сұрақты әртүрлі кодтар түріне келтіру үшін бірнеше рет енгізудің керегі жоқ. Бір енгізілген мәлімет автоматты түрде барлық кодтарға айналады (нәтижені көру үшін тек шрифті өзгерту жеткілікті), сервердегі кодтау түрі екеу-КОИ-8 бен 1251. Басқа да кодтарда өрнектелген мәліметтер болғаныменен, олар осы екі кодтау түріне автоматты түрде айналады.
Керекті мәлімет табылса, ары қарай барлық жұмыс FTP-серверіндегі сияқты орындалады.
1. Internet Explorer - бұл:
A) Электрондық поштаны іске қосу жәшігі
B) Интернеттің файлдарын сақтайтын бағдарлама
C) Интернеттің хаттамаларын іске қосу файлы
D) WWW-ге арналған броузер
E) Файлдарды және бумаларды басқару программасы
2. Желідегі қатысушылардың бірігіп қолданылуына арналған, арнайы компьютер... деп аталады
A) Диск
B) Процессор
C) Директорий
D) Администратор
E) Сервер
3. HTML-да түсініктеме мәтін жазылатын символдардың дұрыс жазылған түрін көрсет
A) <!- - >
B) <!-- -- >
C) { }
D) /* */
E) <-- -- >
4. HTML бұл:
A) Ара-қатынас тілі
B) Құрылымдық сұраным тілі
C) Гипермәтінді белгілеу тілі
D) Төменгі деңгейлі бағдарламалау тілі
E) Жоғары деңгейлі бағдарламалау тілі
5. ТСР хаттамасы...
A) мәліметгерді сұрыптайды
B) мәліметтерді жөнелту ісін атқарады
C) мәліметтерді бір жүйеге келтіреді
D) мәліметгерді қурастырады
E) мәліметтерді бірнеше бөліктерге бөледі
6. Электронды поштамен жұмыс істеуге арналған программа-
A) AutoCad
B) Microsoft Word
C) Microsoft Excel
D) Microsoft Access
E) Outlook Express
7. INTERNET желісіндегі IP хаттамасы бұл...
A) есептеу хаттамасы (нәтижелерді хабарлама формуласы бойынша есептеу)
B) қателер хаттамасы(диагностикалық және фатальді қателерді беру)
C) грамматикалық қателер хаттамасы (жіберілген хабардағы грамматикалық қателерді іздеу)
D) транспарттық деңгейдегі хаттама (желіаралық хаттама)
E) адрестік хаттама (ақпаратты беру қайда орындалады)
8. Web-навигация нені білдіретінін көрсетіңіз:
A) Web-кеңістіктегі барлық құжаттардың атын өзгерту
B) Web-кеңістіктегі барлық құжаттарды архивтеу
C) Web-кеңістіктегі барлық құжаттарды жою
D) Web-кеңістікте барлық құжаттарды сақтау
E) Web-кеңістікте құжаттар арасындағы қарапайым орын ауыстыру
9. Интернет желісіндегі базалық хаттама бұл -
A) ІР
B) TCP/IP
C) URL
D) ТСР
E) CRT
10. Деректерді беру хаттамасы бұл-
A) Нақты форматтағы файлдар
B) Электронды хатты толтыруға арналған ережелер жиыны
C) Электронды пошта абонентін іздеу бағдарламасы
D) Электронды поштаны алуға арналған ереже
E) Компьютердің желімен өзара әрекетесуі үшін қолданылатын ережелер жиыны
11. WWW қызметінің тағайындалуын көрсетіңіз:
A) Іздеуші сервер
B) Біртұтас ақпараттық кеңістік
C) Сұрыптаушы сервер
D) Жаңалықтар топтамасына байланысты телеконференциялар
жүргізу
E) Электронды пошта
12. Түйіндері орталық тораппен сызықтар арқылы жеке байланысқан топология:
A) Радиалды
B) Жұлдызша
C) Шиналық
D) Көлемдік
E) Сатылық
13. Электрондық поштамен жұмыс жасау үшін не қажет:
A) Факс
B) Хат жазатын бағдарлама және микрафон
C) Факс және модем
D) Мәтіндік құжат құратын бағдарлама
E) Outlook Express бағдарламасы және интернетке қосылу
14. Жүйеде компьютерді бірегей (уникалды) адрестеу үшін... қолданылады:
A) HTML адрес
B) IP адрес
C) HTTP адрес
D) SMTP адрес
E) TCP адрес
15. Жергілікті желінің тиімді топологиясын көрсетіңіз.
