Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 126 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 115 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 116 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 117 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 118 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 119 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 120 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 121 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 122 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 123 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 124 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 125

 

Стр. 127

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

машина неге өтіп бара жатпайды?.. Ол машинада Ақбота неге болмайды?.. Мені танып

қалып, Ақбота неге «Қайрош!» демейді маған?.. Машина, әрине, тоқтай алмайды, ұзай

береді... Бірақ мен сол бір ғана естіп қалған үнге риза емеспін бе?..

Солдат қиялы шек бар екен деп бөгелмейді. Кейде тіпті қисынсыз нәрселерді қиыстыра

бересің. Қазір менің ойым Ақбота мен Нинаны бір машинаға мінгізіп, осы үлкен жол мен

осы үлкен көпірге қарай ағызып алып келе жатыр. Әне, машина жолдың ойылып қалған

бір жерін айналып өтіп, тас жолға қайта түсті. Жолдың жотасына машина қиялап шыға

бергенде Нина мен Ақбота біріне-бірі соғылып, бірін-бірі құшақтай алып, күлісіп қалды...

Әрине, олар да әлдеқашан сырласып болған. Біз оларды қандай әңгіме қылсақ, олар да

бізді сондай әңгіме қылады. Машина міне, біздің, тұсымызға келіп қалды да, Нина мен

Ақбота Семен екеумізді танып қалып:

Сема!

Қайрош! — деп қалысты айғайлап. Мен шыныммен-ақ жол жаққа қарадым...

Жолмен өтіп жатқан машиналар әлі аз емес. Бірақ ешбірінің үстінде Ақбота да жоқ, Нина

да жоқ... Біздің атымызды атап, айқайлаған да ешкім жоқ...

Кешке таман көпірді қорғау біздің взводтың екінші бөліміне тиді де, біз жер жаппамызға

келдік. Қашанғы әдеті бойынша майдан хабарларын алып, Ревякин келді. Тағы да Москва

қауіпі, әлі де сол ауыр хәлдер... Ревякин ешнәрсені жасырған жоқ:

Москва әлі қауіпте тұр. Жау қолы бұрынғысынан гөрі де Москваға жақынырақ

төніп қалды,— деді Ревякин.— Барлық майдандарда сұрапыл айқас жүріп жатыр, соның

бәрі де Москва үшін!

Волоколам Москвадан қанша жерде?

Клин қанша жерде? — деген сұраулар қайта-қайта беріліп, қайта-қайта анықталып

жатыр.

Москва хәлі қауіпте. Немістер тағы да шабуылға кешіпті.

Бұл ете айқын қайталап сұрауды керек етпейтін сөздер. Мағынасы сонша ауыр

болғандықтан қайталап сұрағың келмейді.

Ревякин Оңтүстіктегі бірінші жақсы хабарды да айтты. Ростовтың батыс жағында фашист

генералы Клейстің армиясы үш күннен бері қатты қырғын тауып жатыр. Бұрынғысымен

салыстырғанда қай майданда болса да немістің танкылары мен самолет шығыны едәуір

ұлғайған. Бұрынғы бірлер орнына ондар, ондар орнына жүздерге айналған. Мыңдаған

танкы мен самолетінен айрылып жатса, қурайдан жасап шығара бере алмас деген ой

келеді.

Біз әр адым жерімізді оңай бермеуіміз керек. Жау күші сарқылады, алғашқы аптық

басыла бастады. Шабуыл кезегі ұзамай-ақ бізге тиеді!—дейді Ревякин.— Қазір әрбір окоп

Москва қорғаны. Бүгін біздің арқамызда Москваға тіреліп тұр. Москваны жауға

бермеуіміз керек!

Бермейміз, жолдас политрук! Өлерміз — бермеспіз!

Темір пешке жылынғаннан кейін көзге ұйқы келе бастаған секілді еді, қазір жұрт қайта

сергіп кетіпті. Сүр көйлектің арт жағын жұлқа басып, қалың белбеуді сықыр еткізіп, қатты

тартып қойып жатыр.


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 39 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 125 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 127 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)