Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Семинар сабақтарына дайындық кезіндегі өзіндік жұмыс.

Дәріс. ТАПСЫРМА | Дәріс. САҚТАУ | Комиссия шартының түсінігі мен элементтері | Дәріс. МҮЛІКТІ СЕНІМГЕРЛІКПЕН БАСҚАРУ | Дәріс. БАСҚАНЫҢ МҮДДЕСІНЕ ТАПСЫРМАСЫЗ ІС-ӘРЕКЕТ ЖАСАУ. КОНКУРСТЫҚ МІНДЕТТЕМЕЛЕР | ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТЕМЕЛЕР 1 страница | ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТЕМЕЛЕР 2 страница | ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТЕМЕЛЕР 3 страница | ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТЕМЕЛЕР 4 страница | ГЛОССАРИЙ |


Читайте также:
  1. Аудиторные занятия (лекции, лабораторные, практические, семинарские)
  2. Аудиторные занятия (лекции, лабораторные, практические, семинарские)
  3. Второе семинарское занятие - 2 часа.
  4. Второе семинарское занятие - 2 часа.
  5. ДВА ЧАСА ДО СЕМИНАРА
  6. для подготовки к семинарским занятиям
  7. для подготовки к семинарскому занятию

«Азаматтық құқық» пәні бойынша семинар және тәжірибелік сабақтары әр-түрлі нысандарда өткізіледі (жалпы сұрау, есептер шешу, сот шешімдерін талқылау, мамандықты меңгеру ойындары, ауызша баяндамалар, рефераттарды қорғау, үй тапсырмасын талдау). Семинарды немесе тәжірибелік сабақты өткізу нысанын мұғалім әр сабақта анықтайды және алдын ала хабарлайды.

«Семинар» деген сөз латын тіліндегі "seminarium" сөзінен туындаған және аудармасында студенттердің белсенді қатысуымен өткізілетін топтық сабақтардың нысанын белгілейді. Семинар – ұсынылған қайнар көздер мен әдебиетті оқу бойынша студенттің дербес жұмысының нәтижесі. Семинардың мақсаты - әдебиет бойынша дербес жұмыстың нәтижелерін тексеру, түсініксіз мәселелерді талқылау, аудитория алдында баяндау дағдыларын беру.

Есептер мен сот шешімдерін талқылауға байланысты нұсқаулар:

Сесептер мен сот шешімдерін талқылау кезінде ұстанылатын кезеңдерді төрт сатыда қарастырылуы тиіс. Олар:

1) Есеп немесе шешімнің қысқаша мазмұнын анықтау. Алғаш есеп немесе сот шешімін құқықтық тұрғыдан маңызды мән жайларын қысқаша түйіндеуіміз керек. Себебі қысқаша мазмұндау, ойымыз және бағытымызды нақтылай түсуімізге көмегі тиіп, ойымыздың жан жаққа бөлінбеуінде маңызды.

2) Шешілуі тиіс құқықтық мәселені (проблема) анықтау. Осы екніші кезеңде есеп немесе сот шешіміндегі құқықтық мәселе қандай құқықтық институт бойынша шешілетіндігін анықтауымыз тиіс. Мысалға есептегі шешілуі тиіс мәселе отбасы құқығымыздағы неке институына байланысты болып, некеге тұру шарттары. Осылайша құқықтық мәселені (проблеманы) анықтауымыз, бізге осы мәселе, қандай құқықтық қатынас (отбасылық, міндеттемелік, қылмыстық тб құқықтық қатынас), реттеген нормативтік актіні және заңнамадағы қандай нормаларды (баптарды) қолданатынымызды анықтауда тиімділік көрсетеді.

3) Шешімі. Есеп немесе сот шешіміне байланысты проблеманы анықтағаннан кейін, шешім беруге кірісеміз. Себебі проблеманың қандай құқықық қатынас екенідігіне байланысты қандай құқықпен реттелгендігін анықтадық. Ал институтты анықтау арқылы заңнамадағы қандай нормалармен реттелгендігін анықтадық, осылайша нормативтік актіден осы мәселені реттеген нориаларды наықтап, осы нормаларға сәйкес мәселені алғаш нормативтік актіге сәйкес шешеміз. Нормативтік актіге сәйкес шешкеннен кейін тәжірибеде аталған мәселе (проблема) қалай шешім табуда екендігіне тоқталамыз. Яғни осы мәселе тәжірибеде, сот шешімдерінде қалай шешімге жетуде. Мұнда жергілікті сот, жоғарғы сот сешімдері, жоғарғы соттың нормативтік қаулыларында мәселе қалай шешілуде екендігіне тоқталамыз. Тәжірибеде мәселе қалай шеілгендігіне тоқталғаннан кейін, мәселеге (проблемаға) байланысты доктринадағы пікірлерге тоқталамыз. Яғни осы мәселеге байланысты осы саладағы ғалымдардың, мамандардың пікіріне тоқталамыз.

Сонымен қорытсақ есеп немесе сот шешімін талқылау кезінде шешім кезеңін үш бағытта қарастырамыз: біріншісі нормативтік актіге сәйкес, екіншісі тәжірибеге (практикаға) сәйкес, үшіншісі доктринаға сәйкес. Мұнда ескеретін жәйт барлық құқықтық мәселеге байланысты норма, тәжірибе, доктрина әрдайым әр пікірде болмауы мүмкін.

4) Мәселеге (проблемаға) байланысты өз пікіріңіз. Осы орайда есепті немесе сот шешімін талқылап отырған студент құқықтық мәселеге байланысты өз пікірін жазуы мүмкін. Бірақ өз пікірін жазу міндетті емес. Ал өз пікірін жазғанда оны құқықтық негіздеуі тиіс. Құқықтық негіздеу дегеніміз, норманың аталған құқық саласының белгілі принципіне, субъектінің құқығы бұзылғандығы, конституцияға қайшылығы, жалпы негіздерге қайшылығы сияқты өз пікірін қолдайтын құқықтық дәйектердің болуы.

Есеп шығаруда пайдаланылатын оқулық: С.А.Ынтымақов, Азаматтық құқық, Практикум. Алматы:2003, Заң Әдебиеті баспасы 230 бет.

 


Дата добавления: 2015-08-02; просмотров: 135 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар| Ойынды жүргізу ережелері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)