Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Организмнің спецификалық емес қорғаныс факторлары.

Тақырыбы: Микроорганизмдер экологиясы. Адам ағзасының қалыпты микрофлорасы. Дисбактериоз. | Ішек жолының микрофлорасының көрсеткіші. | Дисбактериоз | Топырақ микрофлорасы | Ауа микрофлорасы | Су микрофлорасы | Ауыз судың сынақтарының таңдау, тасымалдау және сақтауы | Сынамаларды сақтау және транспорттау. | Мембраналы фильтрация негізгі әдіс. | Судың микробиологиялық көрсеткіштерін бағалау |


Читайте также:
  1. Бригаданың әуе шабуылына қарсы қорғаныс бастығы
  2. Ртке қарсы қорғаныс

Берілген бөлімде бөтендігі бар агенттің антигендік ерекшілігіне тәуелсіз организмнің қорғаныс факторлары туралы жазылған.

Тері және кілегейлі қабықшаның механикалық тосқауыл функциясы, қанның әртүрлі бактерицидті заттары, қалыпты микрофлораның колонизациялық резистенттілігі, фагоциттер және комплемент жүйесі организмде қоздырғыштың болу болмауына тәуелсіз болады және өзара байланысып организмді инфекциядан сақтайтын спецификалық қорғаныс қызметін атқарады. Бұл қорғаныш күштер организмге әртүрлі жолдар арқылы енген заттарды және инфекция қоздырғыштарын генетикалық бөтендігі бар материал ретінде танымайды. Бірақ көп жағдайда жүре пайда болатын иммунитетпен салыстырғанда нәтижелі әсер етіп, элиминацияны қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, инфекционды процесс генезіндегі спецификалық резистенттілік факторлары және инфекцияға қарсы қорғаныстың иммунды механизмдері бір-бірімен тығыз байланысты.

Тері_жабыны - инфекцияның ену жолдарының сирек түрі болып саналады. Мүйізді қабатының айтарлықтай тығыздығы, эпидермальді қабаттың әркезде жиырылуы, рН мәнін төмендететін сүт, май қышқылдарын тері және май бездері көп болуы, терінің қалыпты мик-рофлорасы антогонистік қасиеті арқылы жұқпалы ауру қоздырғыштарының адгезиямен колонизациясына қолайсыз жағдай ту­дырады. Дегенмен оба таяқшасы, лептоспира, түйнеме бацилласы сияқты микроорганизмдер тері жабынына тез енеді. Қоздырғыштар организмнің бүтіндігі бүзылғанда, бактерицидті белсінділік төмендегенде организмге енеді. Инфекциялық бастаманың ену жолдарының негізгілеріне - асқазан-ішек жолдарының кілегейлі қабықшасы, жоғарғы тыныс aлy жолдарының және сыртқы несеп-жыныс мүшелерінің кілегейлі қабықшасы жатады. Статистика барлық инфекциялық патологияның арасында ішек және респираторлы инфекцияның доминантты ролін анық көрсетеді.

Шірінді қабықшаның беткейіндегі микробүрлерлердің аймағында организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын сақтауға, сырттан түскен бөтендігі бар заттарды, соның ішінде инфекция қоздырғышынан ескертуге бағытталған көрінбейтін бақылау болады. Шекаралы сызықтағы қаупсіздікті бақылайтын бұл қандай күш десек, өз кезінде Безредко оны жергілікті иммунитеті деп атаған. Оларды қайта атап өтейік: секреторлы иммуноглобулин А, фагоцит, комплемент, лизоцим, интерфе­рон, трансферрин, бета-лизин, өзге микробоцидті секреттер. Сонымен қатар эпителий десквамациясы, ішек перистальтикасы, жаңаратын му­цин қабаты; микроорганизмдерді жоятын кілегей сияқты механикалық факторлардың маңызы зор.

Жыбыр эпителийдің кілегеймен жабылған кірпікшелері жұтылған ауаның құрамында болатын микробтардың өзіне адсорбциялайды және тазалауды қамтамасыз етеді. Тыныс алу жолдарының төменгі бөлігінде және альвеолаларда кілегей жоқ, бірақ эпителийдің беткейі беткей-активті зат - сурфактанттың қабатымен жабылған. Ол микроорганизмдердің өсуіне және көбеюіне кедергі жасайды. Коньюктиваға түскен бактериялар жас сұйықтығымен шайылады.

Қалыпты микрофлора. Организмнің инфекциядан қорғануында ерекше орынды ашық қуыстардың кілегейлі жабынын мекендейтін қалыпты микрофлора алады. Негізінен олар ішекте, сыртқы жыныс мүшелерінде, жоғарғы ты­ныс алу жолдарында микробиоценоз түзеді. Қалыпты микрофлоранын тұрақты немесе облигатты түрлері биотопта көп жағдайда анаэробтармен берілген (бактероид, фузобактерия, бифидобактерия, лактобацилла және т.б.). Олар адгезияға және кілегейдің патогенді және шартты патогенді микроорганизмдермен колонизациясына кедергі жасайды. Обли­гатты микроорганизмдердің мұндай қасиеті колонизациялық резистенттілік деп аталады және рН ортасын 5-6 дейін төмендететін, бактериоцин, лизоцим, органикалық қышқылдардың шығарылуымен, қоректік субстраттарға бәсекелестігімен сипатталады. Одан басқа облитты микрофлора транзиторлы микроорганизмдердің адгезиясын тоқтататын кілегейдің беткейінде тығыз биопленка түзеді.

