Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кәсіпорнын ұйымдастыру және басқару

Жобаның зерттемелік бөлімі | Көрсету жұмысын үйымдастыру | Телімнің жарықтандыруын есептеу |


Читайте также:
  1. B) анық және альтернативті 1 страница
  2. B) анық және альтернативті 2 страница
  3. B) анық және альтернативті 3 страница
  4. B) анық және альтернативті 4 страница
  5. Next Generation Network, міндеттері және анықтамасы
  6. Аграрлык өнімді өткізу арналары және оларды тандау
  7. Азаматтардың» және «жеке тұлғалардың» ара қатынасы. Эмансипация.

Автомобиль көліктері кәсіпорнының өндірістік-техннкалық базасының сипаттамасы:

Жол-көлік құралдарын техникалык ақаусыз қалыпта ұстау, оларды ауысым аралығында сақтауды қамтамасыз ету, желіде олардың жұмысын ұйымдастыру және басқару үшін тиісті өндірістік-техникалық база қажет етіледі, ол автомобиль көліктерінің кәсіпорны (АКК) деп аталады. АКК-тің жіктелуі 1-суретте көрсетілген.

1. 1-сурет. Автомобиль кәсіпорнының жіктелуі

Автокөлік кәсіпорны өндірістік қызметті ұйымдастыру бойынша: кешенді — тасымалдау жұмысын атқаратын, сақтайтын, жылжымалы кұрамдарды жөндейтін және техникалық қызмет көрсететін; кооперативтік - мұндай кәсіпорын ірі кәсіпорын құрамына кіреді (автокомбинат, автобірлестік) болып бөлінеді. Кооперативтік ұйымдастыру жұмысы тек тасымалдауды ғана ұйымдастырмай, сонымен қатар ТҚ көрсету және АЖ жұмыстарын орталықтандырумен айналысады. Мұндай автокомбинат басты кәсіпорыннан тұрады, ол іріленіп орталықтандырылады да, ТҚ және АЖ-дің күрделі жұмыстары, сондай- ақ ондағы филиалдардың тасымалдау, сақтау, КТҚ және аз көлемді жұмыстары атқарылады. Басты кәсіпорында ТҚ және АЖ жұмыстарын озық тәсілмен жүргізу ұйымдастырылады, ал өндірістік база көп маркалы автомобильдерге қызмет көрсететіндіктен, қажетті жабдықтардың барлық түрімен жабдықталады.

Автомобильдерге қызмет көрсететін кәсіпорын ТҚ және жөндеу бекеттерінің санымен сипатталады және автомобильдердің жұмыс істеуге жарамдылығын қамтамасыз етіп, соны орындауға мамандандырылады. Оған жататындар: орталықтандырылған техникалық қызмет көрсету базасы; автосервис кәсіпорны; май құятын станция; автобекет; жолаушылар автобекеті; жүк автостанциясы; тұрақ; кемпинг, мотельдер.

Орталықтандырылған қызмет көрсету базасы ауданда орналасқан кіші автопарктердің жол-көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған. Базада жеке агрегаттар, механизмдер, автомобильдің бөлшектерін орталықтан жөндеу тәсілі ұйымдастырылуы мүмкін, одан басқа да желідегі көліктерге орталықтандырылған техникалық көмек көрсету қарастырылған.

Орталықтан қызмет көрсету базасы оған бекітілген автопарк және баска да кәсіпорындармен бірігіп, кооперативтік жөндеу жүйесін орната алады. Ол базаның қуаты оған бекітілген автомобильдердің санымен өлшенеді.

Автосервис кәсіпорны (АК) жекеменшік иелерінің жеңіл автомобильдерін жөндеуге арналған. Одан басқа, автосервис кәсіпорны автомобиль сатуға, оларды қосалқы бөлшектермен, пайдалану материалдарымен қамтамасыз етуге арналған.

АК
Қалалық
Жол бойындағы
Ерекше кіші (5 бекетке дейін)
Кіші (15 бекетке дейін)
Орташа (30 бекетке дейін)
Үлкен (50 бекетке дейін)
Майда жөндеу жұмыстары, қосалқы бөлшектер сату
Кіші аудандағы бекет:жөндеу, қосалқы бөлшектер сату, шанақ жөндеу
Ірі елді мекенде орналасқан: кепілдемелі қарау, тот басуға қарсы жумыс, шанақ жөндеу
Үлкен қалаларда орналасқан: кепілдеме бойынша қызмет көрсету, агрегаттарды ауыстыру, шанақты жендеу, сырлау, тот басуға қарсы жұмыс
Автосервис кәсіпорны жұмыс бекеттерінің саны бойынша: ерекше кіші (5 бекетке дейін); кіші (15 бекетке дейін); орташа (30 бекетке дейін); үлкен (50 бекетке дейін); ірі (50 жұмыс бекетінен жоғары) болып бөлінеді. Автосервис кәсіпорны орналасу орны бойынша қалалық және жол бойындағы болып бөлінеді (2-сурет)

 

1.2 – сурет Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету бекеттерінің

жіктелуі

Май құятын станция автомобильдерді жанармай-жағармаймен, салқындату сұйығымен жабдықтайды, дөңгелектерге ауа жібереді, пайдалану материалдарын сатады.

