Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Иммунофлюоресцентті әдіс

Су микрофлорасы | Ауыз судың сынақтарының таңдау, тасымалдау және сақтауы | Сынамаларды сақтау және транспорттау. | Мембраналы фильтрация негізгі әдіс. | Судың микробиологиялық көрсеткіштерін бағалау | Тақырып: Инфекция. Бактерияның патогенді факторлары | Организмнің спецификалық емес қорғаныс факторлары. | Комплемент | Студенттің өзіндік жұмысы | Коагглютинация реакциясы. |


Читайте также:
  1. Ақтаңдақ түзеу әдісі
  2. Гинс әдісі бойынша капсуланы анықтау
  3. Жұғын-препарат дайындау. Қарапайым бояу әдістері.
  4. Иммуноэлектрофорез әдісі
  5. Мембраналы фильтрация негізгі әдіс.
  6. Оқытудың және сабақ берудің әдістері.

Бұл әдіс арқылы тез арада (1-2 сағат) микробтардың әр түрлі антигендерін анықтауға болады (бактериялар, риккетсиялар, вирустар және т.б.) немесе антиденелердің тіңдерде немесе мүшелерде орналасуын табуға болады. Бұл әдісті жүргізу үшін антиденелерді немесе антигендерді флюорохромды бояулармен белгілейді. Реакция болғаннан соң препараттарды люминесценттік микроскоппен зерттейді. Антигендер боялған антиденелермен байланысып препараттың қараңгы фонында жарқырап тұрады.

Микробиологиялық зерттеулерді жүргізу үшін тура және тура емес иммунофлюоресценция әдістері қолданылады.

Практикалық микробиологияда және вирусологияда иммунофлюоресценттік әдісі көбінесе жұқпалы ауруларды анықтау үшін экспресс -әдіс ретінде қолданылады. ЖРВИ-да ИФР қою схемасын талқылау (грипп, парагрипп, аденовирустық инфекцияларды дифференциясын жасау).

 

Тақырыбы: Лизис, бактериолиз, комплемент байланыстыру реакциялары. Нейтралдау реакциясы. Радиоиммундық, иммуноферменттік анализдер. Бактериялардың иммобилизация реакциясы. Полимеразды тізбекті реакция.

Сабақтың оқулық мақсаты:

Студент білу керек:

1. Әр түрлі тобындагы иммуноглобулиндерді, антидененің пайда болуы, иммунитеттегі антиденелердің маңызы.

2. Комплемент, иммунологиялық реакцияларьшда оның қатысуы және активтену жолдары.

Студент атқара білу керек:

1. Лизис реакциясын қою

2. Комплемент байланыстыру реакциясын қою

3. Нейтрализация реакциясын (флокуляция) қою

4. Радиоиммунды, иммуноферментті реакцияларын қою және есептеу

5. Қозгалғыш бактериялардың иммобилизация реакциясын қою

Такырып бойынша өз бетімен дайындалуға арналған сұрақтар:

1. Әр турлі топтағы иммуноглобулиндері, олардың мінездемесі. IgM, IgG, IgA, IgD, IgE, S-IgA иммуноглобулиндердің молекулалық құрылысы. Активтік орталарының спецификалығы.

2. Иммунитетте антиденелердің маңызы.

3. Антиденелердің пайда болуы. Иммуногенездің фазалары. Бірінші және екінші иммундық жауаптағы антиденелердің көбеюінің ағымы.

4. Бактериялық инфекцияларда организмнің қорғанышындағы секреторлық S-IgA маңызы.

5. Иммундық лизистік реакциясы, механизмі, қажетті ингредиенттер.

6. Комплемент, оның компоненттері. Иммунологиялық реакцияларда қатысуы. Классикалық және альтернативтік жолдарымен комплементтің активтенуі.

7. Комплементті байланыстыру реакциясы (КБР). Реакцияға қатысатын жүйелер, ингредиенттері, КБР механизмі. КБР практикада қолдануы.

8. Иммуноферменттік өдіс, принципі, қолдануы.

9. Радиоиммундык өдіс, принципі, қолдануы.

Ақпараттық-дидактикалық блок

Иммунды лизис реакцясы (бактериолиз, гемолиз).

Бұл реакцияның негізінде арнайы антиденелердің (бактериолизин, гемолизиндер) корпускулярлы антигендермен (бактериялар, эритроциттер) иммунды жинақ (комплекс) түзу қасиеті жатыр. Эритроциттердің (гемолиз) немесе бактериялардың (бактериолиз) лизисімен (еруімен) және классикалық типте комплементтің белсендірілуімен қатар жүреді. Комплемент ретінде теңіз шошқасының жаңа сарысуы немесе қүрғақ "••" лиофилизация әдісімен дайындалған препарат қолданылады. Бактериолиз реакциясын қою үшін, бактериолизині бар зерттелетін сарысуға комплемент және белгілі микроорганизмдердің төуліктік дақылын қосады. Тығыз қоректік ортаға себу 2 сағат инкубациядан кейін жүргізіледі. Бактериялардың лизисі комплемент пен лизиндердің қатысуымен болады. Бұл кезде бақылау егісіне қарағанда өскен колониялардың санының тез азаюы байқалады. Бақылау егісі (төуліктік дақыл+комллемент; төуліктік дақыл+зерттелетін сарысу).

Студенттің өзіндік жұмысы

1. Лизис реакциясы пробиркада (in vitro)

2. Гемолиз реакциясына катысады: 1. Антиген - шайылган қой эритроциттері (нативті немесе консервлеген) - 0.3 мл қой эритроциттері + 9.7 мл натрий хлоридінің изотонияльгқ ертіндісі.

3. Антидене - гемолитикалық сарысу (гемолизин) қой эритроциттеріне қарсы, ертіндісі үш есе томен. Мысалы, сарысу титрі 1:1200 болганда сарысуды 400 есе ерітеді (0.1 мл сарысуға + 39.9 мл натрий хлоридішң изотонияльгқ ертіндісі).

4. Комплементті ерітеді 1:10 (0.2 мл комплемент* 1.8 мл натрий хлоридініц изотониялық ертіндісі).

 

Сабақтың сонында КБР төжірибесінің есепке алу, әр пробирканың алган

қорытындыларын талқылау — неге эритроциттердің лизисі болды? Неге болмады?


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 332 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Преципитация реакциясы| Иммуноэлектрофорез әдісі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)