Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Маркетинг стратегиясы

Іске асыру жоспары | Кесте - Кредиттеу шарттары | аржы индикаторлары |


Читайте также:
  1. I-Бөлім.Маркетингті жоспарлаудың мәні мен мазмұны
  2. PR в системе маркетинговых коммуникаций
  3. Азақстан-2030 Стратегиясы. Негізгі қорытындылар
  4. Анализ рынка и маркетинговая стратегия
  5. Ассортиментная политика банковских услуг – важнейший фактор эффективной маркетинговой деятельности.
  6. В) эффективным способом согласования различных направлений маркетинговой политики.
  7. Взаимодействие логистики и маркетинга

Резюме

Қазақстан Республикасының Батыс Қазақстан облысында (бұдан әрі – Батыс Қазақстан облысы).

Мыналар стоматология кабинеті қызметтерінің негізгі түрлері:

- Ортопедиялық стоматологиялық қызметтер;

- Терапевтикалық стоматологиялық қызметтер;

- Хирургиялық стоматологиялық қызметтер және имплантология;

- Стоматологиялық бұйымдарды (тістің қабы, протездер);

- Тістің техникалық жұмыстары.

Қызметтерді негізгі тұтынушылар халық және олардың бұйымдары жеткізілетін басқа клиникалар болады.

Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындар мыналарды қамтиды:

Шығысытар, мың тг. 2 012
Негізгі капиталға инвестициялар 55 270
Негізгі капитал 4 200
Барлығы 59 470

 

Жобаны қаржыландыруды жоба бастамашысының өз қаражаты есебінен сияқты қарыз капиталы есебінен де жүзеге асыру жоспарлануда.

Қаржыландыру көзі, мың тг. Сомасы Кезеңі Үлесі
Өз қаражаты 23 210 04.2012 39%
Қарыз қаражаты 36 260 05-06.2012 61%
Барлығы 59 470   100%

 

Кредиттеудің келесі шарттары қабылданды:

Кредит валютасы теңге
Пайыздық ставка, жылдық 12%
Өтеу мерзімі, жыл 6,0
Пайыздар мен негізгі борышты төлеу ай сайын
Пайыздарды өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай  
Негізгі борышты өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай  
Негізгі борышты өтеу түрі тең үлестермен

 

Жобаның 5 жылына арналған кәсіпорын қызметі тиімділігінің көрсеткіштері.:

Жылдық пайда (7 жыл), мың тг. 10 061
Активтердің рентабельділігі 18%

 

 

14% дисконттау ставкасы кезінде инвестицияланған капиталдың дисконтталған таза кірісі 7 жылда 4 753 мың теңгені құрады.

Ішкі кірістілік нормасы (IRR) 17%
Ағымдағы таза құны (NPV), мың теңге 4 753
Жобаның өзін-өзі ақтауы (жай), жыл 4,4
Жобаның өзін-өзі ақтауы (дисконтталған), жыл 5,9

 

Жоба экономикалық көзқарас жағынан мыналарға ықпал ететін болады:

- Батыс Қазақстан облысында 39 жаңа жұмыс орнын құру;

- Батыс Қазақстан облысының бюджетіне қосымша кірістердің түсуі;

Жобаның әлеуметтік әсерінің арасынан мынаны бөліп көрсетуге болады:

- халықтың сапалы стоматологиялық қызметтерге деген сұранысын қанағаттандыру.

 

 

Кіріспе

Ақылы медициналық қызметтер көрсетушілер арасындағы жоғары бәсекелестік тұтастай алғанда нарықта әр түрлі экономикалық процестерді оңтайландыруға мүмкіндік береді және атап айтқанда,сапасыз қызметтер көрсететін компанияларды ығыстырып шығарады.

Қаржылық дағдарыстың салдарынан кейбір ойыншылар нарықтан кетуге мәжбүр болады, қалғандары жұмысын жалғастыруы үшін бар күш-жігерін жұмсайды. Нәтижесінде нарықта бәсекелестіктің біраз азайғаны байқалады.

