Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Экологиялық құқығының объектілері.

Жазаның түрлері | Ылмыстың құрамы | Mемлекеттің тарихи типтері | МЕМЛЕКЕТ ҰҒЫМЫ МЕН БЕЛГІЛЕРІ | Мемлекеттің ішкі және сыртқы функциялары | Мемлекеттік меншік пен жеке меншіктің түсінігі және түрлері | Мемлекеттің пайда болу себептері, белгілері | Сайлау жүйесінің түсінігі және түрлері | Салық төлеушілер,олардың құқықтары мен міндеттері | Салық қызметінің органдары. Салықтық бақылау нысандары. |


Читайте также:
  1. Жер құқығының түсінігі, пәні және жүйесі
  2. Леуметтік қамсыздандыру құқығының негізгі қайнар көзі -Қазақстан Республикасының Конституциясы
  3. Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік

ҚР экологиялық құқығы – айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін қүұқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы.

Экология құқығының негізгі тақырыбы табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, ұдайы молайту және қорғау салаларындағы қатынастар болып табылады. Ол қатынастар белгілі бір принциптерде жүзеге асырылады.

Экология құқығының жүйесі әдістемелік жағынан екіге бөлінеді – жалпы бөлім және ерекше бөлім. Экология құқығының жалпы бөлімінде экология құқығының мәселелері, табиғи ресурстардың жағдайын көрсететін қоғамдық қатынастар және бүкіл табиғат ресурстарына мемлекеттің меншік құқығы туралы мәселелер қаралады.

Ал ерекше бөлімде табиғи ресурстарды қорғау және пайдаланудың мемлекеттік-құқықтық механизмі және табиғат объектілерінің жеке жағдайлары қаралады.

Экология құқығының объектілері – айналадағы табиғи ортаны қорғайтын, адамдардың тіршілік қажеттіктеріне жұмсалатын табиғи ресурстар мен адамдардың экологиялық денсаулығы мен өмірі.

ҚР-ның табиғи ресурстарына – мемлекет аумағындағы жер, жер қойнауы, су, орман, атмосфералық ауа, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, табиғаттың көрікті жерлері мен ескерткіштері және басқа да осы сияқты байлықтар жатады. Экологиялық қатынастардың субъектісіне жататындар – ҚР-сы, шет елдік мемлекеттер, заңды және жеке тұлғалар.

Экология заңдарын бұзу дегеніміз – белгіленген экологиялық тәртіпті бұзатын және табиғи ортаға зиян келтіретін заңға қайшы кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік.

Экологиялық құқық бұзғаны үшін заңдық жауапкершілік дегеніміз – мемлекет және оның органдарының заңның және заңдық тәртіптің сақталуы үшін, құқық бұзушыға қолданатын мәжбүрлеу шараларын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын айтамыз.

Экологиялық қатынастар субъектілеріне мыналар жатады:

1. Қазақстан Республикасы, себебі біздің мемлекетіміз табиғат ресурстарының меншік иесі болып табылады.2. Шетелдік мемлекеттер — Қазақстанның табиғат ресурстарын пайдалану мәселелері бойынша экологиялық қатынастардың субъектілері болып табылады, республикаға табиғи ортаға келтірген залалы үшін жауап береді (шекаралық су объектілері бойынша бірлесіп су пайдалануы және т.б.).

3. Заңды тұлғалар.

4. Жеке тұлғалар.

 

 


Дата добавления: 2015-08-02; просмотров: 1171 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік| Глубокое очищение. Обновление. Восстановление.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)