Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Mемлекеттің тарихи типтері

Азақстан Республикасының бюджет жүйесі. | Азақстан Республикасы демократиялық, тәуелсіз, егеменді, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы – мемлекет. | Ықтың түсінігі мен негізгі белгілері | Ықтық сана және құқықтық мәдениет. | Ылмыстық жаза: түсінігі белгілері мен мақсаты | Ылмыстың (қылмыстықжазалау әрекеттің) түсінігі мен белгілері | Ылмыстық заң,оның шеңбері,жүйесі мен құрылымы | Ылмыстық құқықтың түсінігі мен белгілері | Ылмыстық жазаның жүйесі мен түрлері | Жазаның түрлері |


Читайте также:
  1. б) Әдеби, тарихи, мәдени мұралар.
  2. лы Жібек жолының тарихи-мәдени маңызы.

Мемлекеттің тарихи түрлері - қоғамның тарихи дамуы кезеңіндегі барлық мемлекеттерге тән қасиеттерді білдіретін ұғым. Бұл жіктеудің алғышарты болған мемлекет жайлы марксистік ереже еді. Оған сәйкес, бір тарихи кезеңде өмір сүретін әртүрлі мемлекет түрлеріне ортақ мәнді белгілер бар. Осы көзқарасқа сүйеніп мемлекеттің

· құлиеленушілік,

· феодалдық және

· буржуазиялық түрлері анықталған.

Құлиеленуші мемлекетте үстемдік құрушы тап өзіне бағыныштылардың еңбегімен өндірілген бүкіл өнімді өзі иеленеді. Құлдарқандай да бір саяси, заңдық құқықтардан жұрдай. Оларды затқа ұқсатып сатуға, еш сұраусыз өлтіруге, азаптап қинауға болады. Мемлекет осы жағдайда ұзақ уақыт бойына тек құлиеленушілердің мүддесін қорғап келді. Феодалдық мемлекетте ірі жер иеленушілерінің, феодалдардың, помещиктердің шексіз билігі үстемдік құрды. Бұл мемлекетте бай тап шаруаларға жерді пайдалануға беріп, одан түскен пайданың бір бөлігін алып, еңбегін қанайды. Құлдардан айырмашылығы, феодалды мемлекетте шаруалар еңбек құралдары мен өз үйлеріне иелік етеді. Буржуазиялық мемлекет өндіріс дамуының индустриалды кезеңінде пайда болады. Мұнда ресми түрде заң алдына барлығының теңдігі жарияланады, сословиелік артықшылықтар жойылады. Ол азаматтарға жұмысшыларды жалдауға немесе жалдануға құқық береді.

Мемлекем құрылымы бойынша келесі түрлерге бөлінеді:

· Унитарлық (лат. unitas — біртұтас, біріккен) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекет ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның территориясы, конституциясы бір болады.Мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы, Италия, Франция, Қазақстан т.б. осы түрге жатады.

Унитарлы мемлекет - әкімшілік-территориялық бірлестіктердің саяси дербестігі болмайтын мемлекеттік құрылыс түрі. Мемлекеттік құрылысқа келесі сипаттамалар тән: елдің бүкіл территориясында тең жүретін біртұтас конституция; заңды күші бүкіл территорияға таралатын жоғарғы мемлекеттік билік органдарының біртұтас жүйесі; біртұтас құқық жүйесі; биліктің муниципалды органдарының жалпы мемлекеттік органдарға бағынуы.[1]

· Федерация (лат. foederatio — одақ, бірлестік) — белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар, бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруы.Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттері арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен реттеледі. Әр субъектінің өзінің жоғарғы билеу (заң шығарушы, атқарушы, сот органдары болады). Мұндай мемлекеттерге АҚШ, Алмания, Малайзия, т.б. жатады.

 


Дата добавления: 2015-08-02; просмотров: 1189 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ылмыстың құрамы| МЕМЛЕКЕТ ҰҒЫМЫ МЕН БЕЛГІЛЕРІ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)