Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырыптар.

Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның және оның жергiлiктi жерлердегi органдарының құзыретi. | Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органның құзыретi. | тақырып. |


Читайте также:
  1. ТақырыпТАР. Бәсеке және монополия. Капитал (қорлар). Ауыспалы айналым мен айналым.

1 вариант: «Жер құқық бұзушылықтың түсінігі, оның түрлері» қысқаша конспект жазу

Жер құқық бұзушылык дегеніміз— жерқұқыктық тәртіпті жер меншік иелерінің жер пайдаланушылардың кұкығымен заң- ды мүдделерін заңсыз кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік арқылы бұзу.

Жер заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартудың негізі — нақты құқық бұзушылықтың көрініс табуы.

Жер құқықбұзушылық ретіндетану үшін ол келесідей құрамға ие болуы керек

Объектісі, Жер меншік иелері мен жер пайдаланушылардың заңды мүдделері және құқықтық тәртібі.Объективтік жағы, жер құқық бұзушылық негізі болған әрекет немесе әрекетсіздік.Субъектісі, жеке және занды түлғалар.Субъективтік жағы, кінәнің көрініс табуы. Кінәнің өзі екі нысанда жасалуы мүмкін: Қасақана және абайсыздық нысанда.

Жер заңдарын бұзғаны үшін жауапкершіліктің келесі тұрлға көзделген:

· әкімшілік;

· тәртіптік;

· қылмыстық;

· азаматтық.

Жер құқық бұзушылык жер заңдарын бұзғаны үшін жауапкершіліктің негізі болып табылады. Жер құқық бұзушылық дегеніз- жер құкықтық тәртіпке және мемлекеттің жеке және зандыц тұлғалардың құқықтарымен заңды мүдделеріне кайшы келетің кінәлі және заңсыз әрекет немесе әрекетсіздік.

Жер құқық бұзушылықтың келесі белгілерін қарастырамыз:

· қоғамға кауіптілігі;

· кінәлілігі;

· әрекет немесе әрекетсіздік және туындаған салдарының арасындағы тікелей себепті байланыс;

· жер зандарына қайшылығы;

· жазаланушылық.

Жер зандарын бүзушылықты мынадай түрге бөледі:

· жерге меншік иесінің құқығын бұзу саласындағы құқық бұзушылықтар;

· жер пайдаланушынын жер жер пайдалану құқығын бұзу саласындағы құқық бұзушылықтар;

· жердің экологиялық жағдайын бұзу саласындағы құқық бұзушылықтар;

· жер учаскесі меншік иесінің және жер пайдаланушының жер зандарында белгіленген міндеттемелерді орындамау саласындағы құқық бұзушылықтар;

· жерді басқару саласындағы жер зандарын бұзу саласындағы құқық бұзушылыктар.

· Жердің экологиялық жағдайын бұзудың түрлеріне:

· жердің (топырақтың) құнарлы кабатын бұзу жоғалту;

· жердін құнарлы қабатын сыдырап алу;

· жердің құнарлығына теріс әсер ететін мелиоративтік жұмыстар жүргізу:

· жерде арамшөптер мен зиянды карантинді өсімдіктердін, бұталардың қаптап кетуіне жол беру;

· су және жел эрозиясына қарсы агротехникалық шаралар қолданбау:

· жердің кұнарлығын арттыру агротехникалық шараларын қолданбау нәтижесінде жердің құнарлығының елеулі түрде төмендету;

· топырақты (жерде) зиянды заттардьщ, зиянды микро - организмдердін жөне топырақты ластайтын баска да биология- лык заттардың колдануына нормативтік шегінен тыс жол берілуі;

· жаңа және кайта жаңартылған үйлерді, құрылыстарды, ғимараттар мен баска да объектілерді орналастыру, жобалау мен пайдалануға беру кезінде, жердің жай-күйіне колайсыз ықпал ететін жаңа техника мен технологияларды енгізу кезінде жерді корғау жөніндегі шаралар көзделуге және жүзеге асыруға, экологиялык, санитарлық -гигиеналық және өзге де арнайы талаптардың (нормативтерді, нормалардың, ережелердің) орындалмауы;

