Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау»- 200240 мамандығы бойынша мемлекеттік емтихан қабылдау сұрақтары.
- Тау жыныстарының физикалық және механикалық қасиеттері
- Тау жыныстарының түрпілігі және оны анықтау тәсілдері
- Тау жыныстарын бұзу аспаптарының арналуы бойынша топталуы
- Кесіп – опырып бұрғылайтын қашаулардың түрлері олардың жетістіктері мен кемшіліктері, қолдану аймақтары
- Қажап кесіп бұрғылайтын қашаулардың жетістіктері мен артықшылықтары, олардың қолдану аймақтары
- Үгітіп опырып бұрғылайтын қашаулар. Шарошкалы қашаулардың артықшылықтары мен кемшіліктері, олардың түрлері.
- Шарошкалы қашаулардың сырғанау коэффициеті.
- Басқа қашаулармен салыстырғанда үш шарошкалы қашаулардың ерекшеліктері мен кемшіліктері
- Бір шарошкалы қашаулардың жұмыс принципі, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері.
- Керн алу құрылғылары және бұрғылау ұштықтары. Керннің толық шығуына теріс әсерін тигізетін факторлар.
- Шарошкалы қашаулардың жұмыстан кейінгі қалпының ВНИИБТ коды бойынша белгіленуі.
- Қашауларды ұңғымаға түсіру алдында тексеру және дайындау.
- Қашаудың жұмыс көрсеткіштері және оларды анықтау.
- Қашаулардың жұмыс көрсеткіштеріне әсер етуші факторлар.
- Өтімділіктің механикалық жылдамдығының уақыт бойынша өзгеру заңдылығы.
- Қашау өтімділігінің өзгеру заңдылығы.
- Өтімділіктің рейстік жылдамдығының өзгеру заңдылығы.
- 1 м бұрғылауға кеткен пайдалану шығындары.
- Қашау жасақтары мен тіректерінің тозуына әсер етуші факторлар.
- Қашау жасақтары мен тіректерінің уақыт бойынша тозу заңдылығы.
- Қашаудың ұңғыма түбіндегі ұтымды жұмыс ұзақтығын таңдау.
- Қашаудың ұңғыма түбіндегі жұмысына жеткілікті айналу моментінің өзгеру заңдылықтары.
- Бұрғылау процессінде жаңа қашауды жалғап бекіту және тозған қашауды ашып ауыстыру тәртібі
- Ұңғымадан көтерген қашаудың өлшемдерін тексеру арқылы оның жұмыс нәтижелерін талдау
- Бұрғылауда қолданатын жуу жүйелері.
- Тұтқыр және тұтқырлы-пластикалық сұйықтардың ламинарлық режимдегі ағысында бұрғылау құбырлары мен сақиналы кеңістіктегі қысым кедергілерін есептеу
- Тұтқыр және тұтқырлы-пластикалық сұйықтардың турбуленттік режимдегі ағысында бұрғылау құбырлары мен сақиналы кеңістіктегі қысым кедергілерін есептеу
- Жуу жүйесі элементтеріндегі жергілікті кедергілерді есептеу принципі
- Қашау сұғындамаларындағы гидравликалық кедергілерді есептеу
- Тұтқыр және тұтқырлы –пластикалық сұйықтардың ағыс режимдеріндегі шекті Рейнольд саны
- Бұрғы тізбегін түсіріп көтеру кезінде ұңғымада пайда болатын гидродинамикалық қысымдарды есептеу принципі
- Бұрғылау қондырғысының айналым жүйесінің схемасы
- Ұңғыма түбін бұрғыланған тау жыныстары бөлшектерінен тазалауға жеткілікті бұрғылау сұйығының сақиналы кеңістіктегі өрлеу жылдамдығын таңдау.
- Айналым жүйесі элементтері қалай және қандай қысымға сыналады?
- Бұрғы тізбегін түсіру жылдамдығын есептеу
- Байланыстыру жүйесі (манифольд), баған және сораптардың өз ара қосылыстарына қойылатын талаптар
- Бұрғылау сораптарының сақтандыру құрылғысының конструкциясы
- Сұйық айдау кезінде айналым жүйесінде пульсациялардың пайда болу себептері және оның зиянды жақтары
- Бұрғылау вахтасының мұнайгаз көріністері байқалғанда орындайтын іс әрекеттері
- Ротормен бұрғылау кезінде қашаудағы гидравликалық қуатты реттеу және қашау сұғындамаларындағы ағыстың жылдамдығын нормалау
- Ротормен бұрғылауда бұрғылау режимі параметрлерінің өзара байланысы және оларды шектеу
- Турбобұрғылармен бұрғылағанда бұрғылау режимі параметрлерінің өзара байланыстылығы.
