Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 57 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 46 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 47 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 48 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 49 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 50 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 51 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 52 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 53 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 54 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 55 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 56

 

Стр. 58

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

Коля ертең кеткелі жатыр. Сондықтан жаңа ғана екеуміз жұдырықтарымызды

қоштастырып қайттық..Менің сол жақ қабағыма қаттырақ тиіп кеткен жұдырық орнын

сылап жатып, Николай:

Сенің оң қолың темірдей! — деп қояды. Бірақ менің қабағымды сойып кеткен оның

оң қолы. Жатаған, кесек денелі, жаурынды, ыңғайлы жігіт. Әшейінде күлімдеп тұратын

көзі жұдырыққа түскенде жолбарыстың көзіндей шатынап кетеді. Кішкене ғана қырлы

мұрын қусырылып, танауы жыбыр-жыбыр етіп жүреді. Шекара қыздары оны

Коля-жолбарыс» десе, тілінде украин ықпалы басым болғандықтан жігіттер оны

«Мыкола» дейді.

Бірі Мыкола, бірі Хайрол-Вали... Құдайдың бізге берген «аяксиларын»

қарасаңшы!—деп, екеумізді қоса мазақтап жүреді.

Біз бір шығыспен шектес жерде тұрамыз. Сондықтан елдің тіліне еліктеп, мені

жолдастарым Хайрол-Вали деп те атайды.

Ертеңгі кезекке бір барып қайтқан соң, Николай жүріп кетпек. Әуелі дивизия штабына

барады, одан арғысы өзіне де белгісіз. ұзаққа кете ме, тез орала ма, қандай жұмысқа

барады, оны ешкім білмейді. Бастықтардан сұрауға жағалатып көріп едік:

Ол үшін уайым жемеңдер... Адаспайсың. Қолыңа берген пакет өзі бастап алып

барады! — деді.

Комсомол жұмысын басқаратын қазақ жігіті Ералин, әлденені аңғартқысы келгендей, онда

да алыстан орап келіп:

Оқыған қашан да жақсы ғой... Оқымаған етекте, оқыған биікте! — деді.

Соны естігеннен кейін, Николай «оқуға барады екем», деп қортынды шығарды. Ай оқи ма,

жыл оқи ма, қайтып тағы кездесеміз бе, оны білер жай жоқ, екеуміз кешеден бері

қоштасып жүрміз...

Ертең мен де демалысқа шығам. Осыдан он күн бұрын мен бір-екі жолбасар ұстап әкеліп

едім. Үн шығармай, ақырын ғана ұстадым. Шу шығартпай, тіл қаттырмай ұстадым. Ар

жақтағы қожалары ол екеуін аман өтті деп қалса керек, алыстан аңдалатын сезікті белгілер

болған жоқ. Біреуі әшейін бізді сынауға жіберілген «жолды-аяқ» болғанмен екіншісі сұр

қасқаның өзі екен. Содан бері шекараның осы тұсын осал көріп, әр түрлі қарақұстар

түңіліп жүргенін байқаймыз. Осы екі жолбасар үшін маған бір ай демалыс берді. Әуелі

Қара теңіз жағасына барып дем аласын, деп еді, аяғында үйіме барып қайтуға рұқсат

етілді.

Кеше кешке қайда кететінім анықталып, қазір Коля екеуміз екі ағаш шамаданымызды

ашып қойып, азды-көпті дүниемізді жинастырып жатырмыз. Қай нәрсемізді қайда

саларымыздың ретін таба алмай отырғандай, үш-төрт қол орамал мен азғана ұйық-

шұлғауларымызды аударыстырып, ойланып қалыппыз. Әрине, әрқайсымыздың өз

себебіміз бар... Әркім өз ойымен отыр...

Әр жауынгер әскерге алынғанда, артта қалған туған елдің бір исін ала келеді. Онысы

кейде алдағы арман сияқты, кейде орындалған арман сияқты болады. Не көңілің жай, не

көңіліңде тыныштық жоқ. Өлі балықтан басқаның бәрінде де осындай бірдеме бар.

Жауынгер өзін отанына беріп, жеке арманын жанында сақтайды. Оны ортаға сала

алмайды.


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 50 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 56 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 58 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)