· нормативтен тыс радиациялык ластануға ұшыраған немесе халыктың өмірі мен денсаулығына қандай да бір катер төндіретін жер учаскелерін жеке меншікке тұрақты немесе уақытша беру;

· зандармен белгіленген санитарлык талаптарға және нормативтерге сәйкес өнім алу қамтамасыз етілмейтін радиоактивтік ластануға ұшырған жер учаскелерін ауылшаруашылық айналымынан уағында шығармау;

· жерді селден, кешкіннен, су астында қалудан, батпақтаудан, қайталап сортанданудан, құрғап кетуден, тығыздалудан қорғау шараларын қолданбау т.б.

2. Жерқұқық бүзушылықтар үшін жауапкершіліктің түсінігі. Жер зандарын бұзғаны үшін заңды жауапкершіліктің түрлері.Жер зандарын бұзғаны үшін әкімшілік құқықтық жауапкершілік.Жер құқық бұзғаны үшін қолданылатын жауапкершіліктін кең тараған түрі және нақты жетілдірілген түрі әкімшілік жауапкершілік.

Жер құқық қатынастары аясында әкімшілік жауапкершілік келесідей артықшылықтарға ие:

Қолдану процедурасының (рәсімдерінің) салыстырмалы түрде оңай болуы.

Әкімшілік теріс кылыққа жедел әсер етуі.Қажетті деңгейдегі шығын орнын толтыру функциясынын көріністабуы.

Құқыққа карсы әрекет зардаптардыңтуындауын күтпей - ақ құқық бұзушылықты алдын алу мүмкіндігі.

Теріс қылықпен нақты жаза арасындағы уакыттың салыстырмалы қысқа болуы.

Қазакстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жер құқық бұзушылық құрамына келесідей диспозициялар бар:

· Әкімшілік құқық бұзушылыктар туралы кодекстің 250-бабы (жерді бүлдіру). Бұл бап бойынша жерді бүлдіргені үшін жеке тұлғаларға бес айлык есептік көрсеткіштен он айлык, есептік көрсеткішке дейін, лауазымды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, шағын және орта бизнестің субъектісі болып табылатын заңды тұлғалар үшін жиырма айлық есептік көрсеткіштен қырық айлық есептік керсеткішке дейін, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларга қоршаған ортаға келтірілген шығын көлемінде айыппұл салынады.

· Әкімшілік құкық бұзушылыктар туралы кодекстің 251-бабы (ауыл шаруашылық мақсатындағы жерді тиімсіз пайдалану). Бұл бап бойынша жерді бүлдіргені үшін жеке тұлғаларға он айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл немесе ескерту жасалады, лауазымды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, шағын және орта бизнестің субъектісі болып табылатын занды тұлғалар үшін жи­ырма айлык есептік керсеткіштен қырық айлык есептік көрсеткішке дейін, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табыла­тын занды тұлғаларға коршаған ортаға келтірілген шығын көлемінде айыппұл салынады.

· Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 252-257 баптары.

· Әкімшілік құқық бұзушылыктын негізгі қолдану шаралары бұл айыппұл және ескерту жасау.

· Әкімшілік құқық бұзушылыктар туралы істерді келесі органдар қарайды:

· Соттар;

· Ауыл шаруашылық министрлігі жанындағы өсімдік немесе карантин жөнінде мемлекеттік инспекция;

· Жер ресурстарын басқару агентгілігі және жергілікті белімшелері;

4. Қоршаған ортаны корғау министрлігі және жергілікті бөлімшелері.