Ақылы медициналық қызмет көрсету нарығында стоматологиялық қызметтер көш басында келеді: медицинаның бұл саласы үнемі рентабельді деп есептеледі, бұдан басқа ақылы поликлиникалар бұл салада кеңес одағы кезінен жұмыс істеуде. Бүгінде ақылы стоматологиялық клиникалар негізінен мемлекеттікті ығыстырып шығарды. Халықтың стоматологиялық қызметке сұранысы барлық баға сегменттерінде – ең төменнен суперэлиталыққа дейін қанағаттандырылған.

Стоматология медицинаның ең бір серпінді дамып келе жатқан саласы. Заманауи материалдар, жаңа технологиялар – бұл ауруды сәтті емдеудің негізгі факторларының бірі. Өзіне жаңа технологиялар мен заманауи ғылым жетістіктерін сатып алған және қолданып келе жатқан клиникалар бәсекелестік басымдыққа ие болуда.

Бұл олардың серпінді дамуына және дамуы төмен бәсекелестермен салыстырған пациенттерді көптеп тартуына мүмкіндік береді.

 

1. Жобаның тұжырымдамасы

Жобаның тұжырымдамасы Батыс Қазақстан облысында стоматологиялық қызметтер кабинетін ашуды қарастырады.

Мыналар стоматология кабинеті қызметтерінің негізгі түрлері:

- Ортопедиялық стоматологиялық қызметтер;

- Терапевтикалық стоматологиялық қызметтер;

- Хирургиялық стоматологиялық қызметтер және имплантология;

- Стоматологиялық бұйымдарды (тістің қабы, протездер);

- Тістің техникалық жұмыстары.

Қызметтерді негізгі тұтынушылар халық және олардың бұйымдары жеткізілетін басқа клиникалар болады.

Кабинет аумағы 350 шаршы метр сатып алынған ғимаратта орналасқан.

Осы бизнес-жоспарда жоспарланған кәсіпорынның айналымын ескере келе қызметті жауапкершілігі шектеулі серіктестік шеңберінде жүзеге асыру ұсынылады..

Осы бизнес-жоспар басшылыққа алатын соңғы нұсқа емес, тек осындай бизнес-идеяны дамытудың әлеуетті мүмкіндігі ғана. Сондықтан да жобаны іске асырған кезде сату бағдарламасы сияқты көрсетілетін қызметтердің де өзгеруі мүмкін. Жоспарланған қызметтердің бәсекелестік басымдығын, сондай-ақ сатып алынатын жабдықтың ерекшелігін барынша ашып көрсету қажет болады..

 

 

2. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы

Ортопедиялық емдеуге тістің қатты тіндерін тамырына жапсыру, алдын ала, соңғы, қолданыстағы және қосарланған оттискілерді алу;жақ сүйектің орталық арақатынасын айқындау, протездердің қаптары мен тіректерін орнықтыру; тістің түсі мен сыртқы қабын айқындау,алынбайтын конструкция салу, алынатын протездердің конструкцияларын тексеру және оларды орнату кіреді.

Терапевтік стоматология тістерді консервативті емдеумен айналысады. Осы терапевтикалық стоматологиямен айналысатын дәрігерлер тістің саулығын сенімді қорғай алады. Терапевтік стоматологияның негізгі міндеті тістің шіруін, жұлынған тісті емдеу болып табылады. Кейбір клиникаларда стоматолог-терапевтер қызыл иектің ауруын емдейді және тістерді жаңартады.

Хирургиялық стоматология мынадай емдеу әдістерін қолданады: тісті сақтау операциясы, сүйек тінін орнату, тістерді дайындау және имплантация, сондай-ақ пародонтологиядағы түрлі операциялар.

Тістердің имплантациясы – жасанды «түбір» орнату әдісі, ол жоғарғы немесе төменгі жақ сүйек үшін титаннан дайындалады. Имплантаттар не тістің қабы бекітілетін (түскен тісті толық ауыстыратын) немесе алынатын не алынбайтын тіс протездеріне арналған тірек ретінде қолданылады.

Конструкциялық жағынан имплантат екі бөліктен тұрады – жақ сүйекке хирургиялық жолмен орнатылатын титан конструкциядан тұратын имплантаттың өзі, сол материалдан (титан) жасалған, орныққаннан кейін имплантатпен қосылып кететін абатмент.

