Читайте также: |
|
Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бірінші деңгей бағдарламасының мақсаты-мектептегі еңбек тәжірибесі әртүрлі мұғалімдерді қатыстыру арқылы мұғалімдерге мектеп жүйесін жан-жақты дамыту үшін қажетті білімдер мен дағдыларды беру болып табылады. Бұл мақсат күрделі болуымен қатар, көп еңбек етуді талап етеді, алайда дұрыс тәсілдер қолданылған жағдайда бүкіл мектеп шеңберінде өзгеріс жүргізілуіне ықпал ете алады.
Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең басты, маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және екіншісі - ол да маңызы жағынан біріншіден еш кем емес: «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?»
Білім беру саласында қол жеткізілген бүкіләлемдік бітімнің мәні оқушылар үшін білімнің де, дағдылардың да тең дәрежеде маңызды екендігіне саяды. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында.
Бүгінгі баяндамамды құрғақ оқымай осы сәтті ұтымды пайдаланғым келіп Бағдарламаның түйінді идеяларымен таныстырғым келді. Бұл ойымды қоғамдастық мүшелері де ҒӘЖО Лекерова Б.Ж. құптап қолдай кетті. Қалай бастасам екен, неден бастасам екен деген ой жанымды жеп қойды. Педагогикалық кеңеске бүкіл ұжым келуге міндетті, олардың көңілінен шығып, сауатты, сенімді, жаңашылдықпен оларды таңырқататындай жүргізуге міндеттімін.
Бағдарлама жайында қысқа ғана мағлұмат бере келе мен ұжымның назарын слайдқа аударып, әлемде болып жатқан өзгерістерге тоқталдым. Бұл өзгеріс білім саласына да әсер ететіндігі әбден белгілі, сол мақсатпен болашаққа үмітпен қарайтын, Елбасымыздың қолдауымен Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасын мақсат, міндеттерімен таныстыра келе мен ұжымға «21 ғасыр дағдылары» тақырыбында видео-ролик көрсеттім. Сосын, 21 ғасыр мұғалімі қандай болуы керек? деген сұрақ қойып, әр топтың қорғауына маркерлер мен постер тарқатып 3-4 минут уақыт бердім бердім.
Әр топ, өз шамаларынша қорғауға тырысып бақты, сөйлеу мәдениеті мен топтың қатысуына көңілім толды. Ондағы жауаптары: ең бастысы жаңашыл, білімді, мейірімді, жасампаз, шығармашыл, АКТ меңгерген, 3 тілде де еркін сөйлей алатын, әлеуметтік жағдайы келіскен, жан-жақты болуы керек дегені.
Осымша
Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 153 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Глава 1 20 страница | | | р топтың постер қорғау үстіндегі көріністері |