Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Негiзгi ұғымдар

Читайте также:
  1. Тапсырма:Төмендегі ұғымдардың анықтамаларын жазыңыз

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) уақытша қорғау шаралары - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы негiзiнде кеден органдары қорғау баждары түрiнде қолданатын алдын ала қорғау шаралары;

2) мүдделi тұлғалар (тараптар) - iс қарау объектiсi болып табылатын ұқсас немесе тiкелей бәсекелес тауарды отандық өндiрушi не қатысушылардың көпшiлiгi сондай тауар өндiретiн отандық өндiрушiлердiң бiрлестiгi;
iс қарау объектiсi болып табылатын тауарды шетелдiк экспорттаушы мен тауарды шетелдiк өндiрушi;
тауарды отандық импорттаушы немесе қатысушыларының көпшiлiгi сондай тауарды импорттаушылар болып табылатын отандық импорттаушылардың бiрлестiгi;
шет мемлекеттiң үкiметi, тауарды шығарған немесе сондай тауарды экспорттаған елдiң уәкiлеттi органы не сондай тауар шығарылатын немесе оны экспорттайтын елдер кiретiн шет мемлекеттер одағының уәкiлеттi органы;
тауарды тұтынушы немесе тұтынушылардың бiрлестiгi;
Қазақстан Республикасының атқарушы өкiмет органдары;
осы iс қарау құқықтары мен мүдделерiн қозғайтын және осы Заңның 6-бабында аталған уәкiлеттi органның пiкiрi бойынша осы iс қарауды жүргiзуге жәрдем көрсете алатын өзге де тұлғалар;

3) қорғау шаралары - ұқсас немесе тiкелей бәсекелес тауардың отандық өндiрушiлерiне елеулi залал келтiретiндей немесе оны келтiру қаупiн туғызатындай мөлшер (отандық өндiрiске абсолюттi немесе салыстырмалы түрде) мен жағдайларда Қазақстан Республикасының аумағына оның iшкi рыногындағы еркiн айналыс үшiн әкелiнетiн тауар жеткiзiп беруге қорғау баждары және (немесе) квоталар белгiлеу түрiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы негiзiнде қолданылатын әкiмшiлiк-экономикалық ықпал ету құралдарының жиынтығы;

4) қорғау баждары - ұқсас немесе тiкелей бәсекелес тауарларды отандық өндiрушiлерге елеулi залал келтiруi немесе оны келтiру қаупiн туғызуы мүмкiн мөлшер мен жағдайларда Қазақстан Республикасының аумағына қандай да болсын тауар жеткiзiп берiлген жағдайларда кеден органдары өндiрiп алатын кеден бажының ставкасынан тыс баждар;

5) импорттық квота - Қазақстан Республикасының аумағына тауар импортын оның санына және (немесе) құнына қатысты шектеу;

6) тауардың осының алдындағы кезеңдегi импорты - тауар импортының осының алдындағы үш жылдағы, оларға қатысты статистикалық ақпарат бар орташа шамасы;

7) құпия ақпарат - ашылған жағдайда бәсекелестер үшiн едәуiр артықшылықтар беретiн немесе ақпарат берген мүдделi тараптар үшiн едәуiр қолайсыз зардаптары болатын ақпарат;

8) отандық өнеркәсiп (отандық өндiрушiлер) - Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын, ұқсас немесе тiкелей бәсекелес тауарларды өндiрушiлердiң не ұқсас немесе тiкелей бәсекелес тауарларды ұжымдық өндiруi Қазақстан Республикасының аумағында осы тауарлардың жалпы өндiрiсiнiң көпшiлiк бөлiгi құрайтын өндiрушiлердiң жиынтығы;

9) ұқсас немесе тiкелей бәсекелес тауар - сыртқы экономикалық қызметi тауар номенклатурасының белгiлi бiр кодымен жiктелетiн және басқа тауарға толық ұқсас немесе сатып алушы тұтыну процесiнде сондай тауарлармен басқа тауарды алмастыратындай немесе алмастыруға дайын тұратындай, өзiнiң атқаратын қызметi, қолданылуы, сапалық және техникалық сипаттамалары мен басқа да негiзгi қасиеттерi жағынан онымен салыстыруға болатын тауар;

10) iстi қарау - ұқсас немесе тiкелей бәсекелес тауарды отандық өндiрушiлерге елеулi залал келтiретiндей немесе оны келтiру қаупiн төндiретiндей мөлшер мен жағдайларда Қазақстан Республикасының аумағына қандай да болсын тауардың әкелiнуi жөнiндегi құжаттарды және басқа да айғақтарды қарау рәсiмi;

11) елеулi залал - Қазақстан Республикасының аумағына тауар жеткiзiп беру көлемiнiң өсуi салдарынан, атап айтқанда, сондай тауар өндiру көлемiнiң қысқаруынан, Қазақстанның iшкi рыногында отандық тауарды өткiзудiң қысқаруынан, сондай тауарды өндiру тиiмдiлiгiнiң төмендеуiнен, еңбекке орналасуға, жалақы деңгейiне терiс әсерiнен бiлiнетiн, Қазақстан Республикасындағы ұқсас немесе тiкелей бәсекелес тауардың отандық өндiрiсi саласындағы ахуалдың жалпы едәуiр нашарлауы;

12) елеулi залал келтiру қаупi - елеулi залалдың анық болмай қоймайтындығы;

13) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының сауда және өндiрiстiк қызмет мониторингiн жүзеге асыратын, елеулi залалдың бар екендiгiн немесе оның келтiрiлу қаупiн және қорғау шараларын енгiзу қажеттiгiн анықтау жөнiнде iс қарауды жүргiзетiн мемлекеттiк органы.


2-бап. Қазақстан Республикасының тауарлар импорты
кезiнде iшкi рынокты қорғау шаралары туралы
заңдары

1. Қазақстан Республикасының тауарлар импорты кезiнде iшкi рынокты қорғау шаралары туралы заңдарына осы Заң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлер жатады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық келiсiмде немесе шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың немесе келiсiмнiң ережелерi қолданылады.


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 69 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Описание внешнего вида пользовательского интерфейса| бап. Осы Заңның мақсаттары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)