Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Туындайтын міндеттемелер 4 страница

Жолаушылар мен теңдеме жүкті тасымалдау шарты және тасымалдау шартының басқа да түрлері | Дәріс. НЕСИЕ ЖӘНЕ ЕСЕП АЙЫРЫСУ ҚАТЫНАСТАРЫ | Дәріс. БАНКІЛІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ШАРТТАРЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІ | Дәріс. ТАПСЫРМА | Дәріс. САҚТАУ | Комиссия шартының түсінігі мен элементтері | Дәріс. МҮЛІКТІ СЕНІМГЕРЛІКПЕН БАСҚАРУ | Дәріс. БАСҚАНЫҢ МҮДДЕСІНЕ ТАПСЫРМАСЫЗ ІС-ӘРЕКЕТ ЖАСАУ. КОНКУРСТЫҚ МІНДЕТТЕМЕЛЕР | ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТЕМЕЛЕР 1 страница | ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТЕМЕЛЕР 2 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Негізсіз байлық ретінде: а) егер міндеттемеге өзгеше көзделмесе, міндеттемені орындау үшін оны орындау мерзімі басталғанға дейін берілген мүлік; б) талап ету мерзімі өткеннен кейін міндеттемені орындау үшін берілген мүлік; в) азаматқа оның тарапынан теріс пиғыл болмаған жағдайда күнкөріске арналған қаражат ретінде (жалақы, авторлық сыйақы, өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу, зейнетақы, алименттер т.б.,) берілген және иемденуші пайдаланған ақша сомасы және өзге де мүлік қайтаруға жатпайды. Басқа тұлға мүлікті иемденген кезде міндеттеме мүлікті иемдену мүлікті негізсіз иеленетін тұлғаның үшінші тұлғаның немесе меншік иесінің құқықтардың өзге де иесі өзінің іс-әрекеттерінің салдары болып табылғанына қарамастан туындайды.

Мүлікті негізсіз иемдену иемденушінің өз іс-әрекеттерінің салдарынан орын алған жағдайда, оған жауапкершілік емес, ал негізсіз баюдан туындайтын міндеттеме қолданылады. Бұл иемденушінің мүлікті іс жүзінде иеленетіндігіне байланысты, ал жауапкершілікті қолданған кезде құқық бұзушының есебінен жәбірленушінің мүліктік аясының өсірілу ешқандай маңызға ие болмайды. Деликтілік жауапкершілікті қолданған кезде басым жағдайда кінәлі құқыққа қайшы іс-әрекеттерді жасау талап етіледі және олар объективті түрде жәбірленуші үшін залал келтіреді. Негізсіз баюдан туындайтын міндеттемелер негізінде мүлікті иеленушінің кінәсі ескерілмейді, оның негізсіз болуы ғана маңызды болады. Мүлікті иелену негіздерінің болмауы мүлікті иелену негіздерін болжамды немесе жорамалды түрде белгілейтін заңнама немесе мәміле ережелеріне сүйене отырып бағаланады. Мысалы, адамға ақысыз негізде сыйға мүлік беріледі делік, бірақ сыйлық сый берілетін тұлға орындауға тиіс қандай да бір талаппен шартталады. Оны тиісті түрде орындамаса да сый берілетін тұлға субъективті түрде оның осы мүлікке (затқа) деген құқықтарының пайда болу негіздер орын алды деп есептейді, бірақ іс жүзінде олай болмайды, негізсіз иелену кез келген жағдайда құқыққа қайшы болып табылады. Негізсіз алынған мүлікті қайтару жөніндегі міндет, сондай-ақ мүлік алдымен заңды негіздер бойынша алынған бірақ кейіннен мүлік алынған немесе жинақталған негіз тоқтатылған жағдайларда да туындайды. Мысалы, тегін пайдалануға берілген мүлікті несие алушы мен оның отбасы мүшелері пайдаланса несие алушы қайтыс болғаннан кейін (ҚР АК 615-бап) отбасы мүшелерінің мүлікті иелену мен пайдалану негіздері тоқтатылады.

