Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органның құзыретi.

Тақырыптар. | Тақырып. | тақырып. |


Читайте также:
  1. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның және оның жергiлiктi жерлердегi органдарының құзыретi.
  2. Тақырып. Мемлекеттік реттеу: маңызы, мақсаттары, құралдары

Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органның жер қатынастарын реттеу саласындағы құзыретiне мыналар жатады:

1) басқа да табиғат қорғау iс-шаралары кешенiнде жердi ұтымды пайдалану, топырақ құнарлылығын арттыру, жер ресурстарын қорғау жөнiндегi облыстық (қалалық) бағдарламаларды әзiрлеп, облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) өкiлдi органның бекiтуiне енгiзу және олардың орындалуын қамтамасыз ету;

2) жер қойнауын пайдалану, магистральды құбырлар тарту, мұнай және газ өңдеу объектiлерiн салу мақсатында жер учаскелерiн беру және алып қою, соның iшiнде сатып алу арқылы алып қою;

3) ауданаралық маңызы бар уақытша пайдаланылатын мал айдау жолдарына жер учаскелерiн беру;

4) Жер туралы кодекстің 71-бабының 2-тармағына сәйкес iздестiру жұмыстарын жүргізу үшiн жер учаскелерiн пайдалануға рұқсат беру;

5) мемлекеттiк ғылыми-зерттеу, оқу және басқа да ауыл шаруашылығы ғылыми ұйымдары мен олардың тәжiрибе шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттiк тұқым өсiру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына жер учаскелерiн беру;

6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың барлық түрлерiн құру үшiн жердi резервте сақтау;

7) Жер туралы кодекстің 13-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру мен кеңейтуге байланысты жағдайларда жердiң барлық санаттарынан жер учаскелерiн беру және алып қою, соның iшiнде сатып алу арқылы алып қою;

8) Жер туралы кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiнде белгiленген құзыретiне сәйкес аудандар арасындағы жер қатынастарын реттеу;

9) орман қоры жерiн қоспағанда, Жер туралы кодекстің90-бабында көзделген жағдайларда, жер учаскелерiн беру және алып қою, соның iшiнде сатып алу арқылы алып қою;

10) аудандық, қалалық (облыстық маңызы бар) атқарушы органдардың қызметiн жер ресурстарын пайдалану мен қорғауды үйлестiру, оған басшылық ету және бақылау жасау;

11) Жер туралы кодексте және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде оның құзыретiне жатқызылған өзге де мәселелер.

Республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органының жер ресурстарын реттеу саласындағы құзыретiне мыналар да жатады:
1) Жер туралы кодекстің 13-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерiн жеке меншiкке және жер пайдалануға беру;

2) Жер туралы кодекстің 13-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк қажеттiктер үшiн жер учаскелерiн алып қою, соның iшiнде сатып алу арқылы алып қою;

3) тиiстi өкiлдi органның бекiтуi үшiн оларға әкiмшiлiк бағыныстағы елдi мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жоспарларын әзiрлеу және олардың орындалуын қамтамасыз ету.

 

 


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 81 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның және оның жергiлiктi жерлердегi органдарының құзыретi.| Тақырып.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)