Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 42 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 31 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 32 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 33 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 34 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 35 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 36 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 37 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 38 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 39 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 40 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 41

 

Стр. 43

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

Бүгін маған енді не істеуім керек деген ой келді. Баяғыдан бері әр күніме есеп беріп

жүргендей, сол бір күн үшін қатты қиналған екемін. Шеген анау, менің самолетім «мен

соңғы бір ұшқан жолымда» деп жазады. Борпин Москвада оқып жүр: «Оралда оқып

жүргенде дауысын күту дегенді білмеген екем, әрең түзеп алдым» деп жазады. Екеуі де өз

жөнін тауып алды. Мен болсам, бәйге алған алғышпын! He болғаны, сол шаш алғыш! Өзге

өмірден бетімен мен өз бетіммен...

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар, қалан! —

дегенді менен басқалар үшін айтқан ғой, сірә?

Жоқ, Сарталиев жолдас, дүниеге балалар үйінің терезесінен ғана қарап отыратын уақытың

өтіп кетіпті. Қоңырат-ау әлдеқашан қағылыпты, сен кешігіпсің! Енді жүгіруге тура келеді.

Арызымды жазып, жеті жылдықты жақсы бітірген қағазымды алып, баяғы оқу бөліміне

келдім. Бұдан бірнеше жыл бұрын менің тағдырымды қайшы мен ұстараға апасымен

қосақтай салған ағай әлі орнында екен. Арызымды айттым:

Міне жеті жылдығыңыз, саңылауы жоқ беспен бітірдім. Енді Москваға барып

оқығым келеді,— дедім.

Ағай біраз ақ шаштанғанмен баяғы баяу қалпында екен онша қуанып, елпілдей қойған

жоқ. Қағаздарымды баурына қарай бір тартып қойды да:

Сен осы шаштаразды неге тастап кеттің? — деді.

Сен өзінше үлкен бір оймен келдім деп тұрғанда, үлкен адам еріксіз сүйреп сені

болмашыға қарай бұрмалай бастаса, не айта аласың, мен «оқуыма бөгет болды» дегеннен

басқа еш нәрсе қайырған жоқпын.

Жұмыс істегің келмеді ғой, ә? Қарын тоқ, көйлек көк, еңбекке мойын жар бермейді

ғой? — деді, сөйлем аяғын ылғи бір «ғой-ғой» мен бітіріп.

Жоқ, неге олай болсын. Мен коммунада ылғи...— дей беріп ем, ағай менің сөзімді

киіп кетіп:

Неге олай болғанын өзің де білесің... Мен де білем. Айтпай-ақ қой, белгілі ғой! —

деді.

Мен кеудемсоққа салмай тұрып қалдым. Мен жалаң аяқ келіп, бір аяғымды бір аяғыммен

қасып тұрған жоқпын, жұпыны болғанмен таза киініп келдім. Екі қолымды артыма ұстап,

әлденелердің бейнесін жасап та тұрғаным жоқ. Екі кезім айнала қыдырып, көрінгенге

алақтап та тұрғаным жоқ. Сондықтан ұрсудан, кіналаудан бастауын орынсыз үлкендік

көрдім.

Қандай оқуға барғың келеді? — деп сұрады біраздан кейін.

Соғыс мектептерінің біріне,— дедім.

Соғыс мектебіне?.. Әйтеуір ауыр еңбектен алыстай бергің келеді ғой?

Соғыс ғылымы оңай еңбекпен қолға түседі деп естіген жоқпын.

Біраз оқып, комиссар болғың келеді ғой... Солай ма?


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 41 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 41 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 43 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)