- Гидравликалық түптік қозғалтқышқа берілетін өстік салмақты ескеріп оның тұрақты жұмысын қамтамассыз ететін сұйықтың шамасын есептеу
- Тұрбобурғының түрін, диаметрін, секциясының санын таңдау принципі
- Электробұрғымен бұрғылағанда бұрғылау режимі параметрлерінің өзара байланысы
- Электробұрғымен бұрғылағанда жуу сұйығының шамасы қандай шартты ескеріп қабылданады?
- Бұрғылау режимін таңдау принципі
- Ұңғыма тілмесін біркелкі бұрғылану аралықтарына бөлу тәсілдері
- Белгілі аралықтарды бұрғылау үшін қашаудың түрін тадап алу принципі
- Бұрғылау режимі параметрлерін оптимизациялау
- Бұрғылау режимі параметрлерін бақылау
- Керн алып бұрғылау кезінде бұрғылау режимі параметрлерін таңдап алу
- Түрбобұрғының жұмыс принципі және оның турбинасының жұмыс сипаттамасы
- Гидротежегіші бар турбобұрғылардың жетістіктері және конструктивтік ерекшеліктері
- Винттік түптік қозғалтқыштың жұмыс принципі және оның жұмыс сипаттамасы
- Тұрбобұрғылармен гидромониторлық қашауларды қолдану үшін қойылатын негізгі талап не?
- Электробұрғылар. Олардың артықшылықтары мен кемшіліктері
- Электробұрғының жұмыс сипаттамасы.
- Электробұрғымен бұрғылағанда бұрғылау режимі параметрлерінің байланыстылығы.
- Шурф қалай бұрғыланады және шегенделеді?
- Ұңғыманы бұрғылау қалай басталады?
- Қашауды көтеру алдында ұңғыманы жуу ұзақтығын қалай анықтайды?
- Аспапты көтеру кезінде ұңғыманы жуу сұйығымен қалай толтырады. Оның қандай тәсілдерін білесіз?
- ГИВ-6М аспабы көрсетуінің дұрыстығын қалай тексеруге болады?
- Ұңғымаға түсіруден алдын тұрбобұрғының жұмысын қалай тексеріп алады?
- Бұрғылау режимі неше түрге бөлінеді және оларды таңдап алудың принципі қалай?
- Жуу сұйығының негізгі атқаратын функциясы
- Жуу сұйықтарының классификациясы. Олардың қолдану аймақтары.
- Статикалық және динамикалық жағдайларда жуу сұйықтарының қабыршық құру және сүзілу қасиеттері, олардың ұңғыманы бұрғылау және аяқтау кезіндегі маңызы.
- Жуу сұйықтарының сруктуралық қасиеттерінің ұңғыманы бұрғылау және аяқтаудағы мәні. Оларды бақылау тәсілдері
- Жуу сұйықтарының реологиялық қасиеттерінің ұңғыманы бұрғылау және аяқтаудағы мәні. Оларды бақылау тәсілдері
- Су және мұнай негізіндегі жуу сұйықтарының қасиеттеріне адсорбция процесінің әсері
- Дисперстік жүйенің агрегатівтік тұрақтылығы және оны қамтамассыз ету факторлары
- Сазды жуу сұйықтары, олардың компоненттік құрамы
- Сазды жуу сұйықтарының қасиеттері және олардың бұрғылау кезінде өзгеру себептері
- Химиялық реагент-электролиттер және олардың сазды жуу сұйықтарының қасиеттеріне әсері
- Органикалық, сілті құрамды химиялық реагенттер, қорғаныс коллоидтары.
- Жоғары малекулярлық органикалық реагенттер, олардың қолдану аймақтары
- Жуу сұйықтарының тығыздығын көтеру. Ауырлатқыштар, оларға қойылатын талаптар
- Сазды жуу сұйықтарының тығыздығын азайту тәсілдері
- Сазды жуу сұйықтарын гидротациялайтын және дисперсиялайтын ингибитер -реагенттердің түрлері, олардың қолдану аймақтары
- Орнықсыз саз жыныстарын ингибирленген жуу сұйықтарын пайдаланып бұрғылау тәжірибесі
- Сазсыз жуу сұйықтары, олардың құрамы, қолдану аймақтары, қабыршық және структура құру қасиеттерін қамтамассыз ету тәсілдері
- Конденсацияланған қатты фазалы жуу сұйықтары, олардың қолдану аймақтары
- Мұнай негізіндегі жуу сұйықтары, олардың құрамы, қолдану аймақтары, дайындау тәсілдері, жетістіктері мен кемшіліктері
- Инвертті эмульсиялы жуу сұйықтары, олардың құрамы, қолдану аймақтары және агрегативтік тұрақтылығын қамтамассыз ету
- Гидрогель магний негізіндегі жуу сұйықтары, олардың қолдану аймақтары
- Ұңғыманы аэрацияланған жуу сұйықтарын пайдаланып бұрғылау ерекшеліктері
- Дірілді елек. Оның бұрғылау сұйығын тазалау және өткізу мүмкіндіктеріне әсер етуші факторлар
- Гидроциклондар (құмайрығыш). Олардың жұмыс принципі және бұрғылау сұйығын тазалау қасиеттеріне әсер етуші факторлар.
