Читайте также:
|
|
Өндірісті басқару деген - өндірістің жұмысын жақсартуға бағытталған іс-әрекет. Өндірісті басқару өндірістік базаны қосалқы бөлшектерді және материалдарды тиімді пайдалануға жағдай жасайды.
Өндірісті баскару сапасы, біріншіден, инженерлік-техникалық мамандардың біліктілігіне байланысты.
Өндірісті басқаруды ұйымдастыру автопарктің қуатына (өндірістік жоспар) байланысты. Тәжірибеде басқарудың әртүрлі үлгісі қолданылады. Кәсіпорынның көпшілігінде басқаруды өндірістің бастығы атқарады, ал бөлімдерде бөлім бастықтары басқарады.
Автопарктерде көлік құралдарына ТҚ және АЖ-ді ұйымдастырудың келесі тәсілдері қолданылады: мамандандырылған бригада; кешенді бригада; агрегатты-бөлімдік; тікелей бекеттік; агрегатты аймақтық және басқалар. Мұның ішінде алғашқы үшеуі кеңінен тараған.
Мамандандырылган бригада тәсілі. ТҚ және АЖ-дің әр жұмысын мамандандырылған бригада орындайды (5-суретте).
2-сурет. Мамандандырылған бригада тәсілі бойынша еңбекті ұйымдастырудағы өндірісті басқару
Автопарктің техникалық қызметін басқаруды бұл жағдайда бас инженер атқарады. Ол өндірісті өзіне тікелей бағынышты кәсіпорынның басшылары арқылы басқарады.
КТҚ. ТҚ-1, ТҚ-2 және агрегаттарды жөндеу жұмыстарын жүргізуші бригадалардан, мамандандырылған жұмысшылардан кұрастырылады, олардың өздерінің жұмыс көлемі, бөлек еңбекақы қоры болады. Жұмысты бұлай ұйымдастыру әр бөлімнің өзінің технологиялық бірқалыптылығын қамтамасыз етеді, оның ішінде жұмысшылардың қозғалысын жеңілдетеді және баскару жұмысын оңайлатады. Жұмысты бұлай ұйымдастырудағы негізгі кемшілік - жұмыс сапасының төменділігі.
Тәжірибенің көрсетуі бойынша мұндағы кемшілік жұмысты орындаушылардың жауапкершіліктеріне байланысты.
Кешенді бригадалық тәсілі. Бұл тәсілде ірі автопарктің (мысалы, автоколоннаның) әр бөлімінің өз кешенді бригадасы болады, онда өзіне бекітілген автомобнльдерге ТҚ-1, ТҚ-2 және АЖ жүргізіледі (2.2-сурет).
2.2-сурет. Кешенді бригада тәсіпі бойынша өндірісті басқару
КТҚ және агрегаттарды жөндеу орталықтандырылып орындалады. Бригада әртүрлі мамандықтардан құралады да, өздеріне жүктелген жұмыстарды орындайды. Мұндай ұйымдастыруда ТҚ көрсету жұмыстарында жауапкершілік азаяды, одан басқа бұл тәсіл автомобильдерге ағымды ТҚ көрсету жұмысын ұйымдастыруды қиындатады. Материалдық-техникалық жабдықтар (қондырғы, қосалқы бөлшектер, материалдар т.б.) бригадалар бойынша бөлінеді, сондықтан олар тиімсіз пайдаланылады.
Агрегатты бөлімдік тәсіл. Бұл тәсілдің мәні ТҚ және жөндеу жұмыстарын өндірістік бөлімдерге толық бөліп беруден, олардың сапалы орындалуын талап етуден көрінеді (2.3-сурет).
Бұл бөлімдер өндірістің негізгі тармақтары болып табылады. Негізгі өндірістік бөлімдердің әрқайсысы ТҚ көрсету және АЖ бойынша бір немесе бірнеше агрегаттың жұмыстарын орындайды. Бұл үлгі бойынша өндірісті басқарғанда, моральдық және материалдық жауапкершілік нақты орындалады.
Ірі және орташа автопаркте жылжымалы кұрамдарды қарқынды пайдаланғанда, ТҚ және АЖ бойынша бөлімдер санын төртеуден сегізге дейін қабылдайды.
2.3-сурет. Агрегатты-бөлімдік тәсіл бойыниіа басқару
Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 250 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Кәсіпорнын ұйымдастыру және басқару | | | Көрсету жұмысын үйымдастыру |