Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 131 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 121 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 122 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 123 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 124 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 125 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 126 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 127 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 128 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 129 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 133 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 130

 

Стр. 132

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

Бұғыңдар!—деген Ревякиннің келесі командасы естілгенде, жарқыраған оқтар

қолмен сепкен тұқымдай,

орай шашылып, ілгерілеп келе жатқанын көрдім. Кейін окопқа шегініңдер деген команда

берілер деп күткендейсің. Оқтар жақындап, есепсіз көп уақыт өтіп жатқан сияқтанады...

Бірақ бүгін бізге шегінуге болмайды — артымызда Москва!

Алға! Жүгір! — деген команда берді Ревякин.

Кім қалай тұрды орнынан, қалай бұғып жүгіре жөнеліп, оқтан озды, оны есептеу қиын еді,

бірақ оқ арт жағымызға себіліп қалды. Көлденең кесіп өтіп кетіппіз.

Енді алдымызда миналар жарыла бастады. Мана алыстан абайлағанда, алақандай жерге

аралас түсіп жатқандай көрінген оқ пен миналардың арасында едәуір бос алаң бар екен

қазір біз сол алаңға шығып қалдық. Алдымызға түскен миналар бір дүркін жарылып

болған соң, Ревякин бізді тағы да жүгіртіп, ілгері әкетті. Миналар тағы да арт жағымызда

жарыла бастады. Ревякиннің әскери адам, шын айқас офицері екенін мен алғашқы рет осы

жолы көрдім.

Арт жағымызда жараланған адамның үні естіледі. Әлдекім, абайсыз жүгірем деп, оққа

соқтығып қалды ма екен? Кім екен? Әрі шетірек, әрі кейінірек келе жатқан кім еді! Семен

Зонин болып жүрмесе жарар еді... Семен еңбектей алмайтын еді, әрі басқамыздан

анағұрлым биік... Еңбектеу — оның, бір істей алмайтын ісі.

Жау оғының қатты қадалған жеріне енді ғана жетіппіз. Кейін шегініп, ескі окоптарға

паналаған біздің жауынгерлердің, қарсы алдына, өте жақын келіп жау автоматшылары

орнап алыпты. Елу шақты автомат бізді де шабынып қарсы алды. Орыс «урасы», «орыс

штыгі дегендер немістер әскерінің қашаннан бері қаны сүймейтін нәрсесі. Бұрын орыс

халқымен соғысып көрген елдердің, ішінде мұны сүйетіні болмаса керек... Сондықтан

автоматшылар бізге бас көтертпеу үшін арпалысып жатыр. Шегініп қалған белімге

жәрдем келгенін олар да аңдып қалды.

Екі жақтың қазіргі таласы елу метрдей жер үшін еді. Біздің кеше кешкі окоптарымызда

қазір неміс автоматшылары отыр да, біздің жауынгерлер елу метрдей кейін шегініп, ескі

окоптарға орналасыпты.

Таң, белгісі біліне бастады. Оң жақ қанаты опырылып қалған ескі бір окопқа біз де түстік.

Жауынгерлерім түгел екен. Окопқа белуарлап түсіп қалған қарды мақтадай жанша, Семен

де менің қасыма жетті. Менің ең үлкен қуанышым осы Семеннің амандығы болды.

Алысқа сермеп граната лақтыруға келгенде онымен тайталасар ешкім жоқ. Оның үстіне,

біздің бөлімнің басы артық оқ-құралы Семеннің арқасында жүреді...

Лақтырамын ғой?—деді Семен бақандай саусақтарымен беліндегі гранатасын

салмақтап тұрып.

Лақтырасың! Үсті-үстіне лақтырасың!

Семен бұйрық шамасын толық аңдап алды да, асықпай-саспай мылтығын окоптың

қабырғасына сүйеп, шинелін шеш тастап, шалқая беріп, бірінші гранатасын лақтырып еді,

мөлшерлей алмаған екен берірек жарылды. Салқын қанды дәл мөлшердің жауынгері

Петрдің лақтырған гранатасы жау окобына дәл түсіп, бір топ автомат шашалып қалды.

Семен бұған намыстанып кеткендей, көбірек шалқайып барып лақтырып еді, о да дәл

түсірді. Енді ол қызыңқырап алыпты.


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 39 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 130 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 132 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)