Қылмыстық құқықтық жауапкершілік. Кылмыстык жауапкершілік мемлекеттің заң шығарушы органы арқылы қылмыс­тық жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамға кауіпті кінәлі түрде істелген іс-әрекет үшін ғана белгіленеді. Адам қылмыстық жауаптылыкка істеген іс-әрекеттерінде кылмыстык заңда көрсетілген нақтылы бір қылмыстың құрамы болған жағдайда ғана тартылады. Қылмыстық жауапкершілік бұл қылмыстық құкылык норманы бұзудың нәтижесі, қоғамға қауіпті іс-әрекеттің көрінісі болып табылады. Қылмыс істелмесе, қылмыстық жауаптылыкта болмайды.

Қылмыстық жауаптылық — өзінің нысаны, мазмұны жағынан мемлекеттік күштеу мәселесі бар жауаптылыктың түрі болып табылады. Қылмыстық жауаптылықтың әлеуметгік мазмұнынын өзі сол субъектіге қылмыстық жауаптылық жүктей отырып, мемлекет оның істеген қылмысын мінеп, оған заңдылық баға береді.

Қылмыстық жауаптылыктың мазмұны (теріс қылыққа моральдык саяси баға беріп мінеу және мемлекет, коғам тарапынан) және заңдылық (қылмыс істеген адамға қолданылатын мемлекеттік күштеу шаралары).

Жер құқық бұзушылықты қылмыстық құқықтық жауапкершілік қоғамға қауіпті қылмыс белгілерін қамтитын іс - әрекет орын алғанда көрініс табады.Жер қатынастарын реттеу саласында бекітілген құқықтық тәртіпке жер қатынастарының субъектілерінің кұкыктары мен заңдымүдделерінекылмыс аркылы бір мөлшерде зиян келтіріледі немесе зиян келтірілуімүмкін.Қылмыстық жауаптылыққа тартылатын әрекет жср қатынастар аясына бір мезгілде жер немесе қылмыстық заң нормаларын бұзады.Қылмыстық жауапкершілікке тартылу үшін қылмыстық құрал болу керек.Тәртіптік құқықтық жауапкершілік.Аталған жауапкершілікке тек кана жеке тұлғалар тартылады. Онын қолдануы негізі болып тәртіптік теріс қылық болып табы­лады.

Басқа жауапкершіліктерден ерекшелігі:

· Тәртіптік жауапкершілік тек жеке тұлғаларға қатысты қолданылады.

· Тәртіптік жауапкершілік өзге заңды жауапкершілік түрлерімен қатар қолданылады.

· Тәртіптік жауапкершілік жұмыскердін жұмыс уақыты кезінде жасалған теріс қылық үшін қолданылады. Яғни, жұмыскердің жұмыстын тыс уакытта немесе демалыс уакытында жасалған теріс қылықтары үшін өзге жауапкершілік түрлері қолда­нылады.

· Субъектісі тек кана жұмыс істеп жүрген жұмысшы.

· Тәртіптік жауапкершілік жер заңдарынын нормаларына байланысты тәртіптерді орындауға міндетті жұмысшылар мен қызметкерлерге қолданылады.

· Тәртіптік жауапкершілікте жұмыс істеп жүрген уақтысында жауапкершілк заңдарын бұзғаны үшін қолданылады.

· Тек кана ұйым әкімшілігін басқару органы қолданылады.

· Тәртіптік жауапкершілік мүліктік жауапкершілікпен қатар қолданылуы мүмкін.

· Тәртіптік жауапкершілік ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс және жмыстан шығару сиякты жазалау шараларын колданумен ерекшеленеді.

Тәртіптік жауапкершілікке тарту Кдзакстан Республикасынын қолданыстағы Еңбек кодексімен және белгілі бір ұйымның жарғысына сәйкес жасалған ішкі тәртіп ережелерімен реттеледі.