Кабинет ұсынатын қызметтердің тізбесі 1-кестеде берілген..

 

1-кесте – Кабинет ұсынатын қызметтердің тізбесі

Атауы
Стоматология - ортопедия креслосы
Металл керамика
Бюгель протездер
Тұтас құйылған тіс қабы
Пластик тіс қабы
Алып-салынатын протездер
Штамптап жасалған тіс қабы
Стоматология - терапевт креслосы
Пломба
Стоматология - хирургия және имплантология
Тістің күрделі жұлынуы
Имплантация
Құю қондырғысы
Қалпақшасын құю (металл керамика. тіректерін, протездер дайындау үшін
Қалпақшасын қара металдан құю (тіректі протездер аралықтары үшін)
Бюгель протезінің қаңқасын құю
Тістің техникалық жұмыстары
Металл керамика түбірлерін дайындау
Бюгель протездерін дайындау
Тұтас құйылған тіс қаптарын дайындау
Пластмасса тіс қаптарын дайындау
 

 

3. Өндірістер бағдарламасы

2- кестеде өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы берілген.

 

2-кесте - Өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы

Көрсеткіш 2 012 2 013 2 014 2 015 2 016 2 017 2 018
Қуаты, % 45% 58% 70% 75% 80% 90% 100%
Сатудан т үскен табыс, мың тг. 14 747 37 688 45 881 49 158 52 435 58 990 65 544

Сату бағдарламасы жүргізілген маркетингтік зерттеулер (ұсынылатын стоматологиялық қызметтер ретінде тұтынушылардың басымдық берулерін айқындау мақсатында) нәтижелерінің негізінде, сондай-ақ жарнамалық акциялар мен өнімді жеткізуге келісімшарттар жасасу жолымен жүзеге асырылатын болады

Бағаны қалыптастырған кезде тұтынушылардың орташа табыстары арқылы айқындалатын сатып алу қабілеттіліктері ескерілді.

Бағаны қалыптастыру нарықтық бағалар мен өнімнің өзіндік құнына негізделген.

 

3-кесте – Кабинет ұсынатын қызметтердің тізбесі, мың теңге

Атауы Өлш. бір. Саны /1 айда Бағасы, тг.
Стоматология - ортопедия креслосы      
Металлокерамика дана   10 714
Бюгель протездер дана   178 571
Тұтас құйылған қоронкалар дана   6 250
Пластик коронкалар дана   3 571
Алып-салынатын протездер дана   10 714
Штамптап жасалған коронкалар дана   2 679
Стоматология - терапевт креслосы      
Пломба дана   5 357
Стоматология - хирургия және имплантология      
Тістің күрделі жұлынуы дана   2 232
Имплантация дана   89 286
Құю қондырғысы      
Қалпақшасын құю (металлокерамика. тіректерін, протездер дайындау үшін дана    
Қалпақшасын қара металдан құю (тіректі протездер аралықтары үшін) дана    
Бюгель протезінің қаңқасын құю дана   3 571
Тістің техникалық жұмыстары      
Металлокерамика түбірлерін дайындау дана   4 464
Бюгель протездерін дайындау дана   89 286
Тұтас құйылған тіс қаптарын дайындау дана   3 571
Пластмасса тіс қаптарын дайындау дана   2 679
Атауы      

 

Стоматологиялық кабинеттің бәсекелестік басымдығын мыналар құрайды:

- жоғары білікті кадрлар және клиникада заманауи, өзін жақсы жағынан көрсеткен технологиялар мен материалдар;

- кешенді сапалы емдеу және пациенттерге ілтипатпен қарау;

- клиниканың ыңғайлы орналасуы;

- клиниканың сауатты менеджменті.

Сату бағдарламасын есептеген кезде инфляция назарға алынған жоқ, инфляцияға байланысты бағаның көтерілуі кәсіпорынның сату бағасымен қатарлас жүретін болады.