Дизодим немесе мурамидаза - микробқа қарсы қорғаныстың филогенезіндегі ежелгі факторлардың бірі болып саналады. Ең алғаш рет А Флеминг ашқан Бұл фермент, термостабильді белок қан сарысуында, сілекейде, көз жасы сұйықтығында, ликворда, ана сүтінде кездеседі. Оларды макрофагтар, моноциттер, гранулоциттер шығарады. Лизо-цимнін бактерицидтік әсері прокариот клеткаларының клетка қабықшасының қүрамына кіретін мурамин қышқылын, пептидогликанды ыдыратуында байқалады. Әсіресе грам оң микроорганизмдер сезімтал болып келеді.

Фибронектин - макрофагтар синтездейтін плазма және тін сүйықтығының белогы. Микроорганизмдердің фагоцит мембранасымен байланысуын қамтамасыз етеді.Сепсис кезінде плазмадағы фибронектин концентрациясы жылдам төмендейді.

Лактофеприн - нейтрофилдер бөлетін белок, микроорганизм тіршілігін тежейтін гидроксилді радикалдардың түзілуін күшейтеді.

Бета-лизиндерді тромбоцит бөліп шығарады. Ол бактерицидті нәтиже көрсетеді;

Трансфе рр и н - қажетті метаболит үшін микроорганизмдермен бәсекелеседі, онсыз қоздырғыштар көбейе алмайды.

Пропердин - қан сары суының белогы. Ол комплемент жүйесі арқылы бөтен антигенді бүзады.

Фагоцитоз (грек, phagos - обимын,жүтамын. cytos - жасуша), организмді бөгде заттардан қорғауды камтамасыз ететін негізгі ең бір қуатты фактор. Бұл фактор алғашында ішек қуыстыларда құрылған ертеде пайда болған иммундық қорғаныстың бір түрі. Құбылысты И.И.Мечников ашып зерттеген.Фагоцитоз процесін арнайы мамандалған фагоцит деп аталатын жасушалар атқарады. Фагоцитоз - фагоциттердің бөгде затты обып, корытып және залалдансыздыруына негізделген. И.И.Мечников фагоцитозды атқаратын жасушаларға макрофагтар мен микрофагтарды жатқызған.

Қазіргі уақытта фагоцитозды атқаратын барлық фагоциттер түрі мононуклеарлық жүйе деп аталатын топқа жинақталған. Ол топқа тін макрофагтары (альвеоларлық, перитонеалдық т.б.), Лангерганс және Гренстейн жасушалары (терінің эпидермоциттері), Купфер жасушалары (жүлдызша ретикулоэндотелиоциттер), эпителиодты жасушалар, нейтрофилдер мен қанның эозинофилдері және басқа жасушалар кіреді.

Фагоциттердің негізгі функциясы. Фагоциттердің функциясы өте аумақты:

1) өлген жасушалар мен олардың құрылыс кұрамын ағзадан шығарады (эритроциттер, қатерлі ісіктің жасушалары);

2) ағзаға әр жолмен еніп қорытылмаған органикалық емес заттарды тысқа шығарады (мысалы, тыныс жолдарымен енген көмірдің бөлшектері, минералдық және басқадай шаң);

3) микробтарды (бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар) олардың қалдықтарын жояды және заласыздандырады;

4) организмніңнің төзімділігін қамтамасыз ететін биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады (комплементтің кейбір компоненті, лизоцим, интерферон, интерлейкиндер т.б.);

5) иммундық жүйенің реттелуіне қатынасады;

6) Т-хелперлерді антигенмен «таныстырады», яғни иммунды компетентті жасушалардың кооперациясына қатынасады.

Сонымен, фагоциттер бір жағынан ағзаны табиғатына карамастан тегі бөгде заттардан тазартып «сыпырындыны жинаушы» болса (бейспецификалық функциясы), екінші жағынан спецификалық иммунитетке антигендерді иммунды-компетентті жасушалар (Т-хелперлерге) танысу және олардың белсенділігін реттеу арқылы қатынасады.

