Читайте также: |
|
Тақырып. Операциялық жүйелердің негізгі тұжырымдамалары
Дербес компьютердің аппараттық бөлігінің қызметі және құрылымы туралы негізгі түсінік беру. Windows ХР операциялық жүйесін пайдалануды және концепцияның негізгі жағдайларын тұрғызуды оқып үйрену.Криптология ұғымының негізгі түсінік беру.
Оқытудың міндеті: Компьютерлердің ішкі және сыртқы құрылғыларымен танысу. Windows операциялық жүйесінде: жұмыс үстелін баптау, терезелермен жұмыс жасау, иерархиялық файлдық жүйе құру, Windows-тегі объектілерді байланыстыру жұмыстарын қабылдаудың технологиялық негізін қалыптастыру. Мәліметтердің криптографиялық өзгеру әдістерін үйрету.
Өткізу формасы: типтік тапсырмаларды орындау
Ұйымдастыру кезеңі: -5 мин
Студенттердің сабаққа қатысуын тексеріп, келмеген және дайындалмаған себептерін айқындап, жаңа сабаққа назар аударуын ұйымдастыру.
Криптология ұғымының негізгі түсініктері
Криптография – мәліметтердің өзгеру әдістерінің жиынтығы, яғни осы мәліметтерді айқынсыз бейнеге әкелуге бағытталған мәліметтерді қорғаудың екі басты мәселесін шешу:
1) жасырындық мәселесін;
2) бүтіндік мәселесін.
Ақпараттық жүйелердегі ақпаратты қорғаудың криптографиялық әдістері ЭЕМ-де өңделген немесе есте сақтау құрылғысының әртүрлі типінде сақталған ақпаратты қорғау үшін қалай қолданылса, байланыс жолдары бойынша әртүрлі элементтер арасында берілген ақпаратты жабу үшін де солай қолданылады.
Аж-де ақпараттардың криптографиялық жабылуына қойылатын талаптар:
1. Криптографиялық жабудың күрделілігі мен беріктігі мәліметтер құпиялылығының деңгейі мен көлеміне байланысты таңдалуы қажет.
2. Жабудың сенімділігі қаскүнемге жабудың әдісі белгілі болған жағдайда да құпиялылық бұзылмайтындай болуы керек.
3. Жабу әдісі, қолданылған кілттер жиыны және оларды тарату механизмі өте күрделі болуы керек.
4. Тікелей және кері өзгеру процедураларының орындалуы формалды болуы қажет және хабардың ұзындығына байланысты болмауы керек.
5. Өзгерудің орындалу процесінде туындайтын қателер жүйе бойынша таралмауы қажет.
6. Процедуралармен енгізілетін қорғауда артықшылық ең аз болуы қажет.
Ақпаратты шифрлеу оны жасау кезінде қолданылатын, ақпараттың мазмұны басқа қолданушы субьектіге түсініксіз болатын үрдіс. Ақпаратты шифрлеу нәтижесі шифрлі мәтін немесе криптограмма деп аталады. Шифрлі мәтінннен ақпаратты қалпына келтіретін кері үрдіс ақпараттың шифрін шешу (расшифровка) деп аталады. Ақпаратты шифрлеу және шифрді шешу кезінде қолданылатын алгоритмдер конфиденциальды емес, шифрлі мәтінің конфиденциальдығы шифрлеу кезінде қолданылатын қосымша параметрлердің, шифрлеу кілтінің көмегімен жүзеге асырылады. Шифрлеу кілтін білу шифрлі мәтінді дұрыс шешуге көмектеседі.
Ақпараттың бүтіндігі дегеніміз олардың кездейсоқ және күтілмеген өзгерісі немесе бүлінуі кезіндегі ақпараттың өзгеріссіз қалуы. Бүтіндік ақпаратқа кеңірек сипаттама беруші оның сенімділігінің бір бөлігі болып табылады, ол бүтіндіктен басқа белгілі бір облыстағы ақпараттың толықтығы мен дәлдігін қамтиды.
Ақпаратты хештеу дегеніміз оның жасалу үрдісіне белгілі ұзындықтағы хеш мәнді енгізу. Хештеуді қолданудың бір түрі ақпараттың бүтіндігін қамтамасыз ету болып табылады.
Мәліметтердің криптографиялық өзгеру әдістері:
1. Шифрлеу.
2. Кодтау.
3. Басқа түрлері.
Шифрлеу – қорғалатын хабардың әрбір символы өзгеруге жатады.
Шифрлеу тәсілдері:
· ауыстыру;
· алмастыру;
· аналитикалық өзгеру;
· гаммирлеу;
· аралас шифрлеу.
Кодтау – қорғалған элементтердің кейбір элементтері (жеке символдар міндетті емес) алдын ала таңдалған кодтармен ауыстырылады.
Кодтау тәсілдері:
· мағыналық кодтау;
· символдық кодтау.
Басқаларға (жеке түрлеріне) – кесу, тарату және мәліметтерді қысу әдістері кіреді.
Кесу – мәліметтерді тарату, қорғалатын мәліметтер массиві әрқайсысы қорғалатын ақпараттар мазмұнын ашуға мүмкіндік бермейтін элементтерге бөлінеді және осындай тәсілмен ерекшеленген элементтер есте сақтау құрылғысының әртүрлі аумағында орналасады.
Шифрлеу процесін басқару кілттің көмегімен жүзеге асады.
Криптожүйелер екі класқа бөлінеді:
1. Симметриялық (біркілтті) криптосистемалар.
2. Асимметриялық (ашық кілті бар екікілтті криптосистемалар).
Симмметриялық криптожүйеде құпия кілтті жіберуші мен алушыға кілттерді таратудың қорғаушы каналы бойынша беру керек.
Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 951 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
ПОД КОНТРОЛЕМ ПРЕПОДАВАТЕЛЯ | | | Ашық кілтті асимметриялық криптожүйе. |