Азаматтық құқықтық жауапкершілік. Азаматтық жауапкершілік Қазакстан Республикасының азаматтық заңнамалары нормаларымен реттеледі. Бұл жауапкершілік жер зандарын бұза отырып мемлекеттің мүддесіне, қоршаған ортаға, жердің меншік иесіне, басқа да жеке және заңды тұлғалардың кұкыктары мен заңды мүддслеріне зиян (шығындар) келтірілген кезде қолданы­лады. Азаматтық құкықтық жауапкершілік келесідей ерекшеліктері бар:

1.Бұл жауапкершілік жеке және заңды тұлғалар тартылуы мүмкін.

2. Бұл жауапкершілік баска заңдылық жауапкершілік түрлерімен қатар қолдануы мүмкін: Мысалы, заңсыз бөтен жерді басып алған тұлға кылмыстык жауапкершілікке тартылады және зардап келтірілген жағдайда оны өтеуге де міндетті.

Шығындарды зиянды өтеу туралы тек сот органы арқылы шешіледі.

Жер заңдарын бұза отырып жасалаған зиянның әртүрлі түрлері болуы мүмкін.

Бұл зиян бірнеше топтарға бөлінеді:

Экологиялық зиян дегеніміз — жер заңдарын бұзу аркылы чоршаған ортаға жерге табиғат объектісі ретінде зардап келірілгенін білдіреді. Бұл зиян Казакстан Республикасының Эко­логиялык кодексінін талаптарына сәйкес өтеледі, Бұл зиянлы толық түрде өтеуге мүмкіндік жоқ, себебі келтірілген зиянды пакты бағалау мүмкін емес. Экологиялык зиянды өтеуің екі әдісі бар: тікелей және жанама түрі. Залалды экономикалык бағалаулын тура әдісі неғұрлым тиімді инженерлік, ұйымдық -техникалық және технологиялык іс-шаралар арқылы қоршаған ортаны қалпына келтіруге, жұтандаған табиғи ресурстардың орнын толтыруға, тірі организмдерді сауыктыруға қажетті нақты шығындарды аныктаудан түрады.

Қоршаған ортаны корғау саласындағы уәкілетті органнын лауазымды адамдары бірінші кезекте коршаған ортаға залал келтірген тұлғаның қоршаған ортаны қалпына келтіру жөніндегі іс-шарларды жүзеге асыру мүмкіндігін қарастырады.

Қоршаған ортаны калпына келтіру жөніндегі іс-шараларды жүргізу жөніндегі тиісті міндеттемелер қоршаған ортаға залал келтірген тұлғанын нақты іс-шаралар және оларды жүргізу мерзімі көрсетілген кепілдік хатында жазылады. Залалдың салдарларын жою жөніндегі шаралардын құны олардың нарықтық құны бойынша айқындалады.

Залалды тура әдіспен экономикалык бағалау кезінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары тәуелсіз сарапшыларды тарта алады. Сарапшылар ретінде экологиялык аудиторлар, жобалау, инженерлік және ғылыми ұйымдардың мамандары қатыса алады.

Тәуелсіз сарапшылар жұмысына ақы төлеу жөніндегі міндет коршаған ортаға залал келтірген тұлғаға жүктеледі.

Залалды экономикалык бағалаудыңжанама әдісі залалды эко­номикалык бағалаудын тура әдісін қолдану мүмкін болмайтын жағдайларда қолданылады. Залалды экономикалық бағалаудың жанама әдісі коршаған ортаға әсер ету түрлеріне қарай залалды әрбір ингредиент бойынша жинақтау жолымен айқындалады.

Экономикалық зиян дегеніміз - жер меншік иелерінін жер пайдаланушылардын, мемлекет өзіне материялдық жағынаң келтірілген шығындар болып табылады. Бұлшығындарды өтеутолык мөлшерде жүзеге асырылады және басшылыққа Азамат­тык кодексінің нормалары алынады.Жер заңдары бұзушылығы моральдық зиянды келтіруі мүмкін. Оны өтеу тәртібі Қазакстан Республикасының Азамат­тық кодексімен ретгеледі.

 

 


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 247 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тақырып.| Тақырып.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)