Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ашық кілтті асимметриялық криптожүйе.

Асимметриялық криптожүйеде қорғалмаған канал арқылы тек ашық кілтті ғана беруге болады, ал құпия кілтті оның генерациялық орнында сақтайды.

Ақпаратты жабу құралдарын қолдану тәсілі бойынша ағындық және блоктық шифрлеу деп бөледі.

Ағындық шифрлеуде бастапқы мәтіннің әр символы басқалардан тәуелсіз өзгереді. Сондықтан мұндай өзгеру байланыс арнасы бойынша мәліметтерді берумен біруақытта жүзеге асуы мүмкін.

Блоктық шифрлеуде жабық бастапқы мәтіннің кейбір символдар блогі біруақытта өзгереді, сонымен қатар блоктар шегіндегі символдардың өзгеруі өзара тәуелді болады. Кейбір аралас блоктардағы символдардың өзгеруі арасында да тәуелділік болуы мүмкін.

Криптоталдау – кілтке қатынаусыз шифрленген хабардың бастапқы мәтінін ашу жайлы ғылым.

Криптоталдаудың орнықты ережесі (1-ші рет XIX ғасырда голланд А. Керкхофпен құрылған) шифрдың (криптожүйенің) тұрақтылығы кілттің құпиялылығымен анықталуы керек деп қорытындыланады.

Криптожүйелерге қойылатын талаптар:

  1. Шифрленген хабар тек кілт болғанда ғана оқылуы тиіс.
  2. Шифрленген хабар фрагменті бойынша шифрлеудің қолданылған кілтін анықтау үшін қажетті операциялар саны және оған сәйкес ашық мәтін мүмкін болатын кілттердің жалпы санынан аз болмауы керек.
  3. Барлық мүмкін болатын кілттерді артық таңдау жолымен ақпараттарды шифрлеуді ашу үшін қажетті операциялар саны қатал төмен бағамен болуы тиіс және қазіргі компьютерлердің мүмкіндіктерінің (тораптық есептеу мүмкіндіктерін ескере отырып) шегінен шығуы керек.
  4. Шифрлеу алгоритмін білу қорғау сенімділігіне әсер етпеуі тиіс.
  5. Кілттің аздап өзгеруі бір кілтті ғана қолданғанның өзінде шифрленген хабар түрінің елеулі өзгеруіне әкелуі тиіс.
  6. Шифрлеу алгоритмінің құрылымдық элементтері өзгеріссіз болуы керек.
  7. Шифрлеу процесінде хабарға енгізілетін қосымша биттер шифрленген мәтінде толық және сенімді жасырылуы тиіс.
  8. Шифрленген мәтіннің ұзындығы бастапқы мәтіннің ұзындығына тең болуы тиіс.
  9. Шифрлеу процесінде тізбектей қолданылатын кілттер арасында жай және жеңіл орнатылатын тәуелділіктер болмауы керек.

10. Мүмкін болатын жиындардың ішіндегі кез келген кілт ақпаратты сенімді қорғауды қамтамасыз етуі тиіс.

11. Алгоритм программалық тәрізді аппараттық іске асуды жіберуі тиіс, бұл жағдайда кілт ұзындығының өзгеруі шифрлеу алгоритмінің сапалы төмендеуіне әкелмеуі керек.


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 340 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Криптология ұғымының негізгі түсініктері| Алмастыру шифрлары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)