Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 34 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 23 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 24 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 25 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 26 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 27 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 28 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 29 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 30 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 31 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 32 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 33

 

Стр. 35

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

Бастық азырақ ширағандай, жинақ сөйлеп:

Қазір әр түрлі маман дайындап жатырмыз. Біріне берейін... Милиция курсына барамысың?

—деді.

Жоқ, ағай. Мен оқуымды тастағым келмейді. Қосалқы жұмыс болса екен...

Хатшылық курсына қалай қарайсың? Барғым келмейді.

Бабыңды табу қиын-ақ екен!—деп, бастық қынжылғандай болғанмен манағы

паңдыққа енді қайтып бара алмаймын. Үлкен столдың орта тартпасын ашып, ұзақ іздеп,

бір қағазды тауып алып:

Хатшылық... Кітапхана курсы... Токарь... Слесарь... Әріп теруші... Милиция

курсы... Парикмахерлік...— деп, әр түрлі мамандықтың ұзақ тізімін оқыды. Біріне мен

басымды шайқаймын, біріне ол басын шайқайды. Аяғында қызыл қарындашты ұшы бір

мамандықтың астын қайта-қайта сызып, сол арадан қозғалмай қойды. Күн бойы бір ауыз

сөз жазбаған қарындаштың ұшы мұқалып бара жатқанын да көріп тұрмын.

Күніне үш сағат үйренетін боласың... Екі айдан кейін айына он үш сом еңбекақы

аласың. Бұл қалай? — деді.

Осы дәл келеді екен! — дедім, қандай жұмыс екенін сұрамай-ақ.

Болашағың алда... Әзірге қандай жұмыс деп талғамай, еңбекке үйрене беру керек.

«Есектің артын жусаң да мал тап!» дегенді білемісің?..— деді бастық.

Мақалы сонша жексұрын көрінсе де, енді қайталамасын деп:

Білем,— дедім.

Бұл қазақ арасына жайылмаған, келешекте керекті мамандық,— деді бастығым.

Аты не, ағай? — дедім, қызыға бастап.

Шаш алатын парикмахерлық...

Өмірден бір рет көңілім суыған уақытым болса, олда-білде, осы жолы-ақ шығар.

Екінші бөлмеге барып, жолдау қағаз ал, бар,— деді бастық.

Маған шын-ақ осы қызмет лайық болғаны ма, болмаса, әлгі бір сөздерімді кектеп қалды

ма екен деп, мен ол кісіге қараймын. Қаражат көзін тауып бергеніне «рахмет» күткендей

ол кісі маған қарайды. Ақыры «рахметті» айтып, үндемей шығып кеттім. Бірақ, не үшін

маған осындай болып көргені сол жерде де түсінген жоқ едім, күні түсіме алған жоқпын.

Он жетінші жылдан он жеті күн аспағыр! — деп, ілеп-сілеп, интернатқа қайттым.

Мана ойыл қандай биікте болса, енді бойым сондай шөгіп қалғандай көрінеді. Жайнаған

жазғытұрғы шақтың да бозуы солып кетті, жастықтың, да қызығы қалмады. Қайда барсам,

соңыма жолдау қағаз, шақыру қағаздар түсіп, бір күн; еріксіз айдап «шаштаразға» әкелді.

Шеген анау, өз жолын тауып алды. Одан бұрын осы «Коммунада» болғандардың талайы

жоғарғы дәрежелі мектеп бітіріп, әралуан істе жүр. Олар ылғи хат жазып тұрады. Біреуі —

терең теңіздерді кешіп, солтүстікте жүр. Біреуі — жер байлығын, біреуі — су байлығын

зерттейді. Әр түрлі құрал тетігін тауып, Ленин орденін алғандар да бар. Тянь-Шань,

Алатау, Ұлытау, Қаратаулардан дүниелік қор тапқандардың, екеуі осы «Коммунадан»


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 53 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 33 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 35 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)