Автобекет қалааралық автобустарға қызмет етуге арналған. Оларды қалаларда, ірі магистральді жолдарда орналастырады.

Жүк автобекеті жүктерді жинау, оларды сақтау, сұрыптау және оларды артып жіберуге арналған.

Кемпингтер мен мотельдерде туристердің автомобильдерін уақытша сақтауға, жөндеуге, қызмет көрсетуге арналған.

Автомобиль жөндейтін кәсіпорын автомобильді немесе олардың агрегаттарын жөндеуге арналған.

Автопарктың ұйымдастыру құрылымы. Бұл құрылым халықты, материалдық, қаржылық және басқа қорларды біріктіріп, әкімшілік қызмет құруға бағытталған. Оның құрамына бір-бірімен байланысты үш: негізгі; қосалқы және қызмет көрсететін жүйе кіреді. Негізгі өндіріс КТҚ, ТҚ-1, ТҚ-2, АЖ және жай-күй анықтау аумақтарынан тұрады. Қосалқы - механикалық, электротехникалық, сырлау басқа да жұмыстарды орындайтын бөлімшелер; қызмет көрсететін - коймалар, көлік топтары, техникалық-бақылау бөлімі (ТББ) т.б. бөлімінен тұрады. Одан басқа, бұл құрылымға өндірістік-техникалық бөлім (ӨТБ), бас механик бөлімі (БМБ), материалдық-техникалық жабдықтау бөлімі (МТЖБ), техникалык бақылау бөлімі (ТББ) жатады.

ӨТБ жоспар жасап, еңбекті ғылыми жолмен жүргізу шараларын, жаңа техниканы және технологияны енгізу, еңбекті қорғау, өндірісте жарақаттану себептерін зерттеу, техникалық оқыту арқылы жұмысшылардың біліктілігін арттыру, стандартқа жатпайтын аспаптар жасауды іске асырады.

1.3-сурет. ТҚ және АЖ үдерісінің технологиялық сұлбасы: ТБП - бақылау - техникалық бекет; ЖЖЖ - жинастыру, жуу жұмыстары; Д-1, Д-2 - жай-күй анықтау бекеті; ДР - жөндеу жұмыстарын жүргізгенде жай-күй анықтаудың орындалуы

МТЖБ автопаркті үздіксіз материалдық-техникалық (қосалқы бөлшектер, агрегаттар, жанар-жағармай т.б.) жабдықтармен қамтамасыз етіп тұрады.

ТББ барлық бөлімдердегі жұмыстың сапалы орындалуын қадағалайды. Көлік кұралдарындағы ақаудың пайда болуына талдау жасаумен айналысады. Жүйе мен бөлімше арасында жан-жақты ұйымдастырылған байланыс болады. Ол төменгі суретте көрсетілген.

КТҚ көрсету аумағынан автомобильдердің өтуі шектелген, сондықтан көпшілік автомобильдер сақтау аумағына, қажет болғанда КТҚ көрсету аумағына жіберіледі. ТҚ және АЖ қажет ететін автомобильдер күту аумағына, жай-күй анықтау тексерісінен кейін тиісті өндірістік аумақка жіберіледі.

ТҚ көрсету және АЖ жұмыстары жүргізілгеннен кейін автомобильдер сақтау аймағына беріледі, одан бақылау-техникалық бекеті арқылы шығарылады.

Автопарктің өндірістік-техникалық базасы (ӨТБ) - ұйымдастыру, техникалық, материалдық, технологиялық, экономикалық шаралардың

1.4-сурет. Техникалық қызметтің ұйымдастыру құрылымы

жиынтығы, оның негізгі мақсаты - жол-көлік құралдарын техникалық ақаусыз ұстау. ӨТБ-нің негізгі элементі кешенді автопарк - ол негізгі (90...95%) және айналымдағы қаржы (5...10%), ғимараттар (30%), қондырғылар (5%-ға дейін).

Өндірістік-техникалық база (ӨТБ) техникалық пайдалану шараларын өткізетін материалдық база болып саналады. Автопарктің негізгі элементі ТҚ және АЖ жүргізетін өндірістік ғимарат болып есептеледі.

Мамандандыру - бұл ТҚ көрсету және АЖ жұмыстарын белгілі бағытқа бұру.

Кооперативтендіру - көлік құралдарына ТҚ көрсету және АЖ жұмысы бойынша белгілі жұмыстарды бірнеше кәсіпорын немесе өндірістік бірлестіктің бірігіп орындауы, олардың арасында технологиялық, экономикалық, ұйымдастыру және ақпараттық байланыс болуға тиіс.


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 866 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бір кезең аралығында бір автомобильге жүргізілетін| Және жөндейтін өндірісті басқару

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)