 

 

4. Маркетингтік жоспар

4.1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы

Денсаулық сақтауға нарықтық қатынастардың енгізілуіне байланысты медициналық көмектің сапасы өзекті бола түсуде. Қандай да болмасын.медициналық қызмет жеткілікті деңгейде орындалмаса нарықтан өз орнын таба алады. Медициналық қызметтер нарығының тауарлар нарығынан айырмашылығы бар. Қызмет клиентке қызмет көрсету кезінде жасалады, яғни оған дейі,н ол болмайды және оны сатып алғанға және тұтынғанға дейін салыстыруға болмайды.

2010 жылы денсаулық сақтау саласында 16,3 мың адам істеді. Бұл 2009 жылға қарағанда 0,3 мың адамға көп.

1-сурет – Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласында халықты жұмыспен қамтуды бөлу, мың адам

 

Ақпарат көзі: БҚО Статистика департаменті

БҚО аурухана ұйымдарының саны 2010 жылдың соңына 44 бірлікті құрады. Бұл 2009 жылғыдан 1 бірлікке көп (2-сурет).

2-сурет – Жылдың соңына Батыс Қазақстан облысындағы аурухана ұйымдарының саны, бірлік

 

Ақпарат көзі: БҚО Статистика департаменті

БҚО барлық мамандық бойынша дәрігерлер саны 2010 жылы 1892 адамды құрады, бұл 2009 жылғыдан 39 адамға кем (3-сурет).

3-сурет – Батыс Қазақстан облысындағы барлық мамандықтар бойынша дәрігерлер саны, адам

Ақпарат көзі: БҚО Статистика департаменті

 

БҚО көрсетілген стоматологиялық қызметте көлемі құрамында халықтың қаражаты есебінен көрсетілген қызметтер басым (4-кесте).

4-кесте - Қазақстан облысында көрсетілген стоматологиялық қызметтер көлемі, мың теңге

  2010 жылғы 4-тоқсан 2011 жылғы 1-тоқсан 2011 жылғы 2-тоқсан
Есепті кезеңде, барлығы 189 340 179 691 188 401
Бюджет қаражаты есебінен 72 309 69 273 64 476
Халықтың қаражаты есебінен 114 565 108 615 122 067
Кәсіпорынның қаражаты есебінен 2 466 1 803 1 858

 

Ақпарат көзі: БҚО Статистика департаменті

4-сурет – Батыс Қазақстан облысында көрсетілген денсаулық сақтау қызметтерінің жалпы көлеміндегі көрсетілген стоматологиялық қызметтер үлесі, %

 

Ақпарат көзі: БҚО Статистика департаменті

4-суретте Батыс Қазақстан облысында көрсетілген денсаулық сақтау қызметтерінің жалпы көлеміндегі көрсетілген стоматологиялық қызметтер үлесі 3,6% екені көрсетілген.

5-суретте Батыс Қазақстан облысындағы денсаулық сақтау қызметтерінің бағалар мен тарифтер индекстері берілген.

 

5-сурет – Батыс Қазақстан облысындағы денсаулық сақтау қызметтерінің бағалар мен тарифтер индекстері, алдындағы жылдың желтоқсанына %

 

Ақпарат көзі: БҚО Статистика департаменті

БҚО халқы үшін дәрігердің бастапқы қабылдау бағасы мен тарифтері жылдан-жылға ұлғаюда. Мәселен, егер 2006 жылы орташа баға 363 теңгені құраса, 2010 жылы ол 317 теңгеге артты және 680 теңгені құрады (6-сурет).

 

6-сурет – Батыс Қазақстан облысында халық үшін дәрігердің бастапқы қабылдау бағалары мен тарифтері, теңге

 

Ақпарат көзі: БҚО Статистика департаменті

БҚО стоматологиялық қызметтер бағалары мен тарифтері индексінің өзгеру серпіні мынаны көрсетті, 2010 жылы индекс 2008 жылғы сияқты 117,7% құрады (7-сурет).

7-сурет – Кезеңнің соңына Батыс Қазақстан облысында стоматологиялық қызметтер бағалары мен тарифтерінің индексі, өткен жылдың желтоқсанына қарағанда %

 

Ақпарат көзі: БҚО Статистика департаменті

Тұтастай алғанда, стоматологиялық қызметтер нарығы бұл қызмет қымбат қызмет болмағандықтан, оның үстіне халық оған ақы төлеуге үйренгендіктен ақылы медицина нарығындағы басқа сегменттерге қарағанда қаржы дағдарысынан соншалықты зардап шеккен жоқ деген қорытынды жасауға болады..