- Центригугалардың (лай айырғыш) жұмыс принципі
- Жуу сұйығын қатты және сұйық химиялық реагенттермен бұрғылау қондырғысының басында қалай өңдеуге болады?
- Бұрғылау қондырғысында саз ерітіндісін өңдеу үшін нитролигнинді қалай дайындайды
- Бұрғылауда қолданатын химиялық реагенттердің адам өміріне зиянды әсері
- Жуу сұйықтарын дайындау, пайдалану, тазалау және газдардан айыру кезінде қолданатын қаупсіздік шаралары
- Жуу сұйықтарының жердің құнарлығы, су және қоршаған ортаға зиянды әсері. Химиялық реагенттердің зиянды әсерін бейтараптандыру шаралары.
- Көмірсутегі негізіндегі бұрғылау сұйықтарын дайындау және пайдалану кезіндегі қауыпсіздік шаралары
- Бұрғылау сұйықтарындағы күкіртсутекті бейтараптандыру реагенттері
- Бұрғы тізбегінің құрамы және төменгі ұшының жабдықталуы
- Болат бұрғылау құбырларының түрлері және олардың конструктивтік ерекшеліктері, жетістіктері мен кемшіліктері
- УБТ және УБТС түріндегі ауырлатылған бұрғылау құбырлары, олардың конструктивтік ерекшеліктері, артықшылықтары мен кемшіліктері
- Бұрғылау құбырларының бұрандалы қосылыстарының ерекшеліктері, жетістіктері мен кемшіліктері
- Құлыптары пісіріліп жалғанған бұрғылау құбырларының артықшылықтары мен кемшіліктері
- Тік және көлбеу ұңғымаларды бұрғылау кезіндегі бұрғы тізбегінің жұмыс жағдайы
- Бұрғы тізбегінің тұрақтылығына айналу моментінің, центрден тепкіш және өстік күштердің әсері
- Бұрғылау кезінде бұрғы тізбегінде пайда болатын тербелістер және олардың бұрғы құбырлары мен қашау тіректеріне әсері
- Бұрғылау тәсіліне байланысты бұрғы тізбегін жинақтау
- Бұрғылау тәсіліне қарай бұрғы тізбегін төзімділікке және беріктікке есептеу
- Бұрғы тізбегін көлбеу ұңғымаларды бұрғылауға есептеу ерекшеліктері
- Тіке ұңғымалардың өздігінен қисаю себептері, оған әсер ететін негізгі факторлар
- Ұңғымалардың өздігінен қисайып кетуі салдарынан туатын қиыншылықтар
- Ұңғымалардың өздігінен қисаюын болдырмау шаралары
- Бұрғы қондырғысының тәл жүйесін жабдықтау
- Ұңғымаларды көлбейте бұрғылаудың мақсаты. Қөлбеу ұңғымаларының профильдері, олардың тиімді пайдалану аймақтары
- Көлбеу ұңғымаларының профилін таңдау, есептеу және тұрғызу
- Айналмалы бұрғылау кезінде ұңғыма оқпанын қисайту тәсілдері
- Ауытқышты бағыттау әдістері
- Түптік қозғалтқыштармен бұрғылағанда оқпанның бағытын реттеу үшін бұрғы тізбегінің төменгі ұшының (КНБК) жабдықтарын таңдау принципі
- Көлбеу ұңғымалар оқпанының зениттік және азимуттық ауытқу бұрыштарын анықтау
- Бұрғы тізбегін бағыттап түсіру
- Ұңғымаларды бұрғылауда кездесетін қиыншылықтар.
- Шиеленістердің классификациясы.
- Қысымдардың біріктірілген графигінен сиымсыз аралықтарды бөліп алу принципі.
- Жуу сұйығының жұтылу себептері. Жұтылудың қарқынын қалай анықтайды?
- Жұтылуды жою тәсілдері.
- Жуу сұйығын ұңғыма сағасына шығармай бұрғылау тәсілінің ерекшеліктері.
- Ұңғымада су-мұнай-газ көріністерінің байқалуы. Олардың себептері мен ерекшеліктері.
- Ұңғымадағы су-мұнай-газ көріністерінің жуу сұйығының параметрлеріне әсері.
