Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

бап. Осы Заңның мақсаттары

Читайте также:
  1. Тақырып. Мемлекеттік реттеу: маңызы, мақсаттары, құралдары

1. Осы Заңның мақсаттары Қазақстан Республикасының аумағына тауар жеткiзу көлемiнiң артуына байланысты отандық тауар өндiрушiлердiң мүдделерiн қорғау және елеулi залалды немесе оның қаупiн жою болып табылады.

2. Қорғау шаралары Қазақстан Республикасының аумағына тауар жеткiзу көлемiнiң артуы салдарынан отандық өндiрушiлерге елеулi залал келтiрiлген немесе оның қаупi төнген жағдайларда ғана қолданылады.

3. Қорғау шаралары iстi қарау осы Заңда белгiленген ережелер мен рәсiмдерге сәйкес жүргiзiлген жағдайда қолданылады.

4. Қорғау шаралары әкелiнетiн тауарға тауар шығарылған елге қарамастан кемсiтiлмейтiн негiзде қолданылады.


4-бап. Осы Заңның қолданылатын аясы

Осы Заң уәкiлеттi орган мен барлық мүдделi тұлғалар арасында, сондай-ақ мүдделi тұлғалардың өздерi арасында Қазақстан Республикасының аумағына қандай да болсын тауарды ұқсас тiкелей бәсекелес тауардың отандық өндiрушiлерiне елеулi залал келтiретiндей немесе оны келтiру қаупiн туғызатындай мөлшер (отандық өндiрiске абсолюттi немесе салыстырмалы түрде) мен жағдайларда жеткiзу көлемiнiң артуына байланысты туындайтын қатынастарды реттейдi.

 

 

Сырттан келетін тауарларға радиациялық бақылау күшейтілді

 

Жапониядағы атом электр стансасындағы болған жағдайдан кейін әлем елдерінің радиациялық қалдықтардың салдарынан сақтанып жатқаны белгілі. Қазіргі күні Қазақ­станның барлық кедендік бекетінде ел аумағына кіргізі­летін тауарларға қатаң бақылау қойылды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемио­логиялық қадағалау комитетінің мамандары хабарлады.

«Бүгінгі таңда Қазақстанның шекара бекеттеріндегі санитарлық-эпидемио­ло­гиялық қызметінің мамандарына Жапо­ниядан келетін тауарлардың радиациялық қауіпсіздігіне кепілдік беретін құжаттарды тексеріп, жіті бақылау туралы тапсырма берілді. Егер тауарлардың сәйкес құжат­тары болмаса, радиациялық әсеріне зерт­теу жүргізілгенше, шекараға кіргізбеу міндеттелді», – дейді комитет мамандары. Қазақстан қаржы министрлігінің Кедендік қадағалау комитеті соңғы екі айда Жапониядан елге мынадай тағамдардың жеткізілгенін айтады, олар: теңіз балы­ғының мұз­да­тылған жон еті, консервіленген ұлу, құрғақ көже және сорпа. Комитет мамандарының айтуынша, жапониялық АЭС-те болған жағдайдан кейін ауа райын тексеру жұмыстары күшейтілді. Күн сайын ауаның және апта сайын жауын-шашынның құрамы зерттеліп отырады. 2011 жылдың 29 наурызында болған сынақтың нәти­жесінде ауаның құрамында радиациалық қалдықтар байқалмады. Айта кету керек, қазіргі күні Жапониядан келетін тауарларды қабылдауға тыйым салу мәселесі қозғала қойған жоқ.

 

 


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 40 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Негiзгi ұғымдар| Бюстгальтер

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)