Фагоцитоздың өту сатылары. Фагоцитоз процесі, ягни бөгде затты жұтуы, өндеуі, бірнеше сатыдан түрады: 1) фагоциттің жұтылатын затқа жақындауы (хемотаксис); 2) жұтылатын заттың фагоциттың қабырғасына жабысып қонуы (адсорбция, адгезия); 3) жасуша мембранасының жасуша ішіне жұтылатын затпен бірге кіру аркылы фагосомада протопласта құрылуы (вакуольдер мен үлбіректер); 4) фагосоманың лизосомамен қосылып фаголизсомаға айналуы; 5) лизосоманың белсендірілген ферменттерінің көмегімен фаголизосоманың ішінде заттың корытылуы (2-сызбанұсқа)

Фагоцит физиологиясының ерекшеліктері. Фагоциттердің кұрамына тотықтар мен иондарды корытуға қатынасатын ферменттер жинағы кіреді. Иондар мен тотықтар фагоцитоз процесін колдайды. Фагоциттердің цитоплазмалық мембранасында комплементтермен, иммундыглобулиндердің құрамымен, гистамин және тағы да басқа заттармен байланысатын рецепторлар бар. Жасушаның ішіндегі лизосомаларда кандай да болмасын заттарды қорытатын 100-ден астам ферменттер түрі кездеседі.

Фагоциттер өте жылжымалы. Олар биологиялық ерекше белсенді заттар - хемоаттрактантардың концентрациясына сәйкес фагоцитозға түсетін объектінің бағытына қарай белсенді жылжу қабылеті бар. Фагоциттердің жылжу түрі хемотаксис деп аталады (грек, chemeia - металл балкыту өнері және taxis - орналастыру, құру, салу). Хемотаксис жиырылатын акуыздар актин, миозин қатынасуымен өтетін АТФ-тәуелді процесс. Хемоаттрактанттардың қатарына комплемент компонентінің кейбір бөлшектері (С3а, С5а), лимфокиндер, ИЛ-8 және де жасушалар мен бактериялардың ыдыраған заттары жатады.

Заттардың фагоциттің кабығына қонуы әлсіз химиялық байланыстар есебінен бейспецификалық жолмен немесе арнайы рецепторлармен байланысу арқылы атқарылады. Фагоцитоз процесін түрлі тотықтар колдап нысанды жасушаларда кайтарылмас зыянды өзгерістер тудырады.

Фагоциттерге жабысқан заттардың «жұтылуы, обуы» эндоцитоз көрнісімен өтеді. Бұл энергия тәуелді процесс, және де актин, миозиннің қатынасуымен өтіп фагосома құрылуымен аяқталады. Фагосоманың ішінде жұтылғаны және актин, миозиннің қатынасымен өтіп фагосома құрылуымен аяқталады. Фагосома лизосомамен қосылған кезде лизосоманың ферменттері белсендіріліп жұтылған заттарды өзінің қажетіне жарайтын бөліктерге дейін ыдыратады. Егерде ферменттер фагоциттің сыртына шығатын болса ол кезде заттардың корытылуы фагоциттен тыс жерде де жалғаса береді.

Әдетте фагоцитоз жұтылған заттардың толық қорытылуымен аяқталады. Оны аяқталган фагоцитоз деп атайды. Кейбір уақытта фагоцитоз толық қорытылумен аяқталмайды, өйткені жеке микробтар түрі (оба қоздырушысы, гонококк, АИВ-вирусы) фагоциттің ферментерінің белсендірілуін тежейді умен аяқталмайды, өйткені санаулы микробтар түрі (оба қоздырушысы, гонококк, АИВ-вирусы). Сондықтан ыдырап жойылмай, өсіп-өрбуіде мүмкін. Бұл көрніс аяқталмаган фагоцитоз деп аталады.

Адъюванттар, комплемент, иммундыцитокиндер тағы басқа факторлар фагоцитозга дем береді. Оның механизмінің негізінде фагоциттердің бетіндегі рецепторлардың қабылетін көтермелеп фагоцитоздың өтуін жеңілдету болады.

Фагоциттердің белсенділігі опсонды-фагоцитарлық индекспен есептеледі. Фагоцитарлык көрсеткіш дегеніміз бір фагоцит жасушасының белгілі мезгілде «жұтқан», не «қорытқан» микробтар санымен есептелсе, ал опсонды-фагоцитарлық индекс- иммуынды, не иммунды емес сарсулармен өткен фагоцитоздың көрсеткіштерін салыстыру арқылы анықталады. Клиникалық тәжрибеде опсонды- фагоцитарлық индекс дербестің (әрбір адамның) иммундық статусын анықтауға колданылады.

Тромбоциттер

Тромбоцитгер иммунитет процесінде өте маңызды рөл атқарады. Олар мегакариоциеттерден дамиды. Тромбоциттердің сырт кабығында IgG, IgE иммуноглобулиндер, комплементтің С1, СЗ бөлігі және де МНС антигеннің 1 сыныбымен байланысқа түсетін рецепторлар орналасқан.

Тромбоциттердің іс атқаруына белсендірілген комплемент оңды әсер етіп олар иммунитетке қатынасы бар белсенді заттарды (гистамин, лизоцим, В-лизин, лейкоплакиндер, простагландиндер) синтездеуін колдайды.


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 870 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тақырып: Инфекция. Бактерияның патогенді факторлары| Комплемент

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.015 сек.)