Читайте также:
|
|
ТПЕ-нің 16.25-тармағына сәйкес аз әрекеттенуші телімдер мен кір-
ме жолдарда поездардың қозғалысы кезіндегі байланыс құралдары ретінде
электр бұздығандық жүйе мен телефонды қолдануға жол беріледі.
Электрлі бұздығандық жүйе кезінде поездың аралықта тұруына рұқсат ретінде машиниске берілетін аталмыш аралықтың бұздығаны қызмет етеді.
Электрлі бұздығандық жүйе құрылғылары бұздыған аппараттары-нан біреуден артық бұздығанның алынуына жол бермеуі тиіс. Стрелкалық қосындардың панажайларында орнатылатын бұздығандық аппараттар бұздығанның осы станция кезекшісінің рұқсатынсыз алыну мүмкіндігіне жол бермеуі тиіс.
Әрбір бұздығанның реттік нөмірі, сериясы және аралықты шектей-тін станциялардың атаулары болуы тиіс. Әрбір аралыққа бұздығандардың өз сериясы сәйкес келуі тиіс. Бір сериялы бұздыған аппараттарын ең жиі дегенде үш аралық сайын, ал тораптарға жақындаған жерлерде - екі аралық сайын орнатуға рұқсат етіледі. Аралықты шектейтін екі станцияның бұздығандық аппараттарында, аралықта поезд жоқ кезде жиынтығы жұп санды болатын бұздығандар саны болуы тиіс.
Поездар аралықтан кері қарай станцияға қайтатын итермелеуші локомотивпен жөнелтілетін станциялардың бұздығандық аппараттары бұздыған-кілті бар аспаппен толықтырылуы тиіс.
Бұздыған-кілті бар аспаппен толықтырылған бұздығандық аппараттың құрылымы негізгі бұздығанды шешіп алмай аппараттан бұздыған-кілттің алынуына немесе бұздыған-кілт шешіліп алынған кезде негізгі бұздығанның шешіліп алынуына жол берілмейтіндей болуы тиіс.
Төмендегілерге тыйым салынады:
а) поездардытоқтатпай өткізу немесе олар 5 минуттан артықтұрақтаған жағдайларын есепке алмағанда, бұздығанды шешіп алуға рұқсатты поезд жөнелуге дайын болған уақыттан бұрын сұрауға;
б) әрекеттегі бұздығандарды аппаратқа салынбаған күйінде сақтауға;
в) бұздығандарды іргелес аралыққа апаруға.
^ Поездарды қабылдау және жөнелту
Станция кезекшісі поезд келер алдында оны қабылдап алу үшін
маршрутты алдын ала даярлап, кіру сигналын ашады. Поезд станцияға ке-
ліп жеткеннен кейін бұздыған станция кезекшісіне тапсырылады, ол поездың
толық құрамда келіп жеткеніне көз жеткізіп және бұздығанның сол аралықтың иелігіне жататынын тексеріп, поездар қозғалысының журналына бұздығанныңнөмірін жазады, бұздығанды бұздығандық аппаратқа салып, телефон арқылы жөнелту станциясына поездың келгені жөнінде хабарлайды.
Бұздығандық аппараттар стрелкалық қосындардың панажайларында орнатылған станцияларда келіп жеткен поездың бұздығаны стрелкалық қосынның кезекшісіне тапсырылады, ол поездың толық құрамда келіп жеткеніне көз жеткізіп, және бұздығанның сол аралықтың иелігіне жата-тынын тексеріп, оны аппаратқа салады және станция кезекшісіне поездар қозғалысының журналына жазуы үшін оның нөмірін хабарлайды.
Станция кезекшісі поезды жөнелту үшін поезд жөнелтілетін
станцияның кезекшісінен телефон арқылы төмендегі нысандағы келісімін
сұрайды:
«Менің №... поезын жөнедтуіме бола ма?»
Станция кезекшісі, егер поезды қабылдауға кедергілер болмаса телефон арқылы төмендегі нысандағы келісімді сұрайды:
«№... поезын күтудемін».
және бұздығанды алуға рұқсат етеді.
Бұздығанды аппараттан шығарып алып, жөнелту станциясының кезек-шісі оның нөмірін поездар қозғалысының журналына жазып жөнелтілетін поездың машинисіне тапсыруға міндетті.
Бұздығандық аппараттар стрелкалық қосындарға шығарылған станция-ларда, стрелкалық қосын кезекшісі алынған бұздығанның номірін станция кезекшісіне хабарлайды.
Егер станция кезекшілері қарсы бағыттағы поезды келіп жеткен поездың бұздығанымен, бұздығанды аппараттан өткізусіз жөнелтуді келіс-се, поездар қозғалысының журналдарында (екі станцияның) осы поездың нөмірінің қарсы жағына төмендегі белгі жасалуы тиіс:
«№... поездың бұздығаны бойынша жөнелту келісілді, станция ке-зекшісі (ДСП)...»•
Поезды шығу бағдаршамы бар жолдан электрбұздығандық
жүйемен жабдықталған аралыққа жөнелту кезінде, бұздыған болған кездегі
осы бағдаршамның қызыл шамы сөніп, ақ-айлы шамы жанып тұрған кезде
өтуге рұқсат етіледі.
