Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ауруды емдегеннен алдын алған жөн

Сандық коммутация өрістерінің құрылу принциптері, жіктелуі. | Түсініктеме | Тесті сұрақтары | Тесті сұрақтары | Зіндік индукция құбылысы | Ндіріс санитарияның жалпы талаптары. | Глоссарий | Хабарландыру | Электр жүйелерінің қауіп-қатерлігінің талданылуы |


Читайте также:
  1. Ақпараттық-электронды халықаралық интернет торындағы студенттерге арналған адрестер тізімі
  2. Бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссия
  3. Бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айыру және оның қолданысын тоқтату
  4. Бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру
  5. Дәріс 11. Ұңғыларды іргелі жөндеу.
  6. Дәріс 12. Қабат қысымын ұстап тұру үшін арналған жабыдқтар.

Соңғы уақытта жаһандық пандалық сипат алып келе жатқан АҚТБ жұқпалы ауруы жер жүзінің әлеуметтік-экономикалық игіліктеріне нақты қауіп төндіріп отыр. БҰҰ АҚТБ/ЖҚТБ жөніндегі (ЮНЭИДС) Біріккен Бағдарламасы мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сараптамалық бағалары бойынша әлемде осы кезеңде АҚТБ-мен ауыратын 40 миллион адам бар көрінеді, оның жартысын әйелдер құрайды, ал әрбір екінші жұқпалы дерт 25 жастан төменгі жастар арасында тараған. Соңғы 2 жылда 11,5 миллион адам солардың қатарына қосылды, ай сайын жер шарында АҚТБ-ның құрбандары 440 мың адамға көбеюде.

Адам құқын насихаттау мен қорғау АҚТБ/ЖҚТБ-ға қарсы шаралардың бірі болып табылады. 1994 жылы қабылданған “АҚТБ ауруының алдын алу туралы” Заңы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген және 2001-2005 жылдары жүзеге асырылған АҚТБ жұқпалы дертіне қарсы іс-әрекет жөніндегі бағдарлама осы аурудың алдын алу жөніндегі жұмыстар кешені мен АҚТБ-ға шалдыққандарды әлеуметтік қорғаудың белгіленген шараларын жүзеге асыруға оң ықпал етті. Бағдарлама аясында ауру адамдарды молынан қамтуға мүмкіндік беріп отыр. Соңғы жылдары АҚТБ-мен ауырғандар санының азаюы байқалып отыр, егер 2001 жылы бұл көрсеткіш 1171 адам болса, 2005 жылдың қорытындысы бойынша – 699 жағдай тіркелді.

Өкінішке қарай, ТМД елдері секілді Қазақстанда да АҚТБ ауруы есірткіні пайдалану мен жыныстық мінезге байланысты жылдам таралуда. Сарапшылардың бағалауынша, елімізде қазіргі кезде 13 мыңға жуық адам АҚТБ/ЖҚТБ дертіне шалдыққан. АҚТБ жұқпалы ауруымен тіркелгендер саны ең көбі Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары мен Алматы қаласында көп екені анықталған.

Осы жылдың маусым айында “АҚТБ ауруының алдын алу туралы” Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң АҚТБ ауруына шалдыққан адамдарды әлеуметтік, құқықтық қорғауға, оларға қатысты қуғындауды жоя отырып, АҚТБ/ЖҚТБ-ның таралуын тиімділікпен алдын алу жөніндегі барынша қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Мемлекет анонимді тексерілуге қол жеткізу мүмкіндігі мен тегін дәрігерлік және дәрі-дәрмек көмегі, АҚТБ жұқтырғандар мен ЖҚТБ ауруларына қатысты қандай да бір қуғындауды болдырмау, АҚТБ-ны жұқтырғандары мен ЖҚТБ ауруын кепілді мөлшердегі тегін дәрігерлік көмектің шегінде вирусқа қарсы арнайы тегін емдеу секілді әлеуметтік қорғау шараларына кепілдік береді.

Қолданыстағы заңға енгізілген өзгерістер АҚТБ жұқтырғыштарының алдын алуды жүзеге асыру шараларын, ұстанымдары мен жолдарын нақты белгілеу болып табылады: мемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың АҚТБ ауруының алдын алуға жауаптылығы, ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі, мекемеаралық (сектораралық) өзара іс-қимылы шаралары. Оған қоса аурудың алдын алу шараларын жүзеге асыру жолдары реттеліп, нақтыланды. Мұның өзі уәкілетті органға келешекте қабылданған шаралардың саны мен сапасына бақылау жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар заңда Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен міндеттері, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ЖҚТБ жұқтыруға байланысты дәрігерлік куәлік беру мәселелері белгіленген.

АҚТҚ-ның алдын алу әр адамның өз қолында. Сондықтан, біз әрбір Қазақстан тұрғынын АҚТҚ жұқпасын түбегейлі жоюға бар мүмкіндікті жасауға шақырамыз. Еліміздегі халықтың кез келген тобының мүшесі АҚТҚ/ЖҚТБ-ның алдын алу шаралары жөнінде барынша хабардар болып, оның алдын алу қызметтеріне қол жеткізуі тиіс. Соған орай, біз еліміздің барлық тұрғындарын осы жолда бірлесіп белсенді қызмет жасауға шақырамыз.

 

Тапсырма: Газет, журнал, интернеттен мәлімет алып, мәтінді өз бетіңізбен толықтырыңыз.

Бақылау сұрақтары:

1. ЖИТС негізінен қандай жолмен таралады?

2. ЖИТС-пен ауырған адаммен қарым-қатынасты үзу міндетті ме?

3. ҚР-сында ЖИТС-ке қарсы қандай шаралар қодануда?

 

Глоссарий:

 

ұрық плод fetus
қосымша әрекет побочное действие side effect
зақым, залал повреждение, ущерб injury, damage
жүйке қабынуы полиневрит polyneuritis
жыныстық клетка половая клетка sex cell
бояутектелген пигментированный pigmenled
қанның сұйық бөлігі плазма крови blood plasma
иммундық иммунный immune

 

СӨЖ: Семинар сабағына Power Point немесе Реферат дайындаңыздар.


Дата добавления: 2015-08-20; просмотров: 309 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Байланыс операторларының жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдармен өзара| Ел Тәуелсіздігіне – 20 жыл және Желтоқсан оқиғасына 25 жыл

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)