Читайте также: |
|
Бейне f(x,y) екіөлшемді функция болып келеді, мұндағы х және у – кеңістіктік координаталар, ал f амплитудасы (x,y) жұптық координатасының кез-келген нүктесіндегі интенсивтілік немесе сол нүктедегі бейненің сұр түстің деңгейі болып табылады.Егер x, y, f айнымалылары олардың шектік (дискреттік) көпмүшелікті қабылдайтын болса, онда цифрлық бейне жайында болады. Бейнелерді цифрлық өңдеуде цифрлық есептеу машиналарының (компьютер) өңдеуі айтылады. Цифрлық бейне элементтердің шекті сандарынан тұрады, олардың әрқайсысы нақты орында орналасып, өздерінің мағынасы бар. Бұл элементерді бейне элементтері немесе пикселдер деп атаймыз.
Бейнені екі өлшемді f(x,y) функция деп белгілеуге болады. x және y – бұл кеңістікті (жазықтық) координаталар, ал f амплитудасы осы координаталарымен нүктедегі әр (x,y) жұп координаталары үшін бейненің интенсивтілігі мен жарықтылығы деп аталады. Монохромды бейнелердің жарықтылығын белгілеу үшін сұр деңгей сөзтіркесі жиі қолданылады. Түсті бейнелер бірнеше монохромды бейнелердің комбинациялары арқылы құрылады. Мысалы, RGB түсті жүйесінде түсті бейнелер үш монохромды компоненттерден (қызыл, жасыл, көк) тұрады. Сондықтан көптеген монохромды бейнелер үшін жасалған әдістер түсті бейнелерде үш монохромды компоненттердің өңдеуімен жүзеге асады.
Бейнеде x және y үзіліссіз координаталар және үзіліссіз f амплитудасы болуы мүмкін. Бұндай бейненің цифрлық формаға айналуына координаталар мен амплитуда мәніндерін кейбір дискретті отсчеттармен көрсетуіне әкледі. Координаталарды жиындар отсчеттар түрінде көрсетуін дискретизация, ал амплитуданы ақырлы жиын мәндері көрінісін кванттау (квантование)деп атаймыз. Сонымен, егер x және y координаталары және f амплитудасының мәндері элементтердің фиксирленген ақырлы жиынынан алынса, онда бейне цифрлық бейне деп аталады.
Дата добавления: 2015-08-26; просмотров: 383 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Анықтылықты масштабтаудың М - функциялары. | | | Сызықты емес кеңістік фильтрациясы |