Читайте также:
|
|
Кеңістіктік сүзгісі. Бейне аймағын өңдеу келесі әрекеттерден тұрады:
- орталық нүктені анықтау (х,у);
- орталық нүктенің айналысындағы пикселдер мәнін алдын-ала келісілген түрде өзгертіп, операцияларды орындау;
- бұл нүктеде орындалатын процесстерді операция нәтижесі деп алу;
- бейненің әрбір нүктесі үшін осы операцияны қайталап орындау.
Орталық нүктенің орнын ауыстыру нәтижесінде,бейненің әрбір пикселіне жауап беретін жаңа аймақтар пайда болады. Бұл үрдісті бейнелеу үшін аймақтық өңдеу және кеңістіктік сүзгілеу терминдері қолданылады. Егер орындалатын операциялар аймақ пикселдерінің үстінен орындалатын болса, оны сызықты кеңістіктік сүзгі деп, ал кері жағдайда сызықты емес сүзгі деп аталады.
Сызықты кеңістіктік сүзгі түсінігі жиілікті аймақта дыбыстарды өңдеуде Фурье айналуымен байланысты. Сызықты операциялар аймақтағы әрбір пиксел мәнін сәйкес коэффициент мәніне көбейтумен және әрбір (х,у) нүктелерін өңдеу нәтижелерін алу үшін қосындылау операцияларын орындайды. Егер аймақ mxn өлшемді болса, mn коэффициенттері қажет. Бұл коэффициенттер матрица ретінде топталған, оны сүзгі, маска, ядро, шаблон немесе терезе деп атаймыз, алдыңғы үш термин кең таралған. Бұдан басқа біз түйіншікті сүзгі, маска немесе ядро секілді терминдерді қолданамыз.
Сызықты кеңістіктік сүзгі механизмі 3.12 -суретте бейнеленген.Үрдістің негізгі мәні ортаға w сүзгілеуші масканың әрбір нүктесін f бейненің әрбір нүктесіне қозғалту болып табылады.Әрбір (х,у) нүктесінде сүзгі көрсеткіші болып туынды сүзгі коэфициенттерінің қосындысы және сүзгіленген маскамен жабылатын аймақтың пикселдері жатады. mxn өлшемді маска m=2a+1 және n=2b+1 тең болады, мұндағы, a,b – теріс емес бүтін сандар. Көп жағдайда тақ өлшемді маскалар алынады, және ең кіші ыңғайлы маска өлшемі болып 3х3 (1х1 маска - травиальды б.т.) саналады.
Дата добавления: 2015-08-26; просмотров: 93 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Сызықты емес кеңістік фильтрлері. Сызықты емес кеңістіктік сүзгі. | | | Сызықты кеңістік фильтрлері. |