 

5-кесте – Стоматология кабинеттері үшін жабдықтар мен шығыс материалдарының негізгі жеткізушілері

Кәсіпорынның атауы Сауда маркасы Байланыстар
DM Market ЖШС Alpha Bio Tec, NOVVAG AG, Tigran Алматы қаласы, Сатпаев16
Интермедсервис компания ЖАҚ ҚР өкілдігі Bien-Air, NSK Nakanishi, MGF Алматы қаласы, Абай, 4244
ТОО Классик-Дент Foshion Алматы қаласы, Абай. 34
ТОО Луч 3M ESPE, SIRONA, NSK, MANI, Coltene Waledent, Septodont, Denimed Electronics, Medipogress, DeguDent, KERR, Spofa, Ivoclar Vivadent, Medex Dental (Supersmile) Алматы қаласы, Сатпаева,50
Мединтех ЖШС MEDEXIM-Словакия, Chirana-Словакия ЖАҚ "Здравмедтех-Е", ОПТЭК Караганды қаласы, Гастелло,13
Новиков ЖК Valplast Алматы қаласы, Райымбека,348
ТОО KAZ NS Медипрогресс, Гименс, Криотек, Miele, Steriflesh, Speed Qeen, Medidern, Acoma, Aloka, Atom, Fukuda, Meditech, Shimadzu, NihonKohen г. Усть – Каменогорск, Ушанова 112
Партнер-Мед ЖШС IVOCLAR-VIVADENT, Renfert KAVO Алматы қаласы, Төле би,88
Nurstom ЖШС Niomed, Saletek, Melag, InterMedServis, Элком Алматы қаласы, Шевченко 121
АКЕРС-СТОМ ЖШС DIPLOMAT (Chirana Dental), Bien Air, Medin, Ekom, Eur-Med Алматы қаласы, Сейфуллин, 546/7б оф.36
АЛМАГЕСТ Бизнес Bredent, Degudent, Swenska, Dentorama, Dentamerica, Fogaszeti Алматы қаласы, Кабанбай батыр, 152
АРГО АРГО, аппликаторы Ляпко, 7д-медицин, Биолит Алматы қаласы, Шевченко 111 оф.3, Майлин 222 п.21
АРКОМ-Казахстан BISCO Inc (США) Алматы қаласы, Сатпаева 74 оф.28
Бану ЖШС A-dec, Heraeus, Kulzer, EMS, W&H, Vita, Bego, Gnatus, J.Marita, Voco, NTI, 3M ESPE, Acteon group, Duerr Dental Алматы қаласы, Бөгенбай батыра,149
Гелий Megadenta, KERR, Meta-Biomed, Zhermack, Hager&Werken, DMG, Spofa Dental, Dentaurum, LEONE, MicroMega, Shofu, Strauss, SureEndo, Biodinamica, Inibsa, CK Dental, Poldent, Produits Dentaires. Алматы қаласы, Жамбыл, 97

 

Ақпарат көзі: Info-Price

4.2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер

Кәсіпорынның негізгі бәсекелестері Батыс Қазақстан облысындағы стоматологиялық қызметтер көрсету компаниялары болып табылады..

6-кесте – Батыс Қазақстан облысындағы стоматологиялық қызметтер көрсететін кәсіпорындардың тізімі

