Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бұрғылау бағанасын есептеу. Пайдалану процесінде бұрғылау бағанасының сипаты мен мәні әртүрлі

Бұрғылау сорғыштары | Бұрғылау кондырғыларының қозғалтқыштары | Тау жынысын қирату аспап сайманы | Шегендеу құбырлары | Теру механизмінің динамикасы | Шарошкалы қашаулар | Шегендеу бағанасын беріктікке есептеу | Теру арқандары | Түсіру - көтеру операцияларының ұзақтығы және жүктеулі бөлу | Бұрғылау қондырғылардың жетегі |


Читайте также:
  1. абиғи газ, су, электр энергия шығындарын есептеу.
  2. Бұрғылау құбыры
  3. Бұрғылау қондырғылардың жетегі
  4. Бұрғылау қондырғыларының құрамы мен бөлімдерінің орналасуы
  5. Бұрғылау бағанасы
  6. Бұрғылау бағанасын есептеу

Пайдалану процесінде бұрғылау бағанасының сипаты мен мәні әртүрлі күштерді қабылдайды. Қабылданған тәсіл бойынша бұрғылау бағанасын беріктікке өзінің ауырлық күшінің, өткізетін бұру моменті мен айналдыруға байланысты тұрақтылықтың төмендігінен туған иілу әсеріне есептейді. Бұрғылау бағанасының ұсталғанын жою процесінде, оның үдеуі мен тежелгішіндегі түсіру– көтеру әрекеттеріндегі және де ұңғыманың қабырғасымен үйкелісінде, қашау мен тік қозғалтқышынан пайда болғандіріл күштері керек беріктік қорын қабылдағанда ескеріледі.

Есептеу күштері бұрғылау бағанасының конструкциясына, бұрғылаудың тәсілі мен ережесіне байланысты, сондықтан олар бұрғылау ережесі мен ауырлатылған және бұрғылау құбырларының түр өлшемін алдын ала қабылдағаннан кейін анықталынады.

Ауырлатылған бұрғылау құбырларының (АБҚ) диаметрі қашау өлшемдеріне және күтілетін бұрғылау жағдайына байланысты қабылданады. Роторлы бұрғылауда АБҚ диаметрі қашау диаметрінің 0,65…0,85 бөліп құрайтын (№5 кесте) түп қозғалтқышынан бұрғылағанда АБҚ диаметріпайдаланатынтүп қозғалтқышыныңдиаметрімен бірдей қабылданады.

АБҚ ұзындығы l 0 мына жағдайларға байланысты табылды:

роторлық бұрғылауда, м

l 0=1,25 Р Д/ q

түп қозғалтқыштарымен бұрғылауда, м

l 0=(1,25 Р Д –G ЗД ) / q,мұндағы Р Д–қашауға түсетін остік күш, Н; q –АБҚ 1 м ұзындығының ауырлық күші, Н.

Бұрғылау құбырының диаметрі бұрын түсірілген орнатылған бағананың диаметрі мен бұрғылау тәсіліне байланысты алынады

Бұрғылау бағанасының төменгі шетімен х қашықтықта орналасқан құбырдың кесіндісіндегі оның өзінің ауырлық күшінен пайда болатын кернеу

σ=G X/ F=KFxρg / F=Kxρg

мұндағы G X–бұрғылау бағанасының х ұзындығының ауырлық күші; F –бұрғылау құбырының тегіс бөлігініңсақиналық кесіндісінің ауданы; ρ – материал тығыздығы; – құбыр материалының меншікті ауырлық күші; g – еркін түсу үдеу; K –бұрғылау құлыптары мен құбыр ұштарыныңжуандылығынескеретін коэффициент.

Формуланы талдау:

Құбырлар бағанасының өзінің (салмағынан) ауырлық күшінен бұзылатын ұзындығы, яғни алмағайып ұзындығы Lк алдыңғы формула шегінде Lк В/ Kγ,

шекті ұзындығы , мұндағы σT–шекті ағу кернеуі.

Бұрғылау бағаналарын беріктікке есептеудің салалық тәсілі бойынша статикалық беріктікке олар өзінің ауырлық күшіне есептелінеді. Бұрғылау қашауы жұмысынан пайда болатын бұрғылау моменті салыстырмалы аз болғандықтан беріктікке есептегенде ескерілмейді. Статикалық созуға бұрғылау құбырының тегіс бөлігінің кесіндісі қауіпті, өйткені құбырлардың ұштары қалыңдатылғандықтан олар аз қауіпті.

Статикалық беріктікке бұрғылау бағанасын мына жағдайда есептеледі

мұндағыσ–тарту (созылу) кернеуі; G –есептеу күші; F –бұрғылау құбырының тегіс бөлігінің кесіндісінің ауданы;[ S σ]–созылуға жіберілген беріктік қоры; (σT–ағу шегі).

Есептеу күші

мұндағы l және l 0–бұрғылау бағанасының және АБҚ ұзындықтары; q және q0 –бұрғылау құбыры мен АБҚ 1 м–інің ауырлық күші, Н; G ЗД–түп қозғалтқыштарының ауырлық күші, Н;ρжжәне ρ –жуу сұйығы мен құбыр материалының тығыздығы, кг/м3n және ρ 0–түп қозғалтқышы мен қашаудағы сәйкес қысымдар өзгеруі, Па; F П–құбырдың өту зонасының ауданы, м2.

Құбыр материалының керекберіктігін табамыз және онымен материал таңдауға болады.

Беріктік қоры сапалық нормалармен шектелген. Егер бұрғылау бағанасының жуу сұйығын жеңілдетілмейтінін ескермесек деп қабылдайды. Мұнда жуу сұйығының шығару күші басқа есептегенде ескермеген күштерге тең деп алынған.

Егер бұрғылау бағанасының өзінің ауырлық күші мен беретін бұрау моменті ескерілсе, онда кернеудің ең көп мәнін бұрғылау бағанасының үстіңгі кесіндісінде болады. Ең көп жанама кернеулер теориясы бойынша (беріктіктің үшінші теориясы) созылу мен бұраудың бірге әсерінен беріктік жағдайды мына формуламен ескеріледі

мұндағыσ–созылукернеуі;τ–жанамакернеуі.


Дата добавления: 2015-08-10; просмотров: 186 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бұрғылау қондырғыларының құрамы мен бөлімдерінің орналасуы| Сорғыштың конструкциялық параметрі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)