Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бұрғылау қондырғылардың жетегі

Бұрғылау бағанасын есептеу | Есептеу күштердің мәндері | Бұрғылау сорғыштары | Бұрғылау кондырғыларының қозғалтқыштары | Тау жынысын қирату аспап сайманы | Шегендеу құбырлары | Теру механизмінің динамикасы | Шарошкалы қашаулар | Шегендеу бағанасын беріктікке есептеу | Теру арқандары |


Читайте также:
  1. Бұрғылау құбыры
  2. Бұрғылау қондырғыларының құрамы мен бөлімдерінің орналасуы
  3. Бұрғылау бағанасы
  4. Бұрғылау бағанасын есептеу
  5. Бұрғылау бағанасын есептеу
  6. Бұрғылау кондырғыларының қозғалтқыштары

Қазіргі бұрғылау қондырғылары қызметтері және қуаттары әртүрлі машиналармен және механизмдермен қаруланған, оардың әрекеттері сәйкес жетекпен қамтамасыз етілген. Жетек қозғалтқыштан, берілістен (трансмиссиядан) және басқару аспаптарынан тұрады. Жетек түрі, оның орналасуы және конструкциядан бұрғылау қорытындысының техникалық– экономикалық көрсеткіштеріне маңызды әсер етеді. Жетектер негізгі және қосымша болып бөлінеді.

Негізгісіне бұрғылау шығырының, сорғыштардың және ротордың жетегі жатады. Оның қуаты 6 мың кВт– қа дейін жетеді.

Қосымша жетек компресорларды дірілдегіш електерді және саз араластырғыштардың қашау берілісінің автоматын, май және игеру сорғыштарын, түсіру– көтеру операцияларын механикаландыру агрегаттарын және бұрғылау қондырғының басқа да механизмдерін қозғалысқа келтіруге арналған. Оның қосынды қуаты 400 кВт– тан аспайды. Соңғы кездерде қосымша механизмдердің құрамы көбейіп келеді, ал қозғалтқыштарының саны 15…20– ға жетті.

Пайдаланылатын қозғалтқыштарына байланысты бұрғылау қондырғылары дизельді, газ турбиналар және электорлы жетекті деп бөледі.

Дизельді және газтурбиналы жетектер автоном (өнеркәсіптік энерго жүйеге тәуелсіз) –отандық тәжірибеде өнеркәсіптік электр желісінен қашық орналасқан аудандарға барлаулық және пайдаланулық бұрғылауға арналған қондырғыларғапайдаланылады. Елсіз жерлердегі ірі мұнай газ өндірілетін аудандарды игеру дизель жетекті бұрғылау қондырғыларына шығаруды біраз көбейтуді керек етті.АҚШ– ында және басқа да батыс мемлекеттерінде дизель жетекті бұрғылау қондырғылары электр жетегіне қарағанда экономикалық тиімділігіне байланысты пайдаланылады, өйткені жеке компаниялар өндіретін электр энергиясы қымбат.

Электрлі жетек автономды емеске жатады, оның таңдалуы бұрғылау ауданындағы электр энергияның бар болуы мен тұтыну бағасы арқылы анықталынады. Электр жетегі алғашы рет Ресейдің бұрғылау қондырғыларында қолданылады. Бұл қондырғылар 20 жылдарға өндіріске енгізілді және электроэнергия ресурстары жеткіліктіАзербайжанмен Грозныйдың мұнай өнеркәсібінің қайта құру мерзімінен тура келді. Электр жетегінің әрі қарай таралуына ірі гидро, жылу және атом электр станцияларының құрылысы және де бұрынғы КСРО– ның бірыңғай электрожүйенің пайда болу мүмкіндік берді.

Қазіргі кезде Ресей зауыттарында шығарылатын бұрғылау қондырғыларының жартысы электрлі жетекпен қамтамасыз етілген. Олардың үлесіне ұңғыма бұрғылау көлемінің шамамен 60% тиеді. Электрлі жетектің дамуына бұрғылау ауданында шығарылатын сұйық отын мен және табиғи газбен жұмыс автономиялық дизель– электрлік және газтурбинаның электр станцияларыныңпайда болуынамүмкіндік туады.

Энергияны тарату сипатына қарай топтық, дербес және аралас жетектер деп ажыратады.

Топтық жетекте шығыр, сорғыштар және ротор сәйкес берілістер арқылы жалпы қозғалтқыштардан жетектелінеді. Мұнда қозғалтқыштардың саны мен қойылған қуаты азаяды. Топтық жетектің кемшілігіне берілістердің көптігіне байланысты қолайсыз үлкендігі мен төмен ПӘК жатады. Бұрғылау сорғыштарының, ротордың және шығырдың жұмыс кезегін ескеріп, топтық жетекті қолданудың міндетті шарты

N Н+ N рN Л

мұндағы N Н, N р, N Л–сәйкесінше сорғыштардың, ротордың, шығырдың қуаты;

Мұны топтық жетектің дизельдік, сирек электрлік бұрғылау қондырғыларда пайдаланады.

Дербес жетекте шығырдың, ротордың және бұрғылау сорғыштарының қарапайымберілістер меншікті қозғалтқыштары болады. Дербес жетек тиімдірек айналым жиілігінде жұмыс істеуі мүмкіндік берді, оны тез іске қосуға және тежеуге болады, ПӘК жоғарырақ. Дербес жетек электрлік бұрғылау қондырғыларда қолданылады.

Аралас жетек бұрғылау қондырғыларындағы жұмысқа дизельдік топтық жетектің қуаты шектелген жағдайда қолданады. Онда шығыр, ротор және бұрғылау сорғышының біреуі топтық жетектің, ал екінші сорғыш дербес жетекті болады. Электрлік бұрғылау қондырғыларында ротор мен шығыр топтық жетекті, ал сорғыштар дербес жетекті істелінеді.

Қозғалтқыштарының санына қарай бір қозғалтқышы және көп қозғалтқышты жетектер деп бөледі. Дизельдік топтың жетектөртке дейін паралель орналасқан дизельдерден құралады. Электрлік топтық жетектің екі немесе бір электр қозғалтқыштары болады. Бұрғылау сорғыштары мен роторлар әдетте бір қозғалтқышты дербес жетектеу қамтамасыз етіледі.

Көп қозғалтқышты жетектің берілістері күрделірек конструкциялы, бірақ пайдаланғанда тиімді, өйткені бір қозғалтқышы істеп шықса да машина тоқтамай қалған қозғалтқыштармен жұмыс істей береді. Оның үстіне көп қозғалтқышты жетек пайдалануда тиімді, өйткені қуаттың көп керек емес кезінде және бос айналғанда қозғалтқыштың бір бөлігін сөндіруге болады.

Бұрғылау қондырғы соның қосымша механизмдері негізінен дербес жетекті, олар асинхронды қозғалтқыш және механикалық берілістен тұрады. Қозғалтқыштары электр энергиясын өнеркәсіптік желіден немесе автономиялық дизель– электрлі агрегаттардан алады.

 

9-билет


Дата добавления: 2015-08-10; просмотров: 455 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Түсіру - көтеру операцияларының ұзақтығы және жүктеулі бөлу| Бұрғылау қондырғыларының құрамы мен бөлімдерінің орналасуы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)