Читайте также: |
|
Әртүрлі факторлардың әсерінен (ағзаның иммундық жүйесінің қызметі бұзылғанда, антибиотикпен емдеу тәртібі бұзылғанда, әртүрлі ауыр физикалық, психологиялық зардапқа ұшырағанда т.б.) қалыпты микрофлораның өзара қатынасы өзгеріп патологиялық жағдай туғызуы мүмкін. Қалыпты микрофлора түрлерінің және олардың өзара қатынасының нәтижесінде сандық және сапалық сипттамасының өзгеруін дисбактериоз деп атайды. Даму барысының ауырлығы және клиникалық белгілерінің айқындалу дәрежесіне байланысты дисбактериоз бірнеше фазада өтеді. Бұл фазалар әсіресе ішек жолында болатын дисбактериозда жиі байқалады. Дисбактериоз фазалары:
1) Басталуы. Табиғи мекендеу орындарында қалыпты симбионттардың саны жылдам көбейе бастайды
2) Қалыпты микрофлораның бір түрінің немесе бөтен микробтардың өсіп өніп көбеюінің нәтижесінде қалыпты микрофлораның кейбір түрі жойыла бастайды.
3) Қалыпты микрофлораның, яғни аутофлораның өкілдері бұрын қалыпты жағдайда болмайтын жерлерінде пайда болады.
4) Қалыпты микрофлора және олардың ассоциаттардың патогенділігі өзгереді
Дисбактериоз сатылары
I. Айқынсыз. Облигатты және факультативті микроорганизмдер арасында белгілі дәрежеде ауытқулар байқалады.
II. Микроорганизмдердің екі тобындағы өзгерістер ұзақ мерзімге созылады-айқындала басталған дисбактериоз
III. Өте айқын дисбактериоз
IV. Асқынулар пайда болады. Қосымша патологиялық процесстер басталады, микробтар басқа ағзаларда қанда, несепте т.б. кездесе бастайды.
Егер де бөлінген микробтар арасында төрттен бір бөлігінен азы ШПМ ға жатпаса немесе ШПМ болмас дисбактериоз жоқ деген тұжырым беріледі
Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 311 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Ішек жолының микрофлорасының көрсеткіші. | | | Топырақ микрофлорасы |