Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 41 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 30 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 31 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 32 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 33 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 34 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 35 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 36 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 37 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 38 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 39 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 40

 

Стр. 42

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

хатты да сирек жазар деген ой келді. Екеумізге жазған хаттарын бір конвертке салып,

кейде менің атыма, кейде Бораштың атына жіберуші еді, енді ойлап жатсам, менен гөрі

Бораштың атына көбірек жіберген екен...

«Осының бәрінің себебі — менің шаш алғыш болғанымда ғой. Өнерсіз болып шықты ғой

деп, Шеген де салқындай бастады. Жоқ, өзім түскен торды өзім бұзып шығармын!»—

дедім де «шаштаразға апаратын көшелердің аттарын да ұмытуға тырысып, кезімді

жұмдым...

Ұйқысыз бір кезең басталған сияқты... Көзің жайнап тұрғанмен көңілің ұйқыда болған

кезіңді де аңғарып қалыпсың. Енді міне, кезіңді қанша жұмғанмен көңіл ояу, шарқ ұрып

қыдырып, әлдеқайдан ірілі-ұсақты ойларды сүйрей қайтады. Алыстан елес бергенмен

қолың жетпес, қисыны жоқ армандар қоршай бастапты. Енді меңгеріп оқи бастаған

кітаптарың әралуан елдерді, ғажайып уақиғаларды, даналық иелерің ерлерді танытады.

Спартак, Капитан Нэмо, Чапаев, Данко, Щорс, Аманкелді сияқты ер кеуделі батырлардың

істеріне қызықтырады. Әзір бірінен-бірін айыруың да оңай емес, араласып, қолдасып,

қосақтасып жүр.

Балаң ой қызыққаны болмаса, бұл маңайға бойлап тұрақтай да алмайды. Бір кезде бәрін

бір-ақ ұмытып, таныс пулы «Қайрақтыға» тартады. Мұнда бір соғып кетсе болғаны,

бұрын көргеннің бәріне алақтап, аралап жүріп алады, шыға алмай қалады. Ауылдық

барлық қарала-сарала иттері мен сары жағал, көк жағал лақтарына дейін аралайды. Үйге

үйездеген жауыр-жадау жылқыларын да сағынып қалған... Баяғы дос балаларымен де

ойнап кетеді.

Жатқан ботаның мойнынан құшақтап, көзінен сүйем деп, Ақбота әуреленіп жатыр. Енді

әне, мені көріп, ышқырып бір көтеріп қойып, жылмия қарап тұр. Қазір мен қасына барам,

кел, ботаны жүгіртіп ойнайық дейім.

Aha! —дейді Ақбота.— Ботамның қарны ашып жатыр... Ойнамайды!..

Мен ботаға жақындай берем... Ақбота мені тастай жұдырығымен кеудеден итеріп қалады.

Неге екені белгісіз, Ақбота баяғы жеті жасындағы қалпында елестейді. Сол домаланып,

безектеп жүрген қалпы, өзім он жетіге шыққаным есімде жоқ. Ақботаны сол бала

қалпында қалдыра берем. Қазір мен Ақботаны ішім елжірей сағынатын сияқтымын...

Бірақ сол бала күйінде сағынам! Араға жылдар түсіп алыстатқан сайын, Ақботаның

ойымда қалған бар бейнесі ажарлана түсіпті. Бар қылығы сүйкімді, бұрын тентектік

көрінген мінездері, кейде менен төмпеш көрген мінездері, енді әдемі еркелік сияқтанады.

Өз дөрекілігіме өкініп, енді кездессем, қол көтермеске, маңдайынан шертпеске ант

ішердей болам. Әттең, енді кездесерміз бе, жоқ па!..

Кейде Ақботаның қаншаға келгені есіме түседі. Біз көріспегелі арада еткен тоғыз жылды

қоссам, қос бұрымында шолпысы, құлағында сырғасы сылдырлап, сылаң қаққан қыз бола

қалады. Бірақ бұл түрін қанша іздесем де, көз алдыма айқын келтіре алмаймын. Балалық

шағы баса береді. Ойым сол шақты іздейді. Ақбота мені кеудеден түйіп қалса, мен шап

беріп, білегінен ұстай алсам... Сонда мен қайтер едім, я, қайтер едім, деймін...

Қайтетінім тағы екі түрде елестейді. Жас та болсам, мал әрекетін күнде көріп жүрген

балалық шағымда еш нәрседен іркілмейтін сияқтанам. Ал, қазір, он жетіге шыққан қала

баласы, бойжетіп қалған Ақботаны көз алдына әкелгенде еш нәрсенің орайын таба алмай

тартына береді, қысыла береді. Батырлығымның жетер жері-ақ: «Сәламатсыз ба, Ақбота

қарындас!»—сияқтанады. Мұның өзі де талай толғанып ойлағанда ғана табылған сөз...


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 51 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 40 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 42 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)