- Атқылауға тойтарыс беру жабдықтарының түрлері және олардың жұмыс принципі мен қолдану аймағы.
- Превенторлардың негізгі параметрлері.
- Ұғыма оқпанындағы тау жыныстарының үгіліп және опырылып құлау себептері және олардың алдын алу шаралары.
- Ұңғыма оқпанының тараюы және оқпанда кеуектердің пайда болу себептері, олардың алдын алу шаралары.
- Бұрғы тібегінің ұңғымада қысылып ұсталып қалуы және оның ұсталу орнын анықтау тәсілдері.
- Ұңғымада қысылып қалған бұрғы тізбегін босату тәсілдері.
- Ұңғыма оқпанына жабысып қалған бұрғы тізбегін босатудың гидроимпульстік тәсілі.
- Апаттардың түрлеріне қарай қолданатын ұстағыш аспаптарының конструкциялық ерекшеліктері.
- Ұңғыма конструкциясын жобалау принципы.
- Теңіз ұңғымалары конструкциясын жобалаудың ерекшеліктері.
- Өнімді қабатты ашу үшін бұрғылау сұйығының түрін таңдау принципі.
- Өнімді қабаттарды ашу және ұңғыма түбі аймағының конструкциясы.
- Өнімді қабаттарды қабатсынағыштармен сынау технологиясы.
- Ұңғымаларды цементтеудің мақсаты. Бір сатылы цементтеу тәсілі.
- Ұңғымаларды тампонаждау материалдары.
- Ұңғымаларды екі сатылы цементтеу тәсілі және оның себептері.
- Ұңғымаларды кері цементтеу тәсілінің артықшылықтары мен кемшіліктері.
- Шегендеу құбырларының түрлері, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері. Шегендеу тізбегін құрастыру.
- Ұңғымағы түсіруден бұрын шегендеу құбырларын дайындау. Шегендеу тізбегінің жабдықталуы.
- Ұңғыманы шегендеу тізбегін түсіруге дайындау.
- Пайдалану тізбегін есептеу тәсілі.
- Аралық тізбекті есептеу ерекшеліктері
- Жасырын тізбекті цементтеу ерекшеліктері.
- Ұңғымалардың цементтелу сапасына әсер етуші факторлар.
- Шегендеу тізбектерінің ұңғымадағы жұмыс жағдайы.
- Ұңғымаларды цементтеудің гидравликалық бағдарламасы.
- Ұңғымаларды цементтеуде буферлік сұйықтарды қолданудың мақсаты.
- Ұңғымалардың цементтелу сапасын тексеру тәсілдері.
- Ұңғыманы игеру дегеніміз не? Қабаттан ұңғыма түбіне өнімді келтірудің қандай тәсілдерін білесіз?
- Өнімді қабаттарды екінші рет ашу, оның кемшіліктері мен жетістіктері.
- Ұңғыманы цементтеу техникасы мен жабдықтары.
- Перфораторлардың түрлері, олардың жетістіктері мен кемшіліктері.
- Цементтеу техникасын ұңғыма сағасына орналастыру тәртібі.
- Цемент ерітіндісінің қасиеттері және оларды анықтау.
- Күкірт сутектің әсер ету жағдайларда ұңғымаларды аяқтау.
- Акваторияда ұңғымаларды бұрғылауға арналған қондырғылар, олардың қолдану аймақтары.
- Бұрғылау кемелері.
- Жартылай бататын бұрғылау қондырғылары және олардың қолдану аймағы.
- Тұрақты бұрғылау платформаларынан теңіз ұңғымаларын бұрғылау ерекшеліктері.
- Теңіз ұңғымаларын бұрғылауға әсер ететін факторлар.
- Су бөлу құбырына әсер етуші күштер.
- Су асты сағалық жабдықтары.
- Ұңғыма құрылысының толық цикліне қандай кезеңдер кіреді?
- Ұңғыма құрылысының негізгі құжаттары.
- Ұңғыма құрылысының техникалық және экономикалық көрсеткіштері.
- Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылауда жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау шаралары.
- ГТН қандай бөлімдерден тұрады және оның режимдік технологиялық картадан (РТК) айырмасы қандай?
- Буферлік сұйықтың көлемін есептеу принципы.
- Жуу сұйығы параметрлерінің қашау жұмыс көрсеткіштеріне әсері.
- Ұңғыманың техникалық жобасында қандай мәселелер қаралады?
- Ұңғыманы кері цементтеудің артықшылықтары мен кемшіліктері.
- Жүзбелі теңіз бұрғылау қондырғыларындағы тіке қозғалысты компенсаторлардың ролі және олардың қондырғыда тұратын орны.
Дата добавления: 2015-08-20; просмотров: 893 | Нарушение авторских прав
mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)