Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 53 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 42 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 43 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 44 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 45 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 46 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 47 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 48 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 49 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 50 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 51 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 52

 

Стр. 54

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

Бәлем, оқуыңды орап қойып, кірпішке салып алайын сені!—деді, маған ағалығын

көрсетіп.

Апам бір бөлмеде ғана тұрады екен. Есік алдында екі-үш пәтерге ортақ террас бар. Ар

жағы кең аула. Үй ішінің бәрі де ескі күйінде секілді. Бірақ бәрінде де белгісіз бір

жаңалықтың белгісі бар. Ауыл салты қалаға дейін ере келіпті де, ақырын-ақырын әлсірей

бастапты. Төр жақты айна, орамал, темір төсек, орындық, патефон сияқты қала салты

алыпты да, леген құман дөңгелек стол сияқты ауыл салтанаты босаға жақта тұр.

Апама «қуанышың қайырлы болсын» айтуға бірталай әйелдер келді. Біразы орындыққа

келіп отырады, енді біразы әлі жерге отыра кетуді ыңғайлы көретін сияқты. Бірақ

«қайырлы болсыннан» кейінгі сөздері от басы, ошақ қасына жолаңқырамайды. Ауыл

әйелдері өз өмірінің ермегі — отын-су, құрт-ірімшік маңынан кеп ұзамаушы еді,

жұмыстағы әйелдер:

Біздің заводқа бүгін тағы он шақты әйел алынды...

Біздің клубта бүгін «Чапай» картинасын көрсетеді...

Барайық...

Сіздің завод үш «еменге» көшкені рас па? — деп сөйлеседі.

Алғаш көріскенде азырақ қалжақ қылған Айдаш та енді басқаша көрінеді. Мінезі

салқындау, ойында жұмысы ғана жүретін адам болыпты.

Осы онкүндікте сүйретіліп-ақ шығатын жайым бар... цемент екі күн кешігіп келді.

Жарық берілмей қалып, «кәнбейір» алты сағат қарап тұрды. Оның аты бір «смен» простой

ғой...— дейді. Орысша сөздерді қата айтқанмен дұрыс ұғынатын сияқты. Баяғы мен арман

ететін электр жарығын Айдаш өз қолымен жұмысқа жегіп жүр екен.

Үйренген қолмен тырс еткізіп, апам шамды жағып жіберді. Менің ауыл балаларына

мақтанып айтармын деген электр шамым тоғыз жыл ішінде қарт шешемнің тұрмысына да

кіріп алыпты.

Мен келді деп жиналған жұрт, мені қоршап ортаға алып, пе көріп, не білгенімді естігілері

келеді. Оқудың қандай қырына шықтым, қандай қызмет істеп жүрмін, «адам

болғандығымның» қандай белгілері бар, көргілері келеді. Мен бұл жұртқа не айта

алармын? Өзіме-өзім дардай көрініп, кітап жаттап келген сияқты ем, қолма-қол істегі

адамдар да қарап отырмапты. Рас, электр жарығының неден туатынын мен жақсы білем,

бірақ бұлар оны шапқылып жағып, арба қылып жегіп, ат қылып айдап жүр. Шаш алғыш

болғанымды қалай айтармын? Оны айту түгіл, қайшы, тарақ, ұстара деген сөздер аузыма

түсіп кетсе, қысылып қалам.

Оралдағы оқуымды бітірдім... Енді соғыстық оқуға кеткелі жатырмын. Әлі бір бес

жыл оқығым келеді,— дедім де қойдым.

Үлкен бір соғыс басталғалы келеді деген әңгіме елге де, қалаға да қатты тараған кезі еді,

өз еркіммен әскер қатарына алынғанымды апама айта алмадым. Апам онсыз да қобалжи

бастап еді, Айдаш бірдеме білетін кісіше:

Әлі қайда... Қайрош оқуын бітіріп шыққанша...— деп бір қойды да, одан әрі бара

алмай,— бізге ешкім тиісе алмайды!—дей салды. Әлде біреуден естіген сөзі ме, әлде

өзінің шын ойы ма ол жағын мен де қазбаламадым.


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 71 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 52 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 54 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)