A) Сақиналық
B) Глобальды желі
C) Жұлдызша топологиясы
D) Біршендік
E) Шиналық
16. Интернетке қосылған басқа компьютерлермен, тікелей байланысу және нақты уақыт режимінде сөйлесу бағдарламасы... деп аталады:
A) TelNet
B) Gopher
C) Е-mail
D) Chat
E) UseNet
17. Сервер бұл -
A) Символдық адрестерді цифрларға түрлендіруді қамтамасыз ететін, арнайы бағдарламалары бар компьютерлер
B) Internet-ке қосылған жай компьютер
C) Internet-ке қосылмаған жай компьютер
D) Глобальды жүйеге автоматты түрде қосылатын компьютер
E) Жүйені басқаратын және барлық жүйенің ұзақ уақыт жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жүйедегі бас компьютер
18. Тег бұл -
A) Ақпараттың өлшем бірлігі
B) Деректерді беру жылдамдығы
C) Процессордың тактілі жиілігі
D) Web құжаттарды құрғанда қолданылатын команда
E) Бағдарламалық қабықша
19. INTERNEТ-те E-mail қызметінің міндетін көрсетіңіз:
A) мәтінмен жұмыс істеу
B) деректер базасы
C) электронды почта
D) ойын
E) тестілеу құрылғысы
20. Web-құжатты көріп шығу құралы броузер құжатты, құжат авторы мәтінге енгізген командалармен басқара отырып, экранда көрсетеді. Бұндай командалар … деп аталады.
A) Бодтар
B) Дешифраторлар
C) Тегтар
D) Байттар
E) Операторлар
21. Екі немесе бірнеше компьютерлерді физикалық түрде қосқанда... құрылады
A) Wеb-сервер
B) байланыс каналдармен қосылған комплекс терминалдары
C) жұмыс станциясы
D) компьютерлік желі
E) желі адаптері
22. WWW –дегеніміз бұл -
A) мәтіндік файл
B) локальдік жүйе
C) телеконференция
D) электрондық пошта
E) бүкіләлемдік өрмек
23. Желінің ең карапайым топологиясын көрсетіңіз:
A) Сақина
B) Шина
C) Асимметрия
D) Сопақ түріндегі
E) Жұлдыз
24. “Модем “ бұл -
A) Ақпаратты оқу құрылғысы
B) Сызбаны қағазға шығару құрылғысы
C) Телефон арнасы арқылы компьютер аралық ақпарат алмасу үшін қажетті құрылғы
D) Графиктік және текстік компьютерді енгізу құрылғысы
E) Тышқанды ауыстыру үшін қажетті құрылғы
25. INTERNET. Rambler бұл -
A) Сұрыптаушы сервер
B) Іздеуші сервер
C) Электронды пошта
D) Біртұтас ақпараттық кеңістік
E) Жаңалықтар топтамасына байланысты телеконференциялар жүргізу
26. Бір мекеме ішіндегі компьютерлерді қосатын желі... аталады
A) Локальдық
B) Мемлекеттік
C) Аймақтық
D) Компьютерлік
E) Глобальдық
27. Web сайттарды құру үшін... тілі қолданылады
A) СИ
B) НТТР
C) Pascal
D) HTML
E) Java
28. Домен – дегеніміз не:
A) Пошта адресі
B) НТМL форматындағы электрондық құжат
C) Интернет желісінде файлдарды іздеу бағдарламасы
D) Вирусқа қарсы бағдарлама
E) Желі бөлігін құрайтын және каталог жалпы деректер базасын қолданатын компьютерлер тобы
29. INTERNET желісіндегі TCP хаттамасы бұл -
A) Есептеу хаттамасы (нәтижелерді хабарлама формуласы бойынша есептеу)
B) Қателер хаттамасы(диагностикалық және фатальді қателерді беру)
C) Транспорттық деңгейдегі хаттама (тасымалдауды басқару хаттамасы)
D) Адрестік хаттама (ақпаратты беру қайда орындалады)
E) Грамматикалық қателер хаттамасы (жіберілген хабардағы грамматикалық қателерді іздеу)
Бақылау—өлшем құралдары
1. Компьютерлік желі туралы жалпы түсінік
2. Компьютерлік желілердің түрлері
3. Локальді желі дегеніміз не?
4. Қандай желілік құралдарды білесің?
1. Клиент деп нені айтады?
2. Сервер деп нені айтады?
3. Серверлі желі дегеніміз не?
4. Файлдық сервер дегеніміз не?
5. Windows-тың қандай желілік құралдарын білесің?
6. Microsoft Exchange бағдарламасы не үшін арналған?
7. Microsoft Fax бағдарламасы не үшін арналған?
8. Қолданушы деңгейінде басқару дегеніміз не?
9. Ресурстық деңгейінде басқару дегеніміз не?
10. Электронды поштамен жұмыс істеудің принципін көрсетіңіз.
11. Пошталық қызмет дегеніміз не?
12. Электронды поштамен жұмыс істейтін бағдарламаларды санап беріңіз.
13. Модем не үшін арналған?
14. TCP/IP протоколы дегеніміз не?
15. Eudora бағдарламасы не үшін арналған?
16. Microsoft Exchange бағдарламасы не үшін арналған?
17. Internet Mail бағдарламасы не үшін арналған?
18. Outlook Express бағдарламасы не үшін арналған?
19. NETCOMplete бағдарламасы не үшін арналған?
20. Netscape Messenger бағдарламасы не үшін арналған?
21. Pegasus Mail бағдарламасы не үшін арналған?
22. Интернет желісіне қосылудың қандай түрлерін білесің?
23. Телеконференция дегеніміз не?
24. Hardware төменгі деңгей дегеніміз не?
25. Network interface дегеніміз не?
26. Macromedia Flash бағдарламасы туралы жалпы түсінік.
27. Macromedia Flash-тың құралдар тақталарына сипаттама.
28. Macromedia Flash-та қарапайым анимацияларды құру.
Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 369 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Тапсырма. | | | Глосарий |