Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 48 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 37 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 38 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 39 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 40 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 41 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 42 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 43 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 44 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 45 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 46 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 47

 

Стр. 49

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

түсіп, шартпа-шұрт болып қалысар еді. Араларына араздық ғасырлары тұра қап, шеке

тамырлары қызарысып, әуелі сөзбен шайқасып, аяғы не қамшымен не сойылмен тарқар

еді. Қазір міне, жаңа ғана танысқан екі адам, әлі аттарын да сұрасқан жоқ, отыра қалып,

қашаннан бергі достарша күлісіп отыр. Екеуі де ескілік дегенді жанап өтіп, ылғи баяғыға

күледі.

Ескі кектер енді із қалдырмай өшкен болса, бұл екеуі қазақ қана», «түрікпен ғана» деп

нені айтады екен? Екеуі алыстан қалжыңдасып, орағыта сөйлесіп отырып, менің

ойымдағы сұрауға да бір соғып өтті. Тек қана қазақ болып қалу, я болмаса, тек қана

түрікпен болып қалу — ата-бабадан аса алмай, ескі салттың құлы болып, «бұйырғаны

болар» деп отыра беру екен. Бұлар ағылшын да, неміс те болуды аңсамайды. Бірақ ата-

бабаның қораш дүниесіне сия алар да емес.

Мына тиеліп келе жатқандарды көремісің? — дейді қазақ, қасындағы

жолаушыға,— толып жатқан машина, сайман... Ал, бұл неткен машина, не істейді, оны

екеуміз де білмейміз. Мүмкін, бір-біреуі жүз кісінің істегенін істейтін шығар! Оны екеуміз

білеміз бе? Жоқ. Біз баяғы мал бағуды ғана білеміз!

Дұрыс айтасың, туған! — деп, түрікпен басын изейді. Көзің жаудырап тұр, көресің,

ойын, түгіне түсінбейді. Даланың құмы мен топырағы құйыла-құйыла, ойдың көзін бітеп

тастаған сияқты. Сең міне, кемемен келе жатырсың. Он екі сом ақша төлеп, билет алдың.

Ал, бұл кеме ненің күшімен келе жатыр? Ол күш саған қалай бағынады, оны сен

білмейсің. Әлгі бір жүгіріп өткен қара күйе бала біледі оны! Солай емес пе?

Солай,— дейді қазақ, күрсініп қойып.— Білмейміз. Тіпті мал бағудың өзін

білмейміз. Әлі күнге ата-бабаның жолымен айдап келеді екеміз. Ай бойы үйреткенде, жүз

литрден сүт беретін жүз сиырдан, мың литрден сүт беретін он сиыр артық екенін әрең

түсіндім. Сең мынаны қарашы өзің! Ап-ашық емес пе?.. Біз әйтеуір жүз сиыр деп басын

санаймыз, бақсақ, құдайдың құдіретін қой-ау бұл, он сиыр артық болып шықты. Е! Шөбі

қайда, адам қайда, айтпа деймін!—деп дауласып отырған біреу бардай, қолын сілтейді.

Газеттен көрген бір сөздер еске түсіп:

Жылқы тұқымын асылдандырам десеңіз, ағылшындон буданы, Буденный

жылқысынан алмаған екенсіз... Ақалтеке тұқымы сидаланып, қурап бара жатқан тұқым

дейді. Сізге шаруақол тұқым керек қой,— дедім.

«Қайрақтының» басқармасымын деген адамның көзі алақандай болды. Түрікпен ағайдың

намысына тиіп кетті білем, кесесін алдына қоя салып:

Сен бала, не айтып тұрсың? — деді.

Мен жаңағы сөзімді жайыңқырап, аяқ жағын Буденныйдың пікіріне апарып сүйедім,

әйтпесе өз ойым деп айтсам, жанжалға ілегіп қалатын ыңғай байқалып қалып еді.

Бауырым, сен қызбашы. Босқа оқытып жүрміз бе, біз білмегенді бұлар білуге

тиісті. Қане, балам, отыршы өзің, түгел айтшы, — деп «Қайрақтының» басқармасы мені

қасына шақырды.

Осы кісінің түсінде таныс бір белгілер бар сияқтанады. Қияқты қара мұрт, қалың қара

сақал, ақ кіре бастаған бурыл самай, бұрын бір көрген адамымның түсін жасырып тұрған

секілді. Өзгесін былай қойғанда шаш ала білетін енерім бар ғой, көңіліммен сақалды түгел

сыпырып тастап, мұрттың орта кезін ғана қалдырып ем, баяғы өзімді балалар үйіне ұстап

апаратын милиционер ағайдың бар бейнесі орнына түсе қалды. Орнымнан ұшып тұрып:


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 44 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 47 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 49 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)