Аталған құқыққа қайшылық, кейбір жағдайларда оның субъектінің құқық иесінің құқықтық мүдделерін шектеу арқылы көрініс табуы, мүліктің тұлғаның иелігінен оның өз еркі бойынша шығып қалғанына қарамастан, оның негізсіз баюдан туындайтын міндеттемелер арқылы қайтарыла алатындығына алып келеді. Егер заттық-құқықтық виндикациялық талап-арызды қою туралы сөз болып отырса, оған жол берілмейді. Сонымен қатар, алушы тарапынан арам ниеттілік болмаса меншік иесі заңды өтеу туралы талап-арыз қою мүмкіндігіне ие болмайды.

Заңнамада мүлік меншік иесінің (өзге заттық құқық иесінен) өз еркі бойынша оның иелігінен шығып қалғанда, оны қайтару мүмкін болмайтын жалғыз ерекшелік көзделген. Іс жүзінде жоқ міндеттемені орындау үшін берілген ақша сомасымен өзге де мүлік негізсіз баю ретінде қайтарылуға жатпайды. Бірақ, алушы адам мүлікті қайтаруды талап етіп отырған тұлғаның міндеттеменің іс жүзінде жоқтығын білгендігін не мүлікті қайырымдылық мақсаттарында берілгендігін дәлелдеуге тиіс.

Мүлік меншік иесінің (жәбірленушінің) иелігінен үшінші тұлғалардың іс-әрекеттеріне байланысты шығып қлған жағдайда да, егер мүлікті алушы үшінші тұлғалармен сөз байласпаса немесе өзге тәсілмен теріс пиғылды әрекет етпесе, оған деликтілік міндеттемелерден туындайтын талаптар қоюға болмайды. Мысалы екі кәсіпорын бар және олардың атаулары бір-біріне өте ұқсас делік. Екі кәсіпорынға да бір жеткізіп берушілер біртектес тауарлар жеткізіп отырады делік... Темір жол өзінің жаңылысуы немесе салақтығы салдарынан бір кәсіпорынның вагондарын екіншісіне жіберіп қояды. Осыдан келіп аталған кәсіпорындар арасында негізсіз баюдан туындайтын міндеттеме пайда болады. Негізсіз баюдан туын-дайтын міндеттемелер туралы нормалармен бірге деликтілік құқық нормаларымен мүлік алушының, оның өзіне тиесілі болуға тиісті емес екенін білген немесе білуге тиіс болғаннан кейін, теріс пиғылды тәртібімен байланысты қатынастары ғана реттелетін болады.

Әрине, теміржол немесе соған ұқсас басқа бір үшінші тұлға кінәлі болған кезде зиянды өтеу туралы талап-арыз мәлімденуі мүмкін, бірақ әдетте, жәбірленуші оның нақты бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге мүдделі болады және бұл қай жағынан қарасақ та орынды болып табылды.

Қазіргі жағдайларда(әрекет етуші заңнамаға сәйкес) мүлікті басқа тұлғаның негізсіз иелігінен қайтару немесе онымен негізсіз жинақталған (алынған) мүлікті қайтару туралы талаптар басқа жағдайлардан басқа, жарамды мәміле бойынша орындалғанды қайтару кезінде қолданыла алады.

Мәселе мәмілелердің жарамсыздығын тану мен реституция механизмі мүмкін болатын жағдайлардың барлық жолдарын көздемейтіндігінде. Бұрын әдетте, мәмілелердің жарамсыздығын тану кезінде реституциямен еш қиындық туындамайтын. Қазір жағдай өзгеріп, көптеген конфликтілік сәттер пайда болуда. Мысалы, қандай да бір формальды негіз бойынша пәтерді сатып алу-сату мәмілесі жарамсыз деп танылады. Сатып алушы өзін алданып қалушы ретінде сезініп, пәтерді босатудан бас тартады. Меншік иесі негізсіз баюдан туындайтын міндеттемелердің қорғаушы механизмін жүзеге асыруға құқылы. Бірақ ол үшін талап етілетін басты шарт болып оның алдымен өзі алған ақшаны қайтаруы табылады. Дәл осылайша мүлік алушы жәбірленушіге өз талаптарын қоя алады, егер сатып алушы пәтердің ішінде жөндеу жұмыстарын жасап үлгірсе жөндеуден кейінгі жақсартулар сатушының негізсіз алғанын құрайтын болады және ол сатып алушыға өтелуге тиіс.