Кәсіпорынның атауы Байланыстар
«Жайык Дент» стоматология орталығы Орал қаласы, М. Маметова, 39 +7 (7112) 50-63-23
«Dent-Lux» АҚ Орал қаласы, Исханов көшесі, 52 +7 (7112) 54-77-07
«Доктор Стом» стоматология кабинеті Орал қаласы, Достық даңғ. 235, 1 қабат +7 (7112) 51-70-08, факс: 51-47-46
ВИВАДЕНТ Орал қаласы, мкр.Строитель 92/1 8(7112)234598
"Мастер-Дента" Аксай қаласы, мкр."5", үй 32 8 (71133) 32-7-33
"Арудент" Орал қаласы, мкр. "Жеңіс", үй 24 8 (7112) 22-72-65
"АЛИ СТОМ" Орал қаласы, мкр. "Северо-Восток", үй 17, п. 8А 8 (7112) 23-27-36
"ЛАДА ДЕНТ ПЛЮС" Орал қаласы, Исатай батыр көш., үй 176 8 (7112) 50-08-39
"ГЕОСОФТ" стоматология фирмасы Орал қаласы, Алмазов көш., үй 60 8 (7112) 53-21-96
"Сятова Г.Н." Орал қаласы, Жеңіс көш. үй 21 8 (7112) 26-40-92
«На Гагарина» Орал қаласы, Гагарин көш. 99 +7 (7212) 23-68-05
«Ваш Доктор» Орал қаласы, Фрунзе көш. 41 +7 (7212) 50-74-35
«Сымбат» Орал қаласы, Евразия даңғ., ү. 117 +7 (7112) 23-90-97
«Стомед» Орал қаласы, ул. Д. Нұрпейісова, ү.. 14/1 +7 (7112) 51-51-86
«Ешайтов» Орал қаласы, 6- шағ. ауданы, 4 +7 (7112) 27-40-92
«Дубатовка» Орал қаласы, шағ. Аудан. Строитель, д. 2/1 +7 (7112) 23-45-98
«Дентлайф» Орал қаласы, Құрманғазы көш., ү. 100 +7 (7112) 50-09-75
«Дента-Н» Орал қаласы, Абылқайыр хан даңғ. ү. 6/1, кв. 14 +7 (7112) 53-16-07
«Дантист-Уральск» Орал қаласы, М. Маметова көш. ү.105 +7 (7112) 24-15-90
«Биодент» Орал қаласы, Алмазов көш.,ү. 71 +7 (7112) 74-74-74
ТОО «КОМЕК ДЕНТА» Орал қаласы, Маметова көш. (Мир) 56 +7 (7112) 54-06-48
Облыстық балалар стоматологиялық емханасы Орал қаласы, А. Хусаинов көш., №55 +7 (7112) 50-39-85

Ақпарат көзі: Info-Price

Кестеде көрсетілгеніндей стоматологиялық қызметтерді көрсететін негізгі кәсіпорындар Орал қаласында орналасқан.

- кешенді сапалы емдеу және пациенттерге ілтипатпен қарау;

- клиниканың ыңғайлы орналасуы;

- клиниканың сауатты менеджменті.

 

4.3 Нарықты дамытудың болжамды бағасы, күтілетін өзгерістер

2011 жылдан бастап республикада Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» жаңа мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда, ол:

- саланың нарықтық қатынастарға бейімделу шараларын;

- алдын алу шараларына екпін бере отырып сектораралық және ведомствоаралық өзара қарым-қатынас тиімділігін арттыруды;

- азаматтарды салауатты өмір салтына ынталандыруды;

- азаматтардың өз денсаулығына ынтымақтасты жауапкершілігін күшейтуді;

- сапалы отындық дәрі-дәрмек құралдары өндірісін дамыту және халықтың оларға қол жетімділігін арт ыру және басқаларын көздейді..

Осыған байланысты кәсіпорынның өз қызметінде пайдалана алатын қазақстандық стоматология өндірісі үшін препараттар мен шығыс материалдары пайда болуы мүмкін..

 

Маркетинг стратегиясы

Кәсіпорынды дамытудың негізгі тәсілі ретінде мүдделі нысаналы топтарға арналған тікелей жарнаманы пайдалану жоспарлануда. Бұл үшін:

- жаңа стоматологиялық кабинеттің өнімдері мен қызметтеріне арналған семинарлар өткізілетін;

- жаңа стоматологиялық кабинет туралы жарнамалық материалдар таратылатын;

- жергілікті маңызы бар арнайы медициналық басылымдарда жаңа стоматологиялық кабинетіне қызмет көрсетуге арналған жарнамалық-ақпараттық материалдар дайындалатын болады.


Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 203 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Алгоритм умножения многозначных чисел| Кесте - SWOT-талдау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.04 сек.)