Егер де ақ-айлы шамын жағу мүмкін болмаса, поезд бұздыған бой-ынша жөнелтіледі. Бұл жағдайда станция кезекшісі машиниске (жеке өзі, стрелкалық қосын кезекшісі немесе сигнал беруші арқылы, радиобайла-ныс арқылы) ақ-айлы шамын жағу мүмкін еместігін және поезды жөнелту маршруты дайын болғандығы туралы хабарлауы тиіс.
Поезды шығу сфетофоры бар жолдан жөнелту кезінде бұздыған бір уақытта шығу сфетофорының тыйым салу көрсетуін өтуге құқық болып табылады.
Егер поезды жөнелту үшін бұздыған алынғаннан кейін поезд
небір себептермен жөнелтілмеген болса, станция кезекшісі бұздығанды
аппаратқа салып, ол жөнінде іргелес станцияның кезешісіне хабарлап, по-
ездар қозалысының журналында белгі қоюға міндетті:
«№... поезд тоқтатылды».
Поезды аралықтан жөнелту станциясына қайтуымен жөнелту ке-
зінде бұздыған локомотивтің машинисіне әрекеттегі тәртіп бойынша бері-
леді. Іргелес станцияның кезекшісі поездың аралыққа жөнелтілуі туралы
да, аралықтан қайтқаны туралы да хабардар етіледі.
Поезды бүкіл аралыққа жүретін итермелеуші локомотивпен
жөнелткен кезде жетекші локомотивтің машинисіне бұздығанның «Би-
лет» деген жазуы бар бөлігі тапсырылады, ал итермелеушінің машинисіне
бұздығанның «Бүздыған» деген жазуы бар екінші бөлігі тапсырылады.
Жөнелту станциясының кезекшісі жолды сұратқанда іргелес станцияның кезекшісіне ол жаққа итермелеуші локомотиві бар поезының бара жатқаны туралы хабарлайды.
Итермелеуші локомотив бүкіл аралық бойынша поезд құрамына тір-келген түрде жүрсе, бұздыған тек қана жетекші локомотивтың машинисіне тапсырылады.
Поездарды аралықтан жөнелту станциясына қайтатын итермелеуші
локомотивпен жөнелткен кезде жетекші локомотивтың машинисіне бұздыған,
ал итермелеуші локомотивтың машинисіне - бұздыған-кілт тапсырылады.
Бұздыған-кілттер сонымен қатар аралықтарда жанасатын кірме жолдарға вагондардың берілуін (алынуын) ұйымдастыру үшін, және жөнелтілген поездың соңынан артынша жөнелту станциясына қайтумен шаруашылық поездары қозғалған кезде «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығы белгі-лейтін қауіпсіздік талаптарын орындаумен қолданылуы мүмкін.
Егер бұздығандық аппараттар бұздыған-кілттермен
жабдықталмаса поезды аралықтан жөнелту станциясына қайтатын итер-
мелеуші локомотивпен жөнелту қажеттігі туғанда, бұздығандық жүйенің
жұмысы тоқтатылып, поездардың қозғалысы телефондық байланыс бойын-
ша жүзеге асырылады.
Электрбұздығандық жүйенің жұмысы... сағ... мин. қалпына кел-тірілді. Сіздерден соңгы болып №... поезы келіп жетті. Сіздерге соңғы болып №... поезы жөнелтілді. Бұздығандар бойынша қозғалысқа ауы-суды сұраймын. Станция кезекшісі (ДСП) (қолы)».
Іргелес станцияның кезекшісі аралықтың бостығына көз жеткізіп былай деп жауап береді:
Сіздерден соңгы болып №... поезы келіп жетті. Сіздерге соңғы болып №... поезы жөнелтілді. Аралық бос. Бұздығандар бойынша қозғалысқа ауысамын. Станция кезекшісі (ДСП) (қолы)».
Электрбұздығандық жүйенің қызметін қалпына келтіру үшін станция кезекшісі СОБ электрмеханигінен аппараттан тағы бір бұздығанды шешіп алуын талап етуге міндетті. Аппараттан алынған бұздыған электрмеханигінде сақталуы тиіс.
Бұздығанның шешіліп алынғаны жөнінде электрмеханигі мен станция кезекшісі тексеру журналында жазба жасап, поезд диспетчеріне баяндауға міндетті, артынша электрбұздығандық жүйенің жұмысы қалпына келтіріледі.
Егер жоғалған бұздыған табылса, станция кезекшісі электрмеханипне хабарлайды, ал бұздығанды электрмеханигі бұрын алынған бұздығандық аппаратқа салғанша, өзінде сақтайды, бұл жөнінде тексеру журналында жазба жасалады.
6. Парк кезекшісінің техникалық қауіпсіздігі және еңбек қорғау
Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 176 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Орытынды | | | Парк кезекшісінің техникалық қауіпсіздігі және еңбек қорғау. |