Негізсіз баюдан туындайтын міндеттеме мүлікті бөтеннің заңсыз иелігінен айырумен тығыз байланысады. Біріншіден, орын алған жағдайға орай заттық (виндикациялық) талаптар өзге мүліктік міндет-темеге ауысуы мүмкін. Онда негізсіз баю туралы ережелер қолданылатын болады. Екіншіден, виндикация туралы заттық-құқықтық талаптар жеке анықталған заттарға қатысты мәлімденеді. Біртектес заттарды иеліктен айыру сондай-ақ мүліктік құқықтарды беруге қатысты талаптар да негізсіз баюдан туындайтын міндеттемелер туралы нормаларға сәйкес қанағаттандырылатын болады.

Иеленушінің өз еркі бойынша мүлікті иеліктен шығаруы виндикацияны болдырмайтындығын жоғарыда айтқан болатынбыз. Осыған байланысты негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттемелердің әрекеті міндеттемеде осы міндеттемеге орай орындалғанды қайтару туралы бір тараптың екіншісіне қойылатын талаптарына таралады. Бұл жалға беруші жалға алудың мерзімі өткен кезде немесе оны мерзімінен бұрын тоқтатқан кезде затты қайтаруды талап еткенде, жүк алушы тасымалдаушыдан жүкті беруді талап еткенде және басқа да соған ұқсас жағдайларда орын алады.

Негізсіз баюмен жәбірленушіге зиян келтірілген жағдайларда ол, белгілі бір бөлігінде зиян келтіруден туындайтын міндеттемелер туралы нормаларға және тиісті шарттық міндеттемелерге сәйкес өтелуге жатады. Мысалы, негізсіз байыған тұлға жәбірленуші мүлкін сақтаушы рөлінде де көрінуі мүмкін. Ол өз олқылықтары үшін (ал кейбір жағдайларда олқылықтар болмаған кезде де) жауап беруге тиіс және кейіннен негізсіз баюдан туындайтын міндеттеме құрамына заң нұсқауына орай сақтау бойынша міндеттемені орындамаумен немесе тиіс-ті түрде орындамаумен келтірілген зиянды өтеу де енгізіледі (бұл жерде біртұтас бөлінбейтін, күрделі міндеттеме туралы сөз болып отыр).

Мүлік алушының теріс пиғылы кезінде де осындай жағдай орын алады. Бірақ ол кезде оның зиянды өтеу жөніндегі қосымша міндеттері шарттық міндеттемелер туралы нормалармен емес, ал деликтілік міндеттемелер туралы нормалармен анықталатын болады.

Міндеттеме субъектілері міндеттеменің тараптары, мүлік алушы мен жәбірленуші ретінде кез келген жеке тұлғалар (бұл жағдайда субъектілердің кәсіпкерлік мәртебесі мүлдем ескерілмейді, ол негізсіз баюдан туындайтын міндеттемелер режимі үшін толығымен құқықтық маңызын жоғалтады), меншіктің кез-келген нысанына және кез келген ұйымдастырушылық – құқықтық нысандарға негізделген заңды тұлғалар бола алады. Бұл міндеттемелерде, сондай-ақ екі тараптан да мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөлініс көріне алады.

Негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттеменің пәні, бірқатар жағдайларда, зиян келтіруден туындайтын міндеттемелерге қарағанда анықтырақ болады, өйткені ол өзіне жәбірленуші көрген шығындарды жатқыза алмайды. Міндеттеме пәнін мүлікті иеленуші негізсіз алған немесе жинақтаған мүлік құрайды. Мүлікті негізсіз жинақтаған кезде міндеттеме пәнін дәл анықтау да қиын болады. Жалпылама түрде міндеттеме пәнін мүлікті иеленушіге негізсіз өткен заттай мүлік құрайды деуге болады, кейбір жағдайларда міндеттеме пәнін мүлікті заттай қайтару, зиянды өтеу, мүлікті иеленушімен негізсіз алынған табыстарды және т.б. қайтару орнына өтем жасау үшін арналған ақшалар құрайды.

Міндеттеме мазмұны. Бұл міндеттеме мүліктік түрғыда біржақты болып табылады (бұған ҚР АК 959-бабында аталған жағдайлар, яғни белгілі бір міндеттер жәбірленушіге жүктелуі мүмкін болатын жағдайлар кірмейді).

Мүлікті иеленуші негізсіз байлықты құрайтын мүлікті жәбірленушіге заттай қайтаруға міндетті. Мүлікті иеленуші баюының негізсіздігі туралы ол білгеннен немесе білуге тиісті болғаннан кейін болған, оның ішінде негізсіз иеленілген немесе жинақталған қандай болса да мүліктің кездейсоқ кем шыққаны немесе бүлінгені үшін жәбірленушінің алдында жауап береді. Бұған дейін ол тек өрескел абайсыздығы үшін ғана жауап береді. 955-баптың 2-тармағының талаптарына орай, мүлік иеленушінің міндетіне негізсіз алынған немесе жинақталған мүлікті заттай қайтару жөніндегі міндетпен қатар, жоғарыда атап өткеніміздей, егер ол орын алса, мүліктің сақталмағаны үшін өтемақы төлеу міндеті де енгізілуі мүмкін.

Негізсіз алынған немесе жинақталған мүлікті заттай қайтарып беру мүмкін болмаған жағдайда мүлікті иеленуші жәбірленушіге осы мүліктің оны алған кездегі нақты құнын өтеуі, сондай-ақ егер мүлікті иеленуші оның құнын баюдың негізсіздігі туралы білгеннен кейін дереу өтемесе, мүлік құнының кейінгі өзгеруі арқылы келтірілген шығындарды өтеуге тиіс.

Мүлікті негізсіз алған немесе жинақтаған тұлға мұндай баюдың негізсіздігі туралы білген немесе білуте тиісті болған уақыттан бастап осы мүліктен өзі алған немесе алуға тиісті болған барлық кірістерді жәбірленушіге қайтаруға немесе өтеуге міндетті. Негізсіз ақшалай баюдың сомасына ақшаны иеленушіге ақша алудың немесе жинақтаудың негізсіздігі туралы білген немесе білуге тиісті болған уақыттан бастап бөтеннің ақшасын пайдаланбағаны үшін тұрақсыздық айыбы есептелуі мүмкін. Жәбірленушіге қайтаруға жататын мүлікке кеткен шығындарды өтеу жөніндегі міндет жүктелуі мүмкін.

Негізсіз алынған немесе жинақталған мүлікті қайтарған немесе оның құнын өтеген кезде мүлікті иемденуші өзі алған пайданы есептей отырып, кірісті қайтаруға өзі міндетті болған уакыттан бастап мүлікті ұстауға және сақтауға қажетті шығындарды өтеуді жәбірленушіден талап етуге құқылы, ал соңғысы өз кезегінде сол талапты орындауға міндетті. Мүлік иеленушімен алған табыстар ол талап ететін шығындарды өтеудің есебіне кіруі мүмкін. Шығындарды өтеу құқығы мүлікті иеленуші қайтарылуға жататын мүлікті қасақана ұстап қалған жағдайларда жойылады.

 

 


Дата добавления: 2015-08-02; просмотров: 956 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТЕМЕЛЕР 3 страница| ГЛОССАРИЙ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)