Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мұнай өндірісінің сораптарының ортадан тепкіш газ сепараторлары

КІРІСПЕ | Алматы ауыр машина жасау заводы» АҚ қысқаша тарихы | ААМЗ» АҚ цехтары | Электрлі ортадан тепкіш сораптың конструкциясын жабдықтау | Мұнай кәсіпшілігінің ортадан тепкіш сораптарын есептеу және құрастыру | орытынды |


Читайте также:
  1. Дәріс 3. Лифт құбырлары. Сорапты – комрессорлы құбырлар. Мұнай өндірісіндегі байланыс құбырлары.
  2. Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау»- 200240 мамандығы бойынша мемлекеттік емтихан қабылдау сұрақтары.
  3. Мұнай және газ өңдеу технологиясы-13/9.41 тобы туралы толық мәлімет Топ жетекшісі: Қ.А.Алтай
  4. Мұнай кәсіпшілігінің ортадан тепкіш сораптарын есептеу және құрастыру
  5. Мұнайды өндіру үшін сораптардың ортадан тепкіш газосепараторлары.
  6. Ортадан тепкіш сорапты есептеу мысалдары

ЭОТСҚ қолданылатын ұңғыларда газбен күресудің келесі әдістері белгіленген:

• сорапты белгілі зонаға түсіру, бұл зонада қабылдаудағы қысым сораптың оптимальды берілісін және оның тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді;

• сепаратордың әр түрлі конструкцияларын қолдану;

• сораптың қабылдау жағында бытыратушы (диспергиялайтын) құрылғының орнатылуы;

• құбыр сыртындағы кеңістіктен газдың түсірулуін мәжбүрлеу;

• “конусты” және “сатылы” комбинцаиялынған сораптарды қолдану;

Сораптың қабылдауында мұнайдың қанығу қысымын немесе оған жақын қысымды орнату. Бұл әдіс технологиялық және ұйымдастырулық жағынан оңай болғандықтан кеңінен таралған, бірақ жоғарыда айтылған әдісті қолдану үшін сорапты үлкен тереңдікке түсіру керек, ал бұл тиімсіз болады. Мұның себебі - СКҚ-ға, кабельге, электр энергиясына және СПО-ға қосымша қаражат керек және де бұл технологиялық жағынан көп жағдайда мүмкін емес.

Сепараторларды қолдану. Бұл әдіс сораптың қабылдауында газ бен сұйықты бөліп, газды құбыр сыртындағы кеңістікке шығара алатын арнайы құрылғыларды қондыру қажет етеді.

Диспергаторларды қолдану. Диспергаторлардың қолдануы беру сұйығында газдың шектік көлемінің мәнін 0,1-ден 0,25-ке дейін көбейтуге мүмкіндік береді, бұл ортаның жұқадисперсты құрылымының пайда болуы арқылы жүзеге асады. Диспергаторлар тұтқырлы эмульсияның құрылымын жақсы бұзатындықтан оларды суланған ұңғыларда пайдалануға өте тиімді.

Диспергатор ағында күшті турбулизатор болып табылады және газ-сұйықты қоспаның құрылымын тегістейді. Дипергатор сораптың бірнеше сатысының орнына оның сыртында немесе ішінде қондырылуы мүмкін.

Құбыр сыртындағы кеңістіктен газдың мәжбүрлеп түсірілуі. Ұңғыны қолдану кезінде сораптың қабылдау зонасындағы газдың бір бөлігі сұйықтан құбыр сыртындағы кеңістікке бөлініп шығады. Онда ол оның ішінде жиналып, газ сұйықты сораптың қабылдауына дейін ығыстырып, сорапқа түседі де оның берілісін азайтып немесе құрғақ үйкеліс режиміндегі төтенше жағдайға әкелуі мүмкін. Одан басқа газ қабатқа қарама-қарсы бағытта болып сұйықтың ағынын азайту мүмкін.

Аралас (комбинированный) сораптарды қолдану. Егер сериялы сораптың қабылдауында кейбір сатыларды үлкен өнімділікті сатымен алмастырса газдың “нашар” әсері азаяды. Каналдың үлкен аумағына ие болған бұл сатылар қабылдауға газ-сұйық қоспасының үлкен мөлшерде енуін қамтамасыз етеді. Сериялы сораптарға түскенде сығылу және газдың сұйықта еруінің арқасында қоспаның көлемі азаяды, бұл арқылы оптималды өнімділік іске асада.

 


Дата добавления: 2015-08-20; просмотров: 202 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ортадан тепкіш сорапты есептеу мысалдары| Батырмалы